
- •Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың
- •11 «Ә» сынып оқушылары Абиш Бектуров пен Асылбек Кенесовтің
- •Тақырыбындағы ғылыми жобасына
- •Аннотация
- •І бөлім. Әдебиеттік шолу
- •Еліміздің мұнай кен орындарында ілеспе газды пайдаға асыру жолдары
- •Қарақұдық мұнай кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату бағдарламасы
- •Газды кәдеге жарату: жетістіктер мен өзекті мәселелер
- •II бөлім. Зерттеу бөлімі
- •2.1. «Теңізшевройлдың» газды кәдеге жарату бағдарламасы
- •Газсыздандырылған мұнайдың физика-химиялық құрамы
- •Табиғи газдардың компонентті құрамы
- •Ілеспе газды жағуға рұқсат алған кен орындары (2013 жылдың сәір айына дейін)
- •2.2. Қарақұдық мұнай- кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату қондырғылары
- •2.3. Газлифтті ұңғы қондырғыларының сызбанұсқалары (Халықаралық стандарт МемСт 30767-2002 бойынша)
- •Қосымшалар
2.2. Қарақұдық мұнай- кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату қондырғылары
Қарақұдықтағы ілеспе газды пайдаға жарату қондыру технологиясы мен халықаралық қондырғыларға сүйене отырып, автор бүкіл әлем бойынша көптеген мәселені бір мезгілде шешетін ілеспе газды пайдаға жарату тәсілі әлі жоқ деген қорытынды жасаған. Сондықтан автор ілеспе газды пайдаға жаратудың жаңа әдісін – ілеспе газды жер пластына кері айдау әдісін ұсынады. Ілеспе газды жер пластына кері айдағанда газды алауға жағу толық жойылады да, сөйтіп атмосферадағы көшетхана газының жиналуы төмендеп, ол мұнайды қазіргі кен орындарында тазарту үдерісінде көмірсутектің жеңіл түрлері – ілеспе газ бөлінеді. Ілеспе газды тасымалдау және қайта өңдеу көп жағдайда тиімсіз және мүмкін емес. Ілеспе газды пайдаға жарату үшін кәсіпшіліктердегі онсыз да қиын экологиялық жағдайды нашарлатып, оны жағуға тура келеді.
Сонда да кен орындарының мұнай беруін арттыру үшін пластқа тазартылған газды айдау жолымен ілеспе газды пайдаланудың 1 тәсілі бар. Іс жүзінде бүкіл ілеспе газ әрі қарай пайдалану үшін кенге қайтарылған.
Тазартылған газды мұнайлы пластқа айдау әрекеті былай өрбиді:
- ілеспе газ мұнайда еріп, нәтижесінде оның созылмалылығы төмендейді және оның бетіне қарай жылжуы жеңілдейді;
- еру және ауыр көмірсутектердің мұнай түрінің кеуекті кеңістіктері жойылып, мұнда тиісті өткізу қабілеті жақсарады;
- мұнай пластыларының шайылуы, кен орнының уақытынан бұрын құрғауы тоқтайды.
Тәжірибе көрсеткендей, ілеспе газды пайдалану өңдеу кеш және аяқталу сатысындағы кен орындарында мұнай өндіруге мүмкіндік береді, яғни кен орнының мүмкіндігін толық пайдалануға және мұнай кен орындарының рентабельділігін арттырып, ілеспе газды жағудан бас тартуға мүмкіндік береді.
Осы мақсаттар үшін бұрын қолданылған ұңғылау әдістері, компрессорлық станциялар қымбат, ұзақ өмір сүрмейтін болып, істен шыға береді. Су толтырылған пласттардан мұнай өндіру үшін сығымдалған ілеспе газды қолданудың қазіргі уақытта баламасы жоқ және оны белсенді өмір сүруін біраз ұзартуға қабілетті.
Тәсіл өте қарапайым және барлық блокты-модульды қондырғылармен салыстырғанда пайдалануға ыңғайлы. Ешқандай минусы (кемшілігі) жоқ.
Қондырғы мыналардан тұрады:
Газ бұратын құбыр
Газды ілеспе газды сақтайтын сұйыққойма паркіне бұруға арналған.
Сұйыққойма паркі
Жиналған ілеспе газды сақтауға арналған. Шексіз қор есебінен қондырғыдан 15 метр жерге орнатылады, сұйыққойма 600 текше метр шикізат үшін керек. Оның құны шамамен 300 мың теңге құрайды.
Компрессор
Сұйыққойма паркінен газды кері құбырға үлестеп беруге арналған.
3-сурет. Компрессордың жалпы сызбанұсқасы
Газды кері бұратын құбыр
Пласт ішіндегі қысымды ұстап тұру үшін ілеспе газды жер пластына айдауға арналған.
Ілеспе газды жер пластына кері айдағанда мұнай өндіргенде азайған пласт ішіндегі қысым қалыпқа түсіп, мұнай өндіру жанданады
2.3. Газлифтті ұңғы қондырғыларының сызбанұсқалары (Халықаралық стандарт МемСт 30767-2002 бойынша)
Әрбір ұңғы камерасын орнатылған стендтегі газлифттегі клапанымен жинақылығын тексереді (4-сурет).
1-ұңғы камерасы; 2-діңгек; 3-бағыттаушы; 4-қалыпты аспаптар жинағы; 5-жүкарба; 6-массы индикаторы;
4-сурет. Ұңғы камерасын жинақылыққа тексеруге арналған стенд
1-ұңғы камерасы;2-тығын;3-штуцермен ауыстырғыш;4-тиекті арматурамен құбырөткізгіш; 5 – манометр
5-сурет. Ұңғы камерасын гидравликалық тексеруге арналған стенд
1-ұңғы камерасы;2-тіреуіш рама;3-гидроцилиндр;4-гидроцилиндр орамы;5-проушина;
6-сурет. Жүктеме ұңғыма камерасын тексеруге арналған стенд
Газлифтті клапанның жұмыс істеу қабілетін тексеру:
Клапанды ашқан кездегі қысымды төмендегі формуламен есептейді:
Рашқ = Рр.ашқ. ± (0,05 - 0,1) МПа
мұндағы, Рашқ – клапанды ашқан кездегі фактикалық қысым,
Рр.ашқ – клапанды ашқан кездегі есептелетін қысым [4].
Газды ұңғының аузындағы қысым мен газ шығымы арасындағы тәуелділік төменде көрсетілген.
График 1. Газды ұңғының аузындағы қысым мен газ шығымы арасындағы тәуелділік
Газлифтті ұңғы арқылы жіберілетін ілеспе газдың қысымы қабат қысымына жуық болады.Олай болса, газдың қысымы төмендегі формуламен есептелінеді:
P = hρgm
мұндағы, h –қабат биіктігі; ρ – сұйықтық тығыздығы; m – құбыр енін қоса алғандағы оның диаметріне қатынасын анықтауға арналған коэффициент
m-нің мәндері төмендегі кестеде келтірілді.
6-кесте
m |
Бірқатарлы көтергіш |
Екіқатарлы көтергіш |
||
Құбыр қабырғысының енін есептегенде |
8,49 |
1,1335 |
1,285 |
1,1535 |
Құбыр қабырғысының енін есептемегенде |
8,93 |
1,1261 |
1,308 |
1,1261 |
Жіберілетін газдың қысымын есептеп болған соң, алынған мұнай көлемін сәйкесінше есептеуге болады:
V
=
H
(
Sш.
- Sнкқ.қ)
мұндағы, H – ұңғы жұмысының басталғанынан оның аяқталғанына дейінгі сұйықтық деңгейінің айырмасы; Sш. – шегенделген колоннаның ішкі қималарының ауданы; Sнкқ.қ.- насосты-компрессорлар қабырғаларының көлденең қимасының ауданы [2].
Газлифтті әдіс - ілеспе газды қолдану арқылы мұнай өндірудегі ең қажетті әдістердің бірі екеніне, сол арқылы ауаға жағылатын газдың мөлшері азайып экологиялық жағынан тиімділігіне жоғарыдағы газлифтті ұңғының жұмысы толықтай дәлел бола алады.
ІІІ бөлім. ҚОРЫТЫНДЫ
Кен орындарындағы ілеспе мұнай газын пайдаға жарату сияқты қоршаған ортаның ластануын болдырмау шаралары қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, халықтың және болашақ ұрпақтың сырқаттану қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.
Барлық жоспарланған экологиялық шараларды, соның ішінде ілеспе газды пайдаға жарату шараларын жүзеге асыру мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасына толық сәйкестікке келтіруге, сондай-ақ алау қондырғыларынан ластаушы заттар шығарындыларының өңірдің ауа бассейніне жағымсыз техногендік әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен, 2006 жылы алауларда жағылатын газ көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 19,2% азайып, ал пайдаға жаратылған ілеспе газ көлемі 7,3% өсті. Нәтижесінде, алауларда атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі бір жылда 2428-ден 397 тоннаға дейін, яғни 6 еседен аса қысқарды.
Шығарындыларды төмендету және қосымша кіріс табу бойынша белгілі бір нәтижелерді алуға болады.
Жобаның негізгі міндеті:
экологиялық ахуал мен объектідегі ауа бассейнінің жай-күйін үлкен
және аз «тыныс алғанда» 100% дейін қысқарту есебінен жақсарту;
жарылысқа қауіпті және өртке қауіпті объектілердің тәуекелдерін
азайту;
шығынды қысқарту және мұнайдың тауарлық қасиеттерін сақтау
Осы ғылыми жоба бойынша төмендегідей қорытынды жасалды:
1.Мұнайды ілеспе газдың көмегімен өндіру әдісі мен оны кен орындарында қолдану бойынша әдебиеттік шолу жасалды;
2. Ілеспе газдың көмегімен мұнай өндіруде қолданылатын газлифтті әдіс жан-жақты зерттелді;
3.Экологиялық жағынан қоршаған ортаға тиімді әдіс ретінде газлифтті әдісті қолдану ұсынылды;
Басқа да ұсыныстар:
1. Еліміздегі барлық кен орындарында (үлкен және шағын) ілеспе газды алауларда жағуды азайту немесе жою;
2. Осы мақсатта газлифтті ұңғыны барлық кен орындарында іске қосу;
3. Ілеспе газды мұнай өндіруде негізгі өндіруші көзге айналдыру;
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі – 219 бап (Жер қойнауын пайдаланудағы экологиялық талаптар) - Алматы, 2007 жыл, 123-124 беттер.
2. Даминов Н. Г,Куштанова Г.Г.,Тиньков И. Н. Способ определения объема нефти, добываемой за цикл работы низкопродуктивной скважиной, эксплуатирующейся периодическим газлифтным способом. http://www.findpatent.ru сайтынан 07.04.2013 ж.алынды
3. Э.С.Воцалевский, З.Е.Булекбаев, Б.А.Искужиев, С.М.Камалов, М.Н.Коростышевский, Б.М.Куандыков, Н.Е.Куантаев, О.Н.Марченко, Н.Г.Матлошинский, А.Ш.Нажметдинов, Г.П.Филипьев, И.В.Шабатин, Р.С.Шахабаев, К.С.Шудабаев – Қазақстан Республикасы мұнай және газ кен орындарының анықтамалығы, Алматы, 3 басылым, 1999 жыл, 197, 360 бет.
4. ГОСТ 30767-2002 Международный стандарт оборудование для газлифтной эксплуатации скважин. http://www.vashdom.ru сайтынан 07.04.2013 ж.алынды
5. Экология (оқу құралы 9-11 сынып) Н.М.Мамедов, И.Т.Суравегина – 1996 жыл, Мәскеу, 255-261, 226-227, 194, 148, 131-137 беттер.
6. А.О. Айткулов – Мұнай кен орындарын өңдеуді реттеу үдерісінің тиімділігін арттыру – 2000 жыл, Мәскеу, 124, 152, 181-198 беттер.
7. М.М.Судо – Қазіргі әлемдегі мұнай және көмірсутекті газдар, 1998 жыл, Мәскеу.
8. Интернет ресурстар:
Google іздестіру жүйесі
9. www.infocenter.kz – Қазақстан Республикасы Геология және минералды ресурстар ақпараттық-талдау орталығы;
10. www.geology.kz – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараттық сайты, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;
11. www.lukoil-overseas.ru/press-centre - «Мұнай ведомстілері» газеті;
12. www.ecolife.ru/ - «Экология және өмір» журналының ресми сайты;
13. Альберт Гор – «Қолайсыз шындық» фильмі – бүкіл әлемнің экологиялық проблемалары туралы деректі фильм, 2007 жыл, АҚШ, Вашингтон.
14. Пол Митчелл - 101 өзекті идея, Экология, АҚШ, Бостон, 2001 жыл, ФАИР-Пресс, 14-16, 69-73, 239-251 беттер.
15. Н.И.Иванова - Фадина И.М. - Инженерлік экология және экологиялық менеджмент;
16. Н.Н. Моисеев – Қазіргі әлемдегі экология, «ғылым және өмір» журналы;
17. Ю.Л.Максименко, Горкина И.Д. – Қоршаған ортаға әсерді бағалау, 1996, Мәскеу - 92 бет;
18. «ҚарақұдықМұнай»- «қара құдық» мұнайы журалы, 2010 жыл, Ақтау, 5 бет;
Қосымша:
19. «Мұнай ведомстілері» газеті – үзінді, 2010 жыл 03 тамыз, №12, 2010 жыл 21 қыркүйек, №14, 2010 жыл 15 қазан №15,
20. G. Paul Wilhite- «Enhanced Oil Recovery» – Г.Полл Уилхайт «Мұнай өндіруді арттыру» - АҚШ, Канзас, 1998 жыл;
21. Donald W. Green, Robert H. Perry, James O. Maloney - «Enhanced Oil Recovery» – Дональд Грин, Роберт Пери, Джеймс Малоней - «Мұнай өндіруді арттыру» - АҚШ, Оклахома, 2001 жыл;
22. М.А. Берлин – «Мұнайлы және ілеспе газды қайта өңдеу» - Мәскеу, 1981 жыл, 117 – 472 бетттер;
23. С.Ф. Гудков– «Табиғи және ілеспе газ көмірсутектерін қайта өңдеу» - Мәскеу, 1960 жыл;
24. Л.В. Андрейкина – «Батыс Сібір мұнай кен орындарының ілеспе газдарын қайта өңдеу, олардың құрамы мен қасиеттері» - Мәскеу, 2005 жыл;
25. Р.Г. Шарафиев – «Мұнай мен газды жинау, дайындау және қайта өңдеу техникасы» - Уфа, 1997 жыл
26. У.Л.Леффлера - «Мұнайды қайта өңдеу» - аударма, Мәскеу, 2004 жыл;
27. М.А.Танатаров, М.Н.Ахметшина, Р.А.Фасхутдинов - «Мұнайды қайта өңдеу қондырғыларының технологиялық есебі» - Уфа, 1987 жыл;
28. Н.Б.Бобрицкий, В.А.Юфин – «Мұнай және газ өнеркәсібі негіздері» - Мәскеу, 1985 жыл;
29. 1997 жылғы 19 мамырдағы ҚР «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Заңы;
30. Шекті рұқсат етілген зиянды заттар қоспаларының, зиянды микроағзалар мен топырақты ластайтын басқа да биологиялық заттардың нормативтері, ҚОҚ министрінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы №21-Ө және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы №99 біріккен бұйрығымен бекітілген.