Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия НП каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.7 Mб
Скачать
    1. Қарақұдық мұнай кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату бағдарламасы

«Қарақұдық» кен орны Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 365 км орналасқан. Ондағы мұнайды алғашқы рет 1972 жылы кеңес геологтары тапқан. Өнеркәсіптік өңдеу 1998 жылы басталды. Бірақ 5 жылдан соң 2003 жылы алғашқы миллион тонна мұнай өндірілді. Ал 2010 жылғы мамырда жиналған өнім 7 млн. тонна мұнай құрады.

2008 жылғы 29 желтоқсанда 75 млн. доллар инвестиция салынған газды кешенді дайындау қондырғысы пайдалануға берілді.

Қондырғының қуаты жылына 150 млн. текше метр құрайды. Мұндай қуат жақын жылдары жақын жердегі кен орындарының ілеспе мұнай газын қайта өңдеуге мүмкіндік беріп, жүзеге асырылған жобаның экономикалық жүгін едәуір азайтады. (11-ші ссылка)

Бұл қондырғы Қазақстанда осындай ілеспе мұнай газын қайта өңдейтін алғашқы өндірістік объект болды. Қазірдің өзінде оны пайдалану атмосфера шығарындыларының көлемін жылына 1340 тоннаға төмендетуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары сұйытылған газға сұраныстың артуына байланысты оны өндіру және өткізу біраз өсті.

Қондырғыны жобалау модульды блокты-жинақ түрінде болады деп көзделуде.

Газ дайындау қондырғысы мынадай блоктардан тұрады:

- шикі газды сығымдау блогы;

- газ дайындау блогы;

- пропан тоңазытқышы блогы;

- гликоль регенерациясы блогы.

Газ ортақ коллекторға бірігіп, 0,399 МПа жиналған конденсат бөлініп, дренажды ыдысқа кететін алғашқы сығымдау сатысының кіреберіс скрубберіне түседі. Тамшылы сұйықтықтан босаған газ бірінші компрессор сатысының сорғысына кетіп, онда 1, 717 МПа қысымға дейін қысылады. Газды политропикалық қысу нәтижесінде ауамен бастапқы суыту аппаратында алынатын едәуір жылу көлемі бөлінеді. Газды сығымдау және суыту нәтижесінде бөлінетін конденсат екінші сатыдағы скрубберде бөлініп, одан дренажды ыдысқа түседі. Тамшылы сұйықтықтан босаған газ екінші сатыдағы компрессор сорғысына келіп, 5,4 МПа қысымға дейін қысылады. Сығымдау нәтижесінде қыздырылған газ екінші сатыдағы ауамен суыту аппаратында суытылып, төмен температурадағы сепарация блогының кіреберіс сепараторына жіберіледі.

Қысу блогынан алынған газды–конденсатты қоспа 5,33 МПа қысыммен үш ағымда бөліну жүретін төмен температурадағы сепарация блогының кіреберіс сепараторына түседі. Су пласт суын дайындау қондырғысынан, көмірсутекті конденсат деэтанизация бағанына жіберіледі, ал газ әуелі салқын газбен, төмен температуралы сепаратордан түсетін кері тоқпен рекуперативті жылу алмастырғышта, одан соң салқын конденсатпен «газ-конденсат» жылу алмастырғышында суытылып, гликоль шашыратылған газ -5°С температураға дейін пропан тоңазытқышында суытылады, соның нәтижесінде ауыр көмірсутек конденсациясы жүріп, үш фазалы сепаратор сияқты төмен температуралы сепараторға түседі.

Төмен температуралы сепараторда газды сұйық қоспалардың газға, көмірсутек конденсаты мен су сіңдірілген гликольге бөліну жүреді. Компрессорды қосқанда босату үшін компрессор газды аз жұмсап тұрақты жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ сықау желісінде қысым күрт артқанда сынып қалмас үшін газ бөлігінің бастапқы сатыдағы компрессорына жіберуді қамтамасыз ететін реттегіш қақпақшамен жабдықталған қосалқы желі қарастырылған.