- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып ҚР-ның Үкіметі табылады. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері ҚР Конституциясында бекітілген.Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «ҚР Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық заңымен белгіленеді.Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-әрекеттер жасайды.Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Республиканың Премьер-министрін ҚР Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды.Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайындайды. Республиканың Премьер-министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. ҚР Үкіметі – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
Үкіметтің негізгі конституциялық өкілеттіктеріне:
1)мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
2)Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсыну, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
3)Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;
4)Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
5)Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлеу;
6)Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасау;
7)Республиканың министрліктері, өзге де орталық атқарушы органдары актілетінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жою немесе тоқтата тұру;
8)Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындап, қызметтен босату;
9)Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау;
10)Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді орындау жатады.
Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Конституцияда және жоғарыда аталған «Үкімет туралы» Конституциялық заңда белгіленген нысандарда Республика Президентінің алдында жауапты. Ал Үкімет мүшелері өз құзыретінің шегінде өз бетінше шешім қабылдайды, Премьер-министрдің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе өздеріне тапсырылған жұмыс аясы үшін дербес жауап береді.
Министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкімет мүшелері:
тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауға дербес болады;
Республика Премьер-министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
Тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы істің жайына және заңдардың, ҚР-ның Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауап береді.
ҚР-да ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:
ҚР-ның министрліктері;
ҚР-ның агенттіктері;
ҚР министрліктерінің құрылымдық бөлімшелері болып табылатын комиттер (ведомстволар), департаменттер және басқармалар.
Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрақтанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдық бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.
1.ҚР-ның министрлігі мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органдары болып табылады.
Министрлікті Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. министрлерді де Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2.ҚР-ның агенттігі Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша. Республика Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде сааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.
3.ҚР-ның Ұлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия ҚР Президентіне тікелей бағынады.
4.Республиканың орталық атқарушы органдарының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табылады.
Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Үкіметі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.Ведомство Республиканың орталық атқарушы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау міндеттерін, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудың ішкі саласына басшылық жасауды жүзеге асырады.Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жайы үшін жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдардың жүзеге асыратыны ҚР Конституциясының 8-бөлімінде баяндалған. Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар титісті әкімшілік-аумақтық бөліністер халқының еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді есепке ала отырып, оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Жергілікті өкілді органдар жүйесі облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарды қамтиды. Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге сайлайды. Мәслихаттың өкілеттігін заңда көзделген негіздер бойынша Сенат мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе ол өзін өзі тарату негізінде тоқтатылуы мүмкін. ҚР-ның 20 жасқа толған азаматы депутат болып тек бір Мәслихатқа ғана сайлана алады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлауға қатыспайды.
5сұрақ. Жергілікті атқарушы билік органдары, олардың түсінігі және қызмет жүйесі,ұйымдастыру негіздері. Жергілікті өкілді органдар өз міндеттерін атқару үшін шағын аппарат құрады, оның құрылымы мен сан құрамы өкілді орган буынының деңгейіне, оның орындайтын жұмыстарының сипатына және көлеміне, сондай-ақ өндірістің инфрақұрылымы мен әртүрлі салалардың жай-күйі мен дамуына байланысты болады. Мәслихаттың аппараты әдетте мыналардан тұрады:
хатшы;
тексеру комиссиясының төрағасы;
ұйымдастыру бөлімі;
кеңесшілер (консультанттар);
консультант-ұйымдастырушы;
референттер.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жергілікті өкілді органдармен қатар атқарушы органдар зор рөл атқарады. «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» заңға сәйкес жергілікті жерлердегі атқарушы билік органдарының жүйесін:
әкімдер;
басқармалар;
бөлімдер;
комиссиялар және т.б. бөлімшелер және қызметтер құрайды.
Жергілікті атқарушы органдарды Республика Президенті мен Үкіметтің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімі басқарады. Облыстардың, республикалық маңызы қалалар мен астананың әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынуымен республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдерін жоғары тұрған әкімдер тағайындайды. Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдық, құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімшілік аппараты құрылады.
Қызмет саласына қарай аппараттың бөлімдерін, басқармаларын және т.б. бөлімшелерін мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
өндіріс саласы (мысалы, жергілікті өнеркәсіп, күрделі құрылыс, сәулет-құрылыс және т.б. бөлімдері мен басқармалары);
халыққа қызмет көрсету (экономика, денсаулық сақтау, еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және т.б. бөлімдері мен басқармалары);
құқық тәртібін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету (ішкі істер, әділет бөлімдері мен органдары, АХАЖ, нотариат органдары және т.б.).
Бақылау сұрақтары:
Атқарушы билік органдары дегеніміз не?
Атқарушы билік органдарының түрлері атаңыз.
Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің қандай өкілеттіліктері бар?
Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі қандай?
Жергілікті атқарушы билік органдарының түсінігі.
Глоссарий:
Мемлекеттік орган
әкімдер
басқармалар
бөлімдер
Ведомство
Агенттік
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.
ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999
ҚР-сы ІІрезидентінің «КР-сындағы шетел азаматтардың құқыктык жағдайы туралы» заң күшіне ие жарлығы. //Егеменді Қазакстан. 1994. 24 маусым.
ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.
« Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » 2007ж. 12- қаңтарда қабылданған Заңы.
«Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.
Оқу әдебиеттері:
Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет
Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.
Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.
Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.
Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.
Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.
Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3
№4- тақырып: Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік -құқықтық мәртебесі
Дәрістің мақсаты: Мемлекеттік қызметтің түсінігі, оның нормативтік құқықтық негіздері. туралы түсінікті қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Мемлекеттік меншіктің ерекше объект ретіндегі мәртебесін айқындау.
Жоспар:
Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері.
Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
