
- •1.Телеарна және көрермен
- •2. Телевизияның және радионың бүгінгі даму тенденциясы
- •3. Газет деген не?
- •Телевизия – байланыс құралы
- •Журнал және оқырман
- •Әлемдік деңгейдегі телеарналар және радиожелілер
- •Телерепортаж және оқиға
- •Көрермен және тікелей эфир
- •Телеарна және ұжымдық құрамы.
- •Радиохабардың тыңдармандар үшін маңызы
- •[Өңдеу]Кадр
- •32 Билет
- •[Өңдеу]Кадр
- •40.Кадр деген не?
- •41. Радиохабарлар дегеніміз не?
- •44. Тележурналситика жанрлары мен пішіндері
- •45. . Телесуфлер деген не?
- •48. Монтаждау принциптері дегеніміз не?
- •50. Телевизияның хабар тарату бағдарлары
- •32 Билет
- •[Өңдеу]Кадр
- •5. Диафрагма
- •32. Сюжет
- •Телекөрермен және телесұхбат
- •24 Жауап
Әлемдік деңгейдегі телеарналар және радиожелілер
АҚШ телевизиясының артықшылықтары мен жетістіктері қандай, одан қазақ телевизиясы қандай тәлім-тәжірибе жинақтауы тиіс. Мінеки, осы сұрақтарға жауап іздеу барысында біраз құнды мәліметтерге қанықтым.Бастапқысы, АҚШ телеиндустриясында үш негізгі қатысушы бар. Олар - Телеарналар. Америкада телеарналар дистрибьютерлер қызметін атқарады, яғни, телеөнімді көрермендерге тасымалдайды. Эфирлік арналар толқындар арқылы өз сигналдарын тегін таратады. Арнаны тамашалау үшін теледидар мен антеннаң болса жеткілікті. АҚШ-та алты эфирлік телеарна бар: ABC, CBS, FOX, NBC, CW, MyNetworkTV. Эфирлік арналардан өзге жүздеген кабельді әрі жер серігі арқылы таралатын арналар бар. Бұл арналарды тамашалау үшін көрермен кабель операторына қосылуы тиіс.
Студиялар. Телехикаялардың өндірісін қаржыландырады әрі телехикаялардың коммерциялық жағынан қолданылу құқығына ие. Студиялар телехикаяларды арналарға сатады не болмаса жалға береді.
Продюсерлік компаниялар. Телехикаяларды ойлап табады және демеушілік көрсетеді. Әдетте, продюсерлік компаниялардың телехикаяларды қаржыландыруға шамасы болмайды, бірақ, сәтті шоуларды ойлап табатын шығармашылық потенциалға ие.
Ал, осы үш басты қатысушыларды басқаратын АҚШ-та басты жеті ірі конгломерат бар. Олар:
• CBS Corporation,
• General Electric,
• News Corporation,
• Time Warner,
• Walt Disney Co,
• Sony Corporation,
• Viacom
Жоғарыда айтқандай, 6 эфирлік арналар өз сигналдарын тұрғындарға толқындар арқылы тегін таратады, телекөрермендер бағдарламалар мен телехикаяларды ақысыз көру мүмкіндігіне ие. Сондықтан да, эфирлік арналардың басты қаржы көзі болып жарнамалар есептелінеді. Жарнамалар атақты шоуларда жоғары бағаланады. Мысалға алсақ, 2007 жылғы Grey’s Anatomy шоуында көрсетілген 30 секундтық жарнама 419 мың долларға бағаланған. Тағы бір жарнама Desperate Housewives шоуында 270 мың АҚШ долларын құраса, American Idol да бұл баға 750 мың мен 1 миллион доллар аралығында құбылып тұрды. Қарап отырсақ, айтарлықтай мол қаражат көзімен байланысты жарнамалау қазақ телевизиясының бүгінгі таңда осал тұстарының бірі.
Телеарналар өз сигналдарын қалай таратады? Осы сұраққа жауап беріп көрейік. АҚШ 210 нарықтық аймаққа бөлінген. Нарықтық аймақ – бұл тұрғындарға бірдей телевизиялық сигнал таралатын географиялық облыс. Әрбір нарықтық аймақта бірнеше жергілікті телестанциялар жұмыс істейді. Бұл телестанциялар сол аймақтағы телесигналдардың техникалық таралуын реттеп отырады. Эфирлік телеарналар эфир уақытын осы жергілікті телестанциялардан сатып алады. Сонымен, жалпы мемлекет бойынша таралатын әр телесигнал жергілікті станциялардың тобы арқылы таралады. Эфир уақытын жалға бергені үшін телестанциялар ақшалай төлем алады. АҚШ-та эфирлік арналар тәуліктің бірнеше сағатында ғана таратылады. Өзге бос уақытты толтыру жауапкершілігі станциялардың мойнында. Тәуліктік эфир уақытын бірнеше сатыға бөлуге болады. АҚШ-та бұл HUT, яғни, сол уақыттағы теледидарды тамашалаушы телекөрермендер санымен анықталады.
АҚШ – коммерциялық телевизияның классикалық үлгісіндегі мемлекет. Телевизия жекеменшік болып саналады, мемлекеттік телевизия жоқ. Жекеменшік коммерциялық телевизия нарықтың қатаң заңдарына және өз арнасында телекөрермендерін сақтау үшін жаңа телевизиялық үлгілер мен техникалық айла-тәсілдердің ұдайы ізденісін талап ететін бәсекелестік принциптерге бағынады. Бұл принцип Америка телевизиясына телекөрермендер қызығушылығына бағыт, жоғары мобильділік, динамикалық өсуге көзделген жолды көрсетеді. Осы арада басты назарға қазақ телевизиясында жоғарыда көрсетіліп кеткен мақсаттарды алға тартатын мықты құрылым мен заңның керектігі ілінеді. Сондықтан да, Америка телевизиясында көпшіліктің қызығушылығы мен қажеттіліктеріне бағытталған ойын-сауықтық және ақпараттық-танымдық бағдарламалар үлесі мол. Түрлі жанрдағы ойын-сауықтық бағдарламалар эфир уақытының 70%-ын
алады. Олар: телесериалдар, фильмдер, ойындар, токшоулар, викториналар мен музыкалық бағдарламалар. Әйтсе де, америкалық телебағдарламалардың профессионалды деңгейі жоғары болғанымен, интелектуалдыкөркемдік деңгейі әдетте орташа. Бұның басты себебі, АҚШ-тағы бұқаралық ақпарат құралдары адам мен қоғам арасындағы барлық аумақты қамтуында, яғни, тұлға басты рөл ойнайтын қоғамдық қатынастың барлық саласымен тікелей байланысты. Ақпарат таратудағы басты назар аударатын жайт – бағытталған аудитория. Сондықтан да, америкалық тележурналистің атқаратын қызметі тұлғаның әлеуметтік рөлін зерттейтін социологпен теңестіріледі. Ақпараттың жалпы аудиторияға да, түрлі мәселелердің аспектілері мен аргументтері үйлесетін максималды кең аудиторияға таралатын материалдары да кездеседі. Жалпы көріністегі потенциалды аудитория нақты әлеуметтік деңгейдегі аудиторияға өту барысында, медиазерттеу нәтижесінде анықтау, терминологияларға аса мән беру міндетті саналады. Мінеки, қазақ тележурналистерін дайындауда назарға алатын басты мәселе – аудитория психологиясын зерттеуді шыңдау.
Бүгінгі таңдағы АҚШ-тағы телеөндірісті зор жетістіктерге жеткен желілік ұйым ретінде қарастырамыз. Бір мысал: АҚШ-тың телевизиясындағы «Үлкен төрттіктің» бірі болып есептелетін NBC (National Broadcasting Сhannel) телеарнасындағы NBC TV және NBC Entertainment – бағдарламаларды дайындаумен, жарнамалаумен және өткізумен айналысатын бөлім, жекеменшік станциялар бөлімі саналса; NBС Radio-радиожелісі және басыбайлы радиостанциялары бар бөлім; NBС Sport және NBС News –радиомен қатар корпорацияның телевизия желісіне де қызмет көрсететін жаңалықтар бөлімі. Сонымен қатар, NBС телеарнасы “NBС Magazine” атты журнал шығарады, бағдарламалық саясат пен телевизионды технологияларды қолдану аясында көшбасшы есептелінеді, ал, CBS (Columbia Broadcasting Сhannel) арнасының 80% табысы жарнамалаудан түседі, әрі бірнеше киностудиялар және бірнеше әйгілі журналдарға басшылық жасайды. Сонымен қатар, корпорация компьютерлік техника, мұнайды өндіру мен өңдеу және мұхит байлығын игеру жұмыстарына белсене қатысады. Ал, қазақ телевизиясында қоғамның түрлі саласын, қоғам мүшелерінің күнделікті тұрмыс ағымын қамтитын, бренд болып қалыптаса алар телебренд пайда болып, ауыз толтырып айтарлықтай ірі корпорациялар тележелі торын құрса, дамуға апарар басты қадамдардың бірі болар ма еді деп есептеймін. Сапалы телеөнімдер тиісті қаражатпен әрі жаңалықтар жеделділігі мен тарату тәсілінің барынша тиімділігіне бастайтын заманауи техникалармен қамтамасыз еткен жағдайда, әрі тележурналист маманының көзқарас көкжиегі кең, әлемдік деңгейде сараптау қабілетіне ие білімі болса ғана шығарылады. Мінеки, осыны ескеріп, аға буынның не болмаса мемлекеттің осындай бір ірі жобаны қолға алып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрғындардың мәдени-танымдық білімі мен ойлау санасына әсер етуді көздейтін телеөнімдер тарататын тележелі құруы көпшілік құптайтын игі іс болар еді.