- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
Заң әдебиетінде әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде қатынасы туралы сұрақтар қазірге дейін дискуссиялық болып отыр. Осыған орай бұл ғылым көптеген мамандармен мемлекеттің барлық істерін басқару ғылымы ретінде қарастырылды. Француз ғалымы Р. Драго мемлекеттік басқару ғылымы саясаттану, құқық теориясы, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың тәсілдері мен әдістерінің ғылыми қиылысы болып табылады деп санайды.
Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде - әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы пікірлер мен қорытындылар жүйесі. Оның пәні болып құқық саласы және сәйкесінше заңнама саласы ретінде әкімшілік құқық табылады. Соңғы жылдарда зерттеудің тек жалпы ғана емес, сонымен қатар арнайы әдістеріне де қызығушылық көбейді. Мұның нәтижесінде көптеген мәселелер жаңа дауысқа ие болуда. Әкімшілік құқықтың ғылым ретінде және құқық саласы ретінде айырмашылығы әкімшілік-құқықтық құбылыстар мен оларды зерттеу нәтижелерін бейнелеу тәсілдерінде болып табылады. Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы – тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.). Өз кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік, қаржылық, білім беру туралы заңнамаға негізделген. Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар. Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие, себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың, лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті), келесі жағынан – нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады (мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау).Әдебиетте әкімшілік құқықтың пәнін құрайтын қатынастар сыныптамасын анықтауда келіспеушіліктер бар. Мысалы Д.Н. Бахрах оларды: Ішкіаппараттық қатынастар; Әкімшілік биліктің азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қарым-қатынасы деп бөледі.Ал, А.П. Алехин, Ю.М. Козлов бұл қатынастарды басқару аясына, қатысушыларына, мақсаттарына, мемлекеттік құрылысына байланысты бөледі. Сыныптамалау үшін негіздер бұдан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты әкімшілік, басқарма, ішкіаппараттық қатынастар мемлекеттік емес ұйымдарда да орын алуы мүмкін. Яғни қатынастарды сыныптамалау негіздері әкімшілік биліктің табиғатын сипаттайтын типологиялық байланыстарды табуға көмектесуі керек. Сондықтан әкімшілік құқықтың пәніне келесі қатынастарды жатқызуға болады:
атқарушы билік органдарының ұйымдастырылуымен байланысты;
азаматтармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен әкімшілік билік органдарының арақатынасы мен басқарудағы әкімшілік-биліктік құзіреттерді жүзеге асыру барысында пайда болатын;
әкімшілік-деликттік сипаттағы.
2сұрақ. Әкімшілік құқықтың әдісі
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің, яғни әкімшілік құқықтың әдісі болып әкімшілік- құқықтық қатынастарға ықпал етуге көмектесетін әдіс-тәсілдер, шаралар жиынтығы саналады.
Бұл жиынтықты құрайтындар:
а) құқық беру – тұлғаларға өздерінің жеке белсенді әрекеттеріне құқық беру;
ә) тыйым салу – белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап ету;
б) позитивті міндеттеу – тұлғаларға өздерін дұрыс ұстау міндетін жүктеу.
Мемлекеттік билік әдістері – басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының басқарылатындардың еріктері мен саналарына тікелей ықпал етудің әртүрлі тәсілдері. Мемлекеттік билік әдістерін келесі белгілер сипаттайды: барлық мемлекеттік билік әдістері мемлекеттің еркімен құрылады және одан туынды; әдетте олар мемлекеттік қызметті орындау процесінде жүзеге асырылады;
Әкімшілік-құқықтың ғылым ретінде бастысы – тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастарды зертеу емес, сонымен қатар әкімшілік құқықтың даму перспективасын белгілеу, адам мен азаматтың абсолютті және бөлінбес құқықтарын конституциялық бекіту, биліктің бөлінуі және ҚР Конституциясындағы басқа да тенденцияларды белгілеу болып табылады. Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Бірақ, әкімшілік құқық нормалары заңнаманың басқа да салаларында қолданылуы мүмкін (денсаулық сақтау, экология туралы және т.б.). Өз кезегінде, мысалы, білім беру басқармасы органдарының қызметі әкімшілік, еңбектік, қаржылық, білім беру туралы заңнамаға негізделген.
Әкімшілік-құқықтық актілердің көбісінің жүйе құраушылық белгілері бар. Бір жағынан, мұндай актілер өзіндік мәнге ие, себебі қатынастардың белгіленген тобын реттейді (мысалы органдардың, лауазымды тұлғаның мәртебесі немесе құзыреті), келесі жағынан – нақты сұрақтарды шешудегі қызметтің процессуалдық шегін анықтауда сақталады (мысалы көлік инспекциясы органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өндіру бойынша нұсқау).
мемлекеттік билік субъектілерімен мемлекет атынан қолданылады;
мемлекеттік-биліктік құзыреттерге ие;
әдетте құқықтық немесе ұйымдық нысанда болады және жан-жақты бағытта болады.
Осы аталған әдістерді дұрыс қолдану мемлекеттік билікті жақсартады, сондықтан бұл әдістерді әрі қарай қолдану және жетілдіру мемлекеттік билікті жақсарту болып саналады.
Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін қолданылады. Осыған байланысты олар көбінесе басқарушылық қызметтің құқықтық нысандарында көрінеді.Басқарушы ықпал ету сипатына қарай бөледі: моральды-саяси әдістер (тәрбие, агитация, пропаганда және т.б.), ұйымдастыру әдістері (координация, келісім, бақылау, инспекциялау, нұсқауландыру, алқалылық және т.б.), әлеуметтік әдістер (сұхбаттау, анкеталау, эксперимент және т.б.), психологиялық әдістер (психологиялық сендіру, мотивация, авторитет және т.б.), әкімшілік және экономикалық әдістер. Әдістердің көп болуы басқару процесінің қиындығына және күрделілігіне негізделген.Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады. Әкімшілік әдістер басқарылушы еркінің басқарушының еркіне бағынуымен сипатталады. Оларда басқару қызметінің табиғаты анық көрсетілген. Әкімшілік әдістерді қолдану басқару субъектілеріне басқарылатындарға тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді. Әкімшілік әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше рөл атқарады.
Басқарудың әкімшілік әдістері сыныпталады:
бейнелену сипатына байланысты-әкімшілік-құқықтық және әкімшілік-ұйымдастырушылық;
заңдық қасиеттеріне байланысты – нормативті және жеке.
Нормативтілерге нұсқаулар және т.б. басқарылатындардың қызметін реттейтін актілер жатады. Жекелерге – нақты орындаушыларға жіберілетін тікелей бұйрық түріндегі нұсқаулар.
Басқару субъектілерінің тәртібіне ықпал ету тәсіліне байланысты әкімшілік әдістер бөлінеді:
а) белгілі бір әрекеттерді істеуге міндеттейтін;
ә) белгілі бір әрекеттерді істеуге құзырет беретін;
б) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуге ынталандыратын;
в) белгілі бір әрекеттерді істеуге тыйым салатын.
Экономикалық әдістердің әкімшілік әдістерден айырмашылығы олар басқару объектілеріне тікелей емес, жанама түрде ықпал етеді. Экономикалық әдістердің арасында мынадай әдістер маңызды рөл атқарады: баға, табыс, сыйақылар, несие, экономикалық санкциялар. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері бір бірімен тығыз байланысты. Мысалы, материалдық ынталандыру басқарманың заңды актілерін құзыретті органдардың басуы арқылы рәсімделеді. Сондықтан басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін бір біріне қарсы қоюға болмайды. Әкімшілік құқық басқа да құқық салалары сияқты заңдық нормалардан тұрады. Ортақ пәнмен және әдіспен реттелетіндіктен біріктірілген әкімшілік-құқықтық нормалар институттар құрайды, ал олардың негізінде біртұтас сала жүйесі құрылады.
«Әкімшілік норма» түсінігі мынадай мағыналарда қолданылуы мүмкін:
заңдастырылған ереже негізінде басқару;
ережелермен орнатылған көпшіліктің мүдделері үшін басқару.
