- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
Заңда мемлекеттік қызметшілерде екі топқа бөліп, түсініктеме берген. Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады(мысалы, мемлекеттік хатшы кеңесшісі, сарапшы, маман, құрылымдық бөлім басшысы, департамент директоры, аудан әкімінің орынбасары және т.б.).
Енді бір тобы – мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады(мысалы, ҚР-ның Премьер-министрі, министрлер, олардың орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері және т.б.).
Яғни, Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекетттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Саяси лауазымдарға:
ҚР-нің Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
ҚР-сы Жоғарғы Сот аппараттының басшысы,оның орынбасарлары;
Конститутцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
Орталық атқарушы органдар мен ведмостваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін. Мемлекеттік әкімшілік қызметші- мемлекетттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекетттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілетттілікті жүзіге асыратын мемлекеттік қызметші. Сонымен мемлекетттік қызметшілерді жоғарыдағыдай 2 топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекетттік қызмет аясында демократияландырудың қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шеігін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Мемлекетттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда мемлекеттік қызмет ұғымының анықтамасы берілген.Мемлекеттік қызмет- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардаға мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік органдардың өкілеттіліктері қоғам өмірінің барлық аяларында мемлекеттік қызметшілер арқылы іске асырылады Барлық мемлекеттік қызметшілердің құрамы біріңғай емес, олардың мемлекеттік органдардың өкілеттіліктерін іске асыру жөніндегі атқаратын қызметтері әр түрлі және олар біріне-бірі ұқсас емес жағдайларда жұмыс істейді. Сондықтан оларды әр түрлі белгілер бойынша кейбір топтарға бөлуге болады.
Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлекеттік өкмет органдары қызметінің көлемі бойынша республикалық қызметшілерге бөлуге болады. Республикалық мемлекеттік қызметшілер қызметінің сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдардың: Президент Әкімшілігінің, Үкімет Кеңесінің, Парламент Палаталары Аппаратының т.с.с. өкілеттіліктеріне негізделеді Жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің мемлекеттік өкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселер жөніндегі өкілеттіліктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.
Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ, онда азаматтық және милитарландырлған мемлекеттік қызметшілер бөлінеді .
Билікті бөлу принциптеріне сәйкес заң шығарушы,атқарушы және сот билігі органдарының мемлекеттік қызметшілері ажыратылады.
