
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
- •1Сұрақ.Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері
- •3Сұрақ. Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
- •4Сұрақ.Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
- •5Сұрақ. Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
- •1Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқықтық мәртебесі.
- •2Сұрақ.Атқарушы билік органдарының түрлері:
- •3Сұрақ. Атқарушы билік аясында қр Президентінің өкілеттіліктері
- •Атқару билігінің саласында:
- •Билік заңнамалығы саласында:
- •Сот билігі саласында:
- •Қорғаныс пен Қауіпсіздік саласында:
- •Сыртқы қатынастар саласында:
- •4Сұрақ.Қазақстан Республикасының Үкіметі, қр Үкіметінің ұйымдасу және қызмет етуінің құқықтық негізі.
- •1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі,оның нормативтік құқықтық негіздері
- •2 Мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және олардың жіктелуі.
- •3.Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқықтық мәртебесінің негіздері.
- •1. Кәсіпорындар мен мекемелер түсінігі, түрлері
- •2. Кәсіпорындар мен мекемелер қызметінің құрылуы және тоқтатылуы .
- •2Сұрақ.Басқарудың құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы
- •3Сұрақ.Атқарушы билік органдарының келісім жасауы
- •1Сұрақ. Әкімшілік құқықтық әдістердің түсінігі
- •2Сұрақ. Тікелей басқаруға әсер ететін әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •3Сұрақ. Жанама басқаруға әсер етуші әдістер. Олардың түрлері мен мәні
- •1Сұрақ. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі
- •2Сұрақ.Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •3Сұрақ. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы
- •1Сұрақ.Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және негізгі белгілері
- •2Сұрақ.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
- •3Сұрақ.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі
- •Сұрақ Әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері.
- •Жеңілдететін жағдайлар:
- •Әкімшілік жуапкершілікті ауырлататын жағдайлар:
- •Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын жағдайлар:
- •5 Сұрақ. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы
- •1Сұрақ. Әкімшілік юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері қағидалары,құрылымы
- •2Сұрақ.Әкімшілік өндірістің негізгі сатылары.
- •3Сұрақ.Әкімшілік өндірісті болдырмайтын мән-жайлар.
- •1Сұрақ. Басқару аясындағы заңдылық
- •2Сұрақ.Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі
- •3Сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. Қр Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері
- •2Сұрақ. Төтенше жағдайдың құқықтық режимі
- •3Сұрақ. Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі.
- •4Сұрақ. Соғыс жағдай режимі
- •5Сұрақ. Мемлекеттік шекараны қорғау режимі.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жеті-Жарғы. 2005. Өзгерістер енгізілген.2007ж.21.05.
- •1.Өнеркәсіпті, энергетика мен сауданы басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2.Көлік және коммуникацияларды мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі
- •3 Сұрақ Қаржы мен несиені мемлекеттік басқарудың құқықтық ұйымдастырушылық жүйесі және жүйесінің құрамы.
- •4Сұрақ.Қаржылық бақылау стандарттары. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.
- •2.Мәдениетті басқарудың ұйымдастыру құқықтық жүйесі.
- •1.Қорғанысты басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •2.Ішкі істерді басқарудың құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.
- •4.Әділетті басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •1.Кеден ережелерінің бұзылуына тиесілі әкімшілік мәжбүрлеу шаралары
- •2.Кеден ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік.
- •Мазмұны
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы»
пәні бойынша «5В0301- Заңгер» мамандығы бойынша
қысқаша дәрістер жинағы
АҚТӨБЕ -2010 ж.
А 25
УДК 34
Адилшина Г.М.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» пәні бойынша «050301- заңгер» мамандығы студенттеріне арналған қысқаша дәрістер жинағы. - Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің редакциялық–баспа бөлімі. 2007 ж.- 131 бет.
Қысқаша дәріс жинағында «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» пәні бойынша әкімшілік құқықтың ұғымдары мен түсініктері, глоссарий, блиц-тесттер және тақырып бойынша негізгі әдебиеттер қамтылған. Қысқаша дәріс жинағындағы сұрақтар мемлекеттік стандарттар мен типтік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес, дәріс, семинар сабақтарының барлық тақырыптарын қамтиды. Ол ІІ курс студенттерінің емтиханға дайындалуына тиімді құрал ретінде студенттерге ұсынылады.
Рецензенттер:
Тузельбаев Е.О., - ҚРІІМ Ақтөбе заң колледжінің бастығы, заң ғылымдарының докторы, полиция полковнигі
Нурлин А.Қ., - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің қылмыстық-құқытық кафедрасының доценті, з.ғ.к.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Заң факультеті әдістемелік Кеңесінде мақұлданып, баспаға ұсынылған.
«__» хаттама, « » 2010 жыл.
Алғы сөз
ҚР Әкімшілік құқығы курсы қоғамдық қатынастарды басқару және әкімшілік - құқықтық реттеу өрісіндегі қатынас санаттарының үйлесуін қарастыратын, кәсіби пәндердің бірі. «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» пәнінен «050301- «заңгер» мамандығы бойынша қысқаша дәрістер жинағы құқықтық мемлекет құрлысы негізіндегі ережелерге, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында зерделенетін мемлекет және құқық теориясы, мемлекеттік басқару ережелеріне негізделеді. Ол мемлекеттік, конституциялық, қаржылық, енбек, қылмыстық құқық және басқа зангерлік пәндермен тығыз байланысты.
Әкімшілік құқықтың қысқаша дәрістер жинағын оқыту студенттерге мемлекеттік билікті атқару органдары және басқа да мемлекеттік әкімшілік оргындары қызметтерін ұйымдастыру және әр-түрлі мәселелері, қоғамдық қатынас қатысушыларына олардын әмірлік әсер ету нысандары мен әдістері мемлекет азаматтар мен ұйымдар арасында әкімшілік –құқықтық қатынастар туған жағдайда өзара қатынастың ерекшеліктері туралы қажетті көлемде білім береді. Сонымен қатар, құқықтық жүйесі дамыған елдердегі құқық қорғау бағытындағы органдардын қызметін талдау барысы осы мемлекетердін жоғарғы білім беру жүйесінде оқыған студенттер келешектегі тәжірбиелік қызметерін іске асыру үшін қажетті дағдырлар алатындығын көрсетеді. Сонымен қоса, түрлі өрістер мен салалардағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормада тұратын біріктірілген нормативтік кесімдерді зерделеуге негізгі тірек бола алады.
ҚР Әкімшілік құқығы пәні бойынша қысқаша дәрістер жинағы курсының мақсатты бағыты – Қазақстан Республикасыны оқу орындарындағы студенттердің қызметтік міндеттерін келешекте кәсіби деңгейде орындау үшін қажетті білім, іскерлік және дағдыларды жасақтауға жұмылдырудан тұрады.
Әкімшілік құқығы бойынша қысқаша дәрістер жинағы курсының негізгі міндеті: әкімшілік құқық ғылымының негізгі қағидалары, санатары және ережелері, оны жеткілікті денгейде дамыту, студеттерді күшінде бар әкімшілік зандарды дұрыс қабылдауға үйрету, нақты айғақтарға әкімшілік құқық нормаларын дұрыс талқылау және қолдану дағдылары мен іскерліктеріне жұмылдыру, студенттерді мемлекеттік басқару жүйесімен, басқару нысаны және әдістерімен басқаруға зандылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдермен таныстыру, студенттерді шаруашылық, әлеуметтік-мәдени құрылыс, әкімшілік-саяси қызымет басқаруының әкімшілік-құқықтық реттелуін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ құқық қорғау бағыттарындағы органдармен өзара қарым-қатынастың ерекшеліктерімен таныстыру туралы терең біліммен студенттерді байыту болып табылады.
№1 -тақырып : Әкімшілік құқыктың пәні мен әдістері
Дәріс мақсаты Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлеріне анықтама беру.Әкімшілік құқықтың әдістің ерекшеліктерімен таныстыру.
Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымына тоқталып, оларға анықтама беру.Әкімшілік құқықтың қайнар көздерімен таныстыру. «Әкімшілік құқық» туралы түсінік қалыптастыру;Әкімшілік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеуге үйрету.Әкімшілік құқықтың басқа құқық салаларымен байланысын көрсету.
Жоспар:
Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар түрлері.
Әкімшілік құқықтың әдісі.
Әкімшілік-құқықтық нормалар, олардың түсінігі, құрылымы.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері.
Әкімшілік құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, мазмұны.
Әкімшілік құқық жүйесі.