Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_ys_1179_asha_d_1241_ris__1240_kimshilik_Ad...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері

Кәсіпорын бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат міндеті мен әкімшілік құқықтық мәртебесі жөнінен әртүрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлкееттік емес ұйымдар қызмет атқарады.

Ұйым деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар ( бірнеше адамнан бірнеше мыңдарға дейін) қызметкерлер ұжымын айтамыз. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады.Ұйымдар өзінің қызметінің мақсаты бойынша коммерциялық коммерциялық емес болып бөлінеді. АК- тің 34-б. 1-тарабы бойынша өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін ұйым коммерциялық, ал мұндай пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес болып табылады. Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін Ал,коммерциялық емес ұйымдар мекеме,қоғамдық бірлестік,тұтыну кооперативі,қоғамдық қор,діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Қызметінің түрі (мақсат міндеті) бойынша ұйымдардың түрлері: кәсіпорындар, мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері және өзге де ұйымдар. Меншік түрлері бойынша ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді( жеке меншіктік, қоғамдық және дінилік).

Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына: мемлекеттік кәсіпорындарды құру, олардың қызметінің мақсат—міндеттерін, сондай-ақ оларды орналастыратын орнын айқындау, жарғысын бекіту, кәсіпорындарды басқару, олардың басшалыран конкурстық негізде қызметке тағайындау және қызметтен босату, белгіленген жағдайларда олардың өніміне мемлекеттің тапсырысын жеткізу, мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер өзінің қызметінің көлемі мен маңызы бойынша республикалық және коммуналдық –облыстық,аудандық,қалалық,кенттік және ауылдық болып бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.Жарғыны кәсіпорынның құрылтайшысы (уәкілетті органы) бекітеді.Мұндай уәкілетті органдарға республикалық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде – республика министрліктері,агенттіктері,ведомстволары және Үкімет сол үшін уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар, сондай ақ ҚР ның Ұлттық Банкі, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жөнінде – жергілікті әкім сол үшін уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдар жатады.

Мемлекеттік емес кәсіпорындар өз қызметін жарғының немесе құрылтай шарты мен жарғысының не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.

2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .

АК сәйкес кәсіпорын әділет органдарында мемлекеттік тіркелу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж.17 сәуірдегі заңның негізінде жүргізіледі.Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады. Мүліктік құқықтық режиміне байланысты мемлекеттік кәсіпорындар екі түрге бөлінеді: Біріншісі – шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын ( АК-тің 103-б). Екіншісі-жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорын ( АК-тің 104-б).

Мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы ( уәкілетті органы) айқындайды, бұл кәсіпорынның жарғысында бекітіледі.Өзінің міндеттемелерін орындамаған кәсіпорын дәрменсіз (банкрот) деп жариялануы мүмкін. Борышкерді дәрменсіз деп танудың тәртібі «Банкроттық туралы »1997.21- қаңтардағы ҚР заңда негізделгендей жүзеге асырылады.Борышкер дегеніміз заңдарда көзделген тәртіппен өзіне банкроттық немесе соттан тыс тарату рәсімінің қолданылуына төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі негіз болып табылатын заңды тұлға. Дәрменсіздігі сот тәртібімен белгіленген борышкер банкрот деп табылады.

Мемлекеттік емес кәсіпорындарға мемлекеттің ықпалы шектеулі.Мемлекет оларды басқармайды. Басқаруды мемлекеттік –биліктік өкілеттіктері жоқ меншік иелері ( құрылтайшылар) немесе олардың уәкілеттік берген органдары жүзеге асырады. Меншік иесі кәсіпорынның басшысын жалдайды.Жалдаған кезде онымен шарт (контракт) жасалынады, онда кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері және меншік иесі мен еңбек ұжымы алдындағы жауакершілігі, еңбекақы төлеу шарты, контрактінің мерзімі, қызметінен босатудың шарты белгіленеді.

Заңнамаға сәйкес кәсіпорынды тарату оның құрылтайшысының немесе құрылтай құжаттарымен соған уәкілеттік берілген органның шешімімен іске асырылады. Мұндай шешімге мыналар негіздеме болуы мүмкін: кәсіпорынның құрылған мерзімінің өтуі;оны құрғандағы мақсаттың орындалуы; сот тәртібімен оны мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану; қызметін лицензиясыз атқару; заңды өрескел бұзу; кәсіпорынды дәрменсіз деп тану.

Басқарушылық, әлеуметтік мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Қазақстан Республикасының Констиуциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мекеме – мемлекеттік мекеме деп аталады.Атқарушы билік органдарының барлық меншік түрлерінің кәсіпорындары мен мекемелерінің ҚР заңнамаларына сәйкес мынандай міндеттемелері бар:

  • Заңды тұлға ретінде кәсіпорындар мемлекеттік тіркелуге тиісті және тиісті мекемелерде аккредитациялануға тиісті;

  • Кәсіпорындар мен мекемелер өздерінің қызмет түрелріне байланысты рұқсат яғни лицензия алуға міндетті;

  • Бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізу міндеттілігі бар;

  • Мемлекеттік органдарға тиісті ақпарат беруге және заңды сақтауға міндетті.

Бақылау сұрақтары:

1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі және олардың түрлері қандай?

2.Қандай жағдайда кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылады және тоқтатылады?

Глоссарий:

  1. Кәсіпорындар

  2. мекемелер

  3. ұйым

  4. құрылтай құжат

  5. жарғы

  6. шарт

  7. банкрот

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Нормативтік-құқықтық актілер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.

  2. ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.

  1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы » 1995ж.17 сәуірдегі Заңы//Егеменді Қазакстан. 1995ж. 24 маусым.

  2. ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.

  3. «ҚР дағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы » 2001ж. 23- қаңтарда қабылданған Заңы.

  4. «Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.

Оқу әдебиеттері:

  1. Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет

  2. Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.

  3. Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.

  4. Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.

  5. Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.

  6. Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.

  7. Бельский К.С. О системе административного права // Государство и право. 1998 г. №3

6- тақырып: Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық нысандары

Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету. Нормативті-құқықтық актілерді шығару және басқа да заңдық маңызы бар әрекетті жүзеге асыруды және мемлекеттік басқарудың аспектілерін көрсету.

Дәріс сабағының жоспары:

  1. Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері.

  2. Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы.

  3. Атқарушы билік органдарының келісім жасауы.

1сұрақ.Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, түрлері Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады.

Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады.

Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие.

Мемлекттік басқару органдары қызметінің ауқымына, құзыреттік сипатына, құрылу тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді:

1.Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді:

  • жоғары органдар. Мұндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар;

  • агенттіктер ;

  • мемлекеттік комитеттер;

  • комитеттер;

  • жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік –аумақтық құрылым – облыс; аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады.

2.Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары:

  • жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылырдың бәріне тарайтын (Үкімет),

  • салалық — нақты салалар бойынша басқарылатын (минстрліктер)

  • және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, фукнциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда – ведомстволар) органдар болып табылады.

3. Мемлекттік басқару огандарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Призедентінің Республика Премьер –Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады.

Басқарушылық қызметтің нысаны дегеніміз атқарушы билік органның өзінің құзіретінің шегінде жүзеге асыратын және белгілі бір салдарлар туғызатын сырт көрінісі бар іс-әрекеті болып табылады.

Мемлекеттік басқару аясында көптеген адамдардың, ұйымдар мен органдардың қызметі жүзеге асырылады. Атқарушы органдар (лауазымды адамдар) өзінің күнделікті практикалық қызметінде әр түрлі іс әрекеттер жасайды. Яғни, олар атқарушы биліктің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін жүзеге асырады.

Басқарудың (мемлекеттік басқарушылық қызметтің) нысандары әр түрлі заңдық маңызы бар әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелінеді. Олардың кейбіреулері конститутциямен (мысалы, ҚР-сы Үкіметіне қатысты), басқалары заңға тәуелді актілермен (мысалы, нақты атқарушы билік органдары туралы ережелермен, лауазымдық нұсқаулықтармен) реттелген.

Нысан (форма) жалпы ғылыми тұрғыдағы түсінігінде белгілі бір құбылыстың немесе белгілі бір іс-қимылдардың мазмұнының сыртқы көрінісі болып табылады.

Атқарушы органдардың құқық қолдану, құқық тағайындау және құқық қорғау функцияларын жүзеге асырумен байланысты қызметтің нысандары неғұрлым толық дәрежеде құқықтық реттеуді қажет етеді.

Соған сәйкес басқарудың құқықтық және құқықтық емес нысандары болып бөлінеді.

Құқықтық нысандары әрқашанда сыртқы және айқын көрнісі бар заңдық салдарлар туғызады. Бұл атқыраушы билік субьектілерінің кез келген ір әрекеттері, оларды істеу міндетті түрде құқықтық салдарлардың пайда болуына әкеп соқтырады.

Басқару қызметінің құқықтық нысандары мазмұны бойынша:

  • Құқық шығару

  • Құқық қолдану

  • Шарт жасасу болып бөлінеді.

Басқару қызметінің мақсатының бағдары бойынша:

  • Ішкі

  • Сыртқы болып бөлінеді.

Құқықтық емес нысандар тікелей заңдық салдарларға әкеп соқтырмайды, өйткені оларды істеу басқарудың құқықтық актілерін шығарумен байланысты емес. Мәселен, олар құқықтық нысандарға тән болатын (жеке дара актілер шығару) әкімшілік құқықтық қатынастар туғызбайды. Бұл -құқықтық нысандарды қолдануға немесе оларды кейіннен іске асыруға көмектесетін әр түрлі ұйымдастырушылық іс әрекеттер істеу.

Басқару қызметінің құқықтық нысандарының мазмұны бойынша жіктелген Құқық шығару дегеніміз: құқықтық нормалар жасау жөніндегі арнайы өкілеттік берілген субъектілердің (органдардың,лауазымды адамдардың) қызметі.

Құқық шығару қызметінің өзіне тән сатылары болады:

  1. Нормативтік актінің жобасын жасау қажеттігі туралы органның шешімі шығады.

  2. Жобаның мәтіні дайындалады, алдын ала талқылау жүргізіледі, түзетулер енгізіледі.

  3. Құқық шығару органында жоба талқыланады.

  4. Талқылаудан өтіп, қабылданған нормативтік акт жарияланады.

Шығарылған нормативтік акт құқық қолдану сатысына өтеді. Құқық қолдану дегеніміз: мемлекеттік билік органдарының атқарушылық қызметінің аясында құқық қолдану актілерін шығара отырып жекелеген нақты істерді шешуді айтамыз.құқық қолдану процессінде істің нақты мән жайын анықтайды, таңдап алынған норманы түсіндіреді,істің мәні бойынша шешеді, жеке акт қабылдайды, қабылданған шешімді орындайды.