Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать
    1. Тромбофлебиттен соңғы синдром

Аяқтың терең көк тамырының тромбозынан қейін басталатын симптомокомллекс, созылмалы венозды кемістік науқасының бір тұрі. Бұл науқас барлық адамдардың 1,5—5% байкалады. Бұның басталуына көк тамыр ішінде пайда болған тромбтың үзақ уақыт ерімей сақталуы себеп болады.

Тромбоздану реканализациямен немесе көк тамырдың облитерациялауымен аяқталады. 2~3 жұмадан 3—5 жыл арасында. Зақымданған көк тамыр қатайған. Ондағы қысым жоғарылануына байланысты компенсаторлы артериол о- венулярлы анастомоздар ашылады. . Бұның әсерінен капиллярлар кемістігі, ишемия басталады.

Науқастың алғашқы көріністері — зақымдалған аяқтың ауырлануы, ауыруы. Олар көп жүргенде кұшейеді, ал аяқты көтеріп жатқанда бәсеңденеді. Аурулардың 63—70% аяқтың тері асты көк тмырының созылғандығы байқалады.

Сирақтың (голень) төменгі бөлігінің терісі индурациясы, тканъдер фиброзденуі, терінің қоңырқайланып — қараюы, онда дымқыл экзема, қышымалану байқалуы . Көбінесе пигментация сирақтың төменгі бөлшегінде айналдыра орналасады. Бүл бөлшекте ісік жоқ. Аяқтың ісігі оның жоғарғы бөлімінде анық.

Тромбофлебиттен соңғы синдромның ауыр түрлерінде трофикалық язвалар ашылады. Алдымен олар ішкі лодышка айналасында орналасады.

Язвалар инфекцияланып катты ауырғыштанады .

Синдромның клиникалық көрінісіне сәйкес 4 түрін бөледі: ісініп-ауырғыш варикозды ,язвалы, аралас .

Диагноз — анамнез, клиника, маршевая проба Делъбе— Пертеса, Пратта— 1, Валъсальвы, флебография көмегімен анықталынады.

Синдромның алғашқы жеңіл түрлері қонсервативті (эластическое бинтование), кейіңіректе- реканализация аяқталғаннан соң хирургиялық емдеу қодданылады -саяз көк тамырды кесіп алу,Тренделенбург-Троянов,-Бебкок-Наратоперацияларымен қоса аутовенозное шунтирование, операция Линтона,Фелъдера).қолданылады.

Науқас 22. 39 жасар әйел . Шағымдары: оң тірсектің шаншып,түйреп,қысып ауыруы, аяқтың ісінуі және қан тамырының варикозденіп созылуы. Бұдан бұрын ауырмаған және еш қандай операциямен емделмеген. Шылым шекпейді, шарапты сиреқ ішеді, түрмыс жагдайы жақсы. 17 жасынан официант болып ,қейінгі жылдары сатушы болып қызмет жасайды. Бұдан 6 жыл бұрын оң аяқтың варикозы басталған.Вариқоз өте жиі кабынуға шалдығып, аяқ терісі ісініп — қызаратын.

Аяқтың тірсек терісі пигменттенген, ауырғыш ісінген.Аяқтың терісі қатаңданған, астыңғы шел майымен жабысқан.Хоманс симптомы (аяқтың басы қозғалудың ауырғыштығы). Левенберг симптомы (Рива— Рочи манжеткасымен екі тірсекті қысқанда науқас аяқтың икроножды етінің ауыруы) анық.

Венографияда. аяқтың терең жөне саяз көк тамырларының анастомозы көрінбейді, аяқ көк тамыры кеңіген. Аяқтар температурасы 27,3 С және 28,2 С, СОЭ—31.

Сонымен науқастың тромбофлебиты жоқ, бірақ терең көк тамырдың флеботромбозы бар. Бұны тромбофлебиттен соңғы синдром деп атауға болады.

Флебиттен соңғы синдром- немесе тері асты көк тамырнан екінші/ вторичное/ варикозденуі. Терең көк тамыр тромбозденуінен соң пайда болады. Сондықтан мұны жеке науқас емес- тромбоздың асқынысы синдромы атайды.

Бұның негізі көріністері: аяқ- қол жуандануы, саяз көк тамырлар кеңейеді, тілерсектің төменгі бөлімінің терісінің түсі бұзылады/ қоңыр-көкшіл , тері құрғаған немесе дымқылданған , язва пайда болады, аяқ ауырады, ауырланады, қышынады. Науқас ұзаққа созылады, жиі-жиі ауырланып/ тамыр қабынып/ тұрады.

Терең көк тамырдың тромбоздануына гиподинамика, травмалар, дәрілерді қажетсіз көп пайдалану, жүрекке, өкпеге т.б. мүшелерге ауыр операциялар жасалуы да себеп болып отыр.

Жамбас тамырлары тромбозденуіне жалпы инфекция- грипп, ангина, пневмонрия т.б. әйелдерде жыныс науқастары және оларға жасалатын операциялар себеп болады. Еркектерде- қуық басы безіне жасалатын операциялар. Аяқтың терең көк тамырының тромбозы жедел басталады, аяқ күшті ісінеді, ауырады.

Жамбас тамыры тромбозында аяқ тұтас ісінеді, терісі сұрғылт көкшілденеді, мұздайды. Науқастың жалпы жағдайы ауыр әлсіз, дене қызуы көтеріледі, науқас тітіркенеді/ озноб/. Терең көк тамырдың бойы ауырғыш, тері асты көк тамырынын суреті анық көрінеді. өйткені тромбпен бітелінген терең көк тамыр арқылы қан ағыны тоқтап, коммуникантты тамырлар арқылы қан саяз көк тамырларға төгіліп бұзылған/ извращенный венозный приток/ қан ағыны орын алады.

Қалыпты/ бұзылмаған/ жағдайда саяз қан тамырынан қан терен көк тамырға құяды. Терең көк тамыр тромбозында қан саяз көк тамырға құйылып оны кеңейтеді.

Тромбтың орнына, жайылуына сәйкес тері асты тамырының созылып кеңейгендігі 4-7 тәулікте көріне бастайды. Тромб терең тамырдың шапка дейінгі бөлшегінде орналасса/ голень, бедро/ саяз көк тамырдың созылуы тұтас аяққа жайылады. Ал егер жамбас тамырында/ подвздошная вена/ орналасса- іш бетінін және жыныс мүшесінін тамырлары кеңейеді.

Терен көк тамыр тромбозы әсіресе алғашқы 4-5 күндері қатерлі асқынысқа -өкпе артериясы тромбоэмболиясына ұшыратуы мүмкін. Өйткені бұл уақытта тромб қан тамырының ішкі бетіне жабысып бекімеген, оның қан ағынымен қозғалуы мүмкін. Мұндай тромб нижняя полая вена арқылы жүректің оң бөлшегіне /предсердие/, одан өкпе артериясына өнеді де шоке ұшыратады және қан айналысын, тыныс алуды бұзып жедел өлімге ұшыратады. Сондықтан аяқ еттерінің ауыруында, аяқ ісінуінде науқасты төсекке жатқызып оны жедел дәрігерге көрсету қажет.

Тромбтын ерекшелігіне байланысты тромбозды консерватитвті немесе оперативті тәсілімен емдейді. Тромбоэктомия операциясы 5-7 тәуліктерде орындалады. Операциядан соңғы кезенде антикоагулянтты терапия және арнайы дене шыңықтыру, ерте аяғына тұрғызу орындаланады. Аяқ эластикалы бинтпен оралады. Егер тромб үзілсе/ тромбоэмболия легочной артерии/ арнайы сүзекі- фильтр нижняя полая венаға орнатылады.

Консервативті терапия – аяқты жоғары көтеріп орналастыру, жылыту немесе мұздату/ кварц; соллюкс, инфракрасные лучи, диатермия/. Жергілікті ем қабыну процессін басады.

Жалпы ем: сұйықты мол қабылдау, диета, антикоагулянттар, фиброналитиктер, десенсибилизаторлар,қабынуды бәсеңдендіру шаралары орындалады . .

Көк тамырдағы тромб емнің әсерінен ериді немсе қатайып бекиді. Егер тромб ерісе-ауыру, ісіну жоғалады, тері асты тамырнан қан ағыны дұрысталады.

Егер тромб қатайып/ организация/өзгерсе барлық симптомдар сақталады. Кейініректе қалған тромбте жаңа қан тамырлары пайда болып- реканализация орын алады.

Флебиттен соңғы синдромнын ауыр түрінде венозды қаннын кішкене қан тамырларында жиналуы және лимфа ағыны бұзылуы байқалады. Бұның салдарынан слоновость- венамен лимфа тамырларының деструкциялануынан аяқтын ісінуі, жуандануы байқалады. Ісік теріні созып жуқартады, оның трфикасын нашарландырып экзема, дерматит, трофикалық язва, қабынуына ұшыратады.

Диагнозды анықтауда көк тамырың контрасты тексерісі- флебография/ верографин, гипак, урографин немесе диадон/ егіліп орындалатын тәсілдің маңызы зор. Флебографиямен кедергінің орналасқан орнын, патологиялық процесстің жайылуын, клапандар жағдайы анықталынады.

Дегенмен, флебографияның асқыныстары/( аллергия, гнагноение, остеомелит) бұл тәсілдеі зиянсыз тәсілдермен/( функционалды тәсілдер- осициллография, реовазография)/ алмастырудың қажеттігін көрсетеді..

Флебиттен соңғы синдромды көбінесе консервативті жергілікті және жалпы тәсілдермен емдейді .

Емді жалпы шаралардан- жеңіл диета, емдік гимнастика, аздап жүру, аяқты жоғары көтеріп ұстап жатудан бастайды. Егер жүрек, өкпе т.б. маңызды мүшелер сау болса физиотерапиялық шаралар- сероводородты ванна, грязи, майлы компресс пайдаланылады.

Жүкті әйелдер варикозы- екі қабат әйелдердің жүрек тамыр науқасттары арасында ең жиі кездесетін науқас. Ол жүктілердің 10-25% кездеседі. Көк тамырлар науқасынын 90-95% жүктелікпен жаңа босануымен байланысты. Желтое тело гормоны көбейгенде мускулатура және көк тамыр қабырғалары жұқарады, жұмсарады, сондықтан көк тамыр созылады. Картайғанда байқалатын дисгормондық бұзылыстар да әсер береді. Екі қабат әйелдер көк тамыры кеңейуіне үлкейген жатырдың жамбас қан тамырларын қысуы және екі қабат жатырдағы ағатын қанның мөлшернің / 20 рет/ өсуі. Осы себептерден жамбас тамырлары қанмен толысып аяқтардан келетін қанды толық ағыза алмайды. Мұндай әйелдерге дәрігер қандай көмек көрсетеді.

Склекотерапия- гливенол және фенорутон ішкізіп көк тамырлар қабырғасын қатайтып олардың өткізгіштігін( проницаемость ) жояды. Кейде варикоз күшейе берсе тері асты көк тамыры жүктіліктің 6 айына дейінгі кезеңінде кесіліп алынады. Дегенмен аталынған емдерден гөрі варикоздың алдын алу дұрыс. Ең алдымен запорды диетамен/( растительная диета, өсімдік майы), слабительдер, таза ауада жүру, эластикалы бинт немесе чулки қолдану.

Босанғаннан кейін жүктілер варикозы тромботикалы асқыныстарға ұшыратуы мүмкін. Бұнын себептері - гормоналдық алмасу процесстеріндегі өзгерістер, эмоционалдық құбылыстар, гемодинамикалық алмасу процесстеріндегі өзгерістер, токскоздер, қан жоғалту, операциядан сон жыныс мүшелерінің қабынуы т.б.. Сондықтан тромботикалық асқыныстардың алдын алуды жүктілікке дейін ,онын үстінде жаңа босанғаннан соңғы кезеңдерде жүргізілуі қажет.

Балалар аяқтары көк тамырының кеңеюі(варикозы) –Бұл қашанда іштей(тумай)пайда болатын шеткергі көк тамырлардың анамалиялы-ангиодисплазиясы . Бұл тек операциямен емделеді.Ұрықтың даму кезеңінің 8 жұмаларында оған әсер ететін себептер терең көк тамырлар, ал 13-20 жумадағы жағдайсыз факторлар саяз көк тамыр анамалиясына/( ангиодисплазияға/) ұшыратады. Жағдайсыз факторлар- интоксикация, грипп, пневмоония т.б. науқастар, улану, жарақаттану.

Синдром Клиппель-Треноне - ангиодисплазияның ерекше түрі (триада) -теріде пигментті дақтар, варикозді түйіншіктер және аяқ еттерінің гипертрофиясы С көбінесе қыздарда кездеседі.

Синдром Пракса-Вебера- артерио- венозды дисплазия- артерия венозды свищ, соустия. Олар аяқ- қол, кеуде, мойын, бас тамырлары арасында орналасады .Симптом дрожание, артерия кеңеюі, қан тамырынан систоло- диастолалы шум, аяқтың ұзаруы немесе жуандануы, терісінің қызуы, онда трофикалық бұзылыстар. Диагноз үшін ангиографыия маңызды.

Емдеу- артериио- венозды свищті жою.