- •Жарық аурулары туралы жалпы түсінік. Жарықтар құрамы және себептері. Жарықтың қөріністері мен диагнозы. Жарықты басқа науқастардан айыру. Жарықтың алдын алу және емдеу. Іш жарықтарының асқыныстары.
- •2. Этиологиялық классификация:
- •3. Клиникалық классификация:
- •Жарық ауруының алдын алу.
- •Шап каналының анатомиясы.
- •Шап жарығының түрлері .
- •1.2. Сан жарықтары - Hernia femoralis Сан жарығының анатомиялық ерекшеліктері. Жарықтың симптомдары мен диагнозы. Сан жарығын емдеу төсілдері.
- •1.5. Диафрагма жарығы- Hernia diaphragmatica.
- •1.6. Іш жарықгарының (сыртқы жарықгардың) асқыныстары.
- •2.1. Асқазанның және ұлтабар ішегінің ойық жаралы ауруы-Аурудың жиілігі және этиологиясы мен патогенезі. Клиникасы мен классификациясы. Диагнозы және емделуі .
- •2.2. Ойық жара (язва) науқасының асқыныстары .
- •4.Язва пенетрациясы - көрші мушеге жайылуы.
- •Операциямен емдеудің қажеттігі
- •Асқазанның операциядан соңғы аурулары
- •Асқазан резекциясынан сонғы синдромдар : / классификация/
- •2.5. Ішек қарыннын даму пороктері- /аномалиялары/.
- •3.1. Жедел аппендицит (appendicitis аcuta)
- •3.2. Созылмалы аппендицит Созылмалы аппендициттің симптомдары және диагнозы . Науқасты емдеу.
- •3.3. Ішектің жедел түйілу науқасы (ileus) Ішек түйілуінің симптомдары. Диагнозы және дифференциалды диагнозы. Ішек түйілуін емдеу және науқастың ақыры.
- •3.4. Тоқ ішектің науқастары:
- •Ішек науқастарын ажырату .
- •3.5. Ішек қан тамырларының тромбэмболиясы
- •Бауыр эхинококкозы /Echinococcus hepatis/ Эхинококктің өсуі және адамға жұғуы. Эхинококкоз науқасының диагнозы мен дифференциалды диагнозы. Емдеу тәсілдері мен ақыры.
- •Үйқы безінің науқастары
- •4.4. Созылмалы панкреатит-
- •4.5. Ұйқы безінің кистасы және жыланкөзі
- •4.6. Ұйқы безінің ісіктері
- •4.7. Ұйқы безінің науқастарын айыру
- •5.1. Жалпы түсініқ. Классифиқация. Перитонит симптомдары, клинкасы, диагнозы жэне дифференциалды диагноз. Перитониттің этиопатогенезі, емделуі және ақыры.
- •Іріңді перитонитті емдеу.
- •Қоршалған перитониттер (абсцестер)
- •6.1.Өңештің анатомиясымен физиологиясы .
- •6.2. Өңеш науқастары. Олардың жіктелуі:
- •6.3. Өңештің жарақаттануы
- •6.4. Өңеш ауруларын басқа науқастардан айыру.
- •7.1. Эндемиялы зоб және тиреотоксикоз. Эндемиялы зобтың этиологиясымен патогенезі.Диагнозымен емделуі. Аурудың ақыныстарының алдын алу. Тиреотоксикоз. Симптомдары. Диагнозы мен емделуі.
- •7.2. Диффузды - улы (токсический) зоб.Тиреотоксикоз немесе Базедов ауруы .Алғашқыдан улы диффузды зоб.
- •7.3 Қалқанша безді тексеру тәсілдері:
- •VIII - тарау. Сүт бездерінің00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 аурулары.
- •8 .1.Cүт бездерін тексеру тәсілдері .
- •8.2. Сүт безінің қабынуы –Мастит. Mastitis.
- •9.1.Кеуде және (плевра) көк етінің анатомиясы мен физиологиясы.
- •9.2. Кеудені зерттеудің негізгі тәсілдері.
- •9.3.Кеуденің жабық жарақаттарыньщ асқыныстары:
- •9.4. Спонтонды пневмоторакс ("себепсіз").
- •Экссудативті плевриттің рентгендік көріністері:
- •9.5. Өкпе абсцесі -
- •9.6. Бронхэктазия наукасы-
- •9.7. Өкпе кисталары
- •9.8. Өкпе эхинококкі.
- •9.9. Өкпе кан тамырларының тромбэмболиясы
- •10.1.Облитерациялы эндоартериит.Нақастың этиопатогенезі.Симптомдарымен диагнозы.Емделу тәсілдері
- •Варикозды аурудың түрлері :
- •Тромбофлебит және флеботромбоз.Олардың басталу себептерімен клиникасы.Жіктелуі мен емдеу тәсілдері.Тромбофлебиттен соңғы синдром .
- •Тромбофлебиттен соңғы синдром
- •Кан тамыры ішінде қанның ұю механизімі мен себептері.
- •П.І. Парапроктиттер және тік ішектің жыланкөздері .
- •11.2.Құйыршықтың эпителилалды жолдарының іріңді науқасы.
- •11.3. Геморрой - Vazices haemozzhoidales.
- •11.5. Тік ішектің шығуы — prolapsus recti.
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •II. Науқастың басталу анамнезі:
- •III. Аурудың ғүмырының анамнезі:
- •IV. Обьективті тексерістермен аныкталынатын көріністер (хабарлар)
- •Б. Науқасқа шалдыққан денені (мүшені) тексеру
- •V. Аурудың диагнозы жене оны дэлелдеу
- •VIII. Анықталынған науқасты емдеу шаралары жеке қағазға (вкладыш к истории) жазылады.
6.1.Өңештің анатомиясымен физиологиясы .
Өңеш деп тағам қорыту мүшелерінің ауызбен қарынды жалғастыратын түтікше куыс мүшені атайды. Өңеш сакина түсті шеміршек тұсынан басталып (ҮІ мойын омыртқа тұсы) XI кеуде омыртқасы тұсында қарынның кардиалды бөліміне жалғасады - жоғарыда оңеш мойынның орта шебінде орналасса төмендей келе мойынның сол жақ бетіне кеңірдектің алдына ойысады. Өңештің мойын бөлшегінің ұзындығы 5-6 см. Кеуде бөлшегінің ұзындығы 17-19 см. Бұл бөлшектің қолқадан жоғарғы (надаорталъная) және төменгі (подаортальная) бөлімдері бар.
Өңештің кардиалды бөлшегі іш қуысында Х-ХІ омыртқалар тұсында орналасады. Бұның ұзындығы небары 1-3 см. ол диафрагмамен қарын арасында. Өңештің бірнеше физиологиялық тарылыстарын (сужение) бар. Олардың ең біріншісі және ең тары жұткъгншақ пен өңеш арасында. Бұл тарылысты өңештің "ауызы" - "рот пищевода" атайды. Өңештің басқа тарылыстарый физиологиялы деп атау қиын. Өйткені олар өңештің қолқамен, бронхпен немесе диафрагма сіңірімен қысылуынан пайда болады.
Өңештің еқінші тарылысы оның қолқа және сол бронхпен қысылатын ІҮ кеуде омыртқасы тұсында орналасып бронхоаорталы қысылу (тарылуы) аталады.
Үшінші тарылыс өңештің диафрагмадан өтетін жерінде IX-Х омыртқалар арасында орналасып диафрагма сфинктері аталады.
Өңештің emmepi екі қабаттан құралады:
1. Ішкі - дөңгелекше
2. Сыртқы - ұзынша
Өңештің мойын бөлімшесі қанды қалқан безінің төменгі артериясынан, іш бөлімшесі -қарынның және диафрагманың сол жақ артерияларынан алады.
Өңештің лимфа тамырлары көп. Олар терең және саяз лимфа тамырларынан құралады. Лимфа суы өңештен средостение лимфа бездеріне немесе тікелей қеуденің лимфа протогіне ағады.
Өңеш иннервациясы вегетативті және соматикалы эфферентті және афферентті нервтерден құрылған - симпатикалы және парасимпатикалы (блуждающий нерв) нерв жүйелері бар.
Өңештің мойын бөлімшесі возвратный нервпен қамтамасызданған. Өңеш ас қорыту мүшелері тобына жатқанымен ас қарыту процессіне қатынаспайды.
Тағамның өтуіне өңеш және оның тарылған - қеңіген бөлшектері әр тұрлі қимыл көрсетеді. Қою тағамдарды жұтқанда өңеш еттері тырысып қозғалады (перистальтирует), ал сұйық тағамға бұндай қозғалыс бермейді.
Жұтынатын тағам тіл түбіріне жетісімен жұтылу рефлексі пайда болып тіл тағамды өңешке айдайды. Бұл сәтте жүмсақ таңдай жұтқыншақтың артқы бетіне жабысып мұрын қуыстарын жабады., тыныс тесігі - көмекей (гортань) надгортанникпен (кішкене тілшікпен) жабылады. Осылайша айналасы толық жабылған (замкнутое пространство) өңеш тесігіне тағам итеріледі де тағам шапшаң қарынға енеді.
Өңешті тексеру тәсілдері
1. Рентген контрасты тексеріс
2. Компьютерлі томография
3. Эзофагофиброскопия
4. Эзофагоскопия
5. Эзофаготонокимография - өңештің қабырғаларының және сфинктерлерінің, тырысу күшін қағазға жазу.
6. РН - метрия - арнайы зонд көмегімен қарын - өңеш рефлюксін анықтау.
6.2. Өңеш науқастары. Олардың жіктелуі:
1) Өңештің іштей пайда болатын анамалиялы аурулары (атрезия пищевода).
а) Өңештің бітеулігі, оның ортанғы немесе төменгі бөлімдерінің жоқтығы, тыныс жолдарымен свищі т.б. қөптеген кемістіктер көбінесе бет, ауыздың басқа кемістіктерімен қоса байқалады.
Диагнозды анықтау оңай. Бұндай нәрестелер тағам жұта алмайды. Емген сүті қайта құсылады, құсық қатты жөтелмен, дене көгеруімен аяқталады.
Контрасты дәрі жіберіп жасалынған рентгенография анамалияның түрін, орнын анықтайды.
Емдеу тәсілі тек операциямен.
б) Өңештің созылып кеңейуі - іштей және кейінде пайда болады. Кейінде кеңейуіне өңеш жолында (ішінде немесе сыртында) кедергі пайда болуы себеп болады (рубец, рак, гастроптоз, диафргмальная грыжа). Өңештің кеңейуіне кардиоспазмда соғады.
Науқас ұзақ уақыт еш көрініс бермейді. Тек өңеш травмасы, .инфекциялы наукастары өңештен тамақ өтуін бұзады. Кейбір аурулар сұйық тамақты, ал кейбіреулері қою, қатаң тамақты жақсы жұтады. Өңеш жұқарып, әлсізденіп тағамды қарынға итере (өткізе) алмайды. Тағам өңешке жиналып шіріп сасық иісті кекірік, құсық береді. Қабылданылған тағамды өңештен қарынға өткізу үшін ауру адамдар кеудесін қысады, тынысын тоқтатады, жүреді. тік отырып ұйықтайды. Өйткені өңешке жиналған сілекей жатқанда ауыздан ағады. Науқас адам жүдейді. Ауру ұзақ жылдарға созылады. Сондықтан диагнозды анамнездің негізінде анықтауға болады.
Перкуссиямен тағамға, сілекейге толған, кеңіген өңешті омыртқалардың екі жанынан жуан (тупой) дыбыс анықталынады. Өңешті тағамнан сілекейден босатқаннан соңғы перкуссия жіңішке (тимпонический) дыбыс береді.
Қарын кардиясына дейін зонд өткізгенде өңештен көп сілекей, тағам қалдықтары шығады.
Эзофагоскоп өңешке жеңіл (оңай) енгізіледі. Өңеш ішінде ол бос қозғалады "болтается" (Венгловский симптомы). Рентгенмен тексергенде кардияның тарылуы және өңештің созылып кеңейгендігі анық көрінеді.
Өңеш созылуын емдеуді оған себеп болатын кардиоспазмды емдеуден бастайды. Бұл үшін келесі қонсервативті тәсілдер қолданылады:
1) Өңешті жуып тазарту. Бұдан соң
2) 1-2% бор қышқылымен немесе күміс суымен жуып өңеш қабынуын басу
3) Атропин ішкізу немесе егу
4) Адреналин егу
5) Бромды, витаминді препараттар
6) Бүжбен кардияны кеңейту
7) Темір диллятаторларды (созғышты) қолдану. Аталынған конервативті тәсілдер нәтиже бермегенде оперативті тәсілдер қолданылады.
1) Операция Гейровского - поддиафрагмальная эзофагогастростомия-өңешпен қарын анастомозы
2) Кардиотомия (по Геллеру) операциясы тарылған кардияны оның клегейлі қабатына дейін тіліп кеңейту. Бұдан пайда болатын жараны қарыннан, диафрагмадан алынған лоскутпен жамап кардиопластика жасау (Ламберт, Зауэрбрух, Петровский Б.В.)
в) Өңеш дивертикулы - Өңеш қабырғасының азғана жерінің қалталанып созылуы. Бұл созылған қалтаның ішкі клегейлі қапшығы өзгермеген. Дивертикулдың томпайған (пульсионные) және ұзарған (тракционные) түрлерін бөледі.
Науқас ұзақ уақыт еш бір көрініс бермейді. Тек, дивертикул қабына келе, тағам өтуі бұзылғанда ғана дәрігер қабылдауына барады.
Сілекей, қақырық көп шығады, жұтқыншақ құрғақсынады, жиі жөтел байқалады, өңеште "бөтен зат" сезіледі, қейде кұсық байқалады. Уақыт өте келе тағам жұтынуы қиынданады, өнештегі "бөтен зат" анық сезіледі, лоқсу, кұсу жиіленеді. Ауру ақырындап жүдейді, әлсірейді одан әрі асқынып пневмонияға, өкпе гангренасына, мойын флегмонасына соғып ауру өліміне ұшыратады (16-17%).
Аталынған шағымдарға қоса өңешті рентгенмен тексеру диагнозды анықтайды.
Емделуі - Мезгіл - мезгіл өңешті жуып тазарту, дивертикулге жиналып шіріген тағам қалдықтарын тазарту уақытша шипалы әсер береді.
Операциямен емдеу XIX ғасырдан белгілі
I. Иссечение дивертикула (радикальное - толық кесіп алып тастау) қазіргі уақытта қатерсіз, орындалуы оңай операция саналады (обезболивание, переливание крови, антибиотики).
2) Өңештің қабыну аурулары .
а) Өңештің жедел қабынуы. Көбінесе оның ыстық сұйықпен, химиялық заттармен күйуіне және механикалық қоздырғыштар себебінен қабынуы себебінен кездеседі. Бұнымен қатар кейбір инфекциялы аурулар салдарынан өңештің катаралды қабынуы байқалады. Симптомдары: тағам жұтынғанда өңештің ауыруы.
Мойынды бұрудың, басты артқа шалқайтудың ауырғьпптығы, қою, жабысқақ сілекейдің көп шығуы, лоқсу байқалады.
Емдеу - салқын сүт ішкізу, мұз жұтқызу. Қою тағамды уақытша пайдаланбау.
Қызылша /корь/, скарлатина, дифтерия, тиф (сүзек), оспа (оба) сияқты инфекциялы ауруларда, уремияда, энтеритте. Өңештің бұл кабынуларын емдеу оған себеп болатын негізгі аурумен күресуден тұрады.
б) Өңештің созылмалы қабынуы
Өңеш дивертикулында, стриктурасында, ісіктерінде, жүректің ауыр (декомпенсациялы) пороктерінде. арақты жиі ішетіндерде байқалады. Бұл жағдайда өңештің кілегейлі қапшығы қызарады, ісініп - қалынданады, оның қан тамырлары кеңиді. Сілекей аз шығады. Өңеш құрғағыш.
Емдеу - ауруға ұшыратқан негізгі себепті анықтап, оны емдеу қажет. Кейде өңештің ауыруын басу үшін 3% дикоин, 2-5% новокаин ерітіндісімен, 1-3 танинмен, 2% күміс суымен сүрту пайдал анылады.
б) Өңештің рефлюксті науқасы - қарынның кардиалды жомының (жабу механізмінін) әлсізденіп созылып қеңейуі саддарынан қарын қышқылының өңешке енуі (рефлюкс) оның қабынуына ұшыратады. Өңештің клегейлі қапшығы ісінеді. Науқас қарын немесе ұлытабар ішегінің язвасына ұқсас симптомдар береді (боль, ижжога, отрыжка). Өңеш қабынуына (эзофагит) және өңеш язвасына ұшыратады. Язвадан қан ағуы мүмкін.
Диагнозды анықтау үшін рентгендік тексерістерді қолдану қажет.
Емдеу - Қарынның ауруын емдеуге ұқсас - консервативті төсілдерден қүралады. Тек осы емнің нәтижесіздігінде хирургиялық шаралардың қажеттігі туады. Қолданылатын операциялардың негізі қарынның қышқылын өңешке өткізбейтін кедергі жасау боддаы. Бұл ұшін қарыннан өңештің төменгі (абдоминалды) бөлшегін айналдыра қысып түратын жом жасалады.
в) Өңештің пептиқалы язвасы - Қарын кардиясының қемістігі салдарынан, диафрагманың грыжасынан немесе диафрагманың өңеш өтетін тесігінің кеңуінен қарын қышқылының өңешке енуі себебінен пайда болады. Өңештің пептикалы язвасының симптомдары анық емес. Кейде еш қандай белгілі көрініс бермейді. Ал кейбір ауруларда дисфагия, құсық, төс сүйегі артының ауыруының IX кеуде омыртқасына шабуы, қан құсуы байқалады. Мұндай аурулар ұзақ уақыт тагам қабылдамай қатты жүдейді. Өйтқені тамақ қабылдау іштің ауыруын кұшейтеді.
Диагнозды анықтау үшін орындалатын инструменталды тексерістен сақтану қажет. Зондирование, эзофагоскопия язваның жыртылуына, одан қан ағуына соғуы мүмкін. Сондықтан контрасты рентген тексерісі мен "ниша" анықталуы диагнозды шешеді.
Емдеу - консервативті. Тек бүл емнің нәтижесіздігі операциямен емдеуді талап етеді. Емнің негізгісі диетатерапия.
Өңештің созылмалы ерекше(специфические) қабыну аурулары .
а) Өңеш түберкулезі - өңештің язвалы жарасына немесе қатаң ісінуіне соғады. Өңештің бүл ауруын сифилистік язвадан және өңеш рагінен ауыру қажет. Диагнозды анықтауда эзофагоскопияның және биопсияның маңызы зор.
Емдеу - Ең алдымен өңештің ауыруын басу үшін дикаин, анестезин, новокаин пайдаланады. Язваны ляписпен күйдіреді. Аурудың негізгі себебін - түберкулезді емдейді.
б) Өңеш сифилисі - сиреқ кездесетін наукас. Көбінесе өңештің жоғарғы бөлімінде орналасады. Сифилисті (мерез) гумма ісігі шіріп оның орнында тыртықтар пайда болып өңешті тарылтады.
Симптомы - алғашқы (язвалы) қезеңінде өңеш ауыруы, ал кейінгі (рубецті) кезеңде -дисфагия. Бұған қоса Вассерман реакциясы анықталынса диагноз шешіледі.
Емдеу - сифилиске қарсы спецификалы. Тыртықтанып тарылған өңешті созып кеңейту.
в) Өңеш актиномикозы Басқа денедегі ақтиномикозден жайылады. Диагнозды анықтауда және оны өңеш рагінен, сифилисінен ауыру үшін биопсияның маңызы зор.
Емдеу - рентгенді терапия, және иод препараттарын ішкізу.
4. Өңештен кан ағуы
Өңештен қан ағуының келесі себептері бар:
1) Өңеш қан тамырларының кеңейуі (варикоз)
2) Өңештің сыртқы қан тамырларының жарақаттануы
3) Өнеш қабырғаларынан аққан қанның өңешке құйылуы
4) Өңештің шіріген ісіктерінің қанауы
5) Өңеш язвасының қанауы.
Аталнған себептер арасында ең жиі өңеш қан тамырларының варикозденуі кездеседі. Варикозге бауырдың атрофиялы (Лаеннеков) циррозы салдарынан порталды венадағы қысымның көтерілуі ұшыратады, бұнымен қатар бауыр сифилисі және воротная венаның тромбозы да себеп болады.
Өңештен қан ағу еш белгісіз басталады. Кейде көмекей қышынады (қытықтанады - щекотание) ауыздың демі бұзылады, одан соң қоңырқай түсті (непенящаяся) көшршіксіз қан құсады. Егер өңештен аққан қан алдымен қарынға ағып (жиналып) одан соң құсықпен шықса ол ұйып шығуы мүмкін. Көп-мөлшерде қан ақса - анемияның жалпы көршістері (бас айналуы,әлсіреу, шөлдеу, дене бозаруы, қан қысымы төмендеу т.б.) байқалады.. Диагнозды анықтау (қан ағуы өңештен немесе қарыннан ба?) анамнездің және бауырды тексерудің көмегімен анықталынады.
Емдеу – консерватиті – қан ағуын бәсендететін белгілі жалггы және жеке тәсілдерге қоса Блекмор зондын жүтқызу орындалады. Өңешке енгізілген зондтың манжеткасын желмен (ауамен) толтырғанда онымен варикозды кеңейіп жыртылған қан тамырлары қысылып қан ағуы тоқтайды.
Консервативті тәсілдер нәтиже бермеғенде Гарлок (Garlok) операциясы (кейінгі средостение арқылы өңешті марлелі тампонмен қысу) ұсынылған.
Өңештің қан тамырын байлау. Бүлардан басқа өңештен қан ағуының алдын алатын көмекші операциялар (спленэктомия), бауыр артериясын байлау, порто-ковалды анастомоз, немесе спленореналды анастомоз.
Пальма операциясы - іштің шарбы майын іштің бетіне, бауырға тігіп бауырдың қан айналысын жақсарту ұсынылған.
