Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать
    1. Тромбофлебит және флеботромбоз.Олардың басталу себептерімен клиникасы.Жіктелуі мен емдеу тәсілдері.Тромбофлебиттен соңғы синдром .

Тромбофлебит — көк тамырдың тромбпен бітелуімен қоса қабынып жалпы және жеке көріністер беруі. Тромбофлебит деген сөздің ақырғы буыны көк тамырдың қабынуын көрсетеді. Қабынған тамырда тромб жеңіл пайда болады. Тромбофлебитпен ауыратындардың 50%—де варикоз бар.

Флеботромбоз — көк тамырдың тромбпен бітелуі. Тамырдың қабынуы жеңіл және ол кейіннен, тромбоз әсерінен басталады.

Тромбофлебиттердің себебі толық анық емес. Әрине инфекцияньң әсері зор.

Флеботромбоз — сау қөқ тамырда басталса, тромбофлебит — қабынған тамырда басталады.

Көқ тамырдың қабыну науқастарын 3 топқа бөледі:

1. Гнойно септические флебиты - іріңді сепсисті

2. Тромбофлебиты - қабынумен бітелудің қоса байқалуы

3. Эндоваскулиты аллергического происхождения - аллергиялы әсерден қан тамыры кабынуы

Бұдан сьгртқы қөріністері бірдей науқастардың өз ара ерекшеліктері анықталып түр.

Сонымен, флеботромбоз сау көқ тамырда орналасады. Тамырдың ішкі қапшығы сау болғандықтан онда пайда болған тромбтар тамырға жеңіл жабысады да одан эмбол үзілуі қауыпы күшейеді.

Тромбофлебитте мүндай қатер шамалы. Өйткені қабынып өзгерген тамырдың ішкі қапшығына күшті жабыскан тромбтар эмбол бермейді.

Тромбофлебиттің патогенезіне өте маңызды 3 өзгеріс эсер етеді:

1. Кан ағыныңың бәсендеуі. Бұған сәйкес лейкоциттер және тромбоциттердің тамырдың ішкі қапшығына жабысуына жағдай туады.

2. Көк тамырдың кабынуы

3. Қанның физика — химиялық қасиетінің бұзылуы. Мәселен рак ауруларында тромбофлебит немесе флеботромбоз рак ауруының алғашқы көрінісі болуы мүмкін.

Никотин, инфекдиялы аурулар (тифы), тамыр иннервациясының нашарлануы да тромбозға үшыратады.

Тромбофлебиттің басталуының себептерін анықтауға көптеген теориялар ұсынылған:

1. Көк тамырдын кабырғасьгның науқасқа шалдығуы,

2. Қанның ұюының бұзылуы,

3. Венозды стаз теориясы.

Сонымен ,үш түрлі эсер — венозды қан айналысының бәсендеуі, тамыр қабынуы және қанның физика — химиялық қүрамының өзгеруі тромбофлебитке үшырататын себептері болады.

Тромбофлебит көріністері— күтпеген уақытта еш бір анық көрініссіз жедел басталады. Көбінесе науқас қабынудың жергіпікті сыртқы көріністерінсіз басталады. Тек сепсиспен байланысты тромбофлебитте дене қызуы жоғары және сыртқы кабыну көріністері - қызару, ауыру, қабынған вена бойынын ісінуі анық. Тамыр жуанданады, айналасындағы бездері үлкейген, ауырғыш, кейде лимфангоит.

Терең веналар тромбофлебиттің анықтау қиын. Өйткені сыртқы қабыну қөріністері байқалмайды.Тері асты венасын көзбен көруге, қолмен сипауға болса, терең веналарды бұлай тексеруге болмайды.

Дегенмен терең веналар тромбофлебитін айыруды келесі симптомдар көмегімен шешуге болады:

1 . Аяқтың (икраножды мышцасының) сыздап, шаншып ауыруы. Бұның себебі бұлшық еттер ишемиясы.

2. Аяқты сипап қолмен теқсерудің ауырғыштығы.

3. Терең веналар бағытында терең инфилътраттың байқалуы.

4. Қан тамырларының жолының ауырғыштығы.

Тромбофлебит жедел, баяу және созылмалы деп үшке бөлінеді. Бұған қоса рецидивирующий (қайталанған) тромбофлебит аталатын түрі белгілі. Тромбофлебит науқасының рецидиві 65% байқалады .

Тромбофлебиттің асқыныстарының ішіндегі ен қатерлісі — өкпе тамырларының эмболиясы.

Тромбофлебиттің асқыныстарын емдеу — 1930ж. Теренделенбург өкпе артериясындағы тромбты операциямен алуды ұсынып бірнеше аурудың жанын сақтағанынан басталады. Қазіргі уақытта бүл операцияны орындауға қажетті жағдайлар толық бар.

Тромбофлебиттің диагнозын анықтау— сыртқы көріністер негізінде (ауырсыну, қызару, дене қызуы ) орындалады. Әрқашан тромбофлебитті флеботромоздан ажырату кажет. Бұл емдеу тәсілдерін дұрыс орындау үшін қажетті. Флеботромбоздың тромбофлебиттен қандай айырмашылығы бар? Осы екеуін бір— бірінен қалай айыру мүмкін.

1 . Флеботромбозде тромб cay көк тамырдың ішінде пайда болып оның әсерінен тамыр қабынуы басталатын болса, тромбофлебитте тромб қабынған көқ тамырда басталады.

2. Флеботромбозде тромб қан тамырына жеңіл жабысқан, өйтқені қан тамыры қабынбаған, интима өзгермеген. Сондықтан тромб оңай босанып қан ағынымен көшуі мүмкін. Тромбофлебитте тромб қабынып өзгерген вена қабырғасына мықты жабысқан.

3. Флеботромбоз анық симптомдар бермейді (безсимптомно, немой характер). Оның ең алғашқы көрінісі эмболия болуы мүмкін.

Тромбофлебит қабыну көріністерін береді (лейқоцитоз, гипертермия, гиперемия, гиперестезия, отек). Эмболдану өте сирек. Өйткені тромб қабынып өзгерген вена қабырғасына қатты жабысқан.

4. Флеботромбозда тромб үзақ уақыт өседі, тромб кішкентай. Тромбофлебитте тромб шапшаң пайда болады, тез үлкейіп венаның "көзін" бітейді. Бюргер эндоартеритінде мигрирующий флебит (көшпелі флебит) кездесуі тромбофлебитті осы науқастан айыруды қажет етеді. Бюргер эндартериитінде патологиялық процесс алдымен көк тамырда басталъш, одан соң артерияға шабады (артериит).

Рейно науқасы — қолдарды қамтыса тромбофлебит аяқтарда байқалады, симптом мертрового пальца тромбофлебитте жоқ.

Мейо тромбофлебиттің келесі жіктелуін ұсынған:

1. Местный — варикоздың себебінен басталатын тромбофлебиттер.

2. Склерозды терапиядан соң және кейбір химиялық препараттарды екқеннен соңғы тромбофлебит.

3. Травмадан соңғы тромбофлебиттер.

4. Іріңді процесспен байланысты тромбофлебит.

5. Аяқ ишемиясынан (закупорка сосуда и гангрена) соңғы (вторичный) тромбофлебит.

6. Эр түрлі науқастардың асқыныс тромбофлебиті (послеродовые, послеоперационные, после различных инфекционных заболевании, при заболевании крови, при злокачественных опухолях).

Аяктың тромбофлебитін және флеботромбозын емдеу

1) Науқасты төсекке жатқызу. Бұл тәсіл ежелден белгілі.Қазіргі уақытта аурудың толық жазылғанына дейін емес, алғашқы 4—5 тәулігінде науқасты төсекте ұстау қажет. Ауру аяқтың астына шина немесе жастық салып аяқ көтеріледі. Науқасты төсекте ұзақ ұстау тек эмболия қауіпі туғанда қолданылады. Егер кеңіген көк тамырда қатаң қозғалмайтын түйіртпектер анықталынса (эмболия қауіпі жоқта) науқасты ұзақ уақыт төсекте үстаудың қажеттігі жоқ. 4-5 күннен соң аяқтың басын, тізені қозғауға, төсекте қозғалуға рұқсат беріледі. Бүл қимылдар аяқтың қан айналысын жақсартады, болашақта жаңа тромбтар пайда болуы қауыпын азайтады. 4—5 күнен соң тромбтар тамыр қабырғаларына мықтап жабысады да бұдан әрі тромбоз, эмболия қауіпі азаяды. Сондықтан да науқастың алғашқы кұндерінде ғана ауруды төсекте ұстау қажеттілігшің мәнісі осында.

Тромбофлебит науқасының күші бәсеңдей басталғанының келесі көріністері бар: Аяқтың ісінуі, ауыруы бәсеңденеді, Перифлебит көріністері басылады (вены менее тверды, подвижны, менее болезненны).

2) Жылы процедураларды қолдану — ауыру сезімін бәсеңдетеді, қабынуды басады. Бірақта тромбофлебиттің барлық түрлерінде жылылықты қолдануға болмайды. Жылы процедуралар тромбофлебиттің созылмалы түрінде қолданылса, жедел түрінде денені (аяқты) мұздату — процедуралары (суық су, қар, мұз, хлорэтилмен мұздату) орындалынады.

3) Вишневский майымен компресс. салу.

4) Антибиотиктерді пайдалану. Антибиотиктер қанның ұйығыштығын күшейтеді. Бірақта бұған қарамай тромбофлебитте байқалатын /инфекцияны басу үшін антибиотиктерді қабыну процессі орналасқан денеге (инфильтрат) еккеннің шипалығы зор.

5) Бұрынғы уақытта тромбофлебитті герудо терапиямен (пиявки— сүлік) емдейтін. Әрбір сұлік денеден 20—25 мл.кдн сорады. 20 сүлік 500мл. қан сора алады. Бұл ауруға зиянсыз. Гирудотерапиядан соң аяқтың ауыруы, ісінуі басылады, тромбтар жұмсарады, қішірейеді.Бұл пайдалы өзгерістер қан мен қоса қабыну экссудатының сорылып азайуымен, сүлік сілекейімен бірге қан үйуын бәсендететін заттың (гирудин) шығып науқас денесіне тарауымен байланысты.

Гирудотерапияның қемістігі —

а) сүліктің шаққан жерінде тері пиодермиясының пайда болуы мүмкін, қанның ұйуы нашарланып қан аққыштығының күшейуі,

б) бірнеше ауруға қолданылған сүлік арқылы инфекциялы аурулардың жұғуы.

6) Антикоагулянттарды пайдалану —

а) гепарин — аз уақытта (жедел) қанның ұю процессін бәсеңдетеді (прямой антикоагулянт).

Б) Дикумарин, неодикумарин (непрямые антикоагулянты), пелентан. Непрямой антигулянттарды қан аққыштығы күшті ауруларға (гемофилия, апластическая анемия т.б. қан ауруларында), бауыр ауруларында, бүйрек ауруларында, үйқы безі ауруларында, мига қан төгілгенде, операция алдында пайдалануға болмайды.

Антикоагулянтты препараттарды протромбинді индексті анықтаудың нәтижесіне сүйеніп пайдаланады .

7) Әр қашанда тромбофлебит, онымен қатар орналасқан артерияның ишемиясын шақыратындығынан, артерия ишемиясын жою үшш поясничная (околопочечная) новокоинді блокада орындалады.

Тромбофлебитті операциямен емдеу.

1. Саяз көк тамырлар тромбофлебитінде Троянов Тренделенбург операциясы, тромбозденген саяз көк тамырды төрі және төрі асты майымен қоса алып тастау

2. Терең көк тамырлар тромбофлейбитінде:

  • идеалды тромбоэктомия

  • тромбоэктомияға қоса флебоктомия

  • флебоэктомияға қоса реконструктивті операция.

Консерватипті терапияның принциптері:

  • Венозды ағынды жақсарту, эластикалы компрессия- чулки, бинты, периодическое возвышенное положение конечности

  • қан ұю процессін түзету/ фибронолитическая терапия, антикоагулянты прямого и непрямого действия/, ферманотерапия- стрептокиназа, тромболизин/

  • қабыну процессін жою/ гливенол, трезилол, десенсебилизация- димедрол, пипельфен, супрастин

Тромбофлебиттің қайталанып басталуына (рецидив) қарсы - белогі аз диета, кұрамында "К" витамині көп тағамдарды пайдаланбау (капуста, шпинат) майлы тағамдарды, щелочты тағамдарды аз пайдалану қажет.

Тромбофлебиттің қатерлі ақыры .

а) Тромб қатайып,фиброзды тқанге айналып, қөк тамырдың қабырғасына қатаң жабысып тамырдың "көзін" бітейді.

б) Кейде тромб жартылай жұмсарып, қан тамырының '"көзі" ашылады.

в) Тромбтың іріндеуі. Бұл өте қатерлі. Өйткені қан ағынымен инфеқцияның басқа денеге жайылуына соғады. Бұндай қатері мүмкін ауруларды керуетке жатқызғанда (керуеттің) басын төмендету (ноги выше,чем голова) қажет.

г) Іріндемеген тромбтың бөлшектеніп эмболға айналып эмболияға үшыратуы.

Томбофлебиттің қатерсіз ақыры.

а) Тромбте түз байланып — флебиттер пайда болуы.

б) Терең көк тамырдың тромбпен бітелуі саяз көк тамырдың компенсаторлы кеңейуіне соғуы.

Флеботромбоз — алдымен тамыр тромбозданады, ал кейіннен тромбоз салдарынан көқ тамырдың қабынуы басталады.Бұл науқастын клиникасы тромбофлебитке өте үқсас. Флеботромбозге ұшыраған көк тамырдын ауырсынуы, қабыну көріністері анық емес. Флеботромбозға ұшыраған тері астының тамырлары жуанданған.

Флеботромбозде келесі симптомдар байқалады.

1) Малер симптомы — дене қызуы көтерілуінен қөп бұрын қан тамырының соғуы жиіленеді (тахикардия). Дене қызуы көтерілмеген, бірақ тамыр соғуы (пульс)жиі.

2) Хоменс симптомы — тізе буынында жазылған аяқтың басын бірнеше рет шапшаң қозғағанда аяқтың күшті ауыруы.

3) Левенберг симптомы — аякқа Рива— Рочи аппаратының манжеткасын салып оны 35 40мм.рт. ст. дейін желдеткенде науқас аяқтың қатты ауыруы. Сау аяқ 130-140 мм.рт. столбалық қысымды ауыру сезімінсіз көтереді.

Флеботромбозды емдеу

Тромбофлебитті емдеуге қолданылатын тәсілдерге қоса десенсибилизациялық емдеу пайдаланылады. Антигистаминді препараттар — димедрол, этизин,салицилаттар пайдаланылады. Көп мөлшерлі сұйықтар ішкізіледі. Антикоагулянттар — дикумарин,неодикумарин,пелентан қолданылады.

Операциямен емдеу — подвздошная немесе бедренная веналар тромбозында қолданылады. Аутовенозды (тері астының венасымен) шутирование орындалады.