Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать

9.2. Кеудені зерттеудің негізгі тәсілдері.

Кеудені зерттеуде (тексеруде) осмотр (көзбен көру), демді зерттеу (шапшандығы, дұрыстығы, терендігі), пальпация (сипау), перкуссия (соғу), аускультация (тыңдау), измерение (өлшеу), кеудені қысу (басу), денені қозғау, омыртқаны басу, кеуде пункциясы, рентғенмен тексеру (скопия, графия, фистулография) пайдаланылады.

Көзбен көру (осмотр) кеуденің формасын,ондағы төмпешіктер мен ойықшаларды,терінің түсін, жарақатты, тыртықты, қеуденің еқі бөлшегінің бір қалыпсыздығы (ассиметрия), қабырға арасы кендігі, шеміршек астының кең - тарлығы анықталады.

Демді зерттеумен — кеуденщ екі бөлшегінің дем алуға қатынасын (ушиб, перелом, ребер, плеврит) анықтайды.

Өлшеумен (измерение) — кеуденің айналма мөлшерін (окружность) сантиметрлі лентамен еркектерде — кеуде безінің еміздіктері тұсымен, әйелдерде — емшектің түбімен өлшейді. Орташа есеппен еркектерде 88, әйелдерде 83 см. болады. Өлшемнің маңызы — демді алған (вдох) мен демді шығарғандағы (выдох) көрсетқіштер болады. Дені сау адамдарда бұл көрсеткіш 5—8 ден 10 см. жетеді. Кеуденің науқастарымен жарақаттарында бұл қөрсеткіш азаяды.

Жеке қабыргаларды басу — қабырғаның сынығын, не ауыруын анықтауға көмектеседі.

Кеудені алдынан артына қарай қысу — төс сүйегіне байланысты жоғарғы жеті қабырғанын сынығын не ауыруын анықтау үшін пайдаланылады.

Омыртқалар қозғалысы (наклоны туловища вперед,назад,вбок,ротация) — жеке не бірнеше омыртқаның жағдайын анықтауға көмектеседі.

Омыртқаға күш салғанда (нагрузқа по оси) науқас адам отырады, не тік тұрады, зерттеуші дәрігер науқастың басын еқі қолымен күштеп басады. Бұл сәтте жаракат омыртқа түсында қатты ауыру сезімі пайда болады.

Палъпациямен — ауырғыш жерді, тері астының эмфиземасын, сүйек сықырын, флюктуацияны, дене ісігін, лимфа бездерінің жағдайын анықтайды.

Перқуссиямен аускультация көмегімен кеуде органдары (өкпе, жүрек) жағдайын және кеуденің өзінің жарақаттары мен ауруларын анықтайды.

Аускульпациямен (өкпені тындау) — демнің нашарлануын, не бұзылуын анықтайды. Ашық пневмотораксте — кеудеге енетін және одан шығатын ауа дыбысы естіледі.

Рентгенография — кеуде сүйектері сынықтарының түрін, орнын, сүйектің остеомиелит не ісік науқастарына шалдығуын көрсетеді.Рентгенографияны кеудеге дарыған темір заттардың (металические инородные тела) орналасқан орнын анықтау үшін де пайдаланады.

Пункция — қеуде қуысында жиналған сүйықты (қан, ірін, лимфа) және кеуде қабаттарының,қабырғалар мен омыртқалардың жарақаттары (гематомы) мен ірінді ауруларын (абсцессы, флегмоны) анықтауда және емдеуде пайдаланылады.

Кеуденің пункциясы аурудың диагнозын анықтау (диагностическая) және оны емдеу (лечебная) үшін қолданылады. Кеуде жаракдттарын анықтауда диагностикалы пункцияны пайдалануға еш кедергі жоқ. Плевра пунқциясы, ондағы бөтен затты.(сүйықты) алып оны лабораториялық, бақтериологиялық анализге жіберуге де қажет.

Плевра қуысынан қан алыну—гематорақстың ең маңызды көрінісі.Тек ұйыған (свернувшиеся) гемотораксте пункциямен қан алынбауы мүмкін.

Пункциямен алынған қанды Петров сынағын пайдаланып,оның стерилъді не инфекцияланғанын анықтауға болады.Ол үшін пункциямен алынған қанды дистиллятті сумен 5 есе сүйылтады.Егер эритроциттер гемолизденгеннен соң зерттелетін сүйық қызыл түсті және мөлдірлігін (прозрачность) сақтаса — қан инфекциясыз. Ал сұйық қойыртпақ түнбаланса — (муть) қанның инфекцияға шалдыққандығын көрсетеді.

Рувилуа—Грегуар сынағын пайдаланып,плевра қуысына қан төгілуі тоқтағанын немесе әлі ағып жатқанын анықтайды.