Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
методический указания гос экзамен каз.Асет А..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
572.42 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы

5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығында білім алып жатқан

студенттерге қорытындылау мемелекеттік аттестациясын өткізу

және дайындық жасауы бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Астана 2011

Авторлары: А.Б.Мирманов, А.Б.Алтайбаева,

К.Ж.Наурыз, С.Ю. Рябцунов;

Әдістемелік нұсқауда студенттерге мемлекеттік емтихан тапсыру үшін қажетті ұсыныстар мен бірегей талаптар келтірілген.

Әдістемелік нұсқау 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім алып жатқан студенттерге бакалавр академиялық дәрежесіне ие болуы үшін қажетті аттестациялық сынақтар келтірілген.

Пікір жазушы:

И.И.Тазабеков, т.ғ.д., профессор – С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессоры.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының отырысында (хаттама № 4 22.11. 2011 ж.) қаралды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің энергетикалық факультетінің әдістемелік комиссия отырысында хаттама (№ 4 «_25_»_11_2011 ж.) қаралды.

© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2012 ж.

Мазмұны

1 Қолдану аясы................................................................................................4

2 Нормативті сілетемлер ………………………………………............……4

3 Жалпы ережелер ....…………………………………………………...…...4

4 Бітірушінің теориялық және практикалық білімдерінің мазмұны....…..4

4.1 Жалпы талаптар ….,.……………………………………………...5

4.1.1 Бітіруші келесі түрдегі кәсіптік аясын орындауға

дайын болуы қажет…………………………………………….……………..4

4.1.2 Бітіруші келесі түрдегі мәселелерді шешуге дайын

болуы қажет …………………………………………………………………6

4.1.3 Бітіруші білуі қажет:……………………………………….

4.2 Пәнаралық мемелекеттік емтихан сұрақтарының тізімі………

4.2.1 «Электроника және аналогты құрылғылар схемотехникасы»…

4.2.2 «Цифрлы құрылғылар мен микропроцессорлар»………………

4.2.3 «Сымсыз байланыс технологиясы»………….

4.2.4 «Цифрлы байланыс технологиясы»………………

4.3 Бағалау парағының элементтері…………………………………..

5 Мемлекеттік емтихандағы жауапты бағалаудың критерийлері………….

6 Мемлекеттік емтиханға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау............

Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................

1 Қолдану аясы

Әдістемелік нұсқау 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім алып жатқан студенттерге бакалавр академиялық дәрежесіне ие болуы үшін қажетті мемлекеттік емтихан өткізу және оған дайындалудың жалпы талаптарын орнатады.

2 Нормативті сілетемлер

Аталған құжатта келесі стандарттар қолданылған:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылдың 23 желтоқсанында № 779 бұйрығымен бекітілген 3.08.345-2006 ҚР МЖБС Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыміндетті білім стандарттары;

  • Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашасында бекітілген № 603 – ІІ ҚРЗ «Техникалық реттеулер жайындағы» заңы;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 2 наурызында № 195санымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің Типтік ережелері.