Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Муниципалдык кукык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
149.5 Кб
Скачать

3.2. Семей қаласының тәжірибесі .

Семей өте ерекше муниципалдық құрылым, оның территориясына Жаңасемей және Абралы аудандарына тиесілі 33 ауылдық округтер кіреді. Олардың басқару құрылымына, әлеуметтік-экономикалық жағдайының әлсіз немесе күшті болуымен ерекшеленеді. Он жылдар бойы облыс орталығы болған Семей, 1993 жылы 8 желтоқсанда күшңне енген ҚР Президентінің «ҚР әкімшілік-территориялық құрылымын әрі қарай дамыту шаралары қолдану жөніндегі» жарғысымен, ол жергілікті өзін-өзі басқаруға негізделген, дүниежүзінде ең үлкен территоиялы құрылым болуға үміткер болып саналады. Семейдің территориясы ұлңайған сайын оның халқы да өсті, мысалы, 1910 жылы оның халқы 39959 адам болса, 1998 оның территориясы 26247 кв. км болып, халқы 324600 адамға өсті.

Семей қаласының өкілетті билік органы, Семей қаласының маслихаты болып есептеледі, ол 1994 жылы сайланды. Маслихат мынадай өкілеттіктерге ие:

- Қаланың әкімшілік-территориялық бөлінуін, ауыл әкімшілігін бекітуге;

- Салық, төлем салығын, баж салығын жинауға, оларды жинау тәртібін бекітуге;

- Қалалық бюджетті бекітуге олардың орындалуын қадағалауға;

- Бюджеттен тыс валюталық қор құру туралы шешім қабылдауға, оны іске асыру шараларын туралы есеп алуға;

- Табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, тарихи ескерткіштерді қорғауды бақылайды .

- Семей қаласының ттерриториясындағы заңдық актілерінің орындалуын қадағалап, заң бұзушыларға санкция белгілеу.

Маслихат құрамында 34 депутат бар. Маслихаттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін екі түрлі құрылым ұйымдастырылған: жұмысшы топтар мен комиссиялар.

Семей қаласының атқарушы органдарына қала әкімшілігі және салалық, территориялық басқару органдары кіреді. Олрадың қызметтері территориядағы әлеуметтік-эконномикалық процесстерді басқару болып есептеледі.

1997 Жылғы Семей қаласының жергілікті бюджетінің құрамы және құрылымы.

Кірістер

Сомасы млн. теңге

Пайыздық көрсеткіштер

Салық түсімдері:

3377,9

Заңды тұлғалардың табыс салығы

397,2

9,5

Физикалық тұлғалардың табыс салығы

761,1

18,2

Заңды тұлғалардың иеліктеріне салынған салық

218,5

5,3

Физикалық тұлғалардың иеліктеріне салынған салық

15,9

0,4

Жер салығы

137,9

3,3

Көлік қатынастарының салығы

75,4

1,8

Қосымша құн салығы

1416,1

34,0

Акциздер

242,0

5,8

Суды пайдалағаны үшін төлем

4,3

0,1

Орманды пайдалағаны үшін төлем

1,1

0,03

Кәсіпкерлік және мамандық қызметерді лицензия берудегі төлем

107,9

2,6

Тағы басқа салық түрлері

0,5

0,01

Салықтық емес түсімдер

272,6

6,5

Арнайы трансферттік түсімдер

517,9

12,4

Барлығы

4168,4

100

Қалалық бюджетке

2590,5

62,1

Мемлекеттік бюджетке

1577,9

37,9