- •Мамзұны
- •1. Кәсіпорындағы қаржы менеджментінің бәсекелестік жағдайдағы маңызы
- •1.1. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
- •1.2. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі
- •1.3. Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың өзара байланысы
- •2. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін талдау
- •2.1. Кәсіпорынның нарықтағы жағдайды талдауы
- •Шекті пайдалылықтың төмендеуі
- •2.2. Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау
- •3.3. Кәсіпорынның тиімді баға стратегиясын қалыптастыру
- •3. Қазақстандағы кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің мәселелері
- •3.1. Қазақстандағы бәсекелестіктің негізгі нысандары
- •3.2. Кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру жолдары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Шекті пайдалылықтың төмендеуі
Тұтынылатын тауардың саны, шартты бірлік |
Жалпы пайдалылық, өсіңкі нәтижемен, теңге |
Шекті пайдалылық, теңге |
1 |
2 |
3 |
0 |
0 |
400 – 0 = 400 |
1 |
400 |
700 – 400 = 300 |
2 |
700 |
900 – 700 = 200 |
3 |
900 |
1000 – 900 = 100 |
4 |
1000 |
1000 – 1000 = 0 |
5 |
1000 |
– |
2.1-кестенің бірінші бағанында тұтынылатын тауардың өсіңкі саны берілген. Екінші баған тауардың жалпы пайдалылығы артатынын, бірақ біртін-біртін баяу қарқынмен артатынын көрсетеді. Үшінші бағанда тауардың шекті пайдалылығы берілген. Байқайтынымыз – егер тұтынушы үшін тауар сатып алар кездегі шекті пайдалылығы 400 теңге болса, тауардың бір данасына қол жеткізгеннен кейін оның шекті пайдалылығы 300 теңгені құрайды. Осылайша, осы тауарды әрбір келесі тұтынған сайын оның шекті пайдалылығы төмендей береді.
2.2. Кәсіпорын өнімінің бәсекелестік қабілетін талдау
Тұтынушы үшін тауардың тиімділігі нені білдіреді? Коммерциялық қызметтің негізгі принципі: «Ешкім тауарды немесе қызметті сатып алмайды – кез-келген тұтынушы тауардың пайдалылығын сатып алады». Нарыққа келген сәтте тұтынушы өзіне қажет тауарды сатып алу үшін әр түрлі жағдайларға тап болады. Ол әрбір жағдайды, нұсқаны салыстыра отырып, өзінің мұқтаждықтары мен субъективті талғамына сәйкес келетін нұсқаны таңдап алады. Тұтынушының таңдауын шектейтін негізгі жағдай – оның табысы. Тұтынушы өзінің шектеулі табысын барынша пайдалы тауар алуға жұмсағысы келеді, яғни өз табысын барынша тиімді жұмсауға тырысады.
Тұтынушының таңдауы әр уақытта оның бюджетімен және тауардың бағасымен шектеледі. Тұтынушылық тепе-теңдігі, яғни тұтынушының табысына сай тепе-теңдік, мына қатынаспен сипатталады:
(2.1)
мұнда МПА және МПБ – сәйкесінше А және Б тауарларының маржиналды (шекті) пайдалылығы; БА және ББ – сәйкесінше А және Б тауарларының бағасы.
Тұтынушы шекті пайдалылықтың бағаға қатынасы тең болатын тауарлар жиынтығын сатып алып, пайдалылықты барынша арттырады. Тауардың сапасы – бұл оның жеке және өндірістік мұқтаждықтарды қанағаттандыра аларлық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі бойынша тұтынушылар үшін олардың тауардың сапасы бағадан тікелей тәуелді жоғарғы және төменгі шектері болады. Төменгі шектен төмен баға өте төмендетілген болып табылады, ал жоғарғы шектен асқан баға - өте қымбат баға болып табылады.
Тәжірибе жүзінде тауардың пайдалылығы мен бағасы төменде келтірілген баға қалыптасуының параметрлік әдістері бойынша анықталады.
Салмақты баға әдісі. Бұл әдіс бойынша баға тауар сапасының негізгі параметрінің құнын есептеу арқылы есептеледі (қуаты, өнімділігі және т.с.с.). Есептеу формуласы келесідей:
немесе
немесе
(2.2)
мұнда Бб – базалық өнімнің бағасы; Бж – жаңа өнімнің бағасы; Пб – базалық тауардың негізгі параметрінің мәні; Пж – жаңа тауардың негізгі параметрінің мәні.
Баллдық әдіс. Бұл әдіс тұтынушы үшін тауар сапасының параметрлері сараптамалық бағалауға негізделеді. Сапа параметрлеріне техника-экономикалық, эстетикалық және басқалар жатады. Есептеу үшін келесі формула қолданылады:
(2.3)
мұнда бб және бж – сәйкесінше базалық және жаңа өнім баллдарының қосындысы.
Регрессялық талдауға негізделген әдіс, яғни бағаның тауар сапасы параметрлері өзгергерістерінен тәуелділіктерінің формулаларын (регрессиялық теңдеулерді) анықтау болып табылады.
Параметрлік әдістердің көмегімен жаңа тауарлардың бағасын анықтап қана қоймай, сонымен қатар тауардың бәсекелестік қабілетін бағалауға да болады. Қалай анықтау керек екендігін мысал арқылы қарастыралық.
Кәсіпорын техникалық құралдың A үлгісін өндірумен айналысады делік. Онымен бәскелестік құратын кәсіпорындар B, C және D үлгілерін жасаумен шұғылданады. Осы үлгілерді А үлгісімен салыстыру қажет. Тауар үлгілерінің техникалық көрсеткіштері 2.2-кестеде берілген.
2.2-кестеде
Тауар үлгілерінің бәсекелестікқабілетін бағалау
Үлгілер |
Жұмыс ауқымының саны |
Пайдалану-дың қауіп-сіздігі |
Қуаты |
Тауардың сапасы |
Жалпы баға (орташа балл) |
Барлық көр-сеткіштер, % |
20 |
20 |
20 |
40 |
100 |
A үлгісі |
4 |
4 |
4 |
4 |
4,0 |
B үлгісі |
4 |
3 |
3 |
3 |
3,2 |
C үлгісі |
5 |
5 |
4 |
4 |
4,4 |
D үлгісі |
3 |
4 |
3 |
4 |
3,6 |
Тауарлардың бағалары: A үлгісі – 450 мың теңге, B – 400 мың теңге, C- 600 мың теңге, D – 500 мың теңге.
Тауар сапасының (бір баллдың) құнын анықтаймыз. А үлгісі үшін:
теңге.
Сәйкесінше, В үлгісінің сапасы 125 мың теңге, С үлгісінің сапасы 136,4 мың теңге, D үлгісінің сапасы – 138,9 мың теңге деп бағаланады.
Сонымен, аталған тауардың А үлгісі баға және сапа қатынасы бойынша бәсекелестік қабілеті ең жоғары деп бағаланады.
Ал енді өндірушінің қандай мақсатты көздейтінін қарастыралық. Тауар өндіруші кәсіпорын алатын табысын барынша арттыруға ұмтылады, яғни өнімді сатудан түскен сома мен оны өндіруге кеткен шығындардың айырамасының оң нәтиже беруін мақсат етеді. Демек, өндіріс көлемі туралы шешім қабылдау барысында өндіруші барынша үлкен табыс алып келетін өндіріс көлемін таңдай білуі қажет.
Осылайша біз түрлі бағалар мен өндіріс көлемдерін пайдалана отырып, өнімді сатудан түсетін табыстың нұсқаларын есептеу барысына да жеттік. Әрине, әрбір келесі өндірілетін өнім тек сатудан түскен табысты арттырып қана қоймай, сонымен қатар шығындардың да өсуін талап етеді. Басқаша айтсақ, өнімнің қосымша бірлігін өндіру жалпы сатылым сомасын белгілі бір шамаға арттырады (шекті сатылым), сонымен қатар жалпы шығындардың шамасын да арттырады.
Сонымен ең негізгі сұрақ: табысты барынша арттыру үшін өндірілетін тауардың қандай көлемін өндіру және оны қандай бағамен сату керек? Бұл үшін табысты сатылымнан түскен соманың шамасы жалпы шығындардың сомасынан артық болады деп есептейміз. Есептеу үшін 2.3-кестенің мәліметтеріне жүгінелік.
2.3-кесте ең тиімді сатылым көлемі әрқайсысының бағасы 840 теңгеден 6 дана өнім сатқан кезде болатынын көрсетеді. Басқа ешқандай нұсқалар кәсіпорынға мұншалық жоғары табыс (1040 теңге) алып келмейді.
Шекті пайдалылық теориясының негізіне сүйене отырып тұжырымдалық. Шекті сатылым сомасын (6-баған) шекті шығындармен (7-баған) салыстырып көрелік. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын сатылым көлемі шекті шығындардан басым болса, онда өндірісті және сатылым көлемін тауардың қосымша (шекті) бірлігі табыссыз ұлғайта беруге болады. Шекті шығындар шекті сатылым көлемінен басым бола бастаған сәттен бастап, өндіріс көлемін қысқартуға тура келеді. 2.3-кестеге байыппен қарасаңыз, шекті шығындар азайған сайын табыс көлемі арта береді. Сондай-ақ, шекті шығындар арта бастаған сәтте де табыс біршама уақыт, яғни шекті шығындар шекті сатылым көлемінен басым болғанға дейін, арта береді. Тек соңғы жағдай орындалған жағдайда ғана табыс тауардың әрбір келесі данасын өндірген сайын төмендей бастайды.
Сонымен, кәсіпорынға барынша үлкен табысты шекті шығындар шекті сатылым көлеміне барынша жақын болғанда немесе тең болған жағдайдағы өндіріс көлемі қамтамасыз етеді. Бұл нұсқа өндірушіге ең жоғары субъективті пайдалылық – барынша үлкен табыс алып келеді. Осы ережемен толық келісе отырып, ең тиімді нұсқа деп әрқайсысы 840 теңгеден 6 бірлік сатылатын нұсқаны есептейміз.
-
2.3-кесте
Табысты есептеу нұсқалары
Шекті сатылым сома-сы мен шекті шығын-дардың айырмасы
8
1340-640=700
1140-200=940
940-150=790
740-130=610
540-130=410
340-190=150
140-310=-170
-60-490=-550
-260-730=-990
–
Шекті шығындар
7
3200-2560=640
3400-3200=200
3550-3400=150
3680-3550=130
3810-3680=130
4000-3810=190
4310-400=310
4800-4310=490
5530-4800=730
–
Шекті сатылым сомасы, теңге
6
1340-0=1340
2480-1340=1140
3420-2480=940
4160-3420=740
4700-4160=540
5040-4700=340
5180-5040=140
5120-5180=-60
4860-5120=-260
–
Табыс, теңге
5
0-2560=-2560
1340-3200=-1860
2480-3400=-920
3420-3550=-130
4160-3680=480
4700-3810=890
5040-4000=1040
5120-5180=-60
5120-4800=-320
4860-5530=-670
Жалпы шығын-дар
4
2560
3200
3400
3550
3680
3810
4000
4310
4800
5530
Сатылым сомасы, теңге
3
0
1340×1=1340
1240×2=2480
1140×3=3420
1040×4=4160
940×5=4700
840×6=5040
740×7=5180
540×9=4860
1340×1=1340
Бағасытеңге
2
1440
1340
1240
1140
1040
940
840
740
640
540
Сатылатын тауардың саны
1
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
