
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрамы болады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері болып табылатындар:
Субъект;
Объект;
Заңды факт.
Заңдық нысан құқықтар мен міндеттер берген қоғамдық қатынастардың қатысушылары:
ҚР азаматтары;
шетел азаматтары;
азаматтығы жоқ адамдар;
мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық бөлімдері, кәсіпорындар, мекемелер және т.б. мемлекеттік ұйымдар;
қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері;
әкімшілік құқықтар мен міндеттер берілген қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып басқару аясындағы адамдардың әрекеттері табылады. Олардың көмегімен мынадай қоғамдық қатынастар қарастырылады:
жалпы объект – мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар;
тікелей объект – субъект адамдардың әрекеттері.Мұндай әрекеттер өзінің сипаты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.олар материалдық игіліктерде қолданылуы мүмкін (мысалы: азаматтардың денсаулығын, ар-намысын, қадір-қасиетін қорғау және т.б.).Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен анықталған жағдайлар болғанда ғана пайда болады және тоқтатылады, яғни заңды фактілер негізінде. Заңды факт болып әрекеттер мен оқиғалар танылады.
6сұрақ.Әкімшілік құқықтың жүйесі.
Әкімшілік құқық айтып кеткендей әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық нормаларды жүйелеуге әкеліп соқтырады.Әкімшілік құқық екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімінің жүйесі – мемлекеттік басқару саласының жалпы сұрақтарын реттейтін нормалар. Ол келесідей көрінеді:
мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларын бекітетін нормалар;
әкімшілік құқықтың субъектілерінің құқықтық қатынастарын бекітетін нормалар;
мемлекеттік қызметтің негіздері мен қағидаларын бекітетін нормалар;
мемлекеттік басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін бекітетін нормалар;
мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері мен тәртібін бекітетін нормалар;
әкімшілік іс-жүргізу және ықпал ету шараларын қолдану шарттары.
Әкімшілік құқықтың ерекше бөлімі әкімшілік құқықтың институттарын біріктіретін және бөлек сфераларда әрекет ететін нормалардан тұрады. Оларға:
мемлекеттік меншікті басқару;
монополияларға қарсы қызметті басқару;
өндірісті басқару;
көлікті және коммуникацияларды басқару;
ауылшаруашылығын басқару;
сауданы басқару;
қаржыны және несиені мемлекеттік басқару;
халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті басқару;
білім беруді басқару;
мәдениетті және ғылымды басқару;
еңбекті, әлеуметтік қамтамасыз етуді басқару;
жастар істерін, туризмді және спортты басқару;
денсаулық сақтауды басқару;
қорғанысты мемлекеттік басқару;
ұлттық қауіпсіздікті басқару;
ішкі істерді басқару;
сыртқы істерді басқару;
әділетті басқару нормалары жатады.
Бақылау сұрақтары:
Әкімшілік құқық түсінігі.
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз не?
Әкімшілік-құқықтық қатынастар дегеніміз не?
Қандай әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық пәнін құрайды?
Глоссарий:
Әкімшілік құқық.
әкімшілік құқықтың пәні
әкімшілік-құқықтық әдістер
құқық жүйесі
әкімшілік-құқықтық норма
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05
2. ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституцнялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.
3. ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999
4. ҚР-сы Президентінің «КР-сындағы шетел азаматтардың құқыктық жағдайы туралы» заң күшіне ие жарлығы. //Егеменді Қазакстан. 1994. 24 маусым.
5. ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.
6. ҚР Кеден кодексі, 05.04.2003 ж. // Каз. Правда. 11.04.2003ж.
7. «Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001 ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 6 наурыз 2002 ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.
Оқу әдебиеттері:
1.Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы: «Жеті Жарғы», 2001г.-196 с.
2. Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.
3. Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.
4.Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.
5.Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.
6.Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3
№2- тақырып: Азаматтардың әкімшілік-құқыктык мәртебесі
Дәрістің мақсаты: Азаматтардың әкімшілік-құқыктық мәртебесінің негіздері және онын элементтері туралы түсінік қалыптастыру; 2. Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. 3. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің әрекет ету аясын көрсету.
Жоспар:
Азаматтардың азаматтық құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
Азаматтардың құқықтарының әкімшілік құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.
Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың түрлері.
1сұрақ. Азаматтардың азаматтық құқықтық мәртебесінің негіздері және оның элементтері
ҚР сы азаматының әкімшілік құқықтық мәртебесі дегеніміз азаматтың мемлекетті басқаруға қатысуын және жариялы әрі жеке мүдделерін қамтамасыз ететін заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі.
Азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесі ҚР ның Конституциясымен, қолданып жүрген қазақстан заңнамаларымен айқындалады.
Азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің бірнеше түрі бар.
Біріншіден, оның күрделі сипаты бар яғни адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке адам мен ұжымның қарым қатынастарын білдіретін конституциялық, азаматтық, қаржы және басқа құқық салаларының нормалары.
Екіншіден, нұсқамалардың міндеттілігі бойынша онда не тек құқықтар ғана (мыс.арыз жазу құқығы), не тек міндеттер ғана ( мыс.жол жүру ережесін сақтау) , не құқықтар мен міндеттер болады( мыс.шағым бару құқығы және айыппұлды төлеу міндеті).
Үшіншіден, азаматтың әкімшілік құқықтық мәртебесінің мазмұны бір жағдайларда қандай да болмасын бір адамның қалауына байланысты болады.
(мыс. аң аулау мылтығын алу үшін ішкі істер органдарына рұқсат алуға өтініш жасайды).
Төртіншіден, әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде құқықтық мәртебесі барлық азаматтар үшін жалпы болып табылатын құқықтар мен міндеттерді(мыс. Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау міндеті), азаматтардың тек қандай да болмасын бір санатына ғана тиісті болатын құқықтар мен міндеттерді( мыс. Автомобиль көлігін жүргізушілерге, кәсіпкерлерге, аңшыларға), сондай ақ нақты жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
2сұрақ. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері.
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері ҚР Конституциясына сай жүзеге асырылады. Мыс. Еңбек ету құқығы (Конституцияның 24-бабы), әлеуметтік қамсыздандыру (Конституцияның 28-бабы),денсаулық сақтау (Конституцияның 29-бабы), Мемлекет ісін басқаруға қатысу (Конституцияның 33-бабы), Әркімнің өмір сүру құқығы (Конституцияның 18-бабы), Еркін жүріп тұру құқығы(Конституцияның 21-бабы) бар.
Азаматтардың заңдармен және атқарушы билік субъектілерінің заңға тәуелді құқықтық актілермен белгіленетін және кепілденетін құқықтары бар. Конституциялық құқықтардан басқа азаматтар тікелей мемлекеттік басқарушылық қызмет аясында жалпы және нақты сипаты бар бірнеше өзге де құқықтарды пайдаланады.Бұл құқықтар заңдармен де, атқарушы биліктің өкілетті органдарының заңға тәуелді нормативтік актілермен де тағайындалады және кепілдендіріледі. Егер азаматтар өз міндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда жауапкершілік туындайды.
3сұрақ. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік құқықтық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардың түрлері.
Азаматтардың заңды құқықтарының, міндеттерінің және заңды мүдделерінің кепілдіктері деп олардың нақты жүзеге асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар.
Мұндай кепілдіктер мынандай әрекеттерден тұрады:
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі заңдық міндетін орындау;
Оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
Олардың жүзеге асырылуына байқау мен бақылау жасау;
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
Оларды бұзған жағдайда санкциялар қолдану.
Мемлекеттік басқарушылық қызмет процессінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың екі бағыты бар:
Біріншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады:
Азаматтың өзіне бекітілген құқықтарды жүзеге асыру жөнінде атқарушы органға (лауазымды адамға) өтініш жасауы арқылы.
Өкілетті органның (лауазымды адамның) азаматтық өтінішін, оның заңдылығы мен негізділігін анықтау үшін, қарауы арқылы.
Олардың өтініш мәселесі бойынша шешім шығарылады.
Қабылданған шешімді орындауы.
Екіншіден: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік құқықтық кепілдіктерімен жүзеге асырылады.
Бұл атқарушы органның (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы:
Байқау жасап отыру функциясы арқылы жүзеге асырылады.
Қадағалау арқылы жүзеге асырылады.
Атқарушы органдардың ( дауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтарын тікелей қорғауы арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтардың құқықтарыын қорғауды жүзеге асыру жөнінде сот билігі және прокуратура органдары маңызды рөл атқарады.
Прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын бұзатын басқарудың құқықтық актілеріне наразылық білдіреді.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңдық жауапкершілігі екі негізде жүзеге асырылады:
Тәртіптік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.
Әкімшілік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін, олардың ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Егер оны бұзған жағдайда тәртіптік жауапкершілік пайда болады.
Лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын, т.с.с. қорғау аясындағы белгіленген ережелерді бұзғаны және сақтамауына байланысты олардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін пайда болады. Прокурор әкімшілік іс қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.
4сұрақ. Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың түрлері.
Азаматтардың өтініш жасау құқығы ҚР сы Конституциясының 33- бабында бекітілген, соған сәйкес ҚР сы азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге,сондай ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ҚР ның Конституциясына негізделген ҚР сы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995ж.19- маусымда қабылданған заң күші бар жарлығының орнына « Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » 2007ж. 12- қаңтарда қабылданған жаңа заңға сәйкес және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Заңда өтініштердің түрлері ажыратылып,олардың ұғымдары берілген.
Өтініш дегеніміз: өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша,ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс,арыз,шағым,сауал немесе үн қосу.
Ұсыныс – адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік– экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы.
Арыз– адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтініш – хаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымда тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау.
Шағым – адамның өзінің бұзылған құқықтарын,бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою,сондай ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.
Сауал– адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініш.
Үн қосу– адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі.
Бақылау сұрақтары:
Азаматтардың әкімшілік-құқыктық мәртебесінің негіздері және онын элементтерінің түсінігі.
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің жіктелуі.
Азаматтардың құқыктарының әкімшілік-құқыктық мәртебелерінің кепілдіктері мен олардын түрлері қалай жүзеге асырылады?
Азаматтардың жолдамалары. Жолдамалардың қандай түрлері бар?
Глоссарий:
Өтініш
шетел азаматы
апатрид
ұсыныс
арыз
шағым
сауал
үн қосу
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген.
Казахстанская правда 11.05.1999.
ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999
ҚР-сы ІІрезидентінің «КР-сындағы шетел азаматтардың құқыктык жағдайы туралы» заң күшіне ие жарлығы. //Егеменді Қазакстан. 1994. 24 маусым.
ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.
« Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » 2007ж. 12- қаңтарда қабылданған Заңы.
«Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.
Оқу әдебиеттері:
Баянов Е. Әкімшілік құқық.Оқулық. -Алматы: «Жеті жарғы», 2007. - 408 бет.
Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов). Алматы: «Жеті Жарғы», 2001 г.-196 с.
Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.
Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.
Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.
Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.
Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998г. №3
№3 -тақырып: Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі
Дәрістің мақсаты: Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқыктык мәртебесі туралы түсінік қалыптастыру; 2. Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. 3. Атқарушы билік органдарынын түрлерінің ерекшелігін көрсету.
Жоспар:
Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі
Атқарушы билік органдарының түрлері
Атқарушы билік аясында ҚР Президентінің өкілеттіліктерінің жалпы мінездемесі
Қазақстан Республикасының Үкіметі, ҚР Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі
Жергілікті атқарушы билік органдары, олардың түсінігі және қызмет жүйесі,ұйымдастыру негіздері