Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ys_1179_asha_d_1241_ris__1240_kimshilik_Ad...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы

Бұл әкімшілік мәжбүрлеу шаралар тобы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны тәрбиелеу мақсатында пайдаланылады.

Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың обьективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:

-әкімшілік алдын алу шаралары

-әкімшілік жолын кесу шаралары

-әкімшілік жазалау шаралары

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған (мысалы, эпедемия кезінде); сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейнірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін. Бұл орайда әкімшілік жаза қолдану құқық бұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапкершілікті іске асыру болып табылады, ал алдын алу сипаты бар әкімшілік шаралар құқық бұзушылық болмаған кезде де қолданылуы мүмкін (мысалы, аэропорттарда жолаушылардың жеке басын тексеру).

ӘҚБтК-тің 36-тарауында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз етудің мәжбүрлеу шараларын қолданудың мүмкіндігі қаралған. Олар өзге ықпал ету шаралары қалмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, жеке басын анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, істі тиісті уақытында және дұрыс қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау мақсаты үшін қолданылады. Сонымен, бұл жерде процессуалдық сипаты бар әкімшілік мәжбүрлеу шаралары туралы айтылып отыр.

Әкімшілік – алдын алу шаралары. Мәжбүрлеу құралдарын қолдануды заңнамалар, әдетте, тұлғаның өзіне жүктелген құқықтық міндеттерін бұзу оқиғасымен байланыстырады. Бірақта қоғамдық және жеке мүдделерге қауіп-қатер және оларға зиян келтіру тек құқық бұзушылықтың ғана емес, сондай-ақ дүлей апаттардың, психикалық ауру адамдардың іс әрекеттерінің де салдарынан пайда болуы мүмкін. Сондықтан мемелкет нормасын бұзуға кінәлі емес тұлғалар жөнінде де мәжбүрлеу шараларын қолдануға мәжбүр, құзыретті органдар заңда көзделген жағдайларда олардың құқықтарын шектейді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың белгілі бір санаттары жөнінде әкімшілік әкімшілік қадағалау тағайындайтын ішкі істер органдарының; өртті жайылдырмау мақсаты үшін құрылысты жоятын өрт сөндірушілердің т.б. іс әрекеттері осындай. Мемлекеттің аталған қорғау шараларының негізгі мақсаты құқық бұзушылықтың, заңдық және өзге де міндеттерден орындаудан жалтарудың аладын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау.

Барлық әкімшілік—алдын алу шараларының бірлігін айта отырып, олардың тікелей арналымы мен құқық шектеушілік сипаты бойынша жекелеген ескерту (превентивтік) шаралардың арасындағы айырмашылықтарды байқамауға болмайды. Бұл белгі бойынша әкімшілік- алдын алу шараларының ішінен 4 топты бөлуге болады:

1. мүмкін болатын зиянды, қауіпті, тіпті ауыр салдарлары да жиі болатын қауіп-қатерді болдырмау мақсатында қолданылатын шаралар, мысалы, эпидемиямен және эпизоотиямен зақымданған жерлерде карантин енгізу, шекералас аумақтарда қауіпті жұқпалы аурулар кенеттен пайда болған кезде мемлекеттік шекара учаскесін жабу, т.б.

2. құқық бұзушылықтың, оның ішінде тек әкімшілік теріс қылықтың ғана емес, қылмыстың да алдын алуға бағытталған шаралар (кедендік тексері, жеке басты анықтайтын құжаттарды тексеру)

3. тиісті субьектілердің өздерінің міндеттерін орындаудан жалтаруына кедергі келтіретін шаралар (реквизициялау, мәжбүрлеп медициналық куәландыру т.б.)

4. емдеу – алдын алу деп аталатын мәжбүрлеу шаралары ерекше топ құрайды, олардың мақсаты міндеті тек қоғамдық қауіпсіздік ғана емес, сонымен бірге қауіпті есі ауысқандарды, нашақорларды, жұқпалы ауруларды емдеуді қамтамасыз ету.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әкімшілік мәжбүрлеу дегеніміз не?

  2. Әкімшілік мәжбүрлеудің қағидалары қандай?

  3. Әкімшілік мәжбүрлеу қалай жіктеледі?

  4. Әкімшілік мәжбүрлеудің мақсаты неде?

  5. Қандай әкімшілік мәжбүрлеудің түрін білесіз?

Глоссарий:

  1. Әкімшілік мәжбүрлеу

  2. Айыппұл

  3. тәркілеу

  4. әкімшілік-ескерту

  5. әкімшілік ықпал ету

  6. әкімшілік ұстау

  7. әкімшілік қамауға алу

  8. әкімшілік емдеу шарасы

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.

2.ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.

3.ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999

4.«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж.17 сәуірдегі Заңы//Егеменді Қазакстан. 1995ж. 24 маусым.

5. ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.

6.«ҚР дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 2001ж. 23- қаңтарда қабылданған Заңы.

7.«Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.

Оқу әдебиеттері:

  1. Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет

  2. Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.

  3. Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.

  4. Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.

  5. Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.

  6. Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.

  7. Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3

9 -тақырып: Әкімшілік жауапкершілік

Дәрістің мақсаты: «Әкімшілік жауапкершілік» туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Әкімшілік жауапкершіліктің басқа жауапкершілік түрлерінен айырмашылығын көрсету.

Жоспар:

  1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері.

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы.

  3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі.

  4. Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері

  5. Кәмелетке толмағандардың әкімшіліктік жауаптылығы