Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ys_1179_asha_d_1241_ris__1240_kimshilik_Ad...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл әкімшілік құқық субъектілерінің атқарушы-бұйрықтық қызметінің аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың құқықтық нысандары.

Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздері ретінде мына алты нысан танылады:

1)құқықтық әдет;

2) нормативтік акт;

3) сот прецеденті;

4) келісімшарт;

5) сот тәжірибесін жалпылау;

6) ғылыми құқықтық доктрина.

Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көздеріне: ҚР Конституциясы;ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі; ҚР Парламенті қабылдайтын заңдар; Конституциямен анықталған ҚР Президентінің актілері:жарлықтар;өкімдер;заң күші бар жарлықтар;

Конституцияның 69-бабына сәйкес бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті ҚР Үкіметінің қаулылары;Мемлекеттік басқарудың орталық органдарының актілері (министрліктер мен ведомстволардың);ҚР Жоғары Сотының қаулылары. Оларды әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне толық көлемде жатқызуға болады егер олар:а) әкімшілік істерді қарау тәжірибесін жалпылауға қатысты болса;ә) әкімшілік заңдылықтың құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге қатысты болса. Әкімшілік-құқықтық қатынастар әдеттегідей әкімшілік-құқық нормаларымен реттелген мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар ретінде қарастырылады.

Бұл қатынастарды мынадай топтарға бөлуге болады:

  • Атқарушы-биліктік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының құзыретін анықтайтын.

  • Қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын және мемлекеттік басқару аясында құрылатын қоғамдық қатынастар.

Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтық құқықтық мәртебесі.

  • Субъектілермен өздерінің құқықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайтын қатынастар.

  • Процедуралық (процессуалдық) қатынастар.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға басқа құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа заңдық нысан беретін реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-әрекеттерін (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру және т.б.

Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар – бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастарда мемлекеттің мақсаттары мен мүдделері әрқашанда тиісті көрінісін табады, өйткені бұл қатынастар тараптарының бірі, әдетте, мемлекеттің атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар өздерін басқа құқықтық қатынастардан айыратын ерекшеліктерге ие:

Басты ерекшелік – тараптардың теңсіздігі.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың ынтасы бойынша пайда болады.

Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар әкімшілік тәртіп қағидасы бойынша, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және өкім ету жолымен шешіледі.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарын әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптары бұзған жағдайда құқықтық қатынастың бір тарабының жауапкершілігі екінші тараптың алдында емес, мемлекеттің, оның атынан өкілдік ететін органның немесе лауазымды адамның алдында пайда болады.