Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методический указания гос экзамен каз.Асет А..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
572.42 Кб
Скачать

4.3 Бағалау парағының элементтері

Бағалау парағы келесі элементтерден тұрады:

Орташа балл.

Билет сұрақтарына берген жауаптардың бағасы.

Қосымша сұрақтардың жауабы.

Қорытынды баға.

МЕК төрағасының есебіне ұсыныстар.

5 Мемлекеттік емтихандағы жауапты бағалаудың критерийлері

Студенттердің білімін бағалау бес баллды шкала бойынша жүргізіледі:

«Өте жақсы» (А, А-) бағасы сұрақтарға қатесіз толық жауабымен бірге емтихандық комиссиясы мүшелерінің қосымша сұрақтарына берілген жауаптары ескерілгенде қойылады. Студент пәндер бойынша түсініктер мен категорияларды дұрыс анықтай білуі, негізгі тенденциялар мен қайшылықтарды аша білуі, теориялық және практикалық материалдарды еркін түрде игерген болуы қажет.

«Жақсы» (В+, В, В-) бағасы сұрақтарға дұрыс және жетерлі дәрежеде қатесіз жауап беріп, бірақ емтихандық комиссиясы мүшелерінің қосымша сұрақтарына жауап беруде бірқанша қателіктер жіберілгенде, сонымен қатар, практикалық жұмыстарды орындау мен кәсіптік деңгейдегі есептерді шешуде жекеленген қателіктер жіберілгенде қойылады..

«Қанағаттанарлық» (С+, С, С-, Д+, Д) бағасы сұрақтарға толығымен дұрыс жауап берілмегенде, өзінің білімін көрсеткенде бірқатар қателіктер кездескенде, сонымен қатар, практикалық жұмыстарды орындауда салмақты қателіктер мен кәсіптік деңгейдегі есептерді шешілмегенде қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» (F) бағасы пәндер бойынша сұрақтарға теориялық білімдері болмағанда, практикалық жұмыстар орындалмағанда және есептер шешілмегенде қойылады.

1 – кесте. Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Бағаның әріптік жүйесі

Сандық

эквиваленті

Ұпайдың пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйдегі баға

А

4,00

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

6 Мемлекеттік емтиханға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау

Студенттерге келесілерді оқып шығу ұсынылады:

  • бітірушіің теориялық және практикалық білімдеріне қойылатын талаптар;

  • пәндер бойынша өткізілетін емтихан сұрақтарының тізімдерін;

  • бітірушінің кәсіптік деңгейдегі дайындық дәрежесін көрсететін емтихандағы сұрақтар жауабының талаптарын;

  • мемлекеттік емтихандағы көрсеткен нәтижелер бағасының критерийлерін;

  • ұсынылған оқу-әдістемелік әдебиеттер мен электронды ресурстарды қарап шығу;

  • оқытушылардың кеңес беру кестесін;

  • практикалық есептерді шешудің типтік мысалдарын;

  • практикалық есептерді шешу үшін техникалық немесе бағдарламалық құралдарды.