Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
telekhabar_zhasaudyn_tekhnologiasy_surak_zhauap...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.58 Кб
Скачать

32 Билет

Сюжет (фр.sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіикерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала тұседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе окиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін окиға тізбегі бара келе логикалык тиянактылык тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет. Сонымен бірге Сюжеттің беташары ретінде аңдату (пролог), ал соңында (эпилог) суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, тек қажетті деп саналса ғана. Сюжеттің аталған түстары, өз алдына оқшауланып көрінетін болшектері үнемі бір қалыппен жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналык мүмкіндігі баяндалатын, оқиғаға катысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезбітімі, яғни, характерлері бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Қалай десек те, Сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасындағы тығыз байланыс, сабақтастық бар. Ойткені окиға дегеніміз - адамның басынан кешетін жағдайы немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал, адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны және талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, мінез-құлқына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, окиға желісінің өзін қызықтап, соның ізін қуып кету де кездесетінін мойындаумыз керек. Бірак бұл көркемөнердің талабы емес, көбінесе жазушынын талғампаздық, шеберлігінің жетіспеуінен болады. Сюжетті қызықтау, оқиғаны қыздырмалап, бірыңғай баяндау детективтік жанр шығармаларына ғана болмаса, басқа әдеби туындыларда ұтымды болмайды. Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады. Сюжеттің аяқталуы, бітуі дегеніміз - баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, оз шешімін табуы. Алайда Сюжеттің аякталуы, тиянақтылығы әр шығармада әр түрлі. Көп жағдайда шығармадағы оқиғаларды одан әрі үластырып, жалғастыру мүмкін болса да, жазушы баяндауын сөза бермей, кайырады. Өйткені оқиғаға қатысты кейіпкерлердің өмірін үнемі сарқа баяндау мақсат емес. Жазушы бір не бірнеше окиғаны суреттеу арқылы кейіпкерлердің характерін, мінез-бітімін айкын айтып корсетуі ықгимал. Неғұрлым кейіпкерлердің мінез-құлкы, бейне тұлғасы дараланып, әсерлі корінсе, солғүрлым шығарманың Сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі. Романдарда оқиға бір-біріне ұласып, жалғасып кете береді де, оқырман шексіз, шетсіз өмір ағысын көріп отырғандай әсер алады. Кейде тіпті шығарма аякталып біткен тұста да баяндалған кейбір жәйттер, оқиғаның жеке түйіндері толық анықталмай қала береді. Осындай ерекшеліктерді ескеріп, кейде мұндай прозалык туындыларды "ашық роман" деп, басқа топқа жатқызып, тұжырымды аяқталғанды "тұйық роман" деп ажыратып, бөлек қарастырылады.[1][2]

362. Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.

Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтанугерменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.

1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).

2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);

З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);

4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);

5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);

6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);

7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы).

135. Микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындардыдыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелістіэлектрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радиохабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегіэлектр тогына өзгертіледі. Дыбысауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагмакатушкаға тиеді. Катушкағадиафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланғанток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспага түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофоидарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), кондансаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидардакатушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалықкатушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен-күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де дзаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементген жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағыныңауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстықэффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік ра-диобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады .

358.

Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.

Хабарлағышқа орнатылған ұшқындық аралық тербелмелі контур жіберіп - таратушы антеннамен индуктивті байланыста және онымен резонанстық күйге келтіріледі. Сигналды тіркеу тәсілдері әуе толқындар (радиотолқындар) арқылы жіберген сигналды (хабарды) қабылда алады. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан - А. С. Попов.

1955 жылғы үлгідегі жапон радиосы

Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары бір түрі.

Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа). Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалға драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.

55. Диктор деген мамандық жүргізушіден әлдеқайда бұрын радио, телевизия өмірге келгенде онымен бірге пайда болған.  Барлық елде радио мен телевизияның үні осы дикторлар арқылы қалыптасты. Барлық елде дикторлар радио мен телевизияның алғашқы үні әрі көрнекті өкілі ретінде тарихта қалды. Кеңес одағы тұсында да дикторларға биік талап қойылды. Елдің ішкі және сыртқы саясатын терең түсінген, білімі мен пайымы терең адам ғана диктор бола алады делінді. Шын мәнінде диктор дарын-қабілеттілікті, жағымды әсем дауысты, анық та айқын сөз саптауды, әртістікті терең меңгерген маман болуға тиіс болды.

Диктор - шебер шешен оқу мәнерімен мәтінді жандандыратын ішкі жан дүниесі бай өнер адамы. Диктордің жүргізушіден айырмашылығы неде? -дегенге келсек, ол аудиторияны басқарып, бағыттап отырмайды. Оның атқаратын міндетінің өзі тыңдаушылар мен көрермен қауымға ақпаратты, журналистің дайындаған мәтінін жеткізу. Алайда, бұл диктор қызметінің қатып қалған қағидасы емес. Егер диктор бағдарлама жүргізетін,  тікелей хабарға жетекшілік ететін болса, әрине, ол қатысушылармен, аудиториямен қарым-қатынас жасауына тура келеді.

Бағдарлама жүргізу кезінде тіл байлығының мүмкіндіктерін толығымен пайдалану, сөзді мазмұнына сай дұрыс қолдану талаптары қойылады. Ал, хабар мәтінін оқығанда диктордің оқу мәнері мен өзіндік тәсілі айқын көрініс табады. Кейбір дикторлерде жүргізушілік мүмкіндігі кең, қабілет-қарымы жеткілікті болғанымен оқудың аясынан шыға алмай тар шеңберде тұйықталып қалатыны бар. Сондықтан, жүргізушілер секілді еркін қимылдай алмайды. Радио, теледидар арқылы жаңалықтар жеткізудің, рөл ойнап, образ жасаудың, тікелей эфирде әңгіме-дүкен құрудың, бағдарлама жүргізудің әрбіріндегі шеберлік қабілеттілік өзара айырмашылықта болады. Мысалы, драмада ойын негізгі орынға шықса, бағдарламада жүргізушінің комментарийі, ал, жаңалықтар қызметіндегі оқылым түсінікті, қысқа әрі анық және жеңіл екпенді болуға тиіс.

Бүгінгі таңда жүргізушілік мәнерді алға шығару бағыттың кең өріс алғаны рас. Алайда, бұдан диктордің позициясы төмендеп, жүргізушінің дәурені жүріп тұр деп түсіну тағы сыңаржақтық болар еді. Мысалы, Жапонияның әлемге әйгілі NHK телекомпаниясы жыл сайын 25 дикторді жұмысқа қабылдайды екен. Бұл туралы мәлімдеген аталмыш компанияның дикторы Миада Осамуи олардың бесеуі ғана әйел адамдар болатындығына назар аудартқан. Сондай-ақ, «Америка даусы» радио станциясы халықаралық жаңалықтарын оқитын дикторлерге әркез байқау жариялайтындығын оның вэб сайтынан жиі кездестіруге болады. Шет елдерде дикторлерге деген сұраныстың, беделінің қандай деңгейде екендігін жоғарыдағы мысалдардан айқын аңғаруға болады.

30. Кадр (франц. cadre – рама, лат. quadrum – төртбұрыш), кинокадр – 1) киноға түсірілген нысан қозғалысының бір сәтін немесе орнықты қалпын бейнелейтін кинопленкадағы жеке сурет. Кадрдың форматы (мөлшері) кино түсіру аппаратының кадрлық рамкасымен анықталады: 70 мм-лік кең форматты кинофильм үшін –51,5023 мм, 35 мм-лік кең экранды фильм үшін – 220018,6 мм, 35 мм-лік кәдімгі кинофильм үшін – 22016 мм, 8 мм-лік суперфильм үшін – 5,704,2 мм. Кино түсіру ісінде кадр мөлшерін дәл анықтау – оның көркемдік композициясын табудағы шешуші фактор; 2) телевизиялық кадр – бір дүркіндік телевизиялық толық кескін. Ол жарты кадр деп аталатын, толық емес екі кескіннен тұрады; 3) фотографиялық кадр – белгілі бір өлшеммен түсірілген нысанның жеке дара кескіні.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]