- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
Ішкі істерді басқару – заңдарға, ҚР Президентінің жарлықтарына, Үкімет қаулыларына негізделген мемлекеттің құзыретті органдарының қоғамдық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету; азаматтардың , қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін бағытталған атқарушылық-өкімдік қызметі
Ішкі істерді басқару мен қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп арасында тікелей байланыс бар. Нормативтік-құқықтық актілерде көбінесе «қоғамдық тәртіп» деген ұғым қолданылатындықтан, қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіп арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет.
Қоғамдық тәртіп тек қана құқық нормаларын емес, сонымен қатар мораль, дәстүр, салт нормаларын қолдану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар жүйесі ретінде қарастырылады. Қоғамдық тәртіптің негізін азаматтық қоғам мен құқықтық нормаларда бекітілетін адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары құрайды. Ал құқықтық тәртіп болса тек құқықтық нормалармен қамтамасыз етіледі.
«ҚР Ішкі істер органдары туралы» ҚР заңына сәйкес аталған орагандардың қызметі қоғамдық тәртіпті қорғаумен және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен, құқық бұзушылықтарды және басқа да адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне құқыққа қарсы қол сұғушылықтарды ескерту және олардың алдын алумен байланысты.
Ішкі істер аясында жалпы басқаруды Президент пен Үкімет жүзеге асырады.
ҚР Президенті мемлекет басшысы бола тұра қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау бойынша шаралар көлемін анықтайды.
ҚР Үкіметі мемлекет қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қызметін реттейді.
Ішкі істерді басқарудың орталық атқарушы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады. Министрліктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі бірнеше ұйымдық-құқықтық нысанда жүзеге асырылады::
әкімшілік;
жедел іздестіру;
қылмыстық іс-жүргізушілік;
бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды орындау бойынша қызмет.
Жергілікті әкімшілік өз өкілеттігі шегінде:
Ішкі істер органдарын басқаруды жүзеге асыру;
Аталған органды жергілікті бюджет есебінен қаржыландырады;
Ішкі істер күштерін табиғи апат тұсында пайдаланады;
Қылмыстық-атқарушылық мекемелер мен органдар жүйесінің жұмысына көмектеседі;
Жергілікті бюджет есебінен қаржы бөліп, қосымша ұйымдар ашуға көмектеседі;
Бөлімше қызметкерлерін жұмыс орны, байланыс құралдары, жиһаз, көлікпен қамтамасыз етеді. Ішкі істер аясында жалпы басқаруды Президент пен Үкімет жүзеге асырады. ҚР Президенті мемлекет басшысы бола тұра қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау бойынша шаралар көлемін анықтайды. ҚР Үкіметі мемлекет қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады, құқық қорғау органдарының қызметін реттейді.
Ішкі істерді басқарудың орталық атқарушы органы Ішкі істер министрлігі болып табылады. ҚР Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалаудағы шаралар» атты Жарлығына сәйкес Ішкі істер министрлігінің жанынан криминалдық және әкімшілік полиция ашылды.
Криминалды полицияға жүктелген міндет: қылмысты ескерту, болдырмау, ашу үшін тергеу жұмыстарын жүргізу.
Әкімшілік полиция азаматтар қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау, ескерту, жасы жетпегендермен жұмыс, патрульді-бекеттік және т.б. қызметтерді жүзеге асырады.
Ішкі қарулы күшті басқару ҚР Ішкі істер министрлігіне берілген. Ішкі қарулы күштітің мақсаты әскери міндетті атқарумен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді қорғау, еңбекпен түзету мекемелеріндегі жұмыс, азаматтардың құқықтарын қорғау.
3.Қауіпсіздікті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
Ұлттық қауіпсіздік саласындағы басқару қоғамға, мемлекетке бағытталған ішкі және сыртқы қауіпті ескертуге және алдын алуға байланысты қоғамдық қатынастардың кең кешенін қамтиды.
Ұлттық қауіпсіздік түсінігі екі басқа түсінікпен тығыз байланысты, атап айтқанда: мемлекеттік қауіпсіздікпен және қоғамдық қауіпсіздікпен.
Сонымен ұлттық қауіпсіздік – бұл қоғамдық және мемлекеттік институттардың әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы қауіптерден қорғалу жағдайы.
Ұлттық қауіпсіздік элементтері – бұл онымен қорғалатын объектілер. Оларға жеке тұлға, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның саяси жүйесі, мемлекеттің егемендігі, аумақтық біртұтастық, елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс потенциалы. Ұлттық қауіпсіздік элементтеріне келесі аса қауіпті қылмыстар қол сұғады:
терроризм;
ұлтаралық даулар (конфликттер);
санкцияландырылмаған шерулер мен демонстрациялар;
әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің заңсыз қызметтері;
шет мемлекеттердің агрессорлық саясаты;
үлкен табиғи апаттар;
экологиялық проблемалардың ушығуы.
«ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері (облыстық басқармалары және т.б.), әскери қарсы барлау органдары, арнаулы бөлімшелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері құрады.
Берілген жүйенің басты органы болып Президентпен құрылатын және орталық атқарушы органдардың құрылымына кірмейтін Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылады. Комитет Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайтын төрағамен басқарылады.
Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттері болып:
тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
барлаулық ақпаратты алу;
шер мемлекеттердің барлау қызметінің алдын алу;
террористік және т.б. Конституцияға қарсы қызметті болдырмау;
қылмыстардың бөлек категорияларын ашу және тергеу;
мемлекеттік органдарды арнайы байланыспен қамтамасыз ету табылады.
«ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін республика Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрылымдық бөлімшелері (облыстық басқармалары және т.б.), әскери қарсы барлау органдары, арнаулы бөлімшелер, оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері құрады.
Берілген жүйенің басты органы болып Президентпен құрылатын және орталық атқарушы органдардың құрылымына кірмейтін Ұлттық қауіпсіздік комитеті табылады. Комитет Парламент Сенатының келісімімен Президент тағайындайтын төрағамен басқарылады.
Заңға сәйкес ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне отанға опасыздық жасау, шпиондық, террорлық актілер, контрабанда және т.б. қылмыстық істерді ашу және тергеу жүктелген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бүкіл қызметі әр түрлі басқару органдары, сонымен қатар құқық қорғау органдарымен тығыз байланысты жүзеге асырады.
Ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметін жүзеге асырған кезде мемлекет, адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңда тікелей көзделген ерекше жағдайларда және тәртіппен ғана шектелуі мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік органдары мен олардың қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне Ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары тұрған органдарына, прокуратураға немесе сотқа шағым жасауға болады. Ұлттық қауіпсіздік органдары заңмен белгіленген шектерде әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құжаттармен, шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Ұлттық қауіпсіздікті құрайтын әрбір элементке мемлекеттің құзыретті органдары қызметтің белгіленген бағыты сәйкес келеді. Қарастырылған бағыттардан бөлек келесілерді атап көрсетуге болады.
Шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен мекемелерінің барлаулық қызметін болдырмау. Берілген міндет тек қана мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша шаралармен шектелмейді, себебі шетелдік арнайы қызметтердің агенттерін белсенді және мақсатты ашуды талап етеді. Аталған қылмыстарды тергеу Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу аппаратымен жүзеге асырылады.
ҚР мүдделері үшін барлау қызметі. Оны жүргізудің қажеттілігі әртүрлі мемлекеттердің мүдделерінің арасындағы қайшылықтарға байланысты. Халықаралық аренада мемлекеттің беделін және қауіпсіздігін нығайту мәселесі түрлі тәсілдермен шешіледі. Барлау қызметі халықаралық процестердің дамуын болжауға, ғылыми, экономикалық және т.б. салалардағы негізгі жетістіктерді білуге мүмүкіндік береді.
Мемлекеттік шекараны қорғау. Қазіргі заңнама мемлекеттік шекараны қорғауды бұрынғы КСРО –дай Ұлттық қауіпсіздік органдарының міндеттеріне жатқызбайды. Қазір шекара әскерлері арнайы комитеттің құрамына кіред, бірақ соңғысы ақпараттық және болжаулық көмек алу жолымен Ұлттық қауіпсіздік органдарымен қатынаста болады.
Терроризммен күрес. Терроризм тұлға мен қоғамға қауіп төндіретін ең ауыр қылмыс болып табылады.сондықтан террористік актілердің алдын алу Ұлттық қауіпсіздік органдарына жүктелген. Бұл міндетті орындау үшін органдар құрылымында арнаулы бөлімшелер құрылады.
Ел ішіндегі Конституцияға қарсы құрылымдармен күрес. Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп тек қана сыртқы емес, сонымен қатар ішкі сипатта болуы мүмкін. Соңғы жағдайда қоғам мекемелермен және тұлғалармен істі болады. Аталғандардың қызметі ҚР конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталады. Саяси процестің қатысушыларының қызметіне тек қана олар Конституцияны және республика заңдарын бұзған кезде құзыретті органдар жедел түрде араласады.
