- •Жарық аурулары туралы жалпы түсінік. Жарықтар құрамы және себептері. Жарықтың қөріністері мен диагнозы. Жарықты басқа науқастардан айыру. Жарықтың алдын алу және емдеу. Іш жарықтарының асқыныстары.
- •2. Этиологиялық классификация:
- •3. Клиникалық классификация:
- •Жарық ауруының алдын алу.
- •Шап каналының анатомиясы.
- •Шап жарығының түрлері .
- •1.2. Сан жарықтары - Hernia femoralis Сан жарығының анатомиялық ерекшеліктері. Жарықтың симптомдары мен диагнозы. Сан жарығын емдеу төсілдері.
- •1.5. Диафрагма жарығы- Hernia diaphragmatica.
- •1.6. Іш жарықгарының (сыртқы жарықгардың) асқыныстары.
- •2.1. Асқазанның және ұлтабар ішегінің ойық жаралы ауруы-Аурудың жиілігі және этиологиясы мен патогенезі. Клиникасы мен классификациясы. Диагнозы және емделуі .
- •2.2. Ойық жара (язва) науқасының асқыныстары .
- •4.Язва пенетрациясы - көрші мушеге жайылуы.
- •Операциямен емдеудің қажеттігі
- •Асқазанның операциядан соңғы аурулары
- •Асқазан резекциясынан сонғы синдромдар : / классификация/
- •2.5. Ішек қарыннын даму пороктері- /аномалиялары/.
- •3.1. Жедел аппендицит (appendicitis аcuta)
- •3.2. Созылмалы аппендицит Созылмалы аппендициттің симптомдары және диагнозы . Науқасты емдеу.
- •3.3. Ішектің жедел түйілу науқасы (ileus) Ішек түйілуінің симптомдары. Диагнозы және дифференциалды диагнозы. Ішек түйілуін емдеу және науқастың ақыры.
- •3.4. Тоқ ішектің науқастары:
- •Ішек науқастарын ажырату .
- •3.5. Ішек қан тамырларының тромбэмболиясы
- •Бауыр эхинококкозы /Echinococcus hepatis/ Эхинококктің өсуі және адамға жұғуы. Эхинококкоз науқасының диагнозы мен дифференциалды диагнозы. Емдеу тәсілдері мен ақыры.
- •Үйқы безінің науқастары
- •4.4. Созылмалы панкреатит-
- •4.5. Ұйқы безінің кистасы және жыланкөзі
- •4.6. Ұйқы безінің ісіктері
- •4.7. Ұйқы безінің науқастарын айыру
- •5.1. Жалпы түсініқ. Классифиқация. Перитонит симптомдары, клинкасы, диагнозы жэне дифференциалды диагноз. Перитониттің этиопатогенезі, емделуі және ақыры.
- •Іріңді перитонитті емдеу.
- •Қоршалған перитониттер (абсцестер)
- •6.1.Өңештің анатомиясымен физиологиясы .
- •6.2. Өңеш науқастары. Олардың жіктелуі:
- •6.3. Өңештің жарақаттануы
- •6.4. Өңеш ауруларын басқа науқастардан айыру.
- •7.1. Эндемиялы зоб және тиреотоксикоз. Эндемиялы зобтың этиологиясымен патогенезі.Диагнозымен емделуі. Аурудың ақыныстарының алдын алу. Тиреотоксикоз. Симптомдары. Диагнозы мен емделуі.
- •7.2. Диффузды - улы (токсический) зоб.Тиреотоксикоз немесе Базедов ауруы .Алғашқыдан улы диффузды зоб.
- •7.3 Қалқанша безді тексеру тәсілдері:
- •VIII - тарау. Сүт бездерінің00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 аурулары.
- •8 .1.Cүт бездерін тексеру тәсілдері .
- •8.2. Сүт безінің қабынуы –Мастит. Mastitis.
- •9.1.Кеуде және (плевра) көк етінің анатомиясы мен физиологиясы.
- •9.2. Кеудені зерттеудің негізгі тәсілдері.
- •9.3.Кеуденің жабық жарақаттарыньщ асқыныстары:
- •9.4. Спонтонды пневмоторакс ("себепсіз").
- •Экссудативті плевриттің рентгендік көріністері:
- •9.5. Өкпе абсцесі -
- •9.6. Бронхэктазия наукасы-
- •9.7. Өкпе кисталары
- •9.8. Өкпе эхинококкі.
- •9.9. Өкпе кан тамырларының тромбэмболиясы
- •10.1.Облитерациялы эндоартериит.Нақастың этиопатогенезі.Симптомдарымен диагнозы.Емделу тәсілдері
- •Варикозды аурудың түрлері :
- •Тромбофлебит және флеботромбоз.Олардың басталу себептерімен клиникасы.Жіктелуі мен емдеу тәсілдері.Тромбофлебиттен соңғы синдром .
- •Тромбофлебиттен соңғы синдром
- •Кан тамыры ішінде қанның ұю механизімі мен себептері.
- •П.І. Парапроктиттер және тік ішектің жыланкөздері .
- •11.2.Құйыршықтың эпителилалды жолдарының іріңді науқасы.
- •11.3. Геморрой - Vazices haemozzhoidales.
- •11.5. Тік ішектің шығуы — prolapsus recti.
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •II. Науқастың басталу анамнезі:
- •III. Аурудың ғүмырының анамнезі:
- •IV. Обьективті тексерістермен аныкталынатын көріністер (хабарлар)
- •Б. Науқасқа шалдыққан денені (мүшені) тексеру
- •V. Аурудың диагнозы жене оны дэлелдеу
- •VIII. Анықталынған науқасты емдеу шаралары жеке қағазға (вкладыш к истории) жазылады.
9.5. Өкпе абсцесі -
деп өкпенің іріндеп немесе шіріп,онда іріңге толған бір немесе бірнеше қуыстар пайда болуын атайды. Бұл ірінді қуыстар айналасындағы өкпе етінен қабыну (воспалителъный ) инфилътратымен және пиогенді (ірің) қапшығымен қоршалып жекеленеді.
Өкпенің жедел абсцестері бұрынғы уақыттағыдан жиі кездеседі. Бұған себеп _антибиртиктермен емдеу сапасы нашарлануы (антибиотикоустойчивость микрофлоры) және адамдар организмінің иммунды қорғаныс күшінің нашарлануы. Сондықтан өкпе абсцессінің асқыныстары да жиіленіп және ауырланып отыр.
Өкпенің жедел абсцесінің этиологиясы және патогенезі.
Абсцес себебі микробтар өкпеге келесі колдармен жайылады:
1. Аэрогенді — ауамен (бронхо—легочный)
2. Гематогенді — қанмен
3. Лимфагенді — лимфа суымен
Абсцестің себебі қөбінесе — гемолитикалы стафилококк,стрептококк,грамотрицательді флоралар. Бұлардың 57% антибиотиктерге сезімсіз (төзімді). Қабыну процессі қолқаға (бронх) жайылып оның ателектазына ұшыратады.Бронхтың ателектаздануы стаз және тромбозды қүшейтіп өкпеде қан айналысын бұзады.Өқпе еті некрозданып іріндеу процессі күшейеді.
Абсцес пайда болуының басты себебі — бронхтың бітелуі немесе қысылуы, қан тамырларының тромбоздануы, ісінген өкпе етімен қысылуы болады.Яғни,өкле абсцесінің пайда болуына өкпенің желденбеуі, қан айналысының бұзылуы және микробтар токсиндерінің ателектазданған өкпе етін шірітуі соғады.
Өкпе абсцесін өкпе инфарқтасы және өкпе жарақаттануы да шақыра алады.
Адам организімінің иммунды қорғаныс кұшінің және микробтардың улы (вирулентті) әсерінің де маңызы зор.
Өкпе абсцесінің ағынын 3 кезеңге бөлуге болады:
Жабық (немесе ірінді ісінген) кезең.
Ашық (абсцесстің бронхқа ашылған) кезеңі.
Жазылу болмаса созылмалы абсцеске айналу кезеңі.
Көбінесе өкпенің жедел абсцесі өкпенің қабынуынан немесе өкпеге бөгде заттың жұтылғанынан соң басталады.
Шылым шегу, арақ—шарап ішу, тону — өқпе абсцесі басталуына эсер етеді. Бронхиалды астма, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз аурулары абсцес басталуына қолайлы жағдай туғызады.
Өкпе абсцесінің жіктелуі (классификация).
1. Аурудың созылған уақытына байланысты жедел және созылмалы түрін бөледі. Аурудың басталғанынан 2 айға дейін жедел, одан әрі — созылмалы Созылмалы абсцесте қалың ,қатаң қапшық пайда болады.
2. Санына қарай жеке және бірнеше
3. Орналасқан орнына қарай — оң немесе сол өкленің абсцесі. Өкпенің жоғарғы, орталық, төменгі бөлшектерінің абсцестері
4. Асқынған және асқынбаған (пиопневмоторақс,эмпиема плевры,өкпеден қан ағуы,сепсис,бронх свищі).
5. Өкпенің жағдайына қарай 3 топқа бөлінеді:
а) компенсацияланған — тыныс алу бұзылмаған, ентікпейді
б) шала компенсацияланған — ауру ентігеді
в) компенсацияланбаған — аз ғана қимылдан ауру қатты ентігеді.
Өкпе абсцесімен ер адамдар (6:1) жиі ауырады.
Аурудың даму жолының келесі кезеңдері бар:
1 кезең - өкпенің ісіну кезеңі. Бұл кезенде процесс орналасқан жердің ауыруы (Крюков симптомы). Кеуде ауыруы тұрақты, ол терең тыныс алғанда (вдох),денені қозғағанда қүшейе тұседі. Бас ауырғыш, әлсіреу, дене тітірқенуі, құрғақ жөтел, дене қызуы жоғары, тері бозарған, көкшіл тартқан. Тыныс шапшаңдаған. Перкуссияда — өкпе дыбысы бәсендеген, аускулътацияда дымқыл қырылдар естіледі.
2 кезең — іріңдіктің жарылу кезеңі. Ірің бронх арқылы сыртқа көп шығады.
Ауызды толтырып шығатын іріңді қақырықтың исі сасық. Бұл қезеңде дене қызуы төмендейді, аппетит жақсарады. Абсцесс ішіндегі ірің қақырықпен толық шыққанда өкпеден коробочный звук (при перкуссии), ал аусқулътациямен амфорическое дыхание естіледі.
Өкпенің жедел абсцесінің асқыныстары:
1. Өкпеден қан ағуы. Қан көп кеткенде жүрек кемістігі және анемия, кейде асфиксия (қанмен тұншығу) байқалады. Өкпеден кан ағуының жеңіл (кровохарканье — қан түкіру) және ауыр қан ағуы, қан құсуы түрлерін бөледі. Қан ағуына қарсы гемостатикалық ем—қан, плазма, аминокапрон қышқылы, хлорлы кальций, криопреципитат пайдаланылады.
Қан ағуы тоқтағаннан соң тыныс жолдарын ұйыған қаннан босату үшін бронхоскопия жасалады.
Егер консервативті емге көнбей қан ағуы тоқталынбаса өқпе резекциясы орындалынады.
2. Плевра эмпиемасы — консервативті тәсілмен емделеді — Антибиотикотерапия, иммунотерапия, витаминотерапия және күнде орындалынатын плевра пункциясы. Пункциямен плевра қуысындағы ірің сорылады, одан соң плевра іші антисептикпен, антибиотикпен жуылады, ферментті препараттар плевра ішіне жіберіледі.
3. Пиопневмоторакс — өкпедегі іріңнің плевра куысына төгілуі. Іріңге қоса плевра қуысына бос ауа жиналады. Өкпе қысылады. Аурудың жағдайы нашарланады,кеуде қатты ауырады,тыныс алу ауырланады,ентігу,акрацианоз байкалады.
Пиопневмотораксте — ауруға жедел торақоцентез жасалып плевра қуысы дренаждалынады, дренаж арқылы ірің және бос ауа сорылады, плевра іші антисептикпен жуылады.
Өкпе абсцесінің диагнозын анықтау үшін клиникалық және рентгенді тексерістер( рентгено, томография ),бронхоскопия қолданылады.
Іріндіктің бронхқа жарылғанына дейін рентгенмен өкпенің ісінгендігі, ал жарылғанынан соң бүрыңғы ісік орнында дөңгелек немесе сопақша қуыс анықталынады. Куыстың ішінде сұйық және газ бар.
Томографиямен — абсцестің орны, терендігі анықталынады.
Бронхоскопиямен тексеру — қолқа жағдайын (ірінді эндобронхит) анықтайды, емдейді.
Өкпе абсцессін - өкпе рагінен, өкпе қистасынан, туберқулезінен айыру қажет.
Өкпе абсцесін емдеудің негізгі түрі -уақытымен ұйымдастырылған комплексті қонсервативті тәсіл саналады. Бұл тәсілмен емдеу науқастың себебіне және даму механизіміне қарсы эсер етуі қажет. Емдеу шаралары келесі қимылдардан құралады:
1) Трахеобронхеалды тыныс жолдарын және өкпені тазарту (санация)
2) Өкпедегі микрофлораларға қарсы
3) Организмнің қорғаныс күшін жақсарту.
— Барлық санация тәсілдері арасындағы ең оңайы - постуралды дренаж (өкпеден қақырық оңай шығуына ыңғайлы жатқызу). Бұл дренаждың негізі қелесіде: Абсцеспен байланысты бронхты басқа денеден төмен орналастыру ұшін ауруды қырынан, немесе етпетінен кеудесін төмендетіп жатқызу. Бұнымен іріңнің өз ағынымен оңай шығып жалпы уланудың бәсеңденуі байқалады. Өкінішке карай пастуралды дренаж кейбір ауруларда нәтиже бермейді, егер олардың бронхтары қоюланған іріңмен бітелінсе.
Постуралды дренажға қоса тыныс упражненияларын, қеудені соғу, дренажды бронхты жууды күніне бірнеше рет қолдану қажет.
Бронхтардың дренажды қасиетін жақсарту және іріңді эндобронхитті жою үшін ингаляциялар, кеңірдекке әр түрлі дәрілерді, қақырық сұйълтқыштарын тамызу қолданылады. Ингаляцияны қүніне 2 реттен — 10 минут бойы орындайды. Көбінесе кеңірдекке фурациллин, 3% гидракорбонат натрия, антибиотиктер жіберіледі . Ферменттер (трипсин, химопсин, гиалуронидаза, рибонуклеаза) кеңірдек пен бронхтағы сілекейді, іріңді сұйылтып тыныс алуды жақсартады. Іріңнің шьгғуын күшейтеді. Олар қабыну процессін бәсеңдетеді, бронхтың ісінуін, қызаруын басады, антибиотиктердің микробтерге қарсы әсерін кұшейтеді. Кеңірдекке дәрі жіберу мүрын арқылы трахеяға, бронхке енгізілген зонд арқылы орындалады.
Емдеу бронхоскопиясын қолдану жоғарыда аталынған емдеудің шипасыздығында пайдаланылады. Бронхоскопиялы санацияны орындау үшін абсцеспен байланысты бронхке катетер өткізіліп санация орындалады.
Бронхтер мен байланыссыз өкпенің шеткі бөлімдерінің абсцесінде іріңдікті қеуде арқылы тесіп дренаждау пайдаланылады. Дренаж арқылы абсцесс іріңнен босатылады, жуылып тазартылады. Бұл үшін алдымен рентген көмегімен абсцестің орналасқан орны анықталынады.
Өкпе абсцесін дренаждаудың асқыныстары - тері астының эмфиземасы, пневматоракс, қан тұкіру.
-Микробтарды және олардың токсиндерін жою үшін антибиотиктер пайдаланылады. Бұл үшін алдымен микробтердің антибиотикке сезімталдығы анықталынады, одан соң қажетті антибиотиктің мөлшері (дозировка ), пайдалану уақыты (курс) дұрыс шешілуге тиісті. Әр қашанда бір—бірін қолдайтын екі антибиотик бірге пайдаланылады. Емдеу курсы 8—10 кұн. Бронхке зонд арқылы тамызуға қоса антибиотиктерді қанға, ет арасына егеді (парентерально). Көбінесе пенициллин, стрептомицин, метициллин, оксациллин, ампициллин, цефалоспориндер (цепорин), (аминогликозидтер) ғентамицин, канамицин, мономицин, тетрациклиндер пайдаланынады.
Дезинтоксикациялы терапия-2—2,5 л. сүйық ерітінділер егіледі — 5—10% глюкоза. Рингер ерітіндісі, физиология ерітіндісі, гемодез, реополиглюкин, желатинолъ, мочегонные (зәр шығарғыштар)- фурасемид ішқізіледі, лазекс егіледі. Жұмасына екі рет 200—300 мл. 1% хлорлы қальций егіледі. Ол бүйректер жағдайын жақсартады, қабыну процессін басады.
Энергия кемістігін қолдау үшін көк тамырға 30% этил спиртін 50—100 мл. суға қосып егеді.,майлы эмульсия(липомайз),сапалы қоректендіру орындалады.
Белоктер кемістігін толықтандыру үшін — қүрғақ немесе сүйық плазма, протеин, альбумин, гидролизат қазеина егіледі. Ал олардың толық сіңуі үшін анаболиялық гормондар (нерабол, ретаболил) пайдаланынады. Асқорбин қышқылы, витаминдер В1—В6~ В12 егіледі. Комплексті емнің күрамына емдеу гимнастикасы енгізіледі.
Организімнің спецификалы және спецификасыз иммунитетін күшейту үшін — қан құю (по 250—300 мл. 2 раза в неделю), примидинді препараттар (метилуроцил, пентоқсил) витаминдер, анаболиялық гормондер, иммунды препараттар) гипериммуннды стафилоқоқка қарсы сывородка. гаммаглобулин, стафилококкты анатоксин пайдаланылып активный жэне пассивный иммунитет шақырылады.
Сонымен, өкпенің жедел абсцесін емдеудің негізгі түрі болып комплексті консервативті тәсіл саналады.
Өкпенің жедел абсцессін операциямен емдеу өте ауыр қан ағуында жөне іріңді процесстің қонсервативті емге көнбей ауырлай түскенінде қолданылады.
