- •Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың
- •11 «Ә» сынып оқушылары Абиш Бектуров пен Асылбек Кенесовтің
- •Тақырыбындағы ғылыми жобасына
- •Аннотация
- •І бөлім. Әдебиеттік шолу
- •Еліміздің мұнай кен орындарында ілеспе газды пайдаға асыру жолдары
- •Қарақұдық мұнай кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату бағдарламасы
- •Газды кәдеге жарату: жетістіктер мен өзекті мәселелер
- •II бөлім. Зерттеу бөлімі
- •2.1. «Теңізшевройлдың» газды кәдеге жарату бағдарламасы
- •Газсыздандырылған мұнайдың физика-химиялық құрамы
- •Табиғи газдардың компонентті құрамы
- •Ілеспе газды жағуға рұқсат алған кен орындары (2013 жылдың сәір айына дейін)
- •2.2. Қарақұдық мұнай- кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату қондырғылары
- •2.3. Газлифтті ұңғы қондырғыларының сызбанұсқалары (Халықаралық стандарт МемСт 30767-2002 бойынша)
- •Қосымшалар
І бөлім. Әдебиеттік шолу
Еліміздің мұнай кен орындарында ілеспе газды пайдаға асыру жолдары
Экологияны нашарлатып, жаһандық климаттық өзгерістерді күшейтуге ықпал ететін табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану.
Әлемнің көптеген мемлекеттері Киот хаттамасын бекіткен. Оның негізгі міндеті - жердегі көшетхана газының көлеміне әсер ету, соның ішінде шығарындыларға квота саудалау жолымен экономикалық қағидаттарды дамыту болып табылады. Жоғарыдағы хаттамада, яғни «таза даму механизмі» көмегімен қатысуды көшетхана газының шығарындыларын азайтатын жобаларды енгізуге қосымша қаржыландыру алуға болады. Сөйтіп, аса рентабельді етіп, ілеспе газды пайдаға жарату жобаларының экономикалық көрсеткіштеріне әсер етуге болады.
Алайда Қазақстанда мұнайды қайта өңдеу көлемінің жыл сайынғы ұлғаюымен ілеспе газды алауда жағу көлемін қысқарту, оны пайдаға жарату қондырғыларын жасау және енгізу мәселелері пайда болуда. Газды алауда жағуға қысымды азайту үшін айрықша жағдайларда (апатты жағдайларда экология және табиғат пайдалану басқармасының рұқсатымен) жол беріледі.
«ЛУКОЙЛ Оверсиз» бен оның серіктестері Қазақстандағы Бозашы кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату кешенін іске қосты.
2009 жылғы 01 шілде. Қазақстанның Маңғыстау облысындағы Солтүстік Бозашы кен орнында ілеспе мұнай газын пайдаға жарату кешені пайдалануға қосылды. Кен орнын өңдеу операторы - «Бозашы Оперейтинг Лтд.», «ЛУКОЙЛ Оверсиз», СNРС (Қытай) және Mittal Investment (Үндістан) біріккен кәсіпорны.
2008 жылы Солтүстік Бозашыдағы орташа тәуліктік өндіру 4,7 мың тонна мұнай және 62 мың м3 ілеспе газ құрады («ЛУКОЙЛдың» үлесі - 1,2 мың тонна мұнай және 15 мың м3 ілеспе газ).
Кешенді жобалауды және құрылысты мамандандырылған қазақстандық мекемелер жүзеге асырды. Кешенге жоғары тиімді шыны-талшықтан газ жинайтын торлар мен ылғалды газды жағу және тау қысымын ұстау, мұнай беруді арттыру мақсатында өнімді пластқа айдалатын мұнай мен суды қыздыруға арналған пештерді қоса бірнеше күрделі технологиялық объектілер кіреді. Құрылыс және іске қосу-реттеу жұмыстарының ұзақтығы 18 ай құрады, жобаның жалпы құны 14 млн. доллар.
Сөйтіп, Солтүстік Бозашы ірі мұнай кәсіпшілігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Ілеспе мұнай газын пайдаға жарату мемлекеттік бағдарламасы аясында қойылған мақсат - өндіріс тиімділігін өсіру және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында құнды көмірсутек шикізатын пайдаланудың әлемдік деңгейін қамтамасыз ету шешілді.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңдарына өзгерту енгізуге, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің қабылдануына байланысты ілеспе газды толық пайдаға жарату міндеті өзекті бола түсуде. Бұл мәселе халықаралық аспектіге ие, өйткені Қазақстан жалпы әлемдік тұрақтандыру және көшетхана газы (КГ) көлемінің атмосфераға азайту үдерісінің белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 219-3 бабының талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы:
1. халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттарға негізделген аса тиімді әдістер мен жұмыс жүргізу технологиясын таңдауға;
2. жер қойнауын ұтымды пайдаланудың, жұмыскерлердің, халық пен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық схемалар мен жұмыстарды жүргізу жобаларын сақтауға міндетті. (1-ші ссылка)
Қазақстан Республикасы «Мұнай туралы» Заңының 30-5 бабына сәйкес:
- ілеспе және (немесе) табиғи газды пайдаға жаратпай мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік өңдеуге тыйым салынады;
- апаттық жағдай және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төнген жағдайлардан басқа ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға тыйым салынады. (1-ші ссылка)
Бүгінде заманауи технологияларды енгізуді, шығарындылар көлемін төмендету шараларын, газды жеке технологиялық мұқтаждықтар үшін пайдалануды, электр энергиясын шығаруды, пласт қысымын ұстап тұру үшін пластқа айдауды қоса газды пайдаға жарату мәселелерінің бүкіл кешеніне көңіл бөлінуде. Бұл заманауи технологиялар мен жабдықтарды, зияткерлік қорларды, біраз қаржы қаражат салуды талап ететін үлкен жұмыс екенін атап өту керек.
Табиғат қорғау, соның ішінде газды пайдаға жарату міндеттерін шешуге жүйелі түрде келуді қамтамасыз ету мақсатында компанияда 2006-2015 жылдарға арналған кешенді экологиялық бағдарлама жасақталып, жүзеге асырылуда.
Қоғамның экологиялық менеджмент жүйесінің маңызды элементі болып табылатын өндірістік экологиялық мониторингтің корпоративтік жүйесін құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның 1-кезеңі жүзеге асырылды – геоақпараттық технологиялар негізінде ғарыштық мониторинг жүйесі құрылып, ұлттық компанияның шаруашылық қызметі аумақтарының электрондық экологиялық картасы жасақталды.
Енгізілетін ғарыштық мониторинг жүйесі табиғи орта параметрлерінің өзгерісін жедел бақылауға, соның ішінде кен орындарында жанып жатқан алаулардың мониторингін жүзеге асыруға және барабар басқарушылық шешімдер, тиісті әрекет ету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі уақытта ілеспе газды пайдаға жарату мәселелері күш алуда. Газды кәсіпорынның ішінде пайдаға жарату жүйелері жасақталуда.
Қолайсыз экологиялық зардаптарды газды пайдаға жарату көмегімен жою үшін ілеспе газды барлық көмірсутектің құрамдас бөліктерін мұнай және газ кен орындарын жоғары технологиялық игеруге назар аудару керек.
Ілеспе газды пайдаға жаратудың заманауи технологиясы ілеспе мұнай газын толық пайдаға жарату, қосымша электр энергиясын, жылу мен көмірсутекті газ мотор отынын, алдымен сұйытылған көмірсутек газын алуға мүмкіндік болады.
