Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать

9.3.Кеуденің жабық жарақаттарыньщ асқыныстары:

1. Өкпе жарақаттануы :

1. Висцеральды плевраның жарақатынсыз өкпе зақымданулары :

а) Плевра астына (өкпеге) қан төгілу

б) Плевра астында (өкпеде) бос ауамен,қанмен толған қуыстар (субплевральные пузыри и гематомы).

в) Өкпенің тұтас бір бөліміне жайылған гематомалар

г) Өкленің травмалық коллапсы (қысылу) және созылуы (эмфизема)

2. Өқпенің висцеральды плеврасы мен өқпе ткані жыртылған кеуденің жабық жарақаттары:

а/ Пневмоторакс — деп кеуденің асқынған жарақаты салдарынан висцеральды және париетальды плевралар арасына бос ауаның жиналуын атайды.

Кеудеге бос ауаның енетін жолына сәйкес гшевмоторакстің жаракатпен байланысты, себебі белтісіз және жасанды (искусственный) түрлерін бөледі.

Жарақаттан соңғы пневмоторақсте кеудеге ауа кеуденің не жарақаттанған өкпенің жарасы арқылы енеді. Бұл пневмоторакстің қернеген (напряженный) және клапанды түрлері бар.

Өкпе жыртылуына себептер — сынған қабырғалар және өкпе бронхтеріндегі кысымның кейбір жағдайларда (сдавление груди, ударная волна, ИВЛ, пункция плевры) зор көтерілуі болады.

Жасанды пневмоторакс — немесе плевра жапырақтары арасына өкпе ауруын (туберкулез)

емдеу және анықтау үшін таза ауа жіберу.

Пневмоторакстардың ашық,жабық және клапанды (қақпақты) түрлері бар.

Егер пунқциямен алынған қан шприцте не пробиркада ұйып қалса — қан ағуы тоқтамаған,ал егер алынған қан үйымаса плевра қуысына қан ағуы тоқтаған (Рувилия — Грегуара сынағы).

Ашық пнвматоракста— кеуде қабатының толық (проникающие) жаралануымен немесе бронхтердің жыртылуымен, не өкпеге жасалған операциямен себептес.Ашық пневмотораксте плевра қуысындағы қысым атмосферадағы (сыртқы) қысыммен теңдеседі. Өкпе, егер ол жабысқақтармен (спайка)кеуде қанқасына жабыспаған болса бос ауамен толық қысылып дем алу процессіне қатынаспайды.

Осындай жағдайдағы организмді ауамен қамтамасыз ететін екінші (жарақатқа қарсы) өкпе жұмысы бүзылады.Өйткені кеуде қуысының бір бөліміне енген бос ауа мен атмосфералы қысым cay плевра қуысына қарай жайылып, средостение органдарын қозғап, сау өкпені қысып,оның жұмысын нашарлатады. Оган қоса — средостение органдарын әрлі—берлі қозғалысқа ұшыратады (баллотирование). Мүның салдарынан қан айналысы (әсіресе полая веналарда), жүрек жұмысы бұзылады. Шок, парадоксалъді (әдеттегіден өзгеше, бұзылған) дем пайда болады.

Жабық пнгематоракста — плевра ішіне жиналған бос ауа тысқы (сыртқы) ортамен қатынаспайды. Жабық пневмоторакс өкпенің жабық жыртылуымен немесе кеуденің кішкене жарақатымен байланысты.Бүл кішкене жарақаттар біраз уақыттан соң шетімен жабысып, (фибринмен, ұйыған қанмен) кеудеге одан әрі бос ауа енуі тоқтайды. Жабық пневмотораксте плевра қуысында аз ғана болса — да отрицателъді қысым сақталады. Осы себепті өкпенің қысылуы толық емес және өкпе аз да болса, дем алуға қатынасады, средостение қозғалуы да болмашы.

Клапанды (қақпақты) пневмоторакс өте ауыр жағдайға соғады, өйткені кеуде жарасы, өкпе, бронх жыртығы арқылы ішке дем алғанда, (вдох) бос ауа плевра ішіне енеді (сорылады). Ал демді шығарғанда (выдох) аталған жаралар жабылып, бос ауаны сыртқа шығармайды. Кейде плевра қуысына ауа тіпті дем шығару (выдох) фазасында да енеді. Осы себептен клапанды пневмоторакстің инспирационды және экспирационды түрлерін бөледі. Плевра куысындағы бос ауа көлемі біртіндеп өседі, өқпе қысылады, ол дем алуға қатынаспайды, средостение қарсы бетке ығысады, өте ауыр жағдай басталады.

Пневмоторакстардың жалпы көріністері - олардың түрімен байланысты.Ашық пневмотораксте науқастың жағдайы іле—шала нашарлайды. Аз уақыт (рефлекторлы) дем тоқтау қатты ентігумен ауысады,дем алуға қеуденің сыртқы етгері (вспомагательные мышцы) қатынасады. Оттегі жетімсіздігі басталып,дене көгереді. Тамыр соғуы жиіленеді, нашарланады. Қан қысымы төмендейді. Науқас шыдамсыз, сабырсыз, оны өлім сезімі қинайды, тыныс кемістігі күшейеді де бірер сағаттан соң жүрек және дем тоқтауынан ауру адам өледі.

Жабық пневмоторакстің клиникалық көрінісі едәуір жеңіл. Кейде өкпенің шамалы қысылуында науқастың жаллы жағдайы онша бұзылмайды.Тек физикальды зерттеу тәсілдерін пайдаланғанда (перкуссия, аускультация, рентгенмен тексеру, пункция) жабық пневмоторакс анықталуы мүмкін.

Клапанды (қақпақты) пневмоторакс өсе келе науқастың дем және қан айналысын бүзып,тез арада ентігу өсіп дене қөгеруі жалпы денеге жайылады.

Спонтанды пневмотораксте белгілі себепсіз кейде аз ғана қимылдан (күштен) соң, не жөтелден соң кеудеде қатты ауыру (шаншу) басталады. Онымен қатар жоғарыда аталған жалпы қөріністер байқалады.Бүл көріністер ауырлығы өкпенің қысылуы мен средостение ығысуына сәйкес.

Клапанды пневмотораксте плевра қуысына бос ауаның көп жиналуына сәйкес ондағы қысым атмосфералық қысымнан жоғарылайды. Сондықтан ауа кеуде еттеріне жайылып -межмышечная және подкожная (ет арасының, тері астының) эмфиземасын береді. Бос ауа средостение майлы клетчаткасына сіңгенде өте ауыр, қатты қатерлі медиастинальді эмфиземага соғады. Бұл эмфизема жүреқті, кұре қан тамырларын, нерв жүйелерін қысып науқас өміріне қатер туғызады.

Пневматораксты емдеу - әрине, себеп болған жарақатты не ауруды емдеумен байланысты.Дегенмен,пневмоторакстың жеқе өзі адам өміріне қауіпті жағдайға соғуына сәйкес осы қауіптерге қарсы қөптеген арнайы шараларды талап етеді.

Ашық пневмотораксте алғашқы қөмек жел өткізбейтін (герметическая) окклюзионды байламмен жараның бетін жабудан басталады. Бүл қимыл ашық пневмотораксті уақытша жабық түріне айналдырып, средостениеге тиетін зиянды азайтуға бағытталған. Мүндай байламсыз жарақаттанған адам емханаға жетпей өліп кетуі мүмкін.

Операция бөлімшесіне жеткізілген жарақатқа хирургиялы обработка жасалып,өкпенің саулығын (жарақатсыздығын) анықтағаннан соң, кеуденің жарасын тігіл жабады. Бұдан соң плевра куысының сыртқы ортамен қатынасы жойылып, ашық пневмоторакс жабыққа айналады. Сондықтан плевра қуысында қалған бос ауаны шығарып, қысылған өқпені босатып ауамен толтыру қажет. Кейде бұл ұшін пункция пайдаланылады. Егер пневмоторакс өкпенің жарақатымен байланысты болса,операциядан соңғы кезеңде өкпенің тігілген жарасынан шығатын ауа плевра куысына жиналып өкпе қысылуы сақталады.12—/24 сағаттан сон қайталап пункция жасалады. Пневмотораксте жасалатын операцияны плевра куысына 1—2 дренажды тутікті 2~3 тәулікке қалдырып, олар арқылы жиналған ауаны сорып, өкпені босатқан дұрыс.

Көбінесе жабық пневмоторакс жедел операцияларды қажет етпейді. Плевра ггункциясын қайталап қолданумен өкпені толық босатуға болады.Клапанды пневмотораксте плевра қуысын бос ауадан пункциямен босатқаннан кейін, осы пневмоторакске себеп болған жарақатты не науқасты емдеу басталады.

б) Гематоракс - деп плевра куысына қан төгілуді атайды. Оның ең басты себебі өкпе не кеуденің жарақаттануына сәйкес қабырға арасы, кеуденің ішкі қан тамырлары, не өкпе қан тамырларының жыртылуы. Кейде сынған қабырғалардың аталған қан тамырларын жъіртуы да гемоторакске соғуы мүмкін.Гемоторакстің кеудеге жасалған операциядан соңғы түрі жиі кездеседі.

Кеудеге төгілген қанның мөлшеріне сай гемоторакстің болмашы, орташа және үлкен түрлерін бөледі.

Болмашы (малый) түрінде төгілген қанның жоғарғы мөлшері (рентгенмен, перкуссиямен анықталынып)  қабырғадан төмен.

Орташа гемотораксте ІҮ— II қабырғалар арасында.

Үлкен гемотораксте — II қабырғадан жоғары (П.А.Куприянов)

Плевра қапшығымен одан шығатын экссудат төгілген канның ұюына карсы эсер көрсетеді. Сондықтан плевра куысына төгілген қан сұйық бойында сақталады. Жарақаттың алғашқы сағаттарында төгілген қан ұийды, ал біраз уақыттан соң плевра экссудаты әсерінен қайтадан сұйылады. Кейде ұйыған қан қайта сұйылмай қою қалпында қалады. Мүндай гемоторакс ұйыған (свернувшиеся) деп аталады.

Плевраға төгілген канның екі түрлі ақыры кездеседі. Егер төгілген қанға инфекция дарымаса, қан денеге сіңіп, тарап кетеді. Көбінесе — төгілген қанга инфекция дарып, қан іріңдеп плевраның эмпиемасына айналады.

Гемоторакстың диагнозы онша киын емес. Үлкен гемотораксте организмнің қаңсырау көріністері анықталынады (қан тамыры соғуы жиілейді, қан қысымы төмендейді, дене бозарады, шөлдеу, суық тер, гемоглобин азаяды т.б.) төгілген қанмен өкленің қысылуы және средостениенің орнынан жылжуы (смещение) байқалады.

Болмашы гемотораксте аталған жалпы көріністер байқалмауы мүмкін. Аускультация, перкуссия, рентгенмен тексергенде плевраның төменгі бөлімінде азғана сұйықтың (қанның) жиналғаны анықталады.

Егер плевра куысына қанға қоса ауа жиналса (гемопневмоторакс), сүйықтың жоғарғы шебі анық қөлденең жол,деңгей (уровень) береді. Бұл деңгейдің шебі дене қозғалуына сай өзгеріп отырады.

Ал егер плевра куысында пневмоторакс (бос ауа) болмаса, не төгілген қан ұйып қалса (свернувшиеся гемоторақс), перқуссияда жуан дыбыс (притупление), рентгенде плевра қуысында деңгейсіз (без уровня) гомогенді қараңғылық байқалады. Плевра қуысы пункциясымен сұйық қан алынады. Егер төгілген қан ұйыса функция нәтиже бермейді, болмаса — шприцке азғана ұйыған қан сорылады.

Гемоторакс көріністері төгілген қан мөлшеріне, өкпенің жарақаттарымен қысылуына, средостениенің орнынан жылжуына байланысты.

Үлкен гемоторақске ұшырағандардың жағдайы ауыр — ентігу, кеуде ауыруы кұшті, жөтел, қан тұқіру, кейде қан кұсу, дененің бозаруы, көгеруі, қан тамыры соғуы жиі, күші нашар, қан қысымы төмен, науқас жатып дем ала алмайды, отыруға талпынады, қиналады. Гемотораксті — өкпенің кеуденің, средостениенің не жүректің жарақатының анық қөрсеткіші санап плевраның Функциясын орындау к.ажет. Пункциядан соң науқасты қандай тәсілмен емдеуді шешеді.