
- •Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың
- •11 «Ә» сынып оқушылары Абиш Бектуров пен Асылбек Кенесовтің
- •Тақырыбындағы ғылыми жобасына
- •Аннотация
- •І бөлім. Әдебиеттік шолу
- •Еліміздің мұнай кен орындарында ілеспе газды пайдаға асыру жолдары
- •Қарақұдық мұнай кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату бағдарламасы
- •Газды кәдеге жарату: жетістіктер мен өзекті мәселелер
- •II бөлім. Зерттеу бөлімі
- •2.1. «Теңізшевройлдың» газды кәдеге жарату бағдарламасы
- •Газсыздандырылған мұнайдың физика-химиялық құрамы
- •Табиғи газдардың компонентті құрамы
- •Ілеспе газды жағуға рұқсат алған кен орындары (2013 жылдың сәір айына дейін)
- •2.2. Қарақұдық мұнай- кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату қондырғылары
- •2.3. Газлифтті ұңғы қондырғыларының сызбанұсқалары (Халықаралық стандарт МемСт 30767-2002 бойынша)
- •Қосымшалар
Газды кәдеге жарату: жетістіктер мен өзекті мәселелер
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ дамыту стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының «Мұнай туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңдарына өзгертулер енгізіліп, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің қабылдануына байланысты ілеспе газды толықтай кәдеге жарату мәселесі өзектілене түсуде. Қазақстан атмосфераға шығарылатын булы газдардың көлемін тұрақтандыру мен азайтудың жалпы әлемдік үрдісінің белсенді қатысушысы болып табылатындықтан, бұл мәселе халықаралық аспектіге ие болып келеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдары газды кәдеге жарату жөніндегі мәселелердің барлық жиынтығына үлкен көңіл бөледі: қазіргі заманғы технологияларды ендіру, шығарынды көлемін азайтуға арналған шаралар, газды өзінің технологиялық қажеттеріне арнап пайдалану, электрқуатын өндіру, қаттық қысымды ұстап отыру үшін қаттың ішіне айдау. Айта кететін бір нәрсе, бұл қазіргі заманғы технологиялар мен жабдықтарды, интеллектуалды ресурстарды қолдануды, едәуір мөлшердегі қаржылық қаражаттарды жұмсауды қажет ететін өте күрделі жұмыс. Табиғатты қорғау, соның ішінде газды кәдеге жарату мәселелерін шешуге деген жүйелік көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында компанияда 2006-2015 жылдарға арналған кешенді экологиялық бағдарлама әзірленіп жүзеге асырылуда. Өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу жүйесін құру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, ол Қоғамның экологиялық менеджмент жүйесінің аса маңызды элементі болып табылады. Қазіргі кезде оның 1-кезеңі жүзеге асырылды – геоақпараттық технологиялардың негізінде ғарыштық мониторинг жүйесі құрылды, Ұлттық компанияның шаруашылық қызметі аймағының электрондық экологиялық картасы әзірленді. Енгізіліп жатқан ғарыштық мониторинг жүйесі табиғи орта параметрлерінің өзгерістерін жедел түрде қадағалап отыруға, сонымен бірге кеніштердегі жанып жатқан шырақтардың мониторингін жүргізіп және қисынды басқармалық шешімдерді, тиісті әрекет ету шараларын қабылдап отыруға мүмкіндік береді. Корпоративтік мониторинг жүйесін құрудың келесі сатысына қоршаған ортаның сапасын бақылау станциялары мен экологиялық зертханалардың оңтайлы желісін ұйымдастыру жатады. 2006 жылы табиғи ортаның параметрлерін аспаптық өлшеудің қолданыстағы базасына талдау жасалып және тиісті бағдарлама әзірленді, ол бұдан әрі жүзеге асырыла беретін болады. Қоршаған ортаның ластануын бақылауға арналған автоматты станцияларды құру жөніндегі пилоттық жоба «КазТрансОйл» АҚ-ның Ақтаудағы мұнай айдау станциясының негізінде жүзеге асырылды. ҚР Экологиялық кодексінің «Қоршаған ортаға шығарындыларды басқарудың нарықтық механизмдері» атты 105-бабында, сондай-ақ Кодекстің 45-тарауында шығарындыларды азайтудың және тұтастай алғанда кәсіпорындардың булық газдардың шығарылу саласындағы қызметін реттеудің экономикалық механизмдерін ендіру туралы ережелер ескерілген. Бұл мәселелер булық газдар жөніндегі Киотолық хаттаманың талаптарына сәйкес келеді, аталмыш хаттама жақын арада Қазақстанда бекітілмек. Қазақстан Республикасының заңдарына енгізілген және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген шырақтық қондырғыларда газды жағуға тыйым салуға қатысты өзгертулерге сәйкес еншілес және тәуелді компаниялар мемлекет органдарымен келісілген Ілеспе және табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды әзірледі. Мысалы «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ 2005-2006 жж. арналған ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеп жүзеге асырды, жұмсалған шығындардың жалпы сомасы 500,0 млн. теңгеден артты. Осы іс-шаралар жоспары шеңберінде «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-да қысқыш компрессор мен газ сығымдағыш станциясы орнатылып, жалпы ұзындығы 17,2 км болатын газ құбырларының құрылысы жүзеге асырылды. «Эмбамунайгаз» өндірістік филиалының 2006 – 2008 жылдарға арналған ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасына төмендегілер кіреді:
I кезең: «Прорвамұнайгаз» МГӨБ-да «Ілеспе газды тазарту мен сұйылту бекеті» экологиялық нысанының құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру, нақты шығындар 284 млн. теңгені құрады. II кезең:
«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына келер болсақ, мұнда қолданылып жатқан ілеспе газды кәдеге жарату сұлбасы бірегей және аса толық болып табылады. Кеніштен игеріліп жатқан барлық ілеспе мұнай газын толықтай өңдеуден өткізу үшін газ өңдеу қондырғысына (газ өңдеу зауыты) жіберіледі. Ілеспе және табиғи газды өңдеудің нәтижесінде пентан-гександық фракциялы сұйытылған газ түріндегі дайын өнім мен бензиннен арылтылған құрғақ газ алынады. Бензиннен арылтылған құрғақ газ тұтынушыларға: облыс кәсіпорындары мен тұрғындарына беріледі, ал екінші бөлігі отын ретінде «Өзенмұнайгаз»-дың меншікті қажеттеріне арнап жұмсалады. Айта кету керек, кейінгі жылдары сұйытылған газға қатысты сұраныстың артуына байланысты оның өндірісі мен сату көлемі едәуір артты. Мысалы, 2003 жылы сұйытылған газдың 77,1 мың тоннасы, 2004 жылы - 100,0 мың тоннасы, 2005 жылы - 107,3 мың тоннасы сатылды. Ілеспе газды кәдеге жаратуға қатысты барлық жоспарланған экологиялық шаралардың жүзеге асырылуы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның өндірістік-шаруашылық қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы табиғат қорғау заңдарымен толық сәйкестендіруге, сондай-ақ шырақтық қондырғылардан шығатын ластаушы заттар шығарындыларының жергілікті аймақтың ауалық бассейніне тигізетін жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, 2006 жылы шырақтарда жағылатын газдың көлемі алдыңғы жылдағымен салыстырғанда 19,2%-ға азайды, ал кәдеге жаратылған ілеспе газдың мөлшері соған сәйкес 7,3%-ға артты. Нәтижесінде, шырақтардан атмосфераға шығарылатын ластаушы зат шығарындылардың көлемі бір жыл ішінде 2428 тоннадан 397 тоннаға дейін азайды, яғни 6 еседен артық мөлшерде азайған. Шығарындыларды азайту мен қосымша пайда көру бойынша белгілі түрдегі нәтижелерге көмірсутегілердің жеңіл фракцияларын резервуарлық парктерде ұстау арқылы ие болуға болады. Жағымды мысал ретінде Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру барысында жүзеге асырылған жобаны келтіре кетуге болады. Сызбанұсқа бойынша жұмысшы агент көзі – газ, ол компрессорлық және компрессорлық емес деп бірақ қозғалыс сызбанұсқасы бойынша үздіксіз және периодты газлифт деп ажыратылады. Құбырдағы кеңістік жоғары қысымды газбен толтырылады, нәтижесінде сұйықтық деңгейі кемиді, ол насосты – компрессорлы құбыр – жоғарылайды. Сұйықтық деңгейі насосты-компрессорлы құбырдың (НКҚ) төменгі соқпына дейін азайғанда қысым газ НКҚ-ға өте бастайды да, сұйықтықпен араласады. Нәтижесінде газды сұйықты қоспаның тығыздығы сұйықтықтың тығыздығынан төмендей бастайды, бірақ НКҚ деңгейі артады. Газ неғұрлым көбірек берілсе, соғұрлым қоспаның тығыздығы кемиді және ол жоғары биіктікке көтеріледі. Газды скважинаға үздіксіз берсе, сұйықтық жоғары көтеріледі бірақ қабаттан үнемі ұңғыға сұйықтықтың жаңа үлесі түседі. Газлифтті көтергіштің конструкциясы насосты-компрессорлы құбырлар тізімінің салынад және сығылған газдың қозғалыс бағытына тәуелді анықталады. Құбырларының төмендетілген қатар санына қарай көтергіштер бір қатарлы және екі қатарлы деп, ал газдың бағытына қарай сақиналы-шеңберлі және орталықтанған деп бөлінеді. Бірқатарлы көтергіште ұңғыға бір қатар НКҚ жібереді. Сығылған газ сақиналы-шеңберлі кеңестік пен колонна және НКҚ аралығына жіберіледі, бірақ газдысұйықты қоспасы НКҚ-ға көтеріледі. Екі қатарлы көтергіш кезінде ұңғыға екі қатарлы орналасқан құбыр жібереді. Егер сығылған газ екі колонналы НКҚ аралығындағы сақиналы кеңістікке бағытталса, онда газдысұйықтық қоспасы ішкі көтергіш құбыр бойынша көтеріледі, демек мұндай көтергіш екі қатарлы сақиналы жүйе деп аталады. Егер сығылған газ ішкі НКҚ арқылы берілсе, онда газды сұйықтық қоспасы сақиналы кеңістік арқылы көтеріледі демек мұндай көтергіш екі қатарлы орталық жүйе деп аталады.
1-сурет. Газлифтті ұңғының жалпы сызбанұсқасы Сақшалы жүйенің кемшілігі- құбыр кеңістігінде парафин мен тұздардың қалып қою мүмкіндігі.Олай болған жағдайда онымен күрес қиындай түседі. Екіқатарлы көтергіштің бірқатарлыдан артықшылығы ,оның жұмысы баяу өтеді және ұңғыдан құмды шығаруда әлдеқайда жақсырақ.Екіқатарлы көтергіштің кемшілігі- өндіру процесінің металсыйымдылығын арттыруда екіқатарлы құбырларды түсіру болып табылады. Сондықтан мұнай өндіретін өндіріс орындарында сақиналы жүйенің үшінші нұсқасы- бір жарым қатарлы көтергішті іс жүзінде кеңінен қолданады. Газлифтті әдісті ұңғыларда қолдану жалпы түрде оның артықшылықтарымен анықталады. 1. Үлкен көлемдегі сұйықтықты жинау мүмкіндігі. 2. Үлкен газ факторлы ұңғы эксплуатациясы, яғни қабат газының энергиясын қолдану. 3. Жоғары қысым мен температураның ұңғы өніміне әсерінің болмауы ұңғы жұмысында механикалық қоспалардың болмауы. 4. Газлифтті ұңғыны жөндеу және қызмет көрсетудің қарапайымдылығы. 5. Коррозиямен күресте тиімділігі; тұздар мен парафиндерді болдырмауы, сонымен қатарұңғыны зерттеудің қарапайымдылығы. Көрсетілген артықшылықтарға кемшіліктер де қарсы қойылуы мүмкін. 1. Компрессорлық станция құрылысына бастапқы көп капиталдың салынуы; 2. Газлифтті жүйенің пайдалы әсерінің салыстырмалы төмен коэффиценті. 3. Ұңғы өнімдерін шығарудағы тұрақты эмульсияның түзілу мүмкіндігі. Жоғарыда айтылғандпардан шығатыны, газлифтті әдіс ірі кен орындарында қолдануда тиімді.
2-сурет. Газлифтті көтергіш жүйелер
Газлифтті ұңғы үздіксіз немесе периодты болуы мүмкін. Периодты газлифт дебиті 40-60 т/тәул дейінгі немесе төменгі қабат қысымы бар ұңғыларда қолданылады. Газлифттегі сұйықтықты көтеру биіктігі енгізілген газдың қысымына тәуелді.
|
|