Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
telekhabar_zhasaudyn_tekhnologiasy_surak_zhauap...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.58 Кб
Скачать
  1. Телекөрермен және телесұхбат

Баспасөз құралдарының өзге түрлерінде жарияланатын сұхбаттарымен салыстырғанда телевизия интервьюінің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Телесұхбатта журналист пен респондент басты рөл атқаратыны белгілі. Оның сыртында эфирден тыс олардың әңгімелерін даярлап жарыққа шығаратын шығармашылық топ, техникалық қызметкерлер тұрады.

Телесұхбат тікелей және жазылымдық (запись) деген екі түрлі формада эфирге шығарылады. Оның өзін ішінара ток-шоу және ақпараттық сұхбат деген екі негізгі топқа бөлуге болады. Ток-шоу белгілі бір мәселені арнайы тақырып бойынша көтеріп, оны негізгі көздер арқылы анықтайды және ішкі сырларын ашып, халыққа түсіндіруді мақсат етеді. Ал, ақпараттық сұхбаттың мақсаты – оқиға, көріністер жайында ресми ақпарат көздерінен мәселенің мәнін нақтылайды, тақырыпты жан-жақты айшықтайтын сұрақтар арқылы көрерменге кең мағлұмат беруді мақсат етеді (Юровский А.Я. Основы телевизионной журналистики. с.68-88).

Алайда, тақырып түрлерінің қандай екендігіне қарамастан телесұхбат жасаушы журналист өз командасымен яғни, оператор, режиссерлерімен қоян-қолтық жұмыс істеуге тиіс. Себебі, сұхбат жүргізу тізгіні журналистің қолында болғанымен команданың өзге мүшелеріне телехабардың мазмұнын, маңыздылығын түсіндіріп алдын ала пысықтап қоймаса жазылым барысында түсінбестіктің туындауы ықтимал. Оның өзі телесұхбаттың сәтті шығуына көлеңкесін түсіруі мүмкін. Сондықтан, телесұхбат басталмай тұрып, журналист, оператор, режиссер үшеуінде де тақырыптың мазмұны жайында нақты әрі біртұтас ұғым қалыптасқан болуға тиіс.

Телевизия сұхбаттары ақпараттық немесе проблемалық ток-шоудың қай түрінде өтсе де, мейлі, тікелей эфир ме жазылымдық па дегеніне қарамастан қойылатын талаптар ортақ. Олай болса, сұхбат тақырыбы, мазмұны мен маңыздылығына қарай журналист пен респонденттің интервьюге қатысты бейне сюжеттерін қалай түсіруді, оларды сұхбаттасу кезінде қандай сәтте эфирге қалай шығаруды телережиссер шешеді. Сюжетке лайықты музыка, дауыс, дыбыс жағын дыбыс режиссері мен операторлары продюсермен, режиссермен ақылдаса отырып реттейді. Осындай шығармашылық топтың идеялары ортақ мүддеге тоғысып, бір жерден шыққанда ғана телеөнім толыққанды түрде көрермен қауымның сұранысын өтей алады.

30. Кадр (франц. cadre – рама, лат. quadrum – төртбұрыш), кинокадр – 1) киноға түсірілген нысан қозғалысының бір сәтін немесе орнықты қалпын бейнелейтін кинопленкадағы жеке сурет. Кадрдың форматы (мөлшері) кино түсіру аппаратының кадрлық рамкасымен анықталады: 70 мм-лік кең форматты кинофильм үшін –51,5023 мм, 35 мм-лік кең экранды фильм үшін – 220018,6 мм, 35 мм-лік кәдімгі кинофильм үшін – 22016 мм, 8 мм-лік суперфильм үшін – 5,704,2 мм. Кино түсіру ісінде кадр мөлшерін дәл анықтау – оның көркемдік композициясын табудағы шешуші фактор; 2) телевизиялық кадр – бір дүркіндік телевизиялық толық кескін. Ол жарты кадр деп аталатын, толық емес екі кескіннен тұрады; 3) фотографиялық кадр – белгілі бір өлшеммен түсірілген нысанның жеке дара кескіні.

Кадр

Кадр (франц. cadre – жеке құрам) – 1) кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың маманданған кәсіби қызметкерлерінің негізгі (штаттағы) құрамы; 2) мемлекеттің Қарулы Күштеріндегі нақты қызметтегі командалық және қатардағы құрам. Ел өміріндегі басты саяси және экономикалық мәселелердің дұрыс шешімін табуы – кадрдың біліміне, тәжірибесіне, жеке қасиетіне, сондай-ақ, оларды тиімді орналастырып, пайдалануға байланысты. Біздің елімізде кадрды түрлі оқу орындарында арнайы оқытып, даярлау жан-жақты жолға қойылған; қ. Білім беру.

7. Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілі. Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында қолданылуы, ішкі ырғақ ескеріліп отырады. Монтаж - фильмнің идеялық-көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі. Режиссер Монтаж арқылы өтіп жатқан оқиғаның әрбір эпизодтарындағы мазмұнды көрінісін көрнекілендіріп отырады. Дыбыссыз кинодағы Монтаждың рөлі зор. Ол көп жағдайда дыбыс ролін атқарады. Кино өнерінде дыбыстың пайда болуына байланысты монтаждау тәсілдері арқылы бейне мен сөздің, музыка мен шудың үйлесімділігі сияқты жаңа проблемелар шешілетін болды. Монтаждық үлгіні дамытып, оны жетілдіру саласында Д.ВертовА.П. ДовженкоЛ.В. КулешовВ.И. ПудовкинС.М. ЭйзенштейнС.И. Юткевич сынды кино қайраткерлерінің шығармашылығы тәжірибесі үлкен роль атқарды. Қазақстан кинематографиясындағы Монтаждың үлгілері Ш.Айманов пен О.Әбішев, т.б. шығармашығынан көрініс тапты.

8. Тікелей эфирге қойылатын талаптар

«Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс прцесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезінде мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзетуге хабарға пайдаланатын дыбыстық жазбаны сол сәтте ретке келтіруге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы – шарт. Өйткені, қалың бұқара бірден құлақ түретін телеарнадан тіл қатудың қарапайым іс-әрекет емес екендігі белгілі. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіліктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі. Бұл әрине журналистке тән қасиет.

9.Радио және тікелей эфирКөптеген танымдық анықтамалық­тарға сүйенсек, «эфир» сөзі грек тілінен аударғанда «ауаның жоғарғы қабаты» немесе «жоғарғы ауа» деген мағына береді. Бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы – «әуе толқыны».Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңғы технология­лық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанр­лық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және пси­хологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйе­сі.

Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимы­лыңды қалт жібермей, дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режис­сер, дыбыс режиссері, телефон қоңы­рауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар.

Осы тұрғыдан келгенде, тікелей эфир – бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәти­жесінде жүзеге асатын іс-әрекет.

«Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс проце­сінің ең негізгі ережесі деуге әбден бо­лады

Қазақ радиосы, республикалық радиохабары – Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына арналған радио хабары, бұқаралық ақпарат құралдарының негізгілерінің бірі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялаы арқылы таратылады. Қазақ радиосы қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, әзербайжан, түрік, корей, татар тілдерінде хабар береді. Ол жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады. Ұлттық ақпараттық-музыкалық “Шалқар” бағдарламасы жұмыс істейді.

Республиклық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар

10.Дисплей (ағылш. display — корсету, калпына келтіру) — электрондысөулелік түтікше (ЭЛТ) экранында ақпаратты корсетіп бейнелеуге арналған құрылғы, бейнетерминалӘріптерсандар, мөтін, кестелер немесе графиктер, суреттер, сызбалар түріне байланысты ақпаратты бейнелейтін әріпті-сандық және графикалық дисплей деп бөлінеді.

14. Бір мың тоғыз жүз жиырма алтыншы жыл — "Наука и техника" журналында "Алыстан көру саласындағы ең жаңа жетістіктер" атты (20 маусым) мақала жарияланды. Авторы орыс ғалымы, электрондық теледидардың негізін салушы, профессор Б.Розинг. Оның мақаласында атап айтқанда жас физик Б. Грабовскийдің "Телефот" деген атқа ие болған жұмысы туралы айтылды. Өзінің әріптестері В.Попов және Н.Пискуновпен бірге Грабовский электрондық коммутацияның бірегей сұлбасын ұсынды, оның көмегімен экрандағы қозғалыссыз бейнені "тірілту" мүмкін болды. Осылайша теледидардын ен күрделі проблемаларының бірі - шешілді.

16. Камераның механигi немесе бейне-инженер – камераға техникалық қызмет көрестiлудi және оның қондырылуын қамтамасыз етедi.

30. Ракурс[1]раккурс (фр. raccourcіr — қысқарту) — бейнелейтін денені, затты немесе архитектуралық пошымды перспективалық тұрғыдан қысқарту. Заттың төбесінен, астынан немесе жанынан қарағанда қысқарып көрінуін де ракурс деп атайды

51

МИКРАФОН деген қай елдің сөзі

Микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындарды дыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспага түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофоидарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), кондансаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен-күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де дзаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементген жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік ра-диобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады .

40. Индикатор (ағылш. Indicator) -

  1. құрылғының қалып-күйінің немесе есептеуіш жүйенің жұмыс процесі кезіндегі мәліметтердің өзгерісін немесе жеке программаның орындалуын қамтып көрсететін мәліметтер элементі;

  2. ақпаратты көзбен көруге қайта жаңғыртатын құрылғы;

  3. программалауда — мәні процестің нәтижелеріне немесе белгілі шарттардың орындалуына тәуелді телінетін айнымалы.[1]

  4. Индикатор (ағылш. Indicator-көрееткіш). Дененің ∆l абсолют ұзаруын өлшеуге, зерттеуге арналған құрал. Тәжірибеде бөлік дәлдігі 0,01 мм болып келетін индикатор жиі пайдаланылады.[2]

368. Мәтін (текст; text) — 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.

Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтанугерменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.

1) мәтіннің барлық әлементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).

2) мәтін әлементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);

З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);

4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);

5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);

6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);

7) мәтін — қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы).

349. Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпаратәңгіме

350.Радиохабар - радиобайланыстың көмегімен әуе толқындары арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық - саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық үгіт пен насихат жұртшылықты оқыту - ағарту құралдарының бірі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары бір түрі.

Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық саяси жанрлар, көркем публицистикалық жанрлар (радиоочерк, радиофельетон, радиокомпозиция), көркем жанрлар (радиоинсценировка, радиопьеса, тағы басқа). Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музыкалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалға драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.

.

358.

Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.

Хабарлағышқа орнатылған ұшқындық аралық тербелмелі контур жіберіп - таратушы антеннамен индуктивті байланыста және онымен резонанстық күйге келтіріледі. Сигналды тіркеу тәсілдері әуе толқындар (радиотолқындар) арқылы жіберген сигналды (хабарды) қабылда алады. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан - А. С. Попов.

346

Интервью— көсемсөзжанры, журналистіңбірнебірнешеадамменқандайдабірөзектімәселетөңірегіндесұхбатжүргізуіинтервьюбарысындабелгілібіроқиғаның, күбылыстыңмән-мазмүнымаманәңгімелесушініңтүсіндіруі, айтуыбойыншатереңашылады. Интервьюжанры, негізінен, хабарламалыинтервьюжәнетүсіңдірмеліинтервьюболыпекігебөлінеді. Олардың өзі ілттей жіктеледі.

  • Хабарламалы интервью түріне — тілші мен әңгімелесуші екеуінің сұрау-жауап түріндегі диалог интервью тілшінің бір ғана сұрау беріп, оған әңгімелесушінің ұзақтау жауабы монолог интервью, әңгімелесуші айтқанының мазмұны ғана түйіліп берілетін мазмұндама интервью жатады. Бұларда түсіндіру талдау болмайды, сұхбаттың есебі ретінде ғана танылады.

  • Түсіндірмелі интервью түрлеріне — интервью суреттеме, баспасөз маслихаттық дөңгелек үстел басыңдағы әңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұларда дерек, оқиға, құбылыс хабарланып қана қоймайды, олардың қыр-сыры кеңірек түсіндіріліп, күрделі жайттарға түсіндірме беріледі.

Брифинг сұхбат берушілердің ұсынымен, жұртқа қажетті нәрсені түсіндіріп қою ниетімен өткізіледі. Баспасөз мәслихатында көптеген бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері қатысуымен бір сала немесе әлденеше маманмен қатар сұхбат жүргізіледі. Журналистер кезекпен сұрау қойып, сұхбаттаушыпар оған жауап береді. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеде нақты бір проблемамен айналысатын мамандар шақырылып, оларға қатар сұрақтар қойылады да, жауаптары тыңдалады.

347

Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпаратәңгіме.

348

Сұхбат

  • 1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері: клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

  • 2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат. Сұрақ — 1) оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтау үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар бір-бірімен қарым-қатынас барысында ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау. Сұхбат оқушылардың, студенттердің білімін әр қырынан тексеру үшін қойылады.

345

Пікір — ойлау формасы.

Қоршаған ортаны танып, біле келе, нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз. Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: "Бұл нәрсенің жылтырайтын, майысатын, балкығыштық, қызу өткізгіштік, электр тоғын өткізгіштік қасиеттері бар". Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды керсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы "мына зат ақ емес", "мына кітапқызықты емес" дейміз. Затта әр белгінін; бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасында пайымдалады. Сөйтіп, пікір дегеніміз — заттар, белгілер немесе зат пен оның белгілері арасындағы қарым-қатынаста (терістеу не костау түрінде) бейнеленетін ойлау формасы. Пікір ұғымдармен салыстырғанда құрылымы жағынан күрделірек келеді, өйткені ұғым пікірдің құрамына кіреді.

"Астана — Қазақстан астанасы" деген пікір екі ұғымнан құрылған: 1. "Астана", 2. "Қазақстан". Ұғымдардан бөтен пікірде жүйелі құрауыш ретінде байланыстырушы сөз болады. Оны Сонымен, пікірді мынадай формуламен өрнектейміз:

S дегеніміз — Р немесе S— Р.

Терістеуші пікір үшін пікір формуласы: S дегеніміз — Р емес.

Ал көбінесе "дегеніміз", "деп", "айтамыз", "болып саналады" деген сияқты байланыс сөздері пікірде айтылмай, тек ойда болады.

342

Жаңалық - жалпы ғылыми өлшем; ол зерттеулер нәтижесінде алынған жаңа білімді бейнелейді, зерттеулердің түріне қарай елеулі түрде өзгеріп отырады. Іргелі зерттеулерде - бұл жаңа ғылыми тұжырымдамаларзаңдылықтарқолданбалы зерттеулердеәдістемелік принциптер, жете зерттеулерде нақтылы нұсқауларережелер

Жаңалықты енгізу

Жаңалықты енгізу - жүйенің бір түрден екінші күйге өтуін туғызатын жаңа тұрақты элеметтерді енгізу, ортасына кіргізетін мақсатты бағыттағы өзгерістер. Тәсілдің сипатына қарай жаңалық өзгерістер интенсивті және экстенсивті болып бөлінеді.

341

Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.

Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші — халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.

339

Музыка(грек. musіke, тура мағынасында музалар өнері) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Муз. шығармалар: мазмұны жағынан – лирик., эпик., драм., қаһармандық, трагед., т.б

Өзінің эмоциалық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциалық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциалық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.

337

Факт — әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады.

  1. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.

  2. Объективті тіршілік ететін шындық, нақтылық.

335

Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.

  • Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.

  • Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған. [1]Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді.

329

ДӨҢГЕЛЕКҮСТЕЛ - агаштақтайданкиыстырыпжасалган, биіктігіекі-үшқарысшамасындагыаласаүстел. Тертаяқтыболыпкеледі. Көшпеліортадабетідөңгелекпішіндіетіпжасалуынабайланыстыосылай

аталган. Д. ү. қазақтардыңжартылайотырықшылыққакөшебастаганкезеңіндебасқахалықтарменэтномәденибайланыстараясындапайдаболып, жаппайтаралган. Қазақжерініңоңтүстік-шыгысөңірлеріндеоныжозыдепатайды (қ. Жозы). Д. ү. киізүйдіңортасынаеңқүрметтіорынғасанала-тынторгежақынқойылады. Оныңбетінекестеленгендастарқанжабылып, айналасынакөрпешелертөселеді.

328

Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қарасөзбен баяндайтыншағынкөркем шығарма жанры. Әңгіменіңжанрлықерекшеліктеріоқиғаныбаяндау тәсілі, композициялық, сюжеттікқұрылысы, көркемдікжүйесіарқылыайқындалады. Әңгіменіңкөлемішағын,кейіпкерлер саныаз, сюжетұйытқысынқұрайтыноқиғаныңбасталуы, шарықтаушегіменшешіміболады. Онда адам, оныңөміріментағдыры, асамаңыздыдегеноқиғажинақыберіледі. Мұндабірайтылғанжайларғақайтаоралуға, тәтпіштепбаяндауға, ұзақсуреттеугеорынжоқ. Әңгімежанрыазсуретарқылыкөпжайдыаңғартабілетінайрықшакөркемдікшеберліктіталапетеді. Оқиғакөбінебіріншіжақтанбаяндалып, әңгімешініңоқиғағатікелейқатыстылығынкөрсетеді. Б. МайлинЖ. АймауытовМ. ӘуезовҒ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

325

Қазақ Вальсі - қазақ биі. Биді қойып, алғаш сахнаға шығарған, Ш.Жиенқұлова. Музыкасы Л.Хамидидікі. Музыкалық өлшемі 3/4. Ырғағы жеңіл әрі екпінді. Би қазақ қыздарының талшыбықтай бітімін, кәусардай тазалығы мен биязылығын бейнелейді. Бидің 2 нұсқасы бар. Алғашқы нұсқасын автордың өзі кезінде одақтық және шет ел сахналарында билейді. Бір топ қыздардың билеуіне лайықталған екінші нұсқасы 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде Үлкен театрдакөрсетілді.

321

План (лат. planum — жазықтық) —

  1. жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін сызба (топографиялық План);

  2. қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің горизонталь қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі;

  3. горизонталь проекция

План элементтері –– сызбада көрсетілген сызықтық контурлардың, аудандардың, масштабтан тыс объектілердің, жазулардың шартты белгілері. План элементтері өздерінің бейнеленуі бойынша штрихтық, аялық, жартылай түсті құйылған және түрлі түсті болып бөлінеді. План элементтері тушьпен, қарындашпен, сондай-ақ декольдермен және темплеттермен сызылады.

315

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі. Жанр ұғымының мазмұны әдеби процесс барысында ұдайы өзгеріске түсіп, күрделеніп отыр, мұның өзі жанр туралы ғылыми түсініктердің әлі де жетілмегендігін көрсетеді. “Жанр” сөзі француз тілінде “тек” ұғымын береді, сондықтан да эпослирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі (қ. Әдебиеттің тегі мен түрі). Ал шын мәнінде жанрлар аталған үш тек пен әдеби түр құрамына кіреді. жанрдың әдебиеттің тегі мен түрінің қайсысына жататынын көркем шығарманың эстет. сапасы, көлемі, соған сәйкес жалпы құрылымы айқындайды. Тарихи тұрғыдан алғанда, ұлттық өнердегі кез келген жанр біржола жоғалып кетпейді, тарихи объективті жағдайға байланысты белгілі бір кезеңде әдеби процесте “кейін шегінуі” мүмкін. Бұрын болған кейбір жанр жаңа уақыт талабына қайта сай келсе, “жанрлық жад” (М.Бахтин) қайта оянып, соның негізінде әлгі жанр түрленіп, әдеби процесте алдыңғы қатарға шығады. Әдебиет тарихында барлық дәуірді басынан өткеріп, жоғалмаған жанрға мысалды жатқызуға болады. Кейінгі дәуірде қайта өрлеген жанрларға трагедия мен новелла жатады. Кез келген жанрдың тарихи даму жолы өте күрделі, өйткені, әрбір ұлы суреткердің шығармашылығында ол түрленіп отырады. Мыс., әдебиеттегі психологиялық роман жанры адамның ішкі әлеміне терең бойлау процесінде қалыптасты.

288

Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы (15.7.1944 ж.т., Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс а.) – тарих ғылым докторы (1988), профессор (1989). ҚР Саясаттану ғылым академиясының академик (1997). Ленинград (қазіргіСанкт-Петербург) мемлекеттік университеттін бітірген (1970). Қазақстан мемлекеттік теле-радио жүйесінде кіші редактор, бас редактордың орынбасары, Бүкілодақтық радионың Қазақстандағы меншікті тілшісі (1970–74), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан, (1974–81); 1981 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақстанжурналистика академиясының президенті. «Партийное руководство средствами массовой информации: история, опыт, проблемы, перспективы» тақырыбында доктор диссертация қорғады. 350-ден астам ғыл. жарияланымның, 19 монографияның авторы.

Касымбекова Саида Кеншиновна 103гр. Журналистика.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]