Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать

9.1.Кеуде және (плевра) көк етінің анатомиясы мен физиологиясы.

Кеуде құрылысы еқі түсті.Біріншісі қысқа ,бірақ кең қаптал.екіншісі —ұзын және жіңішке.Бірінші түсті кеуденің аумағы үлкен,қабырғалары жатыңқы және қабырғалар арасы кең. Екінші түсті кеуденің аумағы тар,қабырғалары тікше орналасқан және олардың арасы тар. Кеуде қаңқасын төс сүйек, 12 пар қабырға және—қеуде омыртқалары (1—ден XII—дейін) кұрады.

Төс сүйек —жеке,жайпақша үш бөлшектен (рукоятка,тело,мечевидный отросток) кұралған сүйек.

Кабырғалар — бір—бірімен сыртқы және ішкі қабырға арасы еттері және кеуденің еттерімен бірігеді.

Кеуде қуысының ішкі беті кеуденің шікі шандырымен (фасция) жабылған. Фасция кеуденің алдыңғы және сыртқы беттерінде қалың. Фасцияньң жоғарғы бөлігі мойынның ішкі фасциясымен жабысады,ал төменгі бөлшегі диафрагманың күмбездерің (купол) жабады.

Кеуде фасциясынан төменде терең (подплевралъная клетчатка) — шарбы майы,ал одан темен париетальды плевра орналасқан.

Плевра— кеуденің екі қуысының ішкі беттерін және екі өкпенің беттерін жабатын жүқа көк ет. Өкпені жабатын көк ет висцералъді,ал кеуденің ішкі бетін жабатын көк ет париетальды плевра деп аталады. Өкпе қолқалары (корень легкого) тұсында париетальды плевра висцеральды плевраны жабады.Осы екі қабат плевра жапырағы арасында лимфа және қан тамырларына бай майлы клетчатка орналасады.Бұл өкпенің байламасы (связки) деп аталады.

Висцеральды жэне париетальды плевра жапырақтары арасында қөзге көрінетін бос қуыс жоқ.Екеуі біріне—бірі тығыз жақындап,өте тар саңылау қалдырады.Бұл саңылауда (щель) 1—Змл.плевра сұйығы /суы болады.Бұл су дем алғанда қозғалатын висцеральді плевраның париеталъді плеврамен қажалмауына қажет.

Плевра саңылауында қысым теріс (жоқ). Демді ішқе алғанда (вдох) плевра саңылауындағы қысым (минус 12—Нмм.рт.ст.) төмендейді. Ал демді шығарғанда қеуде қуысы тарылуына сәйкес<плевра саңылауындағы қысым аз ғана (минус 2—4мм.рт.ст) көтеріледі.

Плевраның екі жапырағының бір—біріне ауысатын орындарында плевра қалталары (карманы),болмаса синустары бар.Бұл синустар адам терең (зор қатты) дем алғанда созылып, ұлкейғен өкпемен толады.

Плевраның жоғарғы шеңбер шебі (қуполы) бірінші қабырғадан 2-4 см.жоғары. Плевра куполы нашар қозғалады. Өйткені ол фиброзды ткандермен мойын омыртқаларына тығыз жабысқан.

Плевраның төменгі шебі бұғананың ортаңғы ҮІ қабырға,қолтықтың орталық сызығымен X қабырға,омыртқа сызығымен XII қабырға түсында орналасқан.

Висцеральді плевра қанды өкпе қан тамырларынан,париеталъді плевра—қабырға,жұрек қабы, диафрагма, көкірек қуысы, средостение қан тамырларынан алады. Кан тамырларына қоса көптеген лимфа тамырлары жұреді. Висцеральді плевра плевралық су (сүйық) шығарады, ал париеталъді плевра—оны сіңіреді.

Диафрагманы жабатын плевраның лимфа жолдары іш органдары Лимфа жолдарымен тығыз байланысты. Сондықтан іш органдарында басталған инфекциялы процесстер (жиі және жеңіл) кеудеге жайылады.

Висцералъді плевра вегетативті нерв жүйесімен қамтамасызданған. Сондықтан оның ауыру сезімі жоқ. Париеталъді плевра қабырға арасының нервтерімен қамтамасызданғандықтан ол өте ауырғыш (сезімтал).