Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР-Мадыкенов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать

Жарық ауруының алдын алу.

Адамдарды жарықтан сақтандыру толығымен мүмкін және бұл қимылдар нәрестелердің алғашқы күнінен басталады. Кіндікті таза ұстау, нәрестені күту, көректендіру, дұрыс орау, жатқызу, аспанға лақтырмау (подбрасывание), физкультура, жұмысқа орналасу, екі қабат әйелдердің бандаж киуі, ішке жасалған операциялардан кейінгі қажетті режимді орындау т.б. жарыққа себеп болатын жағдайларды болдырмау.

Асқынбаған жарықтарды емдеу .

Жарықты операциямен емдеу бұдан 120 жыл бұрын қолданыла бастады. Қазіргі уақытта жарықтар тек операциямен емделеді. Бұрынғы кезеңдерде бандаждар қолданылатын X - ғасырға дейін бандаж орнына қарапайым байламдар қолданылған. X - ғасырда Авиценна жарық қақпасын жабатын темір бандаж ұсынған. XIII ғасырда Гордон темір пружиналы аспап ұсынады. Бұдан кейінгі заманда Парижде бандаж жасайтын мамандар ұжымы құрылып олар бандаждың пелоттан, пружинадан және қосымша белбаулардан құралатын түрлерін шығарады.

Бандажды пайдалану өте ауыр асқынуларға соғады: бандаж астындағы тері жарақаттанады, бозданады, жарық қапшығы қажалады, қалындайды, тыртықтанады, жабысқақтанады, шап еттері жұқарады (атрофируется). Бандаж жарықтың түйілуінен, байлануынан сақтандырмайды. Қазіргі уақытта жарықты бандажбен емдеу қолданылмайды.

Жарықты хирургиялық операциямен емдеу -көне заманнан бастап қолданылған (Гиппократ, Цельс). Орта ғасырларда жарықты операциямен емдеу (грыжесечение) дәрігерлік білімі жоқ "кильді мамандармен" орындалатын болғандықтан ХVIII-ХІХ ғғ. өзінде операцияға алынғандардың 80-90% өлімге ұшырайтын. Тек қана хирургияға асептика мен антисептика шаралары енгізілгеннен соң операциялар нәтижесі жақсара түсті.

Операциямен емдеуге қажетті және қажетсіз жағдайлар:

а/ Қажетсіз жағдайлар:өте жас,өте кәрі,өте семіз науқастар

  • слишком юный, слишком старый, слишком болен, слишком жирен С.С.Юдин 1927 ж.

б/ Операцияның қажеттілігі:

Жарықтың байлануы, түйілуі қауыпы, науқастың жұмыс қабілетінің нашарлануы, спортпен шұғылдануға кедергілік.

Іш беті жарықтарының асқыныстары :

Қабыну, орнына түспеу, дәрет тоқтату /капростаз/,қысылу – түйілу, жарақаттану және қатерлі ісікке айналу.

Қабыну - инфекцияның тері арқылы жарық қапшығына жайылуы, екінші жолы - жарыққа енген ішкі мүшенің инфекциялануы. Мысалы күрт секілді соқыр ішектің өсіндісінің қабынуы (грыжевой аппендицит), ішек перфорациясы, туберкулезі іш қуысының қабынуы, жарықтың қабынуы жеке және жалпы көріністер береді.

Жалпы көріністер - дене қызынуы, тамыр соғуы жиіленуі, ішек-қарын жағдайы бұзылуы (іш кебуі, жел шықпауы, дәрет жүрмеуі, лоқсу, құсу).

Жеке көріністер - жарық тұсының ауыруы, ісінуі , қызаруы, қызуы. Қабыну процессі басыла айналасындағы ткандермен жабысуы.

Жарықтың орнына түспеуі (невправимость) - толық немесе жартылай болады да капростазға және ущемлениеге себеп болады.

Капростаз науқастың жалпы жағдайын бұзады. Жарық ісігін қатайтады (каловые камни). Капростаз консервативті тәсілмен емделеді.

Жарықтың байлануы,түйілуі - Науқастардың 3-20%-де байқалатын өте қатерлі асқыну.

Жарық қапшығына енген мүше жарық қапшығының мойыны тұсында және жарық қақпасында қысылады. Қысылудың толық немесе жартылай (пристеночное) және ретроградное –кері қарай

  • обратное - жарық қапшығына енгені емес одан жоғарғы ішек бөлшегі қысымға шалдығатын түрлері бар.

Рихтердің атымен аталатын жартылай қабырғалық (пристеночное) қысылуда ішектің шажырқайына (брыжейка) қарсы бос қабырғасының қысылуын анықтау өте қиын. Бұл асқынысты кейде Литтре қысылымы ( ущемление ) деп те атайды.

Өте қауыпты қысылу болып кері қарай қысылым (ретроградное ущемление) түрі саналады. Өйткені некрозге жарық қабындағы емес, іш қуысындағы ішек бөлшегі ұшырайды. Сондықтан операция үстінде жарық қапшығы ішінде ішектің екі буыны (петли) анықталынса іш қуысында орналасқан үшінші өлі (гангренозды қысылған, қансыраған) ішек буынын іздеу қажет.

Ретроградты қысылуды ең бірінші болып Шмид (Schmidt, 1880 ж.) өлген адамның денесін тексергенде көріп хабарлаған.

Ретроградты қысылу деген терминді 1895 ж. Майдль (Maydl) ұсынған. Ол жарық салдарынан құрт түсті өсіндімен жатыр трубасының ретроградты қысылуын көрген. Ретроградты ущемлениеде қысылған ішек ұзындығы 1 метрге жетуі мүмкін.

Жарықта ішек қысылу себептерін А.П.Крымов 2 топқа бөлген:

1/ Жағдай туғызушы - аурудың жынысы, жасы, дене еттерінің күші, жарық ерекшеліктері /түрі, уақыты/.

2/ Шақырушы - жарық қабындағы қабыну, тыртықтану, жарық қақпасының ерекшеліктері, іш қысымының жоғарылануы (іш кебуі, дәрет жүрмеуі, жөтел, жылау, ауыр жұмыс).

Барлық қысылған жарықтарда қысылған мүшеде қан айналысы бұзылады, оның әсерінен мүшенің некрозы басталады. Қысылудың клиникасы жедел басталады. Бұған дейін орнына еніп түратын ісік (грыжа) орнына түспейді, ішектің байлану (қысылу) көріністері - құсық, лоқсу, жел шықпау, дәрет жүрмеу, іш кебуі пайда болады.

Науқастың жалпы жағдайы нашарланады - тамыр соғуы жиіленеді, нашарланады, қан қысымы төмендейді, ентігу байқалады.

Қысылған жарықтар тек жедел операциямен емделеді.

Жарықтың қысылуын емдеу тарихы .

Дене жансыздандырудың сапасыздығы және операциядан соңғы өлімнің (жараның іріндеп асқынуы салдарынан) жиілігі жүздеген жылдар бойы хирургияның дамуына кедергілік көрсеткен. Сондықтан да XIX ғ. аяғына дейін хирургтер қысылған жарықтарды консервативті (вправление) тәсілмен емдеуді қолданған - ұма терісіне ауа, шарап егу сияқты дәректі және қатерлі тәсілдер, денеден қайталап қан ағызу пайдаланылатын. Қан ағызу әсерінен есін жоғалтқан науқастың қысылған жарығын ішіне енгізу, жарық сақинасын жұмсарту үшін жылы ванна, қыздыру, ұйқы шақырғыш дәрілер (опий, экстракт белены, клизмы из белладонны, белена, табака) іш өткізетін тұздар, майлар т.б. тәсілдер қолданылатын.

Тіптен жарығы түскен науқасты аяғымен жоғарыдан төмен салбыратып байлап қоятын. П.И.Тиховтың (1914) хабарына сай ең бірінші жарығына операциясы Пьетро Франкомен ХVІІ ғ. орындалынған. Көп ғасырлар бойы жарықты қысатын тесікті кесу арнайы герниотом аталатын сайманмен орындалатын. 1723, 1727 жж. Пирон (Peuronie), Рамдор (Ramdohr) жарықпен қысылып шіріген ішек резекциясын жасап ішектің ұштарын жалғауды орындаған. Купердің (Cooper, 1835г.) ұсынысы бойынша қысылып шіріген ішекті емдегенде жасанды дәрет жолы (искусственный задний проход) орындалатын.

Тек Бильрот, Черни (Billroth, Csernu, 1880 ж.) жұмыстарынан соңғы кезенде некрозденген ішектің резекциясы жиі орындалына басталған. Қысылған жарықты операциямен нәтижелі емдеуді Ресей мамандары арасында бірінші болып 1835 ж. И.Ф.Буш орындаған.

Жансыздандыру, асептика және антисептика тәсілдерінің дамуы жарық қысылуын операциямен емдеудің мүмкіндігін және операциямен емдеудің қажеттігін көрсетті. 1892 ж. АЛ.Кадьян бұдан былай жарықты қолмен салудың тоқтатылуының қажеттігін жазған.

Жарықтың жарақаттануы - Науқас адамның құлағанында, жарық тұсынан ұрғанда жарық қапшығының немесе қапшық ішіндегі мүшенің жыртылуы, соғылуы байқалуы мұмкін.

    1. ШАП ЖАРЫҚТАРЫ (Hernia imguinalis)

      Шап жарығының түрлері. Анатомия эмбриологиялық хабарлар. Шаптың қиғаш және түзу жарықтары. Шап жарықтарының көріністері. Науқас диагнозі және дифференциалды диагнозі. Жарықты емдеу және оның ақыры.

Өзінің атына сай шап жарығы шап каналы тұсында, пупарт сіңірінен жоғарыда шап үш бұрышында орналасады. Жарықтың бұл түрі аталған орынның әлсіздігіне байланысты өте жиі кездеседі.

Шап үшбұрышынан өтетін үрық жолы (семенной канатик) немесе жалғам (круглая маточная связка) осы тұста іш бетінің әлсізденуіне соғып шап жарығының басталуына жағдай туғызады.

Шап жарықтары шеткі және орталық шап ойшықтары арқылы пайда болуы мүмкін.

Шеткі ойшық арқылы шығатын шап жарықтары қисық, қиғаш немесе түзу емес жарықтар деп аталады.

Орталық ойшық арқылы шығатын шап жарықтары ішкі (медиалды) немесе тік (түзу) жарықтар аталады.

Анатомиялық және эмбрионалдық әсерлерді анықтау үшін нәрестелердің ұрығының (яичко) төмендеу процессінің маңызын түсіну қажет. 7 айлық эмбрионде (нәрестеде) шап каналы жоқ. Ұрықтар ішпердеден тысқары бүйпектер астында орналасады. Ұрықтардан төмен қарай бағыттаушы (направляющий тяж gubernaculum testis) ұма терісінің түбіне жабысқан сіңір бар. Ұрықтар төмен қарай созылған ішпердеде бұтақшасымен - processus vaginalis peritonei - жабылған.

7 айға толған эмбрионда ұрықтар шап каналының ішкі (терең) тесігіне дейін төмендейді. Одан соң біртіндеп бағыттаушы сіңір бойымен ұмаға түседі. Баланың туу кезеңінде ішперде бұтақшасы жабысып бітеледі. Ұрықтың беті ішперделі қапшықтың қалдығымен (tunica vaginalis testis) жабылады.

Кейде жоғарыда аталған облитерациялық процесс толық аяқталынбай нәресте брюшина бұтағының ашық қалпында дүниеге келеді. Бұл сәтте туа пайда болатын шап жарығы немесе ұрық водянкасы кездеседі.

Егер ішперденің бұтағының облитерациясының жоқтығына қарамай ішкі мұшелер шап каналына енбесе іштің суы осы ішперденің қапшығына жиналып ауыспалы-қосылмалы (сообщающаяся) водянка аталатын (hudrocele communicans) науқасты шақырады.