Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2899.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
257.54 Кб
Скачать

3. Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері

3.1. Қазақстандағы бәсекелестіктің негізгі нысандары

Елімізде нарықтық қатынастардың дамуы тауарлар нарығында бәсекелестіктің дамуына да себеп болып отыр. Кәсіпорындар арасындағы нарықтағы бәсекелестіктің түрлі нысандары да қалыптасып үлгерді: баға бәсекелестігі, тауар бәсекелестігі, баға дискриминациясы және т.с.с. Бәсекелстік нысандарының арасындағы ең кеңінен және, әрине, алғашқы болып, қалыптасқаны – бұл баға бәсекелестігі.

Баға – бұл тұтынушының тауарды сатып алар кезіндегі ең бірінші көңіл аударатын қасиеті десек те болады. Тұтынушы ең алдымен тауардың бағасын, содан кейін оның басқа параметрлеріне (сапасына, техникалық көрсеткіштеріне) назар аударады. Сол себепті тауар өндірушілер бәсекелестік күресте оң нәтижелі жетістіктерге жету мақсатында өздерінің баға саясатына көп көңіл бөледі.

Қазақстандағы баға бәсекелестігінің мысалы ретінде ұялы байланыс нарығындағы компаниялардың баға саясатын қарастыруға болады. Әрбір компанияның өз өнімінің бағасы соғылған қоңыраудың түріне және уақытына байланысты (3.1-кесте).

3.1-кесте

Қазақстандық ұялы байланыс нарығындағы

компаниялардың баға саясаты

теңге

Сыртқа соғылған қоңыраулар

K-Cell

K-Mobile

Beeline

Dalacom

30 се-кунд

1 ми-нут

10 се-кунд

1 ми-нут

1 се-кунд

1 ми-нут

1минут

Өз компаниясының ұялы телефонына

20,8

41,6

7,0

42,0

0,64

38,0

3,0

Қалалық телефонға

26,0

52,0

40,0

0,70

42,0

22,5*

Өзге компанияның ұялы телефонына

26,0

52,0

40,0

0,70

42,0

45,0

* «Dalakom» компаниясының байланыс станциялары орнатылған қалалар мен елді

мекендер үшін ғана.

3.1-кестеден байқап отырғанымыздай, ең төмен тариф «Dalakom» компаниясының өз желісі ішінде орнатылған, сонымен қатар қалалық телефондарға қоңырау соғу бағасы да аталған компанияның баға саясатының тартымдылығын көрсетеді. Дегенмен, өзге компаниялардың бәсекелестік саясаты басқа көрсеткіштер бойынша өзіндік артықшылықтары бар. Мәселен, «Beeline» компаниясы барлық телефондарға соғылатын қоңыраулар үшін секундтық тарифтік бағалар орнатқан, ал «K-Cell» компаниясы көрсетілген тарифтерден басқа қосымша жеңілдіктер қарастырады (кешкі уақыттарда байланыс бағасының 75%-ға дейін төмендетілуі және т.с.с.).

Ұялы байланыс компанияларының баға бәсекелестігі олардың өнімдеріне деген бағаның төмендеуіне алып келді. Алғашқы кездері ұялы байланыс нарығында монополистік үстемдік құрған «Алтел» компаниясының қызметі үшін тұтынушылар тіпті қабылданған қоңыраулар үшін де есеп айырысатын, ал уақыт бірлігінің бағасы сол кездері бір АҚШ долларынан асатын.

Баға бәсекелестігінің нысаны ретінде бағалық дискриминацияны қарастыруға болады. Бағалық дискриминация бір тауарға, өндіріс шығындары көлеміне қарамастан, әр түрлі тұтынушылар үшін түрлі бағалар орнатумен сипатталады. Бұл нарықты тұтынушылардың категориясына қарай, олардың тауарды сатып алу қабілетіне қарай бөлу арқылы жүзеге асады. Тұтынушылардың түрлі категорияларына қарай әр түрлі баға белгілеу нәтижесінде өндірушілер жалпы табысты арттыруға мүмкіндік алады, себебі тауар қымбат және арзан нарықтарда сатылады, ал тауарды өндіруге кеткен шығын бірдей. Бағалық дискриминация саясатының мысалы ретінде «Қазақтелеком» АҚ баға саясатын келтіруге болады (3.2-кесте).

3.2-кесте

«Қазақтелеком» АҚ белгілеген автоматтық қалааралық

байланыс тарифтерінің коэффициенттері

Жұмыс уақытының басталуы

Жеке тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін

Мемлекеттік мекемелер үшін

Демалыс және мейрам күндері

1

00.00-03.00

0.85

0.75

0.75

2

03.00-06.00

0.40

0.75

0.75

3

06.00-00.00

0.75

0.75

0.75

Жұмыс күндері

1

00.00-03.00

0.95

0.75

0.75

2

03.00-00.00

0.40

0.75

0.75

Кестеден «Қазақтелеком» АҚ автоматты қалааралық байланыс қызметтеріне тұтынушылардың категорияларына қарай әр түрлі тарифтер орнатқанын көреміз. Тарифтер апта күніне және тәулік мерзіміне қарай бөлінеді: түнгі сағат 3-тен бастап ең тарифтер қолданылады. Сонымен қатар, компанияның қызметі әр түрлі абоненттерге түрлі бағалар бойынша ұсынылады: мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларға байланыс қызметі жеке тұлғалармен салыстырғанда арзанырақ түседі.

Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы бүгінде бәсекелестіктің дамуына тікелей әсерін тигізуде. Сонымен қатар, бәсекелестіктің елімізде қалыптасып келе жатқан негізгі принципі: «жаңа тауарлардан, жаңа технологиялардан, жабдықтаудың жаңа көздерінен, өндірісті ұйымдастырудың жаңа түрлерінен бастау алу». Қазіргі таңдағы кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлердің басты міндеті - өндірісті жабдықтаудың жаңа көздерін табу, жаңа нарықтарды игеру немесе өз саласын қайта ұйымдастыру арқылы жаңа тауарды өндіру немесе ескі тауарды жетілдіру үшін қолданыста жоқ технологияларды табу және қолдану. Нарықтық даму күтпеген кәсіпкерлік, инновациялық екпінділіктерді қажет етеді. Осы жағдайда ғана бәсекелестіктің динамикалық, кәсіпкерлік бейнесі нарықта жаңа тауарлардың, өндірісте жаңа технологиялардың пайда болуын қамтамасыз етеді.

Бәсекелестік күрестегі ауыртпалықтың «жаңа» тауарларды іздестіруге түсуі нәтижесінде еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуының тағы да бір бағытын ашылды. Отандық кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің тағы бір нысаны - өнім бәсекелестігі қалыптасты. Өнім бәсекелестігі дегеніміз – кәсіпорындардың өз өнімін жетілдіруге және сол арқылы тұтынушылардың мұқтаждықтарын барынша қанағаттандыруға, олардың талғамын жаулап алуға бағытталған атсалысы болып табылады. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету өнімді дифференцияциялау, яғни оларға қасиеттеріне, сапасына, тағы да басқа параметрлеріне қарай тауардың алуан түрін ұсыну арқылы жүзеге асады.

Ғылыми-техникалық революция бәсекелестік күрестің ауыртпалығын ғылыми зерттеулер мен жобалар саласына аударуда. Ғылыми-техникалық революцияның қысымымен өндіріс пен тұтынудың техникалық базасы жылдам қарқынмен жаңалануда, өндірілетін өнімдер тоқтаусыз жетілдірілуде, тауар ассортименті толықтырылуда, жыл санап тұтынушылар мен өндірушілер үшін тауар мен технологиялардың бағасы емес, оның сапасы мен сенімділігі басты мәселеге айналып барады. Осы орайда кәсіпорындардың бәсекелестік күрестегі әрекеттері ескі тауарлар нарығын жаулап алып, бәсекелестерді ығыстыру емес, тұтынушыға жаңа тауарлар ұсыну болып табылатындығы көрінеді. Жаңа тауарлар ретінде әлі нарыққа түспеген жаңа тауарлар немесе жетілдірілген ескі тауарлар қарастырылады. Тауарлардың жаңалануы үнемі артып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]