Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать

5.1. Жалпы түсініқ. Классифиқация. Перитонит симптомдары, клинкасы, диагнозы жэне дифференциалды диагноз. Перитониттің этиопатогенезі, емделуі және ақыры.

Перитонит себептері:

  1. Аппендикс деструкциясы

  2. Әйелдер жыныс мүшелері- гонорея, эндометрит, аналық безі кистасы жыртылуы, сальпингит, туберкулез, сифилис.

  3. Асқазан және ұлытабар ішегі- язва, рак, ливертикулит.

  4. Ішектер- язва, тиф, дивертикул, туберкулез, язвалы колит.

  5. Ұйқы безі- панкреонекроз, гемморагиялы панкреотит.

  6. Бауыр және көк бауыр- абсцесстер, іріндеген кисталар, эхинококк жарақаттары.

  7. Қоршалған іріндіктер- паранефрит, іштің беті, жамбас майлары.

  8. Қуық, ұрық көпіршектері, қуық басы безі.

  9. Өт- гангренасы, перфорациясы, өттің өт қабырғасынан шығуы /пропотевания/

  10. Кеуденің лимфа протогі- хилезді асцит, іріндеу.

Перитонит түрлері:

  1. Жарамен байланысты- раневой

  2. Операциядан соңғы

  3. Перивисцералды

  4. Метастазды

  5. Асептикалы

  6. Криптогенді

Перитониттің жіктелуі:

  1. Клиникалық ағымына сәйкес- жедел, созылмалы

  2. Жайылуына сәйкес: 1/ жергілікті, жайылмаған,

2/ қоршалған, қоршалмаған

3/ жайылған:

а/ жалпы- диффузиялы, б/ толық

  1. Іште жиналған патологиялық сұйықтың түріне байланысты- серозалы, фибринді, ірінді, шіріген, қанды, нәжесті, өтті.

  2. Тууына байланысты- бірінші, екінші

  3. Себеп болған микрооррганизмге байланысты- стрептококкті, стафилакоккті, колибацияларлы, туберкулезді

  4. Клиникалық даму кезеңдеріне байланысты- реактивті кезең.

  • токсикалы / уландыру/ кезеңі

  • терминалды / ақырғы / кезең.

Бірінші кезең: алғашқы 24 сағатқа дейін- іште серозалы сұйық, брюшинаның сіңіру қасиетті сақталған, іш ауырғыш, рефлекторлы құсық, тахикардия., гипертремия, тіл құрғақ, іштің беті қатайған.

Екінші кезең: 24 сағаттан кейін- іште ірін, фибрин, экссуңдация және транссудация күшейген, қан депонированиесі, улану өте ауыр, тахипное, тахикардия, сердце бежит за кровью, тіл құрғақ, іш кепкен, ішек парезі, жел және дәрет шықпайды, ықылық, құсу.

Үшінші кезең: 2-3 тәуліктерде науқасты өлімнен сақтандыру мүмкіншілігі жоқ- необратимый период. Науқас есі бұзылған, Гиппократ пішіні, іштің ауыруы бәсенденген /зор улану әсерінен/, бауыр, бүйрек, жүрек жағдайлары бұзылған, дене сарғайған, уремия көріністері.

Ертеде перитонит себебі белгісіз науқас деп есептелінсе, қазір оның көптеген іш ауруларының (жедел аппендицит, холецистит, язва перфорациясы) және іш мүшелері жарақаттарының асқынысы болатындығы күмәнсіз.

Мұнымен қатар перитонитті жеке науқас санайтын уақытта өтті. Казіргі уақытта әр-бір перитонитке ұшыраудың себебін атай (анықтай) аламыз. Бұдан 100 жыл бұрынғыша диагнозды перитонит деп жазғанға қоса оған себеп болған науқасты атаймыз (перитонит вследствие острого аппендицита, ранения кишечника и т.д.).

Дегенмен, перитониттің симптомдары эр қашанда оның себебіне қарамай бірдей болатындығынан перитонит жеке науқас саналады.

Перитонит инфеқциялы жэне инекциясыз деп еқі топқа бөлінеді.

Инфекциясыз перитониттер - операция үстінде брющинаның кебуінен (құрғауынан), химиялық, препараттардың - иод, сулема т.б. брюшинаға әсерінен басталады. Дәрігерлік практикада инфекциялы перитониттің маңызы зор.

Науқастың ағымына байланысты перитониттің жедел және созылмалы түрлері бар.

Біздің лекциямыз жедел перитонитқе арналады. Өйткені созылмалы перитонит туберкулез, канцераматоз салдарынан сирек кездеседі.

Ішке жиналатын экссудаттың түріне сәйкес перитониттің серозалы, мутносерозалы, фибринозды, іріңді түрлерін бөледі.

Қабынудың ішке жайылуына сәйкес жеке (местный) жэне жалггы (общий) перитониттер бар.

Местный перитонитте қабыну процессі cay ткандермен бөлектеніп қоршалған.

Диффузды перитонитте қабынған мүше басқа ткандерден қоршалмаған (перитонит без ограничения).

Жалпы жайылған, универсалды перитонитте іштің қөпшіліқ немесе барлық бөлшектеріне қабыну процессі жайылған.

Перитонит симптомдары - Өте көп және олар бір-бірімен байланысты. Сондықтан оларды бірнеше топқа бөліп үйрену түсінікті "Бұнымен қатар әр қашан есте сақталуы қажет жағдай перитониттің симптомдарының барлығының анықталуынан соң шешілген диагноз өте қешіккен саналады, ал емдеу тәсілдері нәтижесізденеді. Осыған байланысты дәрігердің перитонитті ерте анықтауға талпынуы қажет.

І-Перитониттің ерте басталатын жеке симптомдарының маңызы зор. Өйткені брюшинаның толық қабынуына дейін перитонит әр қашан жеке бір орынды қамтиды. Бұл перитониттің алғашқы, жергіліқті кезеңінде орындалған операция аурулардың көтшлігін аман алып қалуға жағдай туғызады. Осыны дәрігерлер өмір бойы ұмытпай, есте сақтауы, парыз.

а) Іш бетінің еттерінің тартылып іш қатайуы - ерте байқалатын жэне зор маңызы бар симптом. Сондықтан мұны - "сверхпризнак всех абдоминальных катастроф" іш катастрофасының ең маңызды көрінісі атайды. Іш қатайуын анықтай білу жас мамандардың қолына өте пайдалы инструмент береді және бұл инструментті қолдану қөптеген науқастарды зор қатерден сақтайды деп жазған (Мондор).

Іштің қатайуының аумағы қабыну процессінің жайылу мөлшеріне тең. Қабынудың брюшинаның жаңа аймағына жайылуы іш қатайуының да жаңа аймақта байқалуына соғады да іш қатайуының аумағы қеңиді. Іштің өте күшті қатайуы язва перфорациясында - ішке қарын қышқылының ағуы салдарынан байқалады - "Іштің беті тақтайша қатты".

Перитониттің алғашқы - басталу кезеңінде іш қатайуының аумағы аз. Осы алғашқы болмашы аумақты іш қатайуының, оның байқалатын орнын, жайылған және басталған жерін толық анықтау жаңа басталған перитониттің диагнозын шешуге, жэне перитонит қайдан (қай мүшеден) басталғандығын анықтауға зор көмеқ жасайды.

Мәселен іштің бетінің оң жамбас тұсының қатайуы және ауырғыштығы жедел аппендицит басталғандығының мүмкіндігін көрсетеді.

Іштің алғашқы болмашы қатайуын айыру үшін жылы, жүмсақ, таза, тырнақтары қысқа қолмен теқсереді. Ауру қереуетқе шалқасынан жатқызылады. Еқі қолы жанында, екі аягы тізе буындарында бүгілген. Аурудың ішің дәрігер саусақтарының үшымен емес, алақынымен, ішті ауыртпай басып теқсереді.

б) Перитониттің екінші қөрінісі іш ауыруы - Бұл көрініс тек перитонитте ғана емес т.б. жағдайларда байкалады. Біздің анық ұғынуымызға қажетті мәселе - перитонит көптеген науқастармен жарақаттар - әсерінен басталатындығы. Сондықтан іштің ауыруының себебі осы жарақаттар немесе науқастар болуы мүмкін. Ал перитонитпен байланысты іш ауыруы алғашкы (перитонитке дейін байкалған) ауыруға қосылып оны күшейте түседі.

Кейде ауыру сезімі өте күшті, ал кейде бәсең. Мәселен, перфоративті язвада көбінесе іш ауыруы "удар кинжалом", ал кейде ол жоқ.

Кейде атылған оқпен жарақаттану да ауыру сезімін бермейді.

Кейбір дәрігерлер науқастың (жарақаттанғанның) ауыр жағдайынан сескеніп іш ауыруының орнын анықтамаса, бір-екі сағаттар өткен соң ауыру аумағы жайылып оның перитонит себебін, басталған орынын анықтауға әсерін (көмегін) азайтады.

Аурудың алғашқы басталған орны перитонитқе себеп болған ауруды (аппендицит, холецистит, язва перфорациясы) шешуге көмектеседі.

в) Диафрагманың тартылуы - перитониттің алғашқы симптомдарының бірі саналады. Перитонитпен науқас ішімен тыныс ала алмайды, ішіне дем тартуы қиынданады (вдох). Бұл көрініс құсықтан, қан тамыры соғуының бүзылуынан бұрын пайда болады.

Іштің тынысқа қатынаспауы алғашқыда диафрагманы жабатын брюшинаның қабынуымен, ал перитонит жайыла қеле диафрагманың параличімен байланысты.

г) Щеткин-Блюмберг симптомы - ішті қолмен басып бірнеше секундтан соң босатқанда іштің тексерілетін жеріндегі ауырудың кұшейетіндігі.

д) Ректальное и вагинальное - тексеріспен ауырсыну сезіміне қоса Дуглас қалталарына жиналған қан, ірің немесе басқа экссудат анықталынады.

е) Лоқсу және қүсу - брюшинаның қозуы салдарынан рефлеқторлы болады. Алдымен күсық сиреқ және онда қарындағы сүйық, одан соң қүсу жиіленеді және өтпен құсады. Одан әрі күсықта ащы ішеқтің нәжесі байқалады, қүсу жиіленіп срыгиваниеге айналады, икота (ықылық) қосылады.

ж) Іште экссудат жиналуы - Бүны анықтау эқссудаттың мөлшері 500 мл. асса ғана мүмкін. Брюшина қабынуында экссудат ерте пайда болады, бірақта оның анықталынуы перитониттің кейінгі кезеңінде мүмкін. Экссудат перкуссиясымен анықталынады. Іштің ойшықтарында экссудат анықталғаннан соң (притупление) ауруды бір қырына жатқызып ол орынды қайта перкуссияланғанда притупление басқа жерге ауысса іште бос сүйықтың (эқссудаттың) барлығы анық.

2. Перитониттің қешігіп пайда болатын симптомдары:

а) Ішектің парезі мен параличі. Қабыну әсерінен ішектер ісінеді, қызарады /артериальная и венозная гиперемия/. Ішек атониясымен параличі күшейе келе ішектің созылуы да күшейеді. Ішек перистальтикасы жоғалады - стетофонендоскоппен тыңдағанда да еш дыбыс естілмейді /"гробовое молчание"/. Ішек параличі салдарынан газ шығуы тоқталынып, іштен тимпонитті перкуторлық дыбыс естіледі.

б) Перитониттің жалпы көріністері - Дене қызуының көтерілуі, тамыр соғуының шапшандануы тыныс бұзылуы, аурудың сыртқы пішіншің өзгеруі, қан құрамының бұзылуы науқастың басталуынан бірнеше сағат өткеннен соң байқалады.

Дене қызуы - жоғары, бірақта басқа инфеқциялық науқастардағыдай типичная температурная қривая жоқ. Кейбір перитонитқе себеп болатын жағдайлар дене қызуын көтермейді (мәселен - қарын перфорациясы), ал аппендицит тікелей дене қызуын көтереді. Колтық астының қызуын тік ішеқтің қызуымен салыстырудың маңызы зор. Ішкі органдардың' қабынуы тік ішектің қызуын жоғарылатады.

Қан тамырының соғуы - қарын, ішек перфорацияснда алғашқыда тамыр сиректенеді (брадикардия) және қатанданады (напряженный). Перитонит ауырлана түсқенде тамыр соғуы шапшаңданады, әлсізденеді, минутында 120-140-қа жетеді. Одан әрі мүлде сезілмейді. Тамыр соғуымен дене қызуы арасындағы байланыстылық бұзылады. Дене қызуымен тамыр соғуы арасындағы қайшылық науқас прогнозының нашарлығын көрсетеді.

Тыныс алу - перитониттің басталу кезеңінде жиі және саяз. Іш кебуі (метеоризм) күшейе келе тыныс кеуде арқылы алынады (живот в акте дыхания не участвует, дыхание становится трудным). Ішекке жиналған газ диафрагманы жоғары қысып тынысты тарылтады. Аурудың дауысы әлсіреген кейде - біржола жоғалған (афония).

Науқастың сырт пішіні - құсық, іш қебуі, қан айналысының бүзылуы перитонитпен науқас адамның түрінің бұзылуына соғады. Мүрын үшкірленеді, көздер шүңірейеді - "перитонит пішіні - перитонеалъное лицо" - facies peritonealis, немесе Гиппократ піщіні - facies Hippocratica - байқалады.

Науқастың терісі - суық термен жабылған, тілі қүрғаған, беті, денесі көгерген, есі бұзылған. Кейде өлім алдында эйфория (көңіл көтерілуі) байқалады.

Лабораторлы тексерістермен анықталынатын көріністер. - Перитонит диагнозы анық болған жағдайда да лабораториялық тексерістерді орындау қажет. Өйткені көмплексті патогенезді емдеуді ұйымдастыру үшін организмдегі бүзылыстармен кемістіктерді жедел анықтау қажет.

Қанда лейкоцитоз 15-20 мыңға дейін, лейкоциттер формуласы солға бұрылған.

Зәрде - белок, цилиндрлар және индикан. Зәрдегі өзгерістер перитониттің ауыр түрінде басталады. Сондықтан бұл өзгерістерді кұту зор қателесуді көрсетеді.

Зәрді тексеру аурудың дифференцилды диагнозын орындау үшін қажет.

Ауыр перитонитте күшті уланудың әсерінен дене сарғайуы және бауыр жагдлйъгның бұзылуы байқалады.

4-5 кұн ішінде перитониттің барлық асқыныстары дамып, науқасты өлімге ұшыратады.

Перитониттің басталу кезеңі анық емес, ауруға қатерлі көріністер жоқ. Науқас асқына қеле бүрынғы, ескі оқулықтарда жазылғандай - ауру адам қозғалыссыз, ол жатқан кереуетті болмашы қозғау іш ауыруын күшейтеді, үздіксіз құсу, ауыр әлсіздік "перитонеалды пішін", іш кепкен ішек перистальтикасы жоқ, газ шыкдайды. Бұл кезеңде диагноз үшін өте маңызды симптом - іші қатайуы жоғалған.

Объективті тексеріспен бүл адамда перитонит немесе ішек түйілуі екенін ауыру қиынданады. Дұрысын айтқанда оның екеуі де орын алған. Өйткені ауыр перитонит салдарынан ішектің параличі (паралитическая непроходиость) басталған. Оған себеп - перитониттің ерте емделінбеуі. Екі науқастың қосылуы тоқсемия және коллапсқа ұшыратады. Аурудың денесі көгеруі, афония, тамыр соғуы нашарлығы анықталынады.

Ең ақыры іш ауыруы толық жоғалады. Эйфория басталады. Бүндай халге ұшыраған аурудың тірі қалуы неғайбыл. Тыныс алу және жүрек соғуы тоқтайды. Науқас жан тәсілін береді.

Антибиотиктермен емделінген перитониттің ерекшеліктері. - Қазіргі уақытта антибиотиктердің жиі, кейде қажетсіз қолданылуы және кейбір дәрігерлердің антибиотикті барлық ауруларды емдеуге шипалы санауына (панацея) байланысты перитонитті антибиотиктермен емдеу науқастың даму көріністерінің өзгешеленуі душар етіп отыр. Бүл сәтте дене қызуы төмен, іш ауыруы, іш қатайуы шамалы, (болмашы). Щеткин-Блюмберг симптомы анық емес. Қорыта айтқанда - перитониттің жергіліқті симптомдары жоқ (немесе анық емес), ал аурудың жалпы жағдайы нашар. Бүндай жалпы және жеке көріністер арасындағы қайшылық дәрігерді қатты ойландыруы қерек. Необходимо особо обратить внимание на факт применения антибиотиков.

Антибиотиктер науқастың көріністерін бәсеңдендіріл диагнозды қиындатады. Кейбір ауруларда қандидамикоз (ауыздың, ішектің, өкпенің грибокпен жарақаттануы) байқалады.

Брюшинаның кұрылысы мен қасиеттері перитонитте кездесетін өзгерістермен оны емдеу шараларын дұрыс ұғынуға көмектеседі.

Брюшинаның жалпы аумағы үлкен - 17 мың см.кв. Онымен іштің беті және іш мүшелерінің беті жабылған (приеталды және висцералды).

Іш қуысын жоғарғы және төменгі деп екі бөлімге бөледі. Бұл екеуін бір бірінен көлденең тоқ ішектің брыжейкасы айырады. Ащы ішек брыжейкасымен іш қуысы оңға және солға бөлінеді. Бұған қоса жамбас қуысы бар.

Брюшинаның қүрамы күрделі, ол 6 қабаттан тұрады. Онда қан және лимфа тамырлары көп. Оның қан тамырлары қан айналысында зор маңызды қан депосы болады да қан қысымының өзгеруіне және денедегі айналатын қан мөлшерін (объем цирқулирующей қрови) қалыптастыруға қатысады.

Перитонитте брюшинада (қан және лимфа тамырларында) қанмен лимфа жиналып артериалды қан қысымын төмендетеді.

Брюшинаның екінші қасиеті - оның сорымпаздығы. Бір сағат ішінде брюшина аурудың жалпы салмағының 8% тең сұйықты сіңіре алады. Бүл денеге сіңген сүйыкқа қоса басқа зиянды заттар да сіңіреді. Мәселен токсиндер, олар организмді уландырды.

Брюшинаның келесі қасиеттері - экссудат шығару және жабысқақты процессті күшейту. Дені сау, брюшинасы қабынбаған адамның ішінде азғана (бірнеше мл.) сероза суы бар.

Перитонитте жиналатын сүйықтың мөлшері өте мол, кейде барлық іш қуыстары - сумен "толады". Брюшина екі күрделі процессті атқарады - экссудатты шығарады және оны сорады - сіңіреді. Брюшинаның әр себептен пайда болатын болмашы жарақаттануы іште жабысқақтық процессін күшейтеді. Әсіресе сальник өзінің қозғалғыштығынан жарақат тұсына және қабыну орнына жетіп оларды қоршап басқа сау мүшелерден жекелейді. Сөйтіп перитониттің қоршалған түріне жеткізеді. Кейде керісінше, брюшинаның жабысқақтық процесі күшейуі, ішек түйілуіне, іш ауыруына ұшыратады.

Қабыну салдарынан пайда болатын экссудат көп мөлшерде қанға сіңсе ондағы токсиндер организмді уландырады, бауырдың барьерлік қасиетін нашарлатады. Бүнымен байланысты дене сарғайуының кездесуі мүмкін.

Қабынуға ұшыраған брюшина қызарады, оның қан тамыры кеңиді, бүл тамырларда жиналған қан көбейеді, брюшинаның беті фибринмен жабылады да бұжырланады, қалыңданады, өзінің жылтырлығын жояды.

Алғашқы сағаттарда экссудат серозалы, одан соң қойыртпақтанады, оған эпителии, бактериялар, фибрин, өлі лейкоциттер қосылып серозно-гнойный түріне айналады. Егер перитониттің себебі ішек таяқшасы (кишечная палочка) болса экссудаттан кұшті сасық иіс шығады.

Кейде перитониттің өте қатерлі шіріген -гнилостный түрі кездеседі.

Экссудациямен қатар ішеқ параличі басталып іш кебеді. Ішек брыжейкасының лимфа бездері ісінеді.

Брюшина инфекциясын көбінесе бірнеше микроорганизмдер қосыла (комбинация) шақырады (кишечная палочка, стафилококк, стрептококк).

Перитонит тек брюшинаның қабынуы емес, ол бүкіл организмнің науқасы. Іштен тараған токсиндер ми клеткаларын және ішек нерв тамырларын уландырып ішек парезіне, іш кебуіне соғады. Іш кебуі және іште көп сұйық жиналуы қан айналысын бұзады.

Перитонит патегенезінде келесі төрт жағдайдың әсері зор:

1. Вируленттігі /улы күші/ зор микроорганизмдердің жиналуы

2. Ішектің параличі /паралитическая непроходимость кишечника/

3. Қан айналысы және жүрек жұмысы нашарлануы

4. Орталық және шетқі нерв жүйесіндегі морфологиялық және функционалдық бұзылыстар.

Перитониттің ең жиі себебі - аппендицит. Жыл сайын бүрынғы СССР-да 2 млн. астам аппендицит кездесетін.

Екінші себеп - язва перфорациясы, одан соң - іш жарақаттары мен әйелдердің жыныс мүшелерінің аурулары, ісіктер мен кисталар, холецистит; ішек түйілуі, іріңді панкреатит.

Кейде перитонитқе паранефрит, іріңді лимфаденит (гематогенді және лимфагенді жолмен) плевритте ұшыратады. Кейде перитонитке ангина, грипп т.б. инфекциялы науқастардың себеп болуы мүмкін.

Уремиядан, ішке қан құйылуынан соң басталатын асептические аталатын перитониттің іріңді перитонитке айналуы мүмкін.

Перитонитке себеп болатын іштің жарақаттарымен науқастардың диагнозы жедел анықталуға тиісті. Кешігу перитонитке ұшыратады. Екіншіден жарақатқа және жедел наукасқа шалдыққандарды қөптеген диагнозды анықтауға бағытталған тексерістерден өткізуге, консультанттер шақыруға уақыт жоқ. Кезекші дәрігерге, немесе поликлиникалық дәрігерге аталған жағдайларды жедел анықтауға тура келеді. Өйткені перфорациялы язваны, внематочная беременностаны, бауыр, көк бауыр жарақатын т.б. аурулармен жарақаттанғандарды қешігіп (24 сағаттан қеш) операцияға алу олардың өлімін қазірдің өзінде 80-90%-қе жеткізеді.

Антибиотиктер қолдану, қан қүю т.б. шаралар бос өткен уақыттың зардабын жоя алмайды. Науқастың басталуымен асқынуы арасы өте қысқа болатындығы дәрігердің ұзақ ойланып - толғануына мүмкіндік бермейді. Науқастың дамыған кезеңінде диагнозды анықтау оңай, бірақта ауруды аман сақтау қиын.

Әр қашанда перитонит басқа бір аурудың, жарақаттың салдарынан басталатындығы оның басталуымен дамуы арасында бірнеше сағат уақыт өтетінінің себебі. Алғашқыда бір орындағы қабыну процессі уақыт өте келе айналасына жайылады.

Дене ауыруын бәсеңдетіп науқастың алғашқы көріністерін (қатайуын) жоятын дәрілерді қолдану дәрігердің білімсіздігін көрсетеді. Диагноз анықталынғанына дейін морфии, омнопон, пантопон т.б. ауыруды басатын дәрілерді қолдануға болмайды. Бұл шарт ішінің ашық жарақаттарында (проникающие пулевые, ножевые раны) қабылданылмайды. Бұндай аурулар жедел операцияға алынады және диагноз анық.

Диагнозды анықтау өте киын жағдайда лапароцентез, лапароскопия немесе микролапротомия орындалады.

Диагнозды ажырату.- Кейде кеуде науқастары іштің қатайуын (в абдоминальных точках) беруі мүмкін. Бірақта кеуде науқастарында перкуссия, аускулътация, рентгеноскопиямен айырықша көріністер аныкталынады.

Перитонитті буйрек науқастарынан айыру аурудың басталған, орналасқан орны, иррадиациясы, зәр анализі негізінде жүргізіледі.

Холециститте (печеночная қолика) - оң қабырғалар астының шаншып ауыруы. құсу, дене қызуының көтерілуі, ауырудың оң иықка, жауырынға, арқаға иррадиациясы, Мюсси симптомы, өт қүсу, көз сарғайуы байқалады. Өт қабынуының ауыр түрлерінің (флегмона, гангрена желчного пузыря) перитонитқе себеп болуын үмытпау қажет.

Перитониттен забрюшинді гематоманы айыру қиындығы кейде диагностикалы лапаротомия колдануға мәжбір етеді.

Ірінді перитониттің ақыры (прогноз) - Перитонитті шақырған себепке, микробтардың улы күшіне және макроорганизмнің қорғаныс күшіне байланысты. Соғыстағы кірлентен жарақаттар және оларды емдеу қиыншылықтары перитониттің нрогнозын нашарландырады.

Кешігіп орындалынған операция перитониттің барлық түрлерінің прогнозын ауырландырады. Мәселен, алғашқы 6 сағат ішінде орындалынған операция қарын перфорациясынан өлімді толық жойса, 24 сағаттан соң орындалынған операциядан кейін науқастардың 30-40% өледі.