Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
telekhabar_zhasaudyn_tekhnologiasy_surak_zhauap...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.58 Кб
Скачать
  1. Телеарна және ұжымдық құрамы.

Телеарнада еңбек етудің өзіне тән қызығы мен қиындығы бар. «Көк жәшікке» телмірген көрерменнің көпшілігі жаңалықтардың барлығын жиып-теретін де, дайындайтын да дик­торлар деп ойлайтыны жасырын емес. Алайда осының бәрі, экран сыртында бірлесіп, ұжымдасып жұмыс істеп жатқан журналмстердің еңбегін бағалауымыз керек. Қаншама еңбек, қаншама шаруаны солар атқарады. Жалпы, ауызбіршілік толағай табыстарға, оң нәтижелерге бастап апарады.

Те­леар­надағы жұмыс – ұжымдық жұ­мыс. Ұжым ұйысып, жұдырықтай жұ­мылып жұмыс істемесе, ештеңе өнбейді де оң­­байды. Бағдарламаның немесе ұсынған жобаның сәтті шығуы ұжымдық жұмысқа тікелей байланысты десек қателеспеген болар едік.

  1. Радиохабардың тыңдармандар үшін маңызы

Адамдар арасындағы қарым қатынаста сөйлеу мен естудің маңызы айрықша. Осы екі қабілеттің басын біріктіріп, ақпарат тасымалына жол салған, миллиондардың санасына бір мезгілде ықпал еткен радионың негізі де табиғаттан, жаратылыстан, қоршаған ортадан бастау алады.

Радиохабар таратудың табиғатына келгенде, ғылымда оның басты 3 қасиеті, маңызы бойынша айтылады, мойындалады.

Бірінші маңыздылығы оның жеделдігі. Қалыптасқан БАҚ жүйесінде басқа құрал мұндай жеделділіктіқамтамасыз ете алмайды.

Екіншіден, радио тыңдарман үшін аса қолайлы болып табылады және бұл қасиетінің маңызы айрықша. Радиохабарды тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу, арнайы күш жұмсаудың қажеті жоқ. Үй шаруашылығындағы тірлікпен айналысып жүріп те, жұмыс уақытында да, тамақтанып отырып та, автокөлікте келе жатып та радиохабарды еш кедергісіз тыңдай бересіз.

Үшіншіден, радиохабарлар әмбебап ақпарат таратумен де маңызды. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлардың барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы, болмаса спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында тарап жатады. Және радионың тыңдарманына психологиялық әсері. Басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам табиғатына естіген жағдайларды көрініс ретінде елестететіні белгілі.

Әлеуметтік психологтар тосын оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген жаманат хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.

Радиодағы хабарлар жанры жағынан әр түрлі болған сайын режиссер еңбегі де күрделене түседі. Бұрынырақтарда радиода жиі кездесетін радиокомпозиция, радиоочерк, радиофельетон, т.б. сияқты жанрлардың, көркем әдеби хабарлардың, радиодраматургияның азайып кеткендігі де радиорежиссерлерінің жұмысын бір жақты, бір сарынды бағытқа ауыстырып жібергендей.

Жақсы режиссер оператор, жөндеуші, топмейстер, дыбыс рсжиссері сияқты көмекшілері бола тұра бар жұмысты өзі атқара береді. Ол алдымен, жұмысты бастамас бұрын хабардың мәтінімен танысады. Сонан соң күллі көркемдеуші элементтерді дайындайды, музыканың естілу уақытын да сол белгілейді. Кез келген жерден музыканы үзіп тастауға болмайды, белгілі бір жеріне дейін ойнатып, сонан соң біртіндеп барып хабардың жабылу процесіне сай аяқтау қажет. Эстетикалық талғам, тыңдаушыға жетер әсер басты талап болуы тиіс.

Тікелей эфирде режиссерден жинақылық, шапшаңдық талап етіледі. Дер кезінде қажетті шуларды, музыкаларды жіберу, фонограмманы қосу т.б. әрекеттер ашық эфирде тез орындалуы тиіс. Кейде шақырылған адамдар келмей қалады, кешігеді, ондайда хабар жоспары өзгереді. Ендігі жерде режиссердің жедел шешімі керек. Әрине, режиссер көмекшісінің, оператордың жәрдемдері кажет. Хабардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету де соның міндеті. Кейде жүргізуші сөйлеп тұрады, ал радиодан естілмейді. Сондықтан, студия мен апараттық бөлме арасын байланыстыратын микрофоннан басқа наушниктер де қолданылады.

30. Кадр (франц. cadre – рама, лат. quadrum – төртбұрыш), кинокадр – 1) киноға түсірілген нысан қозғалысының бір сәтін немесе орнықты қалпын бейнелейтін кинопленкадағы жеке сурет. Кадрдың форматы (мөлшері) кино түсіру аппаратының кадрлық рамкасымен анықталады: 70 мм-лік кең форматты кинофильм үшін –51,5023 мм, 35 мм-лік кең экранды фильм үшін – 220018,6 мм, 35 мм-лік кәдімгі кинофильм үшін – 22016 мм, 8 мм-лік суперфильм үшін – 5,704,2 мм. Кино түсіру ісінде кадр мөлшерін дәл анықтау – оның көркемдік композициясын табудағы шешуші фактор; 2) телевизиялық кадр – бір дүркіндік телевизиялық толық кескін. Ол жарты кадр деп аталатын, толық емес екі кескіннен тұрады; 3) фотографиялық кадр – белгілі бір өлшеммен түсірілген нысанның жеке дара кескіні.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]