- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
Мемлекеттік қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттері «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 ж 23 –шілдедегі Заңда белгіленген. Бұл құқықтар мен міндеттердің ерекшелігі сол, олар орналасқан лауазым туралы өкілеттіліктерді емес, қызметшілердің мінез – құлықтары мен іс –қимылдарының жалпы Ережелерін, олардың лауазымдық қызметтері бойынша өкілетіліктерін іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру сипаты бар жағдайлар мен шараларды білдіреді.
Әр мемлекеттік қызметшінің, өзінің атқарып отырған қызметі жөніндегі нақты өкілетіліктеріне қарамастан, мыналарға құқығы бар:
Республиканың азаматтарына Конститутциямен және заңдармен кепілдік берілетін құқытармен бостандықтарды пайдалануға;
өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті огандар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;
басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес міндеттерін және қызметтік өкілетіліктерінің көлемін дәлелдеп белгілеуді талап етуге;
жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзіне де әділ және құрметпен көз қарас жасалуына;
өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжірибесіне және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленілуіне;
біліктілігі мен қабілетті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарлауға;
қызметінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;
еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;
әлеуметтік және құқықтық қорғалуына;
мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға;
зейнетақымен және әлуметтік қамсыздандырулыға;
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Әрбір қызметші атқарып отырған мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы бойынша өкілетіліктеріне қарамастан мыналар жөнінде міндетті:
ҚР –сы Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге;
ҚР-ның Конституциясы мен Заңдарын сақтауға;
өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға,
мемлекеттік тәртіппен еңбек тәртібін сақтауға;
өзіне заңда белгіленген шектулерді қабылдауға;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға; оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;
мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргенде құқытар мен міндеттерден басқа заңнамалармен белгіленген бірнеше шектеулер мен тыйымдарды да өз еркімен қабылдайды, олардың мақсаты мемлекеттік қызметшінің жоғары рухани бейнесін және оның лауазымдық өкілетіліктерінің шегінде іс-қимылының еркіншілігін қамтамасыз ету.Мұндай шектеулер мен тыймдар билікті теріс пайдаланушылыққа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшіге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде , комерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық- құқықтық нысаны қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға рұқсат етілмейді.Мемлекеттік қызметшіге үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің бақылауындағы мемлекеттік органда өкіл болуға тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметшінің ереулдерге,мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуына рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік қызметшіге өзінің жақын туыстары( ата-аналары,балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, әжелері,немерлері және т.б.) немесе ері(зайыбы) атқаратын қызметке тікелей бағынысты лауазым, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.
Бақылау сұрақтары:
Мемлекеттік қызмет дегеніміз не және оның принциптерін атаңыз.
Мемлекеттік қызметкерлер қалай жіктеледі?
Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері қандай?
Глоссарий:
Мемлекеттік қызмет
мемлекеттік лауазым
мемлекеттік әкімшілік қызметші
мемлекеттік саяси қызметші
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Нормативтік-құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
ҚР-сының «ҚР-сының Президенті туралы» Конституциялык Заңы //Жоғарғы Кенес жаршысы. 1995 г ж. №24. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 11.05.1999.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңы. 23.07.1999 ж.
ҚР-сы «ҚР-сы Үкіметі туралы» Конституциялық Заңы КР-сы Жоғарғы Кеңес жаршысы. 1995. № 23. 1999 ж. өзгерістер енгізілген. Казахстанская правда 1 1.05.1999
ҚР-сы ІІрезидентінің «КР-сындағы шетел азаматтардың құқыктык жағдайы туралы» заң күшіне ие жарлығы. //Егеменді Қазакстан. 1994. 24 маусым.
ҚР Әкімшілік құқык бұзушылық туралы кодексі. 30.01.2001ж.Алматы: ЮРИСТ, 2009-284 б.
« Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » 2007ж. 12- қаңтарда қабылданған Заңы.
«Нормативтік құқыктык актілер туралы» ҚР Заңы, 24 наурыз 1998ж. 17 қазан 2001ж. өзгерістер меы толыктырулар енгізілген. 6 наурыз 2002ж. // ҚР Парламент жаршысы №23. 2001-№20. 2002-№15.
Оқу әдебиеттері:
Әкімшілік құқық / Оқулық Е.Баянов / Алматы: Жеті жарғы , 2007-408 бет
Административное право. Академический курс (ответственный редактор А.А. Таранов) Алматы «Жеті Жарғы»2001г.-196 с.
Административное право РК: Часть Общая: Учебник / отв. ред. А.А. Таранов- 2-е изд., с изм.- Алматы: Жеті Жарғы, 1997.-225с.
Административное право РК: Часть Особенная: Учебник/ отв. ред. А.А.Таранов/Алматы: Жеті Жарғы, І998.-272с.
Бекетов О.И. Актуальные проблемы админстративного права// Государство и право. 1999 г. №5.
Вельский К.С. К вопросу о предмете административного права. // Государство и право. 1997 г. №11.
№5- тақырып: Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Дәрістің мақсаты: Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері туралы түсінік қалыптастыру; 2. Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету; Сот тәртібі бойынша кәсіпорындар мен мекемелердің қайта құрылу және тоқтатылу негіздері мен ұйымдастырылуын көрсету.
Жоспар:
1.Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
2.Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы
