Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия НП каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.7 Mб
Скачать

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТҮРЛІ ПӘНДЕРДІ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТАТЫН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ

МЕКТЕП --ИНТЕРНАТЫ

АВТОРЛАРЫ: Бектуров Абиш Владимирович, Кенесов Асылбек Сырлыбаевич

Тақырыбы: «Мұнай өндіру барысында бөлінетін ілеспе газды өңдеу»

Бағыты: Ғылыми-техникалық прогресс - экномикалық дамудың өзекті бөлшегі

Секция: Техника

Жетекші: Бекбосинова Жансая Бикинбаевна

Ғылыми жетекші: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Бижанова Қарлыгаш Бақтыбайқызы

Ақтау қаласы, 2013 жыл

Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаттың

11 «Ә» сынып оқушылары Абиш Бектуров пен Асылбек Кенесовтің

«Мұнай өндіру барысында бөлінетін ілеспе газды өңдеуге арналған жабдық жасау»

Тақырыбындағы ғылыми жобасына

РЕЦЕНЗИЯ

А. Бектуров пен А. Кенесовтің ғылыми жобасы әдебиеттік шолудан, кен орнындағы ілеспе мұнай газын газлифтті әдістің көмегімен пайдаға жарату технологиясынан және пайдаланылған әдебиет тізбесінен құрады.

Кен орнындағы ілеспе мұнай газын пайдаға жарату туралы авторлар алаудағы пайдасыз жағудан басқа ілеспе газды пайдаланудың мүмкін болатын бағыттары мәселелерін қарастырады, сондай-ақ қолайсыз экологиялық зардаптарды жою және газды пайдаға жарату арқылы құнды көмірсутек шикізатын айналымға қайтару мәселелері қарастырылады.

Авторлар кәсіпшіліктегі бүкіл бөлінетін мұнаймен шығатын ілеспе газды толық пайдалануға мүмкіндік беретін, ілеспе газды пайдаға жаратудың тиімді әдісін - газлифтті әдісті ұсынады.

Авторлар мұнай өндіруде ауа бассейніне шығатын ілеспе газды алауларда жағудың экологиялық және экономикалық жағынан тиімсіздігін ҚР «Мұнай» туралы заңнамаларына сәйкес тиімді пайдаға асырудың жолдарын көрсетеді.

Осы жұмыста авторлар мұнай өндірудің барлық әдістерін өзара салыстыра келіп, газлифтті әдістің тиімділігіне тоқталады. Газлифтті әдіс – ілеспе газды ұтымды пайдалануға толықтай мүмкіндік беретін, шығыны аз әдіс екендігін авторлар дәлелдей келе, осы әдісті еліміздің барлық үлкен және шағын мұнай кен орындарында қолдануды ұсынады.

Орындалған жұмыс авторлардың қарастырылатын проблематика жөніндегі теориялық тұжырымдарды білетіндігін көрсетеді. Зерттелетін проблема жөніндегі теориялық қорытындылар мен практикалық ұсыныстар жұмыс мазмұнынан шығады, дәлелді, алынған зерттеу нәтижелері мәнді, нақты, автордың өзіндік дәрежесі жоғары, жұмыс шығармашылық сипатқа ие.

Жұмысты нақты құрылымы, аяқталғандығы, баяндаудың логикалылығы, жұмыстың рәсімделуі ерекшелеп тұр, қойылатын талаптарға сай.

Рецензент:

Аннотация

Зерттеу мақсаты: Мұнай өндіруру саласындағы қосымша өнім болып шығатын ілеспе газдарды жинап ары карай пайдалануды жүзеге амыру.

Шешуі: Зерртеу барысында анықталғандай бүгінгі танға дейін көптеген мұнай өндіру мекемелері ілеспе газдарды жинау кондырғылары бола тұра апатты жағдайларда газдарды ашық факелде жағуды колданып келеді. Зерттеуді жаңалығы сол, біз ілеспе газдарды өндеудші жаңа нұскасын ұсынады — жер қабатына ілеспе газдарды кері айдау жолы.

Зерттеу нәтижелерінің негізінде, біз мынадай шешімге келді: Ілеспе газдарды кері айдау табиғатка жэне халыққа зиян келтірмейді ce6e6i ілеспе газ ашық факелде жағылмайды, қоршаған ортаның ауасы тазарады, жэне экономикалық пайда келтіреді.

Экономика тұрғысынан мұнай өндipy мeкeмeлepi қымбат тұратын қондырғыларға шығынданбайды, ал жер қабатына кері айдалган газ, пласт қысымын көтеріп, мұнай өндіруді жеңілдетеді. Осы себебі үнемдейді жэне табысын көбейтеді.

Экологиялық тұрғыдан алғанда ілеспе газдарды жер қойнауына кepi айдау ашық факелді жағуды жойып, қоршаған ортаға адам ағзасына физиологиялық тұрғыда зиян келтіретін орасан зор қатер келтіретін зиянды тастандыларды болдырмайды.

Ұсынылган зерртеу жұмыстарын қолдану нәтижесінде жобада орасан зор экологиялық және белгілі мелшердегі экономикалық әсер бар.

АННОТАЦИЯ

Цель исследования: Создания оборудования для утилизация газа, получаемого в качестве побочного продукта нефтедобывающей деятельности.

Определено, что утилизация попутного газа уменьшает выброс загрязняющих веществ в атмосферу до 100%, а так же исключает тепловое загрязнение, загрязнение пылью, сажей и токсичными составляющими.

Решение: Исследованием определены, что до настоящего момента многие нефтедобывающие месторождения имея в эксплуатации установкой утилизации попутного нефтяного газа, допускают аварийное факельное горение. Новизна исследования заключается в том, что біз предлагает новый метод утилизации попутного - метод обратной закачки попутного газа в пласт земли. На основании проведенных исследований, мы пришли к следующим выводам: закачка попутного газа не наносит экологического ущерба природе и населению, так как газ не сжигается, таким образом попутный газ способствует улучшению качества окружающей среды и приносит экономическую пользу. С точки зрения экономики, нефтедобывающие промыслы экономят на дорогостоящих оборудованиях утилизации, а газ закаченный в пласт земли способствует увеличению пластового давления, тем самым облегчается добыча нефти. Следовательно, предприятие экономит и приумножает. С экологической точки зрения при закачке газа в пласт земли не допускается аварийное факельное сжигание, тем самым в окружающую среду не поступают продукты сгорания попутного нефтяного газа, которые представляют собой потенциальную угрозу нормальному функционированию человеческого организма на физиологическом уровне. В результате использование предложенных исследовательских работ в проекте имеется огромный экологический и значительный экономический эффект.

ANNOTATION

Objective: Equipment creations for utilization of gas produced as a byproduct of oil production activities.

Determined that the utilization of associated gas reduces the emission of pollutant into the atmosphere to 100%, and also eliminates thermal pollution* pollution, dust, soot and toxic constituents.

Decision: A study determined that up to now, many oil producing field with a manual installation of associated gas, allow emergency flare burning , The novelty of the study is that the author proposes a new method of flaring - method of re-injection of associated gas reservoir of the earth. Based on these studios, the author concludes the following: Injection of associated gas does not cause environmental damage and the nature of the population, because gas is thus passing gas contributes to improving the quality of the environment and bring economic benefits.

In economic terms, oil industries to save on expensive equipment disposal, and gas ripped into the formation of the earth helps to increase reservoir pressure, thus facilitating production of oil Consequently, the company saves and multiplies.

From an environmental point of view of gas injection into the reservoir lands is not allowed emergency flaring, thus the environment do not enter the combustion products of associated gas, which represent a potential threat to the normal functioning of the human body on a physiological level.

As a result of the use of the proposed research project has great environmental and significant economic effect.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………….………........8

І бөлім ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ

    1. Еліміздің мұнай кен орындарында ілеспе газды пайдаға асыру

жолдары..............................................................................................11

1.2. Қарақұдық мұнай кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату

бағдарламасы..........................................................................................14

1.3. Газды кәдеге жарату: жетістіктер мен өзекті мәселелер..............16

ІІ бөлім ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1. «Теңізшевройлдың» газды кәдеге жарату бағдарламасы.............23

2.2. Қарақұдық мұнай- кен орнындағы ілеспе газды пайдаға жарату

қондырғылары ...............................................................................29

2.3. Газлифтті ұңғы қондырғыларының сызбанұсқалары

(Халықаралық стандарт МемСТ 30767-2002 бойынша)..................31

ІІІ бөлім ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................35

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................37

ҚОСЫМШАЛАР............................................................................................

Қосымша 1.............................................................................................

Қосымша 2............................................................................................

КІРІСПЕ

Баю мен шексіз өнеркәсіптік өсу соңында жүрген адамдар біздің ғаламшар қаншалықты осал екендігін мүлдем ұмытқан. Органикалық отынды мүлдем бақылаусыз жағу және оған негізделген өнеркәсіптің өсуі Жер шарының өмір сүретін ғажайып жерден қысылтаяң жағдайларда күн көретін жерге әкеліп соғуы мүмкін. Ілеспе мұнай газын жағу (ІМГ) – жан түршігерлік экологиялық және экономикалық ысырапшылдық. Қоршаған орта ластанады да, ондаған миллиардтаған теңге түтінге айналады. Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі ретінде тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаны тиісті сапалы ұстау негізі болады.

Мұнай өндіру жиналатын ілеспе мұнай газымен тығыз байланысты. (3-ші ссылка) Мұндай газ ағымы осы уақытқа дейін қалдық (газ шығарындылары) ретінде қарастырылып, отынға бағытталып, мұнай өндіретін аудандарға экологиялық жағымсыз әсер етіп келді. Екінші жағынан бұл газ шығарындыларын орынсыз пайдаланып, яғни «құбырға» лақтырылатын энергия ресурсы болып табылады.

Экологиялық нормалар бойынша өсіп келе жатқан талаптарды ескеріп, қазіргі уақытта мұнай компаниялары ілеспе мұнай газын дайындауға және пайдаға жаратуға назар бөлуде. Газды пайдаға жарату және дайындау схемаларын таңдаудағы негізгі талаптар экологиялық нормалар талаптары мен экономикалық тиімділік болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ілеспе газды пайдаға жарату саласында өзекті проблемалар бар. Қазақстанның 219 мұнай кен орындарында 2380 млн. текше метр ілеспе газ бар. Ілеспе газды ағымдағы алу милиион текше метрге жуық құрайды, олардың үштен екісі алауларға жағылады. Қазақстанның негізгі мұнай-газ өндіретін аумағы ретінде Маңғыстау облысы бойынша статистикалық мәліметтер халықтың көптеген ауру топтарына қарай сырқаттану көрсеткіштері жалпы жоғары (тыныс алу ағзаларының көрсеткіштері өте жоғары). Ауру қатары бойынша (жүйке жүйелерінің, сезім ағзалары аурулары) өсу үдерісі байқалуда. Зардабы бірден пайда болмайтын әсер өте қауіпті. Мұндайлар ластаушы заттардың адамдардың бала көтеру қабілетіне, тұқым қуалайтын патологияның дамуына, иммундық жүйенің әлсіреуіне, онкологиялық аурулар санының өсуіне әсері болып табылады.

Осы ғылыми жобада жоғарыда аталған экологиялық зардаптардан, сондай-ақ, экономикалық жағынан тиімді тұстарын қарастыратын мұнай өндірудегі ілеспе газды пайдаға жарату жолдары көрсетілді. Ғылыми жобада ілеспе газды мұнайды өндіруде тиімді әдістің бірі – газлифтті әдісте қолданудың келешегі зор екендігі, тиімділігі басқа әдістермен салыстырыла зерттелді.

Осы жұмыста 8-сурет, 6-кесте, 1-график, 2- диаграмма келтірілген.

Ғылыми жобаның мақсаты: Мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды газлифтті әдістің көмегімен мұнай өндіруде қолдану, газлифтті әдістің тиімділігін басқа әдістермен салыстыра отырып зерттеу жүргізу

Ғылыми жобаның міндеттері:

  1. Ілеспе газды пайдаға асыру жолдары және оның іске асырылуын қарастыру;

  2. Мұнай өндіруде қолданылатын әдістерді өзара салыстыру;

  3. Газлифтті әдістің ілеспе газды толық пайдаға асыруда тиімді жақтарын зерттеу

Ғылыми жобаның өзектілігі: Ілеспе газды ауа бассейніне зиянсыз түрде газлифтті әдістің көмегімен мұнай өндіруде қолданудың тиімділігін қарастыру

Ғылыми жобаның жаңалығы: Қазіргі уақытта мұнай өндіруде қолданылып жүрген әдістерді салыстыра отырып, ілеспе газды пайдаға асыру мақсатында газлифтті әдістің тиімділігін зерттей келіп, осы әдісті еліміздің барлық мұнай кен орындарында кеңінен қолдануды ұсыну