
- •1.Телеарна және көрермен
- •2. Телевизияның және радионың бүгінгі даму тенденциясы
- •3. Газет деген не?
- •Телевизия – байланыс құралы
- •Журнал және оқырман
- •Әлемдік деңгейдегі телеарналар және радиожелілер
- •Телерепортаж және оқиға
- •Көрермен және тікелей эфир
- •Телеарна және ұжымдық құрамы.
- •Радиохабардың тыңдармандар үшін маңызы
- •[Өңдеу]Кадр
- •32 Билет
- •[Өңдеу]Кадр
- •40.Кадр деген не?
- •41. Радиохабарлар дегеніміз не?
- •44. Тележурналситика жанрлары мен пішіндері
- •45. . Телесуфлер деген не?
- •48. Монтаждау принциптері дегеніміз не?
- •50. Телевизияның хабар тарату бағдарлары
- •32 Билет
- •[Өңдеу]Кадр
- •5. Диафрагма
- •32. Сюжет
- •Телекөрермен және телесұхбат
- •24 Жауап
[Өңдеу]Кадр
Кадр (франц. cadre – жеке құрам) – 1) кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың маманданған кәсіби қызметкерлерінің негізгі (штаттағы) құрамы; 2) мемлекеттің Қарулы Күштеріндегі нақты қызметтегі командалық және қатардағы құрам. Ел өміріндегі басты саяси және экономикалық мәселелердің дұрыс шешімін табуы – кадрдың біліміне, тәжірибесіне, жеке қасиетіне, сондай-ақ, оларды тиімді орналастырып, пайдалануға байланысты. Біздің елімізде кадрды түрлі оқу орындарында арнайы оқытып, даярлау жан-жақты жолға қойылған; қ. Білім беру.
111. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы 1995 жылдан бастау алады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігі құрылады. Бұл телеарна "Қазақстан" телеарнасынан бағдарламаны тарату үшін уақыттар алып, өзінің бағдарламасын эфирге бере бастады. Кейін телеарна республика аланыңдағы жана ғимаратқа көшірілді. Мұнда бастапқыда 3 камералы АСБ болды. Студияның аумағы 60 шаршы метрден тұрды. Ол кезде телеарнаның бас инженері Вадим Черневский болды. Ол түрлі түсті телекино аппаратурасын нақыштауға қатысты.
"Хабар" телеарнасының негізгі базасы Астанаға ауысуына байланысты Желтоқсан және Тимирязев көшелерінің киылысындағы ғимаратка Алматылық филиалы орналасты. "Хабар" телеарнасының бұдан басқа филиалы жоқ. Алматылық филиалында 4 және 3 камералық АСБ-сы бар. Қазір студияларда алғашқы мезгілдегідей декорациялар қойылмайды, ол компьютерлер арқылы орындалады. Олар біріктіріліп АСК делінеді. АСБ аппаратуралары әрқилы дүниежүз. фирмалардан, ал камералары жапондық Sony фирмасынан алынған. Әрбір АСБ-ны баскарушы инженерлер бар. Телеарнаның бас инженері Александр Петров. Ол жұмысты "Қазақстан" телеарнасында 1962 ж: бастаған. Ол бұл күндері "Хабар" телеарнасының Алматы филиалының хабар таратудағы бас маманы. Телеарнаның 3 эфирлік аппаратында бағдарламалар құрастырылады: бірінде "Хабар", екіншісінде "Еларна", үшіншісі ғарыштык серік арнасы "Caspionet". Монтаждау аппаратураларының саны 8. Телеарна сигналы ғарыштык серікке "Кателко" арқылы жеткізіледі. "Хабар" телеарнасының Алматы филиалының тех. директоры Айдын Бәтікей, осы қызметті 2009 ж. бастап аткаруда.
Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын бес арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» және «Ел арна» телеарналары, ұлттық жерсерік (спутниктік) телеарнасы – «Kazakh TV», сонымен қатар кабельдік желілерде тәулік бойы хабар тарататын «24 KZ» және ағартушылық бағыттағы бағдарламаларды эфирге шығаратын «Білім» телеарнасы кіреді. Сонымен бірге агенттік құрамында «Classic» радиосы да бар.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі – агенттіктің басты акционері. . Компанияда 600-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Хабар таратудағы басым бағыт – жаңалықтар. Ақпараттарды жеткізудегі негізгі принциптер – жеделдік, эксклюзивтік, толық және нанымды болуы. Ақпараттық бағдарламалар эфирлік уақыттың үштен бір бөлігіне дейін құрайды. Ақпараттар дирекциясында екі жүзден аса адам жұмыс істейді. Ақпарат Қазақстандағы 14 және ТМД елдеріндегі 5 меншікті тілшілер қосыны арқылы жинақталады. Сондай-ақ меншікті репортаждар жер шарының Солтүстік жартысындағы 12 негізгі елдерде де әзірленеді. Соның арқасында Агенттік ауқымы Қазақстандағы басқа кез-келген ақпараттық компанияның мүмкіндігі жетпейтін тілшілер жүйесін қалыптастырып отыр. Осыған қарамастан «Хабар» жоспарлы түрде өзінің шетелдік тілшілер қосынын ұлғайта түсуде. Жеке ақпараттарынан тыс компания әріптестік бағдарламалары аясында белді әлемдік агенттіктердің өнімдерін де кеңінен пайдаланады.
Директорлар кеңесі 7 адамнан құралған, оның үшеуі тәуелсіз директордан тұрады. Басқарма атқарушы ұйым болып табылады.
114. Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасының заманауи медиа кеңістігінде халыққа қоғамда орын алған жайттар туралы жаңалықтар мен талдамалы бағдарламаларды үздіксіз, әрі жедел ұсынатын ақпараттық-телевизиялық агенттік болып табылады.
Телеарна «билік – БАҚ – қоғам – тұлға» тізбегін құрайтын саясат, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрді байланыстырушы басты құрал болып табылады. Сондай-ақ қазіргі таңда әртүрлі жанрдағы бағдарламалар қатарын толықтырып, дамытып отыр. Бірақ та жаңалықтар қызметіне баса назар аударылған. Телеарнадағы ақпарат таратудың басты қағидаттары – жеделдік, эксклюзивтік, нақты әрі әділ ақпарат тарату. Еліміздің басты ұлттық телеарнасы бүгінде қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. Телеарнаның негізгі бағыты – мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту.
Агенттік өзінің төл туындыларынан басқа, әріптестік келісім негізінде әлемдегі басты ақпараттық агенттіктердің өнімдерін қолданады. Бүгінде «Хабар» телеарнасында ақпараттық-отбасылық тұрпаттағы 39 бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығуда.
Эфирге шығарылатын бағдарламалардың 75%-ы телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірлетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Оның ішінде телеарна мамандары аударатын көркем және деректі фильмдер де бар.
Телеарна тікелей эфирде спорттық көрсетілімдерді (Олимпиада ойындары, футболдан әлем және Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, т.б.) көрермен назарына ұсынып отырады. Арнаның техникалық және шығармашылық қоры саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды оқиға орынан тікелей эфирде көрсетуге мүмкіндік береді.
329.РЕПОРТАЖ. Оқырмандарға журналистік көзбен – көрушінің немесе қатысушы кісінің тікелей ұғымы арқылы қандай да болсын оқиға туралы көрнекі түсінік берілетін материал ретінде репортажға анықтама берілген. Репортаж оперативті түрде, қажетті егжей-тегжейлерімен және айқын етіліп, ең маңызды да қызықты жағдайды қабылдауды көздейді. Бұл оқырманға репортер хабарлаған оқиға туралы өзі, өзі көзімен көргендей мүмкіндік жасайды.
Репортаждың түрін анықтағанда айдарларына, бас тақырыптарына емес, маңыздылығына, оқиғаның өзінің мазмұнына, журналист алдына қойған мақсаттарына, мұнда әрекет орнын еске ала отырып, жаңалықты жазу сипатына т.б. сүйену керек. Осыған сүйене отырып, репортаждың 3 түрін: оқиғалы, тақырыптық деп бөлінеді.
Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпарат, әңгіме.
11Монитор (monіtor) — 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады. Мониторлар мәтіндік және график. режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде – экранда өте майда мозаик.бейнелер шығарылады. Монитордың график.режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кезде VGA және SuperVGA типті Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді. Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ 800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары Мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын, яғни нүкте көлемі кішірейген сайын (0,2 – 0,31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі 0,39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады. Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2,54 см) берілген қашықтығы жатады, мыс., 14 дюйм, 15 дюйм, т.б. Алып жүруге ыңғайлы компьютерге (note-book) арналған Монитордың электронды-сәулелік түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар. Сұйық кристалдар электр кернеуінің әсерімен өз құрылымын, түсін және оптик. қасиеттерін өзгерте алады. Сұйық кристалдар құрамына басқа түсті ерітінділерді қосып және электр өрісін өзгерте отырып, жоғары сапалы 15 млн-нан аса түстерді бейнелей алатын экрандағы нүктелер саны 1024*768 немесе 1280*1024 болатын Мониторлар жасауға болады. Бұлардың салмағы жеңіл, көлемі кіші және денсаулыққа зиянды электро-магниттік толқындары болмайды; 2) Компьютердегі мәліметтерді өңдеу жүйесінде орындалатын операцияларды бақылайтын, реттейтін немесе тексеретін машиналық бағдарлама. Бағдарламалау тілдерінде – бөлінбейтін мәліметтік қорлармен (ресурстармен) байланыс ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады.[1]№
Дыбыс режиссері
Дыбыс режиссері - телевизия мен радиода жүмыс істейтін дыбыстық материалдарды дайындауды ұйымдастыруға басшылық жасайтын, фонотекалық материалдарды таңдайтын, дыбыстың техникалық, көркемдік сапасын бақылайтын, дәл уақытында дыбыстық эффектілерді қосып, тоқтатып тұруды, микшерлеуді, фонограмма жазуды бақылайтын шығармашылық қызметкер.
Емтихан жауаптары