- •Жарық аурулары туралы жалпы түсінік. Жарықтар құрамы және себептері. Жарықтың қөріністері мен диагнозы. Жарықты басқа науқастардан айыру. Жарықтың алдын алу және емдеу. Іш жарықтарының асқыныстары.
- •2. Этиологиялық классификация:
- •3. Клиникалық классификация:
- •Жарық ауруының алдын алу.
- •Шап каналының анатомиясы.
- •Шап жарығының түрлері .
- •1.2. Сан жарықтары - Hernia femoralis Сан жарығының анатомиялық ерекшеліктері. Жарықтың симптомдары мен диагнозы. Сан жарығын емдеу төсілдері.
- •1.5. Диафрагма жарығы- Hernia diaphragmatica.
- •1.6. Іш жарықгарының (сыртқы жарықгардың) асқыныстары.
- •2.1. Асқазанның және ұлтабар ішегінің ойық жаралы ауруы-Аурудың жиілігі және этиологиясы мен патогенезі. Клиникасы мен классификациясы. Диагнозы және емделуі .
- •2.2. Ойық жара (язва) науқасының асқыныстары .
- •4.Язва пенетрациясы - көрші мушеге жайылуы.
- •Операциямен емдеудің қажеттігі
- •Асқазанның операциядан соңғы аурулары
- •Асқазан резекциясынан сонғы синдромдар : / классификация/
- •2.5. Ішек қарыннын даму пороктері- /аномалиялары/.
- •3.1. Жедел аппендицит (appendicitis аcuta)
- •3.2. Созылмалы аппендицит Созылмалы аппендициттің симптомдары және диагнозы . Науқасты емдеу.
- •3.3. Ішектің жедел түйілу науқасы (ileus) Ішек түйілуінің симптомдары. Диагнозы және дифференциалды диагнозы. Ішек түйілуін емдеу және науқастың ақыры.
- •3.4. Тоқ ішектің науқастары:
- •Ішек науқастарын ажырату .
- •3.5. Ішек қан тамырларының тромбэмболиясы
- •Бауыр эхинококкозы /Echinococcus hepatis/ Эхинококктің өсуі және адамға жұғуы. Эхинококкоз науқасының диагнозы мен дифференциалды диагнозы. Емдеу тәсілдері мен ақыры.
- •Үйқы безінің науқастары
- •4.4. Созылмалы панкреатит-
- •4.5. Ұйқы безінің кистасы және жыланкөзі
- •4.6. Ұйқы безінің ісіктері
- •4.7. Ұйқы безінің науқастарын айыру
- •5.1. Жалпы түсініқ. Классифиқация. Перитонит симптомдары, клинкасы, диагнозы жэне дифференциалды диагноз. Перитониттің этиопатогенезі, емделуі және ақыры.
- •Іріңді перитонитті емдеу.
- •Қоршалған перитониттер (абсцестер)
- •6.1.Өңештің анатомиясымен физиологиясы .
- •6.2. Өңеш науқастары. Олардың жіктелуі:
- •6.3. Өңештің жарақаттануы
- •6.4. Өңеш ауруларын басқа науқастардан айыру.
- •7.1. Эндемиялы зоб және тиреотоксикоз. Эндемиялы зобтың этиологиясымен патогенезі.Диагнозымен емделуі. Аурудың ақыныстарының алдын алу. Тиреотоксикоз. Симптомдары. Диагнозы мен емделуі.
- •7.2. Диффузды - улы (токсический) зоб.Тиреотоксикоз немесе Базедов ауруы .Алғашқыдан улы диффузды зоб.
- •7.3 Қалқанша безді тексеру тәсілдері:
- •VIII - тарау. Сүт бездерінің00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 аурулары.
- •8 .1.Cүт бездерін тексеру тәсілдері .
- •8.2. Сүт безінің қабынуы –Мастит. Mastitis.
- •9.1.Кеуде және (плевра) көк етінің анатомиясы мен физиологиясы.
- •9.2. Кеудені зерттеудің негізгі тәсілдері.
- •9.3.Кеуденің жабық жарақаттарыньщ асқыныстары:
- •9.4. Спонтонды пневмоторакс ("себепсіз").
- •Экссудативті плевриттің рентгендік көріністері:
- •9.5. Өкпе абсцесі -
- •9.6. Бронхэктазия наукасы-
- •9.7. Өкпе кисталары
- •9.8. Өкпе эхинококкі.
- •9.9. Өкпе кан тамырларының тромбэмболиясы
- •10.1.Облитерациялы эндоартериит.Нақастың этиопатогенезі.Симптомдарымен диагнозы.Емделу тәсілдері
- •Варикозды аурудың түрлері :
- •Тромбофлебит және флеботромбоз.Олардың басталу себептерімен клиникасы.Жіктелуі мен емдеу тәсілдері.Тромбофлебиттен соңғы синдром .
- •Тромбофлебиттен соңғы синдром
- •Кан тамыры ішінде қанның ұю механизімі мен себептері.
- •П.І. Парапроктиттер және тік ішектің жыланкөздері .
- •11.2.Құйыршықтың эпителилалды жолдарының іріңді науқасы.
- •11.3. Геморрой - Vazices haemozzhoidales.
- •11.5. Тік ішектің шығуы — prolapsus recti.
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •II. Науқастың басталу анамнезі:
- •III. Аурудың ғүмырының анамнезі:
- •IV. Обьективті тексерістермен аныкталынатын көріністер (хабарлар)
- •Б. Науқасқа шалдыққан денені (мүшені) тексеру
- •V. Аурудың диагнозы жене оны дэлелдеу
- •VIII. Анықталынған науқасты емдеу шаралары жеке қағазға (вкладыш к истории) жазылады.
6.3. Өңештің жарақаттануы
1. Өңештің сыртқы жарақаттары - Мойынның басқа қүрделі мүшелерінің жарақаттануымен қоса кездеседі. Сондықтан өңештің сыртқы жарақатын анықтау және емдеу барлық жарақаттарды қоса тексерумен, емдеумен қатар орындалады. Бұл жағдайдағы зор қауыптердің бірі - жарақаттанған өңештен средостениеге инфекцияның жайылуы. Жарақаттыға 2-3 тәулік бойы ауызынан тағам ішкізбейді. Өңештің жарасы ашылып оның айналасы дренажданады.
Өңештің іш бөлімінің жарақаттануында жұтынудың қатты ауыруы, қанды кұсық, қызу көтерілуі, жүрек жағдайы нашарлануы, шөлдемпаздану, жарақаттанғанның жағдайының шапшаң нашарлануы, инфекцияның плевраға, перикардка, средостениеге жайылуы салдарынан науқастың аз уақытта өлімі мүмкін.
Бұның алдын алу үшін тезірек өңеш жыртығын ашып, оның жарасын тігу, дренаждау, тампондау қажет. Іріңді плеврит, медиастенит, перитонит басталса плевратомия, медиастинотомия, лапаротомия орындалады.
2. Өңештің ішкі жарақаттануы Жұтылған тағаммен, бөгде затпен, сүйекпен т.б. заттармен өңештің іттткі қабатынан сыртына қарай жарақаттануы. Бұл жарақаттардың өңешті зондпен, эзофагоскоппен тексергенде кездесуі де мүмкін. Жарақат саяз және терең (толық өңештің барлық қабырғасының) болуы мүмкін.
Симптомдары: лоқсу, тері астының эмфиземасы, пневмоторакс, өте ауыр жалпы жағдай. Дене көгеруі, тұншыгу, тамыр соғуының нашарлануы, зәр азайуы.
Өңештің жыртылуы тек операциямен емделеді.
3. Өңеш прободениесі (тесілуі) -
а) cay өңештің инструментпен тесілуі (зонд, эзофагосқоп, шприцы, инородные тела)
б) Аурумен өзгерген (опухоль, аневризма) өңештің тесілуі
Өңештің тесілуінде оның жыртылуындағыдай симптомдар орын алады. Бірақта бұл симптомдар алғашқыда ауыр емес және анық емес. Перфорацияланған өңештің еттері ісініп қабынуы тесікті қысып одан бос ауаның шығуын бәсеңдетеді. Сондықтан перфорацияда тері асты эмфиземасы болмашы немесе толық жоқ.
Сау өңештің перфорацияға ұшырағанында жедел операция жасалып тесік тігіледі, дренаждалынанды. Кажет болса уақытша қарын свищі орындалады.
4. Өңештің күюі - термические поражения пищевода
а)Өңештің ыстық тағаммен күйуі сирек және жеңіл. Оларды тағамды салқындатып қабылдаумен, ауыру сезімін басатын дәрілерді қолдануен емдейді.
б) Көбінесе өңештің химиялық күйуі кездеседі. Сілтілер немесе қышқыл химиялық сұйықтарды әдейі немесе байқаусыз ішуде байқалады. Күйіктің ауырлығы ішілген заттың концентрациясымен, мөлшерімен, оның өңеште сақталған уақытымен байланысты. Аталынған жағдайларға байланысты өңештің жеңіл (тек ішқі, клегейлі қапшығы) күйуі, немесе ауыр терең күйігі кездеседі. Жеңіл күйігі бірнеше тәуліктен соң жазылады. Ауыр күйігінде ҮІІ-ҮІП тәуліктерде некрозденген клегейлі қабат шіріл оның астында жеңіл қанағыш гранулыциялы жара пайда болады. Келешекте бұл грануляцияланған жара тыртықтанып өңештің көзін бітейді немесе оны тарылтады (облитерация или стриктура). Кейде қысқа уақытта өңеш айналасының флегмонасы басталып аурудың өліміне ұшыратады. Ал өте көп және концентрациясы күшті элементті ішкенде өңештің барлық қабаттары некрозденіп (шірш-тесіліп) адамның шоктен, уланудан, қан ағудан тез өліп кетуі мүмкін.
Симптомдары - Өңештің химиялы күйіктерінде алдымен ауыздың, жұтқыншақтың', қарынның, өңештің күшті ауыруы байқалады. Химиялық элемент тыныс жолына да енсе -тұншығу. ентігу, үрейлену байқалады. Лоқсу, қан туқіру, кейде түкірікпен қоса неқрозденғен өңеш клегейлі қапшығының үзінділері байқалады. Мойын флегмонасы кездесуі мүмкін.
Емдеу шаралары .
1. Өңешті, карынды ішілген химиялық элементті нейтролизациялайтын ерітіндімен жуу. Сілтімен уланған адамға 3-5% лимон қышқылын ішкізу, мұздай сумен жуу.
Қышқылдармен уланғанда сода ерітіндісін, күидірілген магнезия ішкізіледі. Кан тамырына 5% глюкоза, физиология ерітінідісі егіледі, ауыруды басу үшін морфий пайдаланылады, жүрек жагдайы жақсартылады.
Келешеқте өңештің тыртыктанып тарылуына қарсы өңештің зондированиесін 1-3 күннен бастап қолдануды және бүған қарсы ұсыныстар белгілі.
Ac қорыту мұшелерінің (ауыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын) химиялық қүйіктері туралы хабарлар XIX ғ. алғашқы жылдарынан басталып жарияланады. 1836 Гросхейм (Grossheim) өңештің, қарынның. ұлытабар ішегінің және ащы ішектің жоғарғы бөлшегінің "күшті арақпен" (смесь серной и соляной кислот) күйгендігін жазған.
Ресейде бірінші болып 9/1-1877 ж. Мәскеу акушер-гинекологы В.Ф.Снегиров күйіктен соң тарылған өңешқе операция жасаған. Ал 24/ІҮ 1880 ж. Киев хирурғі А.С.Яценко өңеші күйген науқасқа гастростомия операциясын жасап, қарын свищін ауруды көректендіру және өңештің бужированиесін орындау үшін пайдаланған. Н.М.Волкович 15/Y-1893 ж. өңешімен қарыны күйген ауруға операция жасаған. 1907 ж. П.А.Герцен жасанды өңеш операциясын орындаған. Герцен бұл операцияның Ру ұсынған екі кезеңді техникасын ұш кезеңмен орындауды /I- ішектен өңеш даярлап оны төс сүйегінің алдымен өткізу, 2-өңешті қарынмен жалғастыру, 3-өңешті (ішекті) мойын өңешіне жалғастыру.
1913 ж. Я.О.Гальперин өңешті қарынның үлкен кривизнасынан пішілген лосқутпен алмасытруды үсынған. Химиялық күйіктерде ең алдымен ішек - қарынның клегейлі қапшығы күйеді, эпителий некрозденеді де оның орнында бозғылт-қоңыр пленқалар пайда болады. Бұл пленкелер шіріп сасық иісті массаға айналады. Жүтқыншақпен өңеште қанағыш жаралар пайда болады. Бұл жаралар нфекцияланып ісінеді.
Қышқылдар бұнымен қоса протоплазмалық яд болатындығынан жараның беті қатты құрғақ струппен жабылады.
Сілтілер-ткандердің дымқыл некрозіне ұшыратып, удың тереңге жайылуына жол ашады. Удың айналасына жайылуы тек демаркациялық жол пайда болуына дейін байқалады.
Неқрозденген ткандер тазарғаннан соң язваланған жара ашылып, ол тыртықтанып жабылады да өңеш тарылуына соғады.
Өңештің химиялық күйігіне үшырағандарға бірінші көмек және емдеу - Бұл жарақатқа ұшырағандардың ғұмыры үшін оларға қөрсетілетін алғашқы көмеқтің маңызы зор. Көмектің ең маңыздысы - шапшаң (алғашқы сағатта) қарынды ондағы ядтан (удан) таза рту саналады. Бұл үшін қарын сумен жуылып тазартылады. Бүл тәсіл 1915 ж. Я.Г.Диллонмен ұсынылған. Бұған қоса шокпен қүресу, жүректің жағдайын қолдау қажет. Өңешпен қарынның кұйуінің ауырлығы химиялық удың концентрациясымен, ішілген мөлшерімен ғана байланысты емес, ол уды ішкеннен соңғы өткен уақытпен байланысты. Сондықтан да ішілген удан организмді шапшаң тазарту қажеттігі туады.
Бүл ұшін қарынды жуу үйде, меқемеде - яғный травмаға ұшыраған орында басталуы қажет. Алдымен 1-2 мл. 2% промедол, немесе 1 мл. морфий, 1 мл қордиамин егіледі. Шокке қарсы 40% глюкоза, 0,5 мл. строфантин, 20 мл. - 0,5% новокаин қанға егіледі. Ауызды жансыздандыру үшін оны 0,5% новокаинмен шайғызады, 50-100 мл. Новокаин ішкізеді. Бұдан соң қарынды зонд арқылы немесе су ішкізумен жуын суынан удың иісі сезілмегеніне дейін жуады. Егер уландырғыш заттың белгілі түрі болса - оның нейтрализациясы орындалынады. Щелочпен күйгенде - 1-2% лимон, уксус немесе винная кислотамен. Кислотамен күйгенде 2-3% содамен жуылады. Жуып болғаннан соң зонд арқылы немесе ішкізумен 50-100 мл. 0,5% новокаин жіберіледі.
Бірінші көмектен соң ауру жедел емханаға жеткізіледі.
Емханадағы емдеу - Қайталап промедол (морфий), кордиамин егіледі, қарын жуылады, вагосимпатикалы блокада орындалады. Кислотамен күйгендерге: Қан анализі жасалып, зәрде гематурия бар жоқтығы анықталынады. Қанға 2% натрий бикарбонатының 200-500 мл., 1000 мл Рингер ерітіндісі немесе физиология ерітіндісі егіледі.
Щелочпен күйгендерге: 1,5-2 л. Физиологиялық ерітінді; 10 мл. 10% хлорлы кальций, омнопон, кардиамин, 250 мл. противошоковая ерітіндісі, 400 мл. полиглюкин. Қан қысымы төмендегенде қан жэне мезатон, немесе 0,5-0,75 мл. норадреналин, 40 ЕД АЮТ, 75-100 мг. гидрокартизон егіледі.
Ауыр қан гемолизінде - обменді қан құю.
Бүйректер кемістігінде және анурияда гемодиализ орындалады.
Гортань ісінсе (ентігу , дене көгеруі ,дауыстың бұзылуы,журек соғуының шапшаңдануы) қанға 10 мл. 10% хлорлы кальций, ет арасына 2 мл. 1% димедрол егіледі. Аталған шаралардың нәтижесіздігінде трахеостомия орындалады.
Кейде өкпе ісінуі (отек легких) басталып тыныс нашарланыл, дене көгеріп, өкпеде дымқыл қырылдар естіледі. Бүл жағдайда изотониялық ерітінділер егілуі тоқтатылады, қанға 10 мл. 10% хлорлы кальций, 20 мл. 40% глюкоза, 0,5 мл. строфантин (корглюкон) егіледі, 0,5-1 мл. меркузал (новорит) егіледі. Спирттен өткізілген кислородпен дем алдырады. Жара инфекциясының дамуына қарсы нистатин жэне витаиндер В-І, В-12, С қолданылады.
Жүрек жағдайын қолдау үшін кардиамин, кофеин, қамфора, строфантин, немесе корглюкон, оксигено терапия пайдаланылады.
Өңешке тыныштық беру үшін алғашқы күндері қажетті қөреқтендіру тек парентералды тәсілмен жұргізіледі. Күніне 5-6 рет қасықпен өсімдік майы ішкізіледі. Майға биомицин немесе тетрациклин ерітіп ішкізеді.
ІІІ-ІҮ тәуліктен бастап ауыздан тағам ішкізіледі (овсяной или рисовый отвар, сырые яйца, молоко, сливки, кисели).
Кейде ауыр күйіктен соң қарын қабырғасының неқрозы басталып оның салдарынан перитонит байқалады. Сондықтан, бұндай ауруға операция жасауға (гастростомия) тура келеді.
Өңешпен қарынның тыртықтанып тарылуын' емдеу - Химиялық күйіктің бұл асқынысы бужированием жэне операциямен емделеді.
Бужирование 1742 ж. бастап қодданылады. Бірақта үзақ уақыт оның орындалу уақыты шешілмеген. Қазіргі уақытта хирургтердің көпшілігі бужированиені ерте қолдануды қабылдайды. Бужды ауыз арқылы немесе ретроградно (через гастростому - "бужирование без қонца") өткізеді.
Операциямен емдеу - Ең бірінші гастротомия операциясын 1859 ж. Форстер (Forster) орындаған. Науқас перитониттен өлген.
13/111-1882 ж. Н.Д.Монастырский күйіктен тарылған өңешке гастроэнтеростомия операциясын жасаган.
Ал алғашқы қарын резекциясын 3/ҮІІІ- 1882 ж. Билърот (Вillroth) орындаған, 25/YI-1888 ж. Микулич (Mikulicz) бірінші пилоропластиканы жасаған.
Өңеш тарылуын емдеудің жаңа тәсілі П.А.Герценнің (внук демократа А.И.Герцена) атымен байланысты. Бұл операциямен жасанды өңеш орындаудың бірінші этапы 1907 ж. 10 сентябірнде, ал ақырғысы 17 ноябрде жасалынған.
Бұл операция туралы хабар 1907 ж. Ресей хирургтерінің ҮП съездінде жасалған. Осы съезде П.И.Дьяконов - "операция, сделанная д-ром Герценом - редкое и выдающееся, что в лице д-ра Герцена проф. Ру имеет редкого ученика" деген. *
5. Өңештің тарылуы (сужение) Өңеш стеноздерінің 80-90% оның рак аруымен байланысты. Қалған 10% өңештің химиялық күйуінен соң байқалады. Өте сиреқ өңеш сифилисі, түберқулезі т.б. жедел немесе созылмалы қабыну аурулары өңеш тарылуына соғады.
Өңештің тыртықтануы (стриктура) көбінесе химиялық қүйіқтен соң байқалады. Бүның диагнозын (орын, түрін, мөлшерін) анықтау рентгендгк тексеріспен анықталынады. Өңештің химиялық кұйігіне ұшырағандардың 3/1 алғашқы кезеңде өледі, қалғандарының 3/1 қейінде аштықтан, басқа қосалқы аурулардан өледі. Жас балалардың өңеш қүйуі ересеқ адамдардан аз тыртықтануына (стенозына) ұшыратады. Өйткені балалар өңеші жеңіл созылады, қеңейеді.
Өңеш тарылуын емдеу 3 түрлі тәсілмен орындалады: бужирование, резекция жэне пластика пищевода - өңешті бужбен созу, қеңейту; тарылған жерін резекциялау жэне толық облитерацияланған өңешті жасанды өңешпен алмастыру.
Өңешті бужбен кеңейтудің жабық және ашық түрлері бар.
Ашық түрінде алдымен қарынның свищі жасалып ол арқылы ауру қөреқтендіріледі. Зондтың (буждың) бір үшына ұзын жібеқ жібі байланады. Жіптің үшына қорғасын бытырасы байланып оны ауыздан жұтқызады. Бытыра қарынға жетқенде оны қарын свищі (стома) арқылы ұстап, жіпке байланған зонд (буж) өңеш - қарын арқылы дененің бетіне шығарылады.
Осылайша айналдыра үзіліссіз (зонд без конца) бужирование орындлады. Эр бір күн сайын буждың (зондтың) алғашқыдан жуандауы пайдапанылып өңештің (бужированиесі) кеңейтілуі орындалады.
Өңештің рак ісіғімен қысылуы және өңеш рагін емдеу тәсілдері онкология кафедрасында оқытылады. Бұл туралы біз тек келесі жағдайларда тоқталамыз.
Өңеш рагінде арудың алғашқы басталу кезеңінде анық көріністер жоқ. Өңештің ісікпен бітелгенінде немесе тарылғанында тағам жұтынуының қиъгндануы, жұтылған тағамның қайта шығуы (срыгивание), аздан соң құсуы, (ретростернальная болъ) төс сүйегінің артының ауыруы, стенокардияға ұқсас екі жауырын арасының сыздап ауыруы байқалады. Бұндай шағымдары бар адамдарды жедел онкологиялық мамандарға жетқізу қажеттігін әр дәрігер есінде сақтауы керек.
Өңештің қатерсіз ісіктері (липомы, миомы, кисты, ангиомы, фибромы) де өңештің қабынуына, тарылуына ұшыратып өңеш рагінің клиникалық көріністерш береді. Бұлар тек операциямен емделеді.
