- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
Ғылыми және құқықтық оқулықтарда мемлекеттік қызметті кең және тар мағынада түсінеді. Мемлекеттік қызмет кең мағынада қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік ұйымдарда: мемлекеттік өкімет органдарында, кәсіпорындарда, мекемелерде, өзге де ұйымдарда орындаудан көрінісін табады; тар мағынада – бұл қызметшілердің өздерінің міндеттерін мемлекеттік органдарда орындаулары.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР-ның 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мемлекеттік қызметтің ұғымы тар мағынада берілген. Онда мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі, - делінген.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңда мемлекеттік қызметшінің түсінігі берілген. Ол бойынша мемлекеттік қызметші болып заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы табылады.
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін адамдар мемлекеттік қызметшіге жатпайды(мысалы, архивариус, кітапханашы, комендант, лаборант, әдіскер және т.б.). Мұндай адамдардың тізбесін республика Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметтің қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеалдар, басшылыққа алынатын бастамалар.
Принциптері:
Заңдылық,
Қазақстандық патриоитизм, мемлекеттік өкіметтің заң шығару және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызмет жүйесінің бір тұтастығы.
Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы.
Жалпы қол жетімділік, яғни республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярылғына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарлатылуға тең құқығы.
Азамматрдың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі.
Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді оырндаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі.
Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі
Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру.
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы.
Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша мемлекттік қызметші болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР-ның азаматы болып табылады.
