
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
Әкімшілік мәжбүрлеу біртекті ұғым емес, ол әкімшілік-құқықтық мәжбүрлі ықпал ету шараларының жиынтығынан жинақталады.
Әкімшілік мәжбүрлеуді қолданудың негізі болып, әдетте, әкімшілік құқық бұзушылық жасау немесе ерекше жағдайлардың туындауы табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларының кешені сан қилы. Олардың барлығы мақсаттарына, қолдану негіздері мен тәртіптеріне байланысты ерекшеленеді. Мақсаттарына және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеу шараларын 3 топқа бөлуге болады.
1.Әкімшілік-ескерту шаралары – мемлекеттік басқару аясында болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сонымен бірге табиғи апаттар, авариялар, қайғылы оқиғалар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көбінесе олар құқық бұзушылықтармен байланысы жоқ жағдайларда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіпті болдырмау үшін қолданылады.
Әкімшілік-ескерту шаралары сан алуан. Олардың ең көп тараған түрлері болып табылады:
полиция қызметкерлерінің тұрғын үйге немесе қызметтік ғимаратқа кіруі. Мысалы, төлқұжат режимінің сақталуын тексеру үшін;
құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен құжаттарды тексеру. Мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жол қағазын; аңшылар мен балықшылардан – сәйкес лицензияларын;
кеден органдарымен қолданылатын заттарды, жүктердщі қарау, сонымен қатар жеке қарау (бұл мемлекеттік шекарадан контрабанданы өткізбеу мақсатында қолданылады);
көлік және адам қозғалысын шектеу немесе тоқтату. Мысалы, табиғи апат, жолды жөндеу жұмыстары кезінде;
тұлғадардың денсаулық жағдайыларын және кәсіпорындардың санитарлық жағдайларын куәландыру;
эпидемиялар кезінде карантин енгізу;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау;
мүлікті реквизициялау, яғни оны еріксіз, ақылы түрде алу.
2.Әкімшілік ықпал ету және процессуалдық қамтамасыз ету шаралары.
Әкімшілік ықпал ету шараларына жататындар:
әкімшілік ұстау, яғни тұлғаның жеке бостандығын қысқа мерзімге шектеу. Бұл шараны көбінесе полиция қызметкерлері қолданады.;
кәсіпорын жұмысын тоқтата тұру. Мысалы, еңбекті қорғау немесе қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзған жағдайда;
техникалық жағдайы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауы бар автокөлікті пайдалануға тыйым салу;
егер оны пайдалануға рұқсат болмаса, белгілі бір ережелерді бұзған тұлғалардан мүлікті алу (суық қару, мөрлер);
қалпына келтіру сипатындағы мәжбүрлеу шаралары (өз еркімен салынған құрылысты бұзу);
полиция қызметкерлерінің қару қолдануы;
қоғамдық тәртіпті өрескел бұзушыға дене күшін көрсету;
қоғамға қарсы қылық жасаған адамды әкелу (заңды жауапкершілікке әлі тартылмағанда);
құқылы органнан (лауазымды тұлғадан) одан шығып жатқан құқыққа қарсы қылықты тоқтатуды талап ету.
Әкімшілік-ескерту шаралары да, әкімшілік ықпал ету шаралары да, әдетте, құқық бұзушылық жасаған жауапты тұлғаларды жазалағанға дейін қолданылады, яғни әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданға дейін болады.
Процессуалдық қамтамасыз ету шаралары заңдылықтың нығаюына жәрдемдеседі. Бұл шаралар (мысалы, жеке қарау, заттарды қарау, заттар мен құжаттарды алу, әкімшілік істерді шешу тәртібі) тек заңдармен бекітілген шектерде және тәртіпте қолданылады.
3.Әкімшілік өндіру шаралары – заңды жауапкершіліктің бір түрі болып табылады және белгілі бір құқық бұзушылық жасаған үшін қолданылады. Мысалы: айыппұл, тәркілеу, әкімшілік қамауға алу.