Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
telekhabar_zhasaudyn_tekhnologiasy_surak_zhauap...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.58 Кб
Скачать

[Өңдеу]Кадр

Кадр (франц. cadre – жеке құрам) – 1) кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың маманданған кәсіби қызметкерлерінің негізгі (штаттағы) құрамы; 2) мемлекеттің Қарулы Күштеріндегі нақты қызметтегі командалық және қатардағы құрам. Ел өміріндегі басты саяси және экономикалық мәселелердің дұрыс шешімін табуы – кадрдың біліміне, тәжірибесіне, жеке қасиетіне, сондай-ақ, оларды тиімді орналастырып, пайдалануға байланысты. Біздің елімізде кадрды түрлі оқу орындарында арнайы оқытып, даярлау жан-жақты жолға қойылған; қ. Білім беру.

111. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы 1995 жылдан бастау алады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігі құрылады. Бұл телеарна "Қазақстан" телеарнасынан бағдарламаны тарату үшін уақыттар алып, өзінің бағдарламасын эфирге бере бастады. Кейін телеарна республика аланыңдағы жана ғимаратқа көшірілді. Мұнда бастапқыда 3 камералы АСБ болды. Студияның аумағы 60 шаршы метрден тұрды. Ол кезде телеарнаның бас инженері Вадим Черневский болды. Ол түрлі түсті телекино аппаратурасын нақыштауға қатысты.

"Хабар" телеарнасының негізгі базасы Астанаға ауысуына байланысты Желтоқсан және Тимирязев көшелерінің киылысындағы ғимаратка Алматылық филиалы орналасты. "Хабар" телеарнасының бұдан басқа филиалы жоқ. Алматылық филиалында 4 және 3 камералық АСБ-сы бар. Қазір студияларда алғашқы мезгілдегідей декорациялар қойылмайды, ол компьютерлер арқылы орындалады. Олар біріктіріліп АСК делінеді. АСБ аппаратуралары әрқилы дүниежүз. фирмалардан, ал камералары жапондық Sony фирмасынан алынған. Әрбір АСБ-ны баскарушы инженерлер бар. Телеарнаның бас инженері Александр Петров. Ол жұмысты "Қазақстан" телеарнасында 1962 ж: бастаған. Ол бұл күндері "Хабар" телеарнасының Алматы филиалының хабар таратудағы бас маманы. Телеарнаның 3 эфирлік аппаратында бағдарламалар құрастырылады: бірінде "Хабар", екіншісінде "Еларна", үшіншісі ғарыштык серік арнасы "Caspionet". Монтаждау аппаратураларының саны 8. Телеарна сигналы ғарыштык серікке "Кателко" арқылы жеткізіледі. "Хабар" телеарнасының Алматы филиалының тех. директоры Айдын Бәтікей, осы қызметті 2009 ж. бастап аткаруда.

Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын бес арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» және «Ел арна» телеарналары, ұлттық жерсерік (спутниктік) телеарнасы – «Kazakh TV», сонымен қатар кабельдік желілерде тәулік бойы хабар тарататын «24 KZ» және ағартушылық бағыттағы бағдарламаларды эфирге шығаратын «Білім» телеарнасы кіреді. Сонымен бірге агенттік құрамында «Classic» радиосы да бар.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі – агенттіктің басты акционері. . Компанияда 600-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Хабар таратудағы басым бағыт – жаңалықтар. Ақпараттарды жеткізудегі негізгі принциптер – жеделдік, эксклюзивтік, толық және нанымды болуы. Ақпараттық бағдарламалар эфирлік уақыттың үштен бір бөлігіне дейін құрайды. Ақпараттар дирекциясында екі жүзден аса адам жұмыс істейді. Ақпарат Қазақстандағы 14 және ТМД елдеріндегі 5 меншікті тілшілер қосыны арқылы жинақталады. Сондай-ақ меншікті репортаждар жер шарының Солтүстік жартысындағы 12 негізгі елдерде де әзірленеді. Соның арқасында Агенттік ауқымы Қазақстандағы басқа кез-келген ақпараттық компанияның мүмкіндігі жетпейтін тілшілер жүйесін қалыптастырып отыр. Осыған қарамастан «Хабар» жоспарлы түрде өзінің шетелдік тілшілер қосынын ұлғайта түсуде. Жеке ақпараттарынан тыс компания әріптестік бағдарламалары аясында белді әлемдік агенттіктердің өнімдерін де кеңінен пайдаланады.

Директорлар кеңесі 7 адамнан құралған, оның үшеуі тәуелсіз директордан тұрады. Басқарма атқарушы ұйым болып табылады.

114. Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасының заманауи медиа кеңістігінде халыққа қоғамда орын алған жайттар туралы жаңалықтар мен талдамалы бағдарламаларды үздіксіз, әрі жедел ұсынатын ақпараттық-телевизиялық агенттік болып табылады.

Телеарна «билік – БАҚ – қоғам – тұлға» тізбегін құрайтын саясат, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрді байланыстырушы басты құрал болып табылады. Сондай-ақ қазіргі таңда әртүрлі жанрдағы бағдарламалар қатарын толықтырып, дамытып отыр. Бірақ та жаңалықтар қызметіне баса назар аударылған. Телеарнадағы ақпарат таратудың басты қағидаттары – жеделдік, эксклюзивтік, нақты әрі әділ ақпарат тарату. Еліміздің басты ұлттық телеарнасы бүгінде қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады. Телеарнаның негізгі бағыты – мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту.

Агенттік өзінің төл туындыларынан басқа, әріптестік келісім негізінде әлемдегі басты ақпараттық агенттіктердің өнімдерін қолданады. Бүгінде «Хабар» телеарнасында ақпараттық-отбасылық тұрпаттағы 39 бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығуда.

Эфирге шығарылатын бағдарламалардың 75%-ы телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірлетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Оның ішінде телеарна мамандары аударатын көркем және деректі фильмдер де бар.

Телеарна тікелей эфирде спорттық көрсетілімдерді (Олимпиада ойындары, футболдан әлем және Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, т.б.) көрермен назарына ұсынып отырады. Арнаның техникалық және шығармашылық қоры саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды оқиға орынан тікелей эфирде көрсетуге мүмкіндік береді.

329.РЕПОРТАЖ. Оқырмандарға журналистік көзбен – көрушінің немесе қатысушы кісінің тікелей ұғымы арқылы қандай да болсын оқиға туралы көрнекі түсінік берілетін материал ретінде репортажға анықтама берілген. Репортаж оперативті түрде, қажетті егжей-тегжейлерімен және айқын етіліп, ең маңызды да қызықты жағдайды қабылдауды көздейді. Бұл оқырманға репортер хабарлаған оқиға туралы өзі, өзі көзімен көргендей мүмкіндік жасайды.

Репортаждың түрін анықтағанда айдарларына, бас тақырыптарына емес, маңыздылығына, оқиғаның өзінің мазмұнына, журналист алдына қойған мақсаттарына, мұнда әрекет  орнын еске ала отырып, жаңалықты жазу сипатына т.б. сүйену керек. Осыған сүйене отырып, репортаждың 3 түрін: оқиғалы, тақырыптық деп бөлінеді.

Репортаж - журналистік іс-әрекеттің бір түрі; оқиға орнынан баспа, радио, теледидар арқылы берілетін, ішкі және халықаралық өмір оқиғалары туралы ақпаратәңгіме.

11Монитор (monіtor) — 1) компьютер жадындағы мәтіндерді, бейнелерді экранда көрсететін құрылғы; оны дисплей, экран, ал кейде бейне-блок деп те атайды. Монитор электронды-сәулелік түтікшеден, бейнекүшейткіштен, жайма генераторы, қоректендіру бөлшегі және оларды басқару сұлбаларынан тұрады. Монитордағы кескінді құрастыру бөлшегі дербес компьютердің негізгі қорабында – жүйелік блогінде орналасады. Кейбір тұрмыста қолданылатын компьютерлерде Монитор орнына қосымша модуляторлық құрылғымен толықтырылған үйдегі телеэкранды пайдалануға болады. Мониторлар мәтіндік және график. режимде жұмыс істей алады. Мәтіндік режимде – Монитор экранына тек символдар шығарылып, олар таңбалық генератормен қалыптастырылатын ASCІІ-кодтарының ұлттық әріптермен кеңейтілген символдар жинағынан тұрады. Графикалық режимде – экранда өте майда мозаик.бейнелер шығарылады. Монитордың график.режимі аса қажетті болып саналады және оның айқындылығы пиксельдер мөлшерімен анықталатын экранның айқындау қабілетіне байланысты. Соңғы кезде VGA және SuperVGA типті Мониторлар қолданылып келеді. Олар мәліметтерді мәтіндік және график. режимдердің екеуінде де экрандағы пиксельдік нүктелер санына байланысты кез келген ақпарат түрлерін сапалы түрде бейнелейді. Монитордың мәліметті жақсы көрсетіп, оларды айқындау қабілеті экрандағы нүктелер санына байланысты, мыс., горизонталь бағытта 200 нүктені, ал вертикаль бағытта 640 нүктені бейнелейтін (640*200), сондай-ақ 800*600, 1024*768 (SuperVGA) және айқындау қабілеті одан да жоғары Мониторлар бар. Экрандағы нүктелер саны артқан сайын, яғни нүкте көлемі кішірейген сайын (0,2 – 0,31 мм) Монитор сапасы да, бағасы да арта түседі. Түрлі түсті Мониторларда нүктелер көлемі 0,24 мм болады. Нүктелер көлемі 0,39 мм-ден үлкен Мониторларда экрандағы бейне анық көрсетілмейді. Мониторлар монохромды (ақ-қара түсті) және түрлі түсті болып ажыратылады. Монитордың негізгі сипаттамасына экран диагоналының дюйммен (1 дюйм=2,54 см) берілген қашықтығы жатады, мыс., 14 дюйм, 15 дюйм, т.б. Алып жүруге ыңғайлы компьютерге (note-book) арналған Монитордың электронды-сәулелік түтікшесіз сұйық кристалды және сенсорлық экранды түрлері бар. Сұйық кристалдар электр кернеуінің әсерімен өз құрылымын, түсін және оптик. қасиеттерін өзгерте алады. Сұйық кристалдар құрамына басқа түсті ерітінділерді қосып және электр өрісін өзгерте отырып, жоғары сапалы 15 млн-нан аса түстерді бейнелей алатын экрандағы нүктелер саны 1024*768 немесе 1280*1024 болатын Мониторлар жасауға болады. Бұлардың салмағы жеңіл, көлемі кіші және денсаулыққа зиянды электро-магниттік толқындары болмайды; 2) Компьютердегі мәліметтерді өңдеу жүйесінде орындалатын операцияларды бақылайтын, реттейтін немесе тексеретін машиналық бағдарлама. Бағдарламалау тілдерінде – бөлінбейтін мәліметтік қорлармен (ресурстармен) байланыс ұйымдастыратын жоғары деңгейдегі әрекеттесу ісін жүзеге асырады.[1]№2552

№59

11. Анонс деген хабарлар туралы қысқаша түсінік.

Анонс - болашақ концерттер, вернисаждар, кинофестивальдар, кітап жәрмеңкесі, жаппай серуен т.б. жайлы жарияланатын түсініктемесіз хабарламалар.

60

  1. Титр дегеніміз кадрге анықтама беретін жазу. Кино суретіндегі түсіндірме сөздер.

Вопрос № 51

МИКРАФОН деген қай елдің сөзі

Микрофон – бұл дыбыс жазуға арналған құрылғы. Микрофондар дыбыстық толқындарды дыбыстық сигналдарға айналдырады, дәлірек айтса акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі - гректің «микро» - аз, шағын, «фоне» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Иидукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспага түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофоидарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), кондансаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен-күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де дзаиндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементген жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік ра-диобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады .

Конденсаторлы микрофон

Конденсаторлы микрофон - сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр куатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған. «Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесс шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни косымша ток күшінің қажеті жоқ.

Микрофондар сезімталдығы

Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына эсер еткен уақытта эр түрлі тербелісте болады. Әр түрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан эсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады: дөңгелек, жүрекше тәрізді және сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты. Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардьщ сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өздігінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет.

Вопрос № 52

Монтаж деген қай елдің сөзі

Монтаж (фр. montage) кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілі. Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында қолданылуы, ішкі ырғақ ескеріліп отырады. Монтаж - фильмнің идеялық-көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі. Режиссер Монтаж арқылы өтіп жатқан оқиғаның әрбір эпизодтарындағы мазмұнды көрінісін көрнекілендіріп отырады. Дыбыссыз кинодағы Монтаждың рөлі зор. Ол көп жағдайда дыбыс ролін атқарады. Кино өнерінде дыбыстың пайда болуына байланысты монтаждау тәсілдері арқылы бейне мен сөздің, музыка мен шудың үйлесімділігі сияқты жаңа проблемелар шешілетін болды. Монтаждық үлгіні дамытып, оны жетілдіру саласында Д.Вертов, А.П. Довженко, Л.В. Кулешов, В.И. Пудовкин, С.М. Эйзенштейн, С.И. Юткевич сынды кино қайраткерлерінің шығармашылығы тәжірибесі үлкен роль атқарды. Қазақстан кинематографиясындағы Монтаждың үлгілері Ш.Айманов пен О.Әбішев, т.б. шығармашығынан көрініс тапты.

Акустикалық монтаж

Акустикалық монтаж - радиохабардағы жеке дыбыстық элементтерді және дыбыстық үзінділерді бір құрылымдық жүйемен үнтаспада басын қосып, біріктіріп жазудың техникалық процесі.

Сонымен қатар мазмұндық және дыбыстық құрылымдар байланысының біртұтас жүйесі, яғни драматург, конструкция қызметін атқарушы жүйе.

Монтаж - деректі материалды көркемдеп ұйымдастырудың тәсілі. Бір пікірді бірнеше мағынада қолданып, әр оқиғаның мазмұнын бірнеше қырынан ашу үшін пайдалануға болады. Монтажды тікелей эфирде де іске асыруға болады, яғни жалпыхалықтық, ұлттық сипаттағы хабарларды ұйымдастырудың, бір тақырыпты ашу аясында бірнеше хабарды бір-бірімен сабақтастыра беру. Бұл - монтажды қосақтастырып қатар қолдану түрі.

Вопрос № 55

Диктор деген кім

Диктор - микрофон алдында немесе экранда қоғамдық-саяси, әдеби-музыкалық, т.б. хабардарлық мәтіндерін нақышына келтіріп оқитын радиохабар мен теледидар қызметкері. Студиядан тыс хабар тарату ісінде (кәсіпорындардан, оқиға өтіп жатқан жерлерден, т.б.) Д. әдетте хабар жүргізуші ретінде сөйлейді. Қазақстанда белгілі дикторлар қатарында Ә.Байжанбаев, Л.Сейітов, М.Сержанов, С.Жақанова, т.б. бар.

Жүргізуші (ведущий, announcer, host). Бұған радио, телевизия, сахна өнері және түрлі мәдени іс-шараларын жүргізетін барлық жүргізушілерді жатқызуға болады.

Жүргізуші - өмірлік тәжірибесі мол, жан-жақты, білімді, рухани әлеуеті мықты, алғыр әрі әзілқой, ойлау қабілеті жылдам тапқыр, кішіпейіл бола тұра өзіне сенімді, адамдармен жайлы қарым-қатынас жасай алатын тұлға.

Радио, телевизия жүргізушілері үшін студияда жазылым (запись) жасатуға мүмкіндік болса да көбінесе тікелей эфир таңдалып жатады. Жүргізушілер алдымен бағдарлама қонақтарын таныстырады, әңгіменің көрігін қыздырып, бағытын түзейді және телефон арқылы көрермен, тыңдаушы қауыммен байланыс жасауы мүмкін. Тікелей мағынасы бойынша түсіндірсек, жүргізуші дегеніміз тыңдаушылар мен көрерменді бағдарламаның айналасына топтастырушы. Кең арнада қарастырсақ, тыңдау, пайымдау, сөйлеу, баяндау және әртістік өнерді меңгерген сезімтал жан болуға тиіс.

Ресейлік әріптестеріміздің жазуларына қарағанда, радио мен телевизия жүргізушілерінің өзара елеулі айырмашылықтары бар:

Бағдарлама мәтінін жазған автор, журналистің өзінің жүргізуі;

Автордың дайындаған мәтіні бойынша әртістер мен тележүргізуші оны өзінің туындысы іспетті жүргізуі;

Сала мамандарын (заңгер, ұстаз, психолог, экономист) жүргізушілікке шақырту;

Сахна жүргізушілерінің телемамандармен салыстырғанда өзіндік өзгешеліктері бар. Уақыт пен кеңістікте де елеулі айырмашылықтар кездеседі. Олар көрерменмен қазіргі шақта бетпе бет кездеседі.

Жалпы бүгінгі телевизия өмірінде де аудиториямен тікелей қатынас алға шығып бара жатқандықтан талап негізінен ортақ деуге болады.

Тікелей эфир дикторы, жүргізушілері. (диктор трансляций, ведущий трансляций, transmitter) Тікелей эфир бағдарламаларын көбінесе тәжірибелі жүргізушілер атқарады. Оның жауапкершілігі де айтарлықтай. Мемлекеттік немесе халықаралық маңызы бар ірі іс шаралардың ашылу немесе жабылу салтанатты рәсімдері кезінде тікелей эфир арқылы оқиғаны халыққа жеткізу оңай шаруа емес. «Азиада» тұсында тікелей эфирге жүргізуші болып тағайындалған белгілі әншінің тележурналистикадағы тәжірибесіздігі халыққа сол сәтте әшкере болғаны телевизия ұжымдарына үлкен сабақ болса керек. Жүргізушінің жеке дайындығы да бұл жерде елеулі рөл атқармақ.

Диктор, тележүргізушілердің еңбек өнімділігінің нәтижесі нақты материалдық зат еместігі белгілі. Керісінше, адам руханиятының жемісі болып табылатындықтан үнемі алға ілгерілеуге ұмтылып жетілдіре түсуге бағытталады. Сол арқылы халықтың рухани сұраныстарын қанағаттандырғанда ғана диктор, жүргізушілер еңбегінің нәтижесі жемісті болады.

Тыңдаушы, көрермен қауым тікелей эфир арқылы қабылдаған бағдарламаға көңілдері толып қанағаттанғанда ғана диктор, жүргізушінің еңбегі ақталады деген сөз. Сондықтан, бағдарлама жүргізуші үшін кәсіби шеберлігін әрдайым шыңдап, жетілдіріп отыру талабы қойылады.

Вопрос № 62

Дыбыс режиссері деген кім

Режиссер (фр. regіsseur, лат. rego – басқарамын) – сахнада драмалық немесе муз. туындыны қоятын театр қызметкері. Режиссер - Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен - соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссері-бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.

Радиодағы хабарлар жанры жағынан әр түрлі болған сайын режиссер еңбегі де күрделене түседі. Бұрынырақтарда радиода жиі кездесетін радиокомпозиция, радиоочерк, радиофельетон, т.б. сияқты жанрлардың, көркем әдеби хабарлардың, радиодраматургияның азайып кеткендігі де радиорежиссерлерінің жұмысын бір жақты, бір сарынды бағытқа ауыстырып жібергендей.

Жақсы режиссер оператор, жөндеуші, топмейстер, дыбыс рсжиссері сияқты көмекшілері бола тұра бар жұмысты өзі атқара береді. Ол алдымен, жұмысты бастамас бұрын хабардың мәтінімен танысады. Сонан соң күллі көркемдеуші элементтерді дайындайды, музыканың естілу уақытын да сол белгілейді. Кез келген жерден музыканы үзіп тастауға болмайды, белгілі бір жеріне дейін ойнатып, сонан соң біртіндеп барып хабардың жабылу процесіне сай аяқтау қажет. Эстетикалық талғам, тыңдаушыға жетер әсер басты талап болуы тиіс.

Тікелей эфирде режиссерден жинақылық, шапшаңдық талап етіледі. Дер кезінде қажетті шуларды, музыкаларды жіберу, фонограмманы қосу т.б. әрекеттер ашық эфирде тез орындалуы тиіс. Кейде шақырылған адамдар келмей қалады, кешігеді, ондайда хабар жоспары өзгереді. Ендігі жерде режиссердің жедел шешімі керек. Әрине, режиссер көмекшісінің, оператордың жәрдемдері кажет. Хабардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету де соның міндеті. Кейде жүргізуші сөйлеп тұрады, ал радиодан естілмейді. Сондықтан, студия мен апараттық бөлме арасын байланыстыратын микрофоннан басқа наушниктер де қолданылады.

Дыбыс режиссері

Дыбыс режиссері - телевизия мен радиода жүмыс істейтін дыбыстық материалдарды дайындауды ұйымдастыруға басшылық жасайтын, фонотекалық материалдарды таңдайтын, дыбыстың техникалық, көркемдік сапасын бақылайтын, дәл уақытында дыбыстық эффектілерді қосып, тоқтатып тұруды, микшерлеуді, фонограмма жазуды бақылайтын шығармашылық қызметкер.

Вопрос № 64

Тележурналисттің құралы

Бейнекамера — теледидарлық бейнежазуға арналған, құралымы кассеталық бейнемагнитофонмен біріктірілген, шағын әрі тасымалдауға ыңғайлы электрондық аспап. Бейнекамерада бейне және дыбыс сигналдарын жазу үшін ені 12,7 немесе 8 мм-лік магниттік таспа қолданылады. Сондай-ақ, онда жазылған бейнені қайта көруге мүмкіндік беретін электронды бейнеіздегіш те болады.

Вопрос № 66

Оператор туралы түсінік

Оператор, математикада – математикалық ұғым. Оператор ұғымы көбіне функционалдық анализде, сызықтық алгебрада, векторлық кеңістікті бейнелеуде қолданылады. Мұнда А операторы R сызықтық кеңістігінде жатқан х элементін R3 сызықтық кеңістігінде жатқан у элементіне ауыстырады: y=А(x). А О-ы кей жерлерде анықталмауы мүмкін, онда оның анықталу облысы DA=D(A) ізделінеді. Егер Х пен Y векторлық кеңістік болса, Х-тің элементін Y-тің элементіне бейнелейтін барлық Операторлар жиынынан сызықтық операторлар класын бөліп алуға болады, ал қалғаны сызықтық емес Операторлар деп аталады. Егер Х пен Y топологиялық векторлық кеңістік болса, Х-тен Y-ке бейнелейтін О-лар жиынынан үзіліссіз Операторлар класын, шектелген Операторлар класын, сызықтық компакт Операторлар класын бөліп алуға болады. Топологиялық векторлық кеңістікте сызықтық Операторларды қарастыру функционалдық анализдің басты бөлімін құрайды. Физыка және матемематика анализдің көптеген мәселелерінде дифференциалдық Операторлар мен интегралдық Операторлар маңызды рөл атқарады. Операторлардың әр түрлі қасиеттерін, оларға жүргізілетін амалдарды және Операторлардың әр түрлі математикалық есептерді шешу кезінде қолданылуын зерттеу мәселелерімен операторлар теориясы шұғылданады.

Информатикада

Информатикада – компьютер жұмысын бақылап, басқарып отыратын, оған мәліметтер енгізіп, нәтижелерінің шығарылуын тексеретін маман. Операторлар компьютер орталықтарында, компьютер желілерінде, ақпаратты өңдеу жүйелерінде электрондық құрылғылар жұмысын сүйемелдеу қызметін атқарады.

Техникада

Техникада – пульт арқылы күрделі жабдықтардың жұмысын басқарушы маман (мысалы, радиолокациялық стансалар, бұрғылау кондырғылары, электронды есептеуіш машиналарында, т.б.).

Кинода

Кинода – кинофильм көріністерін түсіруші маман (кинооператор).

Вопрос № 67

Телестудия деген не

Телевизия(Қарағанды қаласы,Интернационалист жауынгер көшесі,14),радиоэлектронды құралдар арқылы көретін ақпаратты қашықтыққа тарату, бұқаралық ақпарат құралдарының ең көп тараған түрінің бірі. Құрамына облыстық телерадио орталық және телестудия кіреді.

Алғашқы телевизия хабары эфирге 1958жылында 31тамызда шықты және ол Шахтер күніне арналғанды. Орталық телевизияның алғашқы бағдарламасы 1968 жылында ,республикалық 1978 жылында қабылданды. Облыстағы ең байырғы студия «Қазақстан-Қарағаңды» ТАК болып табылады. Хабардың жалпы көл.тәул. 35 сағат, жергілікті телевизия хабарлары жылына 438 сағат, областық халкының 97,2%-ы телевизия хабарларын тамашалады(1985).№1, №9 және 12 канаддарда жұмыс істейтін хабар таратқыш аппаратура Теміртау қаласында және өблыстың ауылдық аудандарында орнатылған.Түрлі түсті бейнелі 1 және 2-бүкілодактық, республикалық және облыстық бағдарламалар қабылданды. Бейнехабарлар тарататын қондырғылар құрастырылған. Тәул.бойына жұмыс істейгін бейнежабдығы, жарық бергіш,түрлі түсті бейнелі телекамералармен кинокамералар,көшпелі телевизиялық станция бар.

Жердегі«Орбита» космостық байланыс станция жүмыс істейді.Телемүнарасының биіктігі 180м.Хабар Қазақ,орыс тілдерінде беріледі.Басты орынды қоғамдық-саяси тақырыпка,х.ш. интенсивтендіру проблемаларына,көмір, металлургия, машинажасау,а.ш.салаларын, ғылым мен мәдениетті дамыту хабарлары алады.

1991 жылында Телевизия және радио хабарларын тарату комитеті Телерадиокомпания болып кайта құрылды.Телерадиоорталық пен телерадиокомпания бірегей телерадиохабары торабына бірікті. Сол уақытттан тележарнамаға және бәсекелес телекомпаниялардың пайда болуы сияқты жаңа бағыттар туындады.

1990-жылдардын соңында цифрлік Телевизия дамыды, ол хабарлар сапасын арттырды.

1990-жылдардың ортасынан тәуелсіз телестанциялар торабы дамыды.

1992 жылында областық телерадиокомпания базасында тұңғыш «Комтек» телеканалы құрылды, телерадиокомпания жиілігінде «Сарыарқа» жекеменшік телекомпаниясы эфирге шығып тұрды.

2006 жыддың сәуіріне дейін облыста 17 эфирлік және 11 кабельдік телекомпания жұмыс істейді, оның ішінде облысқа хабар тарататындары:«5канал», ТК «ТВ-АРТ», ТК «31 канал—Қарағанды», ТК «Карағанды». Телевизия шағын қалаларда да дамып келеді.Теміртауда 5эфирлік станция («Испат—Сфера», ТКТ, ТК, «43 канал», ТК «ТВ- 29»), бір-бірден Балқаш (ТК «Бертіс-видео» ), Жезқазған (ТК«Дидар»), Приозерск («Приозерск телестудиясы»)қалаларында жұмыс істейді.

Вопрос № 91

Сөйлеу техникасы дегеніміз не

Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.[1]

Сөйлеу актісі (лат. actus) орыс. акт речи —белгілі қоғамдық ортада қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, арнайы мақсатта жүзете асырылатын сөйлеу әрекеті. Сөйлеу актісінің негізгі белгілері: белгілі бір мақсат көзделетіндігі; қалыптасқан дәстүрге сай шарттылық сипат болатындығы.

Вопрос № 111

«Хабар» телеарнасының тарихы қай жылдан басталады

“Хабар” — агенттік, телеарна. 1994 жылдың тамызында Қазақстан респ. телерадио корпорациясы (ҚРТРК) жанынан құрылған Ұлттық телевиз. ақпараттық агенттіктен бастау алады. 1995 ж. 23 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен “Хабар” агенттігі Республикасы мемлекетт3к. мекемесі болып құрылды. 1997 жылдың 27 қаңтарынан бастап өз жиілігінде хабар тарата бастаған агенттік 1998 жылдың 14 мамырында “Хабар” агенттігі жабық акцион. қоғамы болып құрылды. 2003 жылдың қазан айында ашық акцион. қоғамға айналған агенттік құрамында қазір “Хабар” арнасымен қатар “Ел арна” арнасы, ”Caspіonet” спутниктік арнасы, “Classic” радио арнасы және www.khabar.kz интернет-порталы бар. ”Хабар” телевиз. арнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады, жаңалықтарға басымдылық беріледі. Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде тілшілер бөлімі жұмыс істейді. Төл репортаждары Еуропа, Азия және Солт. Американың 12 елінен әзірленеді. Әріптестік бағдарламалар аясында әлемдегі алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктер өнімдерін де пайдаланады. Ақпараттық-публицистик., қоғамдық-саяси және экон., ғыл.-ағартушылық, мәдени, ойын-сауықтық, спорттық бағдарламалары жақсы танымал арна ұсынатын телевиз. сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында. “Хабар” — әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын тікелей көрсетеді. Агенттіктің тех. базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. “Ел арнадан” тәулігіне 16 сағат бойы телевиз. ойын-сауықтық хабарлар беріледі. Шамамен 9,5 млн. адам көретін арнада әлеум., танымдық және мәдени бағдарламалар, көркем және деректі фильмдер, телесериалдар басым көрсетіледі. Хабарлар қазақ және орыс тілдерінде. “Caspіonet” спутниктік арнасы арқылы Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африканың солт. бөлігін қамтитын тәулік бойы ұлттық ақпарат таратылады. Шамамен 99 млн. көрермен “Caspіonet” арқылы Қазақстан мен Орт. Азия елдері өмірінің барлық саласымен барынша толық та объективті түрде танысуға мүмкіндік алады. Жаңалықтарға басымдық берілетін арна хабарлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. “Хабар” радиосы — қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады. Ақпараттық және муз. бағдарламаларға басымдық беріледі. www.khabar.kz интернет-порталы — елдегі және әлемдегі маңызды оқиғаларға байланысты ақпараттар ұсынады. Агенттіктің жыл сайын өткізетін ірі акциялары; еуразиялық Медиа Форум — жыл сайын өткізіледі. “Хабар” агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату кеңесі (АВU), Азия-Тынық мұхит жаңалықтар агенттіктері ұйымдары (OANA), Азия-Тынық мұхитының хабар таратуын дамыту ин-ты (AҚBD) құрамына енеді.

Вопрос № 94

Кадрде дұрыс сөйлеу үшін нені меңгеру керек

Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.

Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.

Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.

№210

13. Тележурналистиканың әлеуметтік функциясы дегеніміз - белгілі бір басқару жүйесіндегі саяси-әлеуметтік негіздегі өмір салтын көрсету арқылы бұқараның санасына тікелей ықпал ету.

№212

14. Талқыланатын мәселе бойынша қарама-қарсы көзқарастағы беделді маман иелерінің ойын, пікірін анықтау мақсатында студияға көрермендерді қатыстыру арқылы хабар ұйымдастырып көрсету формасы – ток-шоу деп аталады. Бұл термин біздің тілімізге шеттен енген. Соңғы жылдары экранда жиі көрсетіліп келеді. Атап айтар болсақ, Қазақстан ұлттық арнасындағы «Көршілер» бағдарламасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы ток-шоу түрінде өтеді.

№213

15. Тележурналистиканың ақпараттық функциясы дегеніміз адамның және қоғамның ақпараттық сұранысын қамтамасыз ету. «Қазақстан», «Хабар» арналарындағы жаңалықтар қызметі халықты күн сайын болып жатқан ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етіп отырады. Еліміздегі 7 Арна, 24KZ ақпараттық арна болып табылады.

№214

16. Елімізде болып жатқан әр-түрлі оқиғаларды ізін суытпай, жедел жеткізетін, тәулік аясында бірнеше рет берілетін қандай хабар – ол ақпараттық хабар. Күн сайын телеэкраннан біз жаңалықтарды көру арқылы еліміздегі және шет елдердегі соңғы жаңалықтардан хабардар болып отырамыз.

№215

17. Тележурналистиканың рекреативтік функциясы дегеніміз адамның еңбек процесіне жұмсаған күш-қуатының орнын толтыру. Оған түрлі көңілашар бағдарламалар жатады. Мәселен, «Жайдарман», «Нысана», «Шаншар» т.б.

№218

18. Тележурналистиканың интегративті функциясы дегеніміз адамзатқа, ұлтқа тән құндылықтарды адам баласының бойына сіңіру.

Бұған «Қазақстан» арнасындағы «Жиһанкез» бағдарламасын жатқыза аламыз.

№232

19. Теледидар теориясы жайлы еңбек жазған ғалым – Марат Барманқұлов. Ғалымның телевидение жайлы жазған «Телевидение: деньги или власть», "Журналистика для всех", "Весь мир у Вас в квартире" деген кітаптары бар.

№238

20. Тележурналистиканың аудиториясы көрермендер деп аталады. Себебі телевидение бейнелеуіш құрал болғандықтан оны барлық көрермен көре алады. Сол көрермендер арқылы телеарналар өз аудиториясын зерттейді.

№ 90 сұрақ

Молния деген не?

Телерадиобайланысты таратуға арналған жердің жасанды серіктері.

Байланыс желілерін құру үшін ақпаратты бір қолданушыдан екінші қолданушыға жеткізетін тарату және коммутация құралдары қолданылады. Тарату және коммутация функциялары басқарудың аппараттық және бағдарламалық құралдарымен жүзеге асырылады. Олар екі қолданушы арасындағы байланыс орнату процессін автоматтандыруға септігін тигізеді. Нақты байланыс желілерінде тарату, коммутация және басқару құрылғылары кеңістікте тармақталып орнатылған. Байланыс желісі деп хабарлама таратуды қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар жиынтығын айтамыз. Желілердегі электрлік байланыс түрлеріне қатысты оларды телефондық, телеграфтық, деректерді тасымалдау, теледидар ақпаратын тарату және радио ақпарат тарату желілері деп атайды. Тарататын хабарламалар сипатына байланысты желілер екі түрге бөлінеді:  1) дара хабарламаларды тарату желілері – дара, индивидуалды сипатқа ие хабарламаларды таратуға арналған, яғни жеке адамдарға қызымет ететін желілер (телефон, телеграф, факсимильді және деректерді тасымалдау желілері);  2) көпшілік хабарламаларды тарату желілері – көпшілік сипатқа ие хабарламаларды таратуға арналған, яғни бір уақытта біршама адамға қызымет ететін желілер (дыбыс және теледидар ақпаратын тарату желілері және т.б.).  Біздің территориямызда қызымет ететін желілердің көпшілігі ортақ қолданыстағы желілер болып табылады, яғни әрбір қолданушы оларды хабарлама тарату және қабылдау үшін қолдана алады.  Осы байланыс саласының бір түрі-спутниктік байланыс.Спутниктік байланыс-жасанды жер серіктерін ретранслятор ретінде қолдануға негізделген радио байланыстың бір түрі.Спутниктік байланыс станционарлы және қозғалмалы болып келетін жер станциялары арқылы жүзеге асады.Спутниктік байланыс ретрансляторды өте жоғарғы биікке орналастыру арқылы жүзеге асатын дәстүрлі радиорелелік байланыстың дамуы болып табылады.

№ 91 сұрақ

Сөйлеу техникасы дегеніміз не?

Сөйлеу техникасы дегеніміз - тыныс алу, артикуляция, дикция, интонация, фонетика, орфоэпия заңдылықтарын меңгеру нәтижесінде дұрыс сөйлеу.

Сахнада әдемі сөйлеу, әсерлі сөйлеу, мәнді де мәнерлі, жұмсақ, күштеп, батырып сөйлеудің әрбірі әр түрлі ойлардың нәтижелері. Яғни, сөздің қаншалықты дәрежеде айтылуы, актердің ой-ұшқырлығына байланысты болып келеді. Сөйтіп, пайыздық өлшемдерге ие болады. Академик З.Қабдолов: «... драмадағы ең басты, ең шешуші, ең негізгі нәрсе – тіл. Пьесаның күші де, әлсіздігі де тілде; пьесадағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көздеген  жерге дір етіп тиердей дәл, көкейге саулап құйылардай таза, мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мәнді болып келуге тиіс»  – дейді. Ал, мағыналы сөз – жүйелі ойдың нәтижесі екені белгілі.

Актер ойының жемісі тілінде, сөйлеген сөзінде. Осыған қатысты кәсіби қазақ театрының  ардагер  артистерін жоғары бағалауға болады. Бұл жайында талай жазылды да, айтыла бермек. Себебі, олар өз заманының көрермендерін, сыншыларын сөз шеберліктерімен қаншалықты тәнті етсе, қазіргі заман театр зерттеушілері де сол сахна майталмандарын бүгінгі көз қараспен де тамсанып, жас ұрпаққа жеткізуде.   

Сөз әрекетін меңгеру үшін сахналық тілді  жетік  білу міндеттеледі. Сахналық тіл  – өзінің ішкі сан сырлы астарымен, қатпарлы мағынасымен,  тұңғиық тереңдігімен, пішіндік сымбатымен жалпы, идеяның символы ретінде актер шеберлігі айқындылығының көрінісі.

«Тұжырып айтқанда, сөз әрекеті – стилистикалық, грамматикалық, синтаксистік, логикалық, ритмикалық сипаттардан сөздің мағынасы мен образын өріп шығаратын эстетикалық ұғым. Оларды өз мақсатына сай орынды пайдалану – көркемдік принципі». 

Сондай-ақ, актердің сөзі оның психологиясының да көрсеткіші. Себебі, актер ішкі психологиялық тебіренісі мен сыртқы пішіндік көрінісі бір- біріне сай болғанда ғана нағыз кейіпкер бейнесін жасап шығармақ. Бұл жердегі ішкі психологиялық тебіреніс ішкі сөзге  – монологқа, сыртқы пішіндік көрініс сыртқы сөз әрекетіне саяды.

Сахнада болсын, жалпы пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайла­рына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктерімен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысында Қ.Жарықбаев «Психология» атты кітабында сөйлеуді бірнеше түрге бөледі. Олардың  сыртқы және ішкі сөйлеу болып екі үлкен топқа жіктелуі де актердің сөйлеу техникасы мен сөз тудыру үдерісінде маңызды роль атқарады. Сонымен, жеке-жеке тоқталайық.

Ішкі сөйлеу.

Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлеу алушылықты айтады. Психологиялық тұрғыда ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған делінгенімен, сахнадағы болып жатқан оқиға желісінде кездесіп жататын үнсіздік немесе кідіріс (пауза) кезінде актер ішкі сөзін – (внутренний монолог) көрерменге көз жанары немесе белгілі бір қисынды ишаралар жасауы арқылы ұғындыра білуі керек. Осылайша ішкі сөздің сыртқы сөзге әсерін немесе ой құрылымының сөз әрекетіне ықпал етуін заңды құбылыс ретінде қарастырамыз.  Сонда ғана актер мен көрермен арасында іштей байланыс пайда болады. Қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсыновта, «Айтатын лебіз ашық, мағыналы болуы үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болу керек. Адам анық танитын нәрсесін анық айтады да, көмескі танитын нәрсесін көмескі күңгірт айтады » –  деп, біліп сөйлеу мен білмей сөйлеудің парқын айтады.

 Сондай-ақ, ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені, адам әр кезде де өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сол себептен де ішкі сөйлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың қажеті де болмайды.

Сыртқы сөйлеу.

Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді.

1. Ауызша сөйлеу – диалог және монолог. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диолог сөз еркін және ойды кең жайып айтуды тілейді. Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, әрі әңгімелесушілердің өздеріне ғана түсінікті болады. Ал, сахнадағы диалог өнер көрсетіп жатқан артистердің өздеріне ғана емес, ең алдымен көрерменге түсінікті болуы керек. Сонымен қатар диалогтың логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі) кемдеу болады. Диалог сөз ым-ишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (мимика, жест) толықтырылып отырады. Яғни, пікірлесудің  қандай  түрі  болса да, сөйлеу  формалары арқылы жүзеге асып отырады. Ал, монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі. Монолог сөз мәнерлі, адамға ерекше әсер ететін сәттер сазына келтіріліп айтылуы қажет. Монолог сөз жайында келесі мақалаларда кеңінен тоқталатын боламыз.

2. Жазбаша сөйлеу – сөйлеудің ерекше бір түрі. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Жазуда грамматиканың ережелері қатаң ескеріледі. Ал, пьесаны сахнаға шығарғанда жазылған сөздердің ауызша айтылуын дәл тауып, яғни орфоэпияны (оның ішінде сингармонизм заңдылығын) білу керек. Сөйлеу тілі, тіл нормаларын жетік меңгергенде ғана ерекшеленеді.     

Қорыта айтқанда, сахнада актер ішкі сөзді жоғарыда айтылғандай көз жанары арқылы немесе қисынды бір ишаралар келтіру арқылы жеткізсе, дыбысты сөздерін көрермен назарына түйме дейді түйедей қылып болмаса да өз әсерлілігімен, дауыс ырғағымен, күш-қуатымен қажетті деңгейде көркемдік үлгіде ұсынуы қажет.

Мысалы, Тұңғышбай әл-Тарази «Сөз» атты кітабында былай дейді: «Алымды актер әр спектакль сайын кейпіне енетін кейіпкеріне деген беймаза көзқараспен, жаңа шығармашылық тебіреніспен ойнайды. Ол тіпті, жүзінші мәрте сахнаға шығып тұрса да спектакльді қай күні қандай құлшыныспен ойнарын, шығармашылық шарықтаудың қай биігіне жетерін алдын-ала болжай алмайды, өйткені, ондай күй – сиқырлы суреткерлік серпіліс, табиғи құбылыс ретінде адам баласының ықтиярынсыз, көзге көрінбейтін, көбіне актердің өзіне де біліне бермейтін сезім байланыстары арқылы коммуникациялық арналармен көрерменге жетіп жатады. Бұл арналарды теориялық түрде сезім – әрекет – сөз деп жүйелеуге болады». Яғни, актердің сезімі, айтпақ болған ойы ішкі сөзбен өріліп барып өзіне сай сыртқы сөз немесе сөз әрекетін тудырады. Бұл үдеріс – сөз тудыру үдерісі.   

«Сахнада сөз айту бір басқа да, сөз тудыру өз алдына бөлек мәселе. Сөз айта білудің өзі оңай болмай тұрғанда, актер  үшін сөз тудыру мәселесі тіпті күрделі, әрі жауапты іс болып табылады. Оған үйрететін – сахна тілі. Сахна тілі, актерлармен қатар режиссерларды, теле-радио жүргізушілерін, лекторларды, ұжым басшыларын және қоғам-қайраткерлерін, сондай-ақ, адвокаттар мен соттардың сөйлеу шеберлігін шыңдайтын пән.

Сахнада сөз тудыру, ішкі сезім мен ой ұшқырлығын басқарудан  басталады. Сөйлегенде дыбыс фонетикасын іздеуден аулақ болып керісінше, кейіпкердің психологиясын ашуға ұмтылу ғана жетістікке жеткізері сөзсіз.

Өйткені сөз арқылы мінез-құлық, мінез-құлықтан барып кейіпкер бейнесі туындайды. Сөйлеу шеберлігі және сөйлеу әрекеті негізінен сөзді тудыру процесіне ықпал етуші сезім мүшелері арқылы өрбиді. Біз оған К.С.Станиславскийдің белгілі жүйесі – «Бес сезім» – көру, есту, сезіну, дәм сезу, иіс сезуді негізге аламыз. Осы заңдылықтарды ескере отырып сөз әрекетіне көшеміз. Студент немесе актердың роль жасауы үшін бұл жүйенің атқаратын міндеті орасан. Себебі, актер тек көргені мен естігендерінің бейнесін жасап қана қоймай, қиял көзі арқылы көрмеген, естімегендерін де тудыруға тиіс».

Жалпы, сахна тілінің басты мақсаты рөлді орындау барысында сөйлеуге машықтандыру,   әрбір сөздің мәнін түсініп, табиғатын тануға баулу, кейіпкер образын аша түсетін штрихтарға талдау жасау, ондағы әр сөзге мән беру, оның орындалуын, сахналық үлгісін жасау, тілдік сөз қорын байыту, мәнерін жетілдіру. Бір сөзбен айтқанда сөйлеу техникасын жақсарту. Біз қарастырып отырған сөз әрекетіне ой ұшқырлығы қаншалықты ықпал етсе, сөйлеу техникасының да соншалықты әсері бары белгілі. 

Сөз, ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «Сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ертедегі қазақ жұртының ғұламасы Жүсіп Баласағұн да «Ақылдың көркі тіл – тілдің көркі сөз» деп, тауып айтқан. Себебі, тіл арқылы актердің шеберлігі, тәжірибесі, сана-сезімі көрермен қауымның игілігіне айналады.

Ғылымда сөз әрекеті мен қимыл-әрекеті жеке дара қарастырылғанымен, сахналық  қойылым  кезінде (тәжірибеде) бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады. «Ал артиске өз кейіпкерін керемет шебер де нанымды орындауы үшін оның сахнадағы қимыл – қозғалысымен бірге сөз техникасын, тынысты, дауысты меңгеруі қажет».

 Сахнада, іс-әрекеттен барып сөз әрекеті туады. Ал, кей  жағдайда қимыл-әрекетке алып баратын «ой», яғни сөз. «Актер бір тұтас көріністегі сөйлеу (ән айту) мен дене қимыл-қозғалысын оқиға барысында әр алуан болатын және құбылып отыратын қарқын ырғақпен байланыстыра білуі керек. Егер бұл дағдыға еркіндік болмаса, актердің ырғақты мүмкіндік деңгейі төмендеп сала береді. Сөз, қимыл-әрекетсіз драмалық спектакльдің (ән айтусыз  – операның) болуы мүмкін емес. Егер іс-әрекеттері сөйлеумен сәйкес келмесе не қимыл-қозғалыс сөйлеуге қиындық туғызар болса, сахналық көріністе олардың қимыл-қозғалысы болмай қалады. Мұның салдары актердің мәнерлілікті жоғалтып, қимыл-әрекеттің қасаң (статуарный) болуына әкеп соқтырады. Сөйлеу мен дене қимыл-қозғалысының шебер қабысуы – сөйлеу қозғалтқыш және вокалды қозғалтқыш үйлесімділігінсіз спектакльдің ойналуы мүмкін емес».

Қорыта айтқанда көрерменді сендіріп, көкейіне ой салатын әрекетті сөздің ар жағындағы яғни, оның тууына дейінгі заңдылықтар мен қисынды үдерістердің болу хақында айтылған осынау пікірлер мен дәлелді мысалдар артиске сахнада сөз астарын аша білуге, жүйелі ойланып сөйлеуге, жалпы сезімнен ой өрбітіп дене қимыл-әрекетінің көмегімен сөз әрекетін атқаруға көмектесетініне сенеміз

№ 92 сұрақ

Тележурналистикадағы режиссура дегеніміз не?

Тележурналистикадағы режиссура - тележурналистиканың бейнелеуші құралдарын пайдаланып,сценарийлік мәтінді экрандық сипаттағы толыққанды телетуындыға айналдыру.

№93 сұрақ

Кадрдегі сөйлеу техникасының өзіне тән ең басты ерекшелігін ата.

Бейне мен сөздің үндестігі.

№94 сұрақ

Кадрде дұрыс сөйлеу үшін нені меңгеру керек?

Кадрде дұрыс сөйлеу үшін - сөйлеу мәдениетін.

Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеуге адамның анатомиялық мүшелері қатысады, алайда ол адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне тығыз байланысты. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты.  Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады.  Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі: 1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы). 2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері). 3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары). Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген.  Ойдың және сөйлеудің дамуы  Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жете алмайды.  Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.  Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.  Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу - өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.  Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің арасында психологиялық айырмалар да баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше, бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып жеткізуге шорқақ.  Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология» кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953 жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі: әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады... Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу деп атауға болады.  Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден жеңіл болады. Онай болатын себебі – сөйлеушілер бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан, қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан, бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне қояды...  Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу жақтарына онша көп талап қойылмайды. Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда барлығы ақырына дейін толық баяндалуы керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты түрде құрылуы қажет».  Сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер  Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.  ... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағды-дағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды».  Сөзді тыңдай білмеу  Кейбір адамдардың ерсі мінездері бар: басқаның сөзіне құлақ қоймайтын, өзіне айтылған сөзді аяғына дейін тыңдай білмейтін, өзгелердің сөзіне ретсіз араласып, әңгіменің шырқын бұзатын. Содан сөйлеп отырған адам кейде қақалып – шашалып, тұтығып та қалады. Әрбір адам өз басындағы осы кемшіліктер мен күресе білсе, біздің сөйлеу мәдениетіміз де одан әрі дами түсер еді.  Және де кейбір адамдар диалогтық сөйлеудің талаптарын орындай бермейді. Содан көп сөйлеп, бір сөзді сан мәрте қайталап, тыңдаушысын жалықтырып та алады. Олардың ішінде өзіне қойылған сұрауларға, қарсы пікірлерге жауап бермей, өз ойын тәптіштеп айта беретіндері де кездеседі. Бұл да сөйлеу мәдениетіндегі әдепсіздік. 

№95 сұрақ

Телжурналистика тікелей эфирінің негізгі аспектілері қайсы?

Лингвистикалық, психологиялық.

№96 сұрақ

Телеарнаның бастамасымен жүзеге асатын бұқаралық іс-шараларды ата:

Телеакция,теемарафон.

№97 сұрақ

Интернет пен тележурналистиканың ақпарат кеңістігіндегі арақатынасы қандай?

  • Бірін-бірі толықтырады.

Журналистиканың әрбір түрі (газет, журнал, радио немесе телебағдарлама) нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де олардың ішінде публицистикалық, көркем және ғылыми, т.б. шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады. Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді. Сонымен қатар аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын ғылыми, көркем, т.б. шығармалар да публицистикалық формада таратылады. Журналистика өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады (қ. Баспасөз жанрлары). Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т.б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, журналдаррадио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

№98 сұрақ

Авторлық бағдарлама үшін қандай аудитория таңдалып алынады?

  • Мақсаттық аудтория.

№99 сұрақ

Теледидар аудиториясының ауқымын көрсететін қандай өлшем?

  • Рейтингтік көрсеткіші.

Қазақстанда телеарналардың рейтингін анықтайтын бірден-бір компания – TNS Gallup Media Asia екенін бұған дейін талай жазғанбыз. Халықаралық компания бізде ғана емес, Ресейде және Орталық Азияның басқа да елдерінде зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бірақ бұл компанияның жұмыс істеу қағидалары Ресейдің өзінде де, бізде де көп сыналды. Ресейлік телесала мамандары бұл компания жүргізген рейтингтердің шынайылығына күмән келтірсе, бізде зерттеу жүргізудің нысаны күдік тудыратын. Себебі бұл компания рейтингті республика бойынша 700-дей үй шаруашылығында телевидение көру жиілігін қадағалайтын «пипл­метр» атты құралмен анықтайды. Ал осы «пиплметрдің» кімдерге таратылғаны, яғни қазақ көременінің таңдауын кім анықтайтыны жайлы ақпарат бүгінге дейін жария емес.  Бізге белгілі ақпарат – зерттеу Қазақстан­­ның 14 облысын түгел қамтиды делінсе де, оның аясына тұрғын халқының саны 100 000-нан асатын қалалар ғана кіретін. Басқаша айтқанда, TNS Gallup Media Asia зерттеу нысанына бұған дейін тек ірі қалалар мен қала типтес аудан орталықтары ғана ілінетін. Басым көпшілігі қазақтар тұратын ауылды аймақтар, халық саны 100 мыңнан кем елдімекендер бұл зерттеуден сырт қалатын. Сондықтан да соңғы бірнеше жылда TNS Gallup Media Asia зерттеу нәтижелеріне сай, Қазақстан бойынша ең көрермені көп деп «Еуразия-Бірінші арна» телеарнасы аталып келді. Мысал үшін, жоғарыдағы компанияның зерттеулері бойынша «Еуразия-Бірінші арнаның» 2012 жыл бойы 18 жастан жоғары көрермен арасында орташа тәуліктік көрсетілімі 28 пайыз болған. Осылайша, бұл телеарна ұзақ жылдар бойы аудиториясы жағынан да, көрермен сұранысы бойынша да бірінші орында деп саналып келді. Бұл сараптаманың қате екені бұған дейін талай рет айтылып, жазылды да.  Қоғамдық пікірдің пәрменімен TNS Gallup Media Asia 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап өзінің зерттеу нысанына тұрғын халқы 100 мыңнан кем елді мекендерді, яғни Қазақстан аумағын түгел қосты, содан бері рейтинг көрсеткіштері де өзгеріп шыға келді. Биылғы жылдың басынан ақпан айының 10-ына дейінгі жүргізілген зерттеу нәтижесінде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бірінші орында. Көрсетілім рейтингі бойынша орташа тәуліктік көрсеткіші – 23,2 пайыз. Алты жасар баладан бастап қартқа дейін, қазақ немесе орыс тілінде сөйлейтін аудитория арасында да ұлттық арна озық шыққан.  Шындығында, «Қазақстан» те­ле­ар­насының алғашқы орында екені ешқандай зерттеусіз-ақ белгілі болатын. Себебі бүгінгі таңда республиканың хабар тарату аумағы бойынша «Қазақстан» елдің 93,2 пайызын қамтиды. Халықтың басым бөлігі қазақша сөйлейтін аумақты түгел қамтитын телеарнаның көрсетілім рейтингі жоғары болуы заңды да.  Басқа телеарналар «Отау ТВ» спут­никтік жүйесі іске қосылғалы бері ғана республиканың алыс аумақтарына хабар таратуға мүмкіндік алды. Ал жаңадан ашылған «Балапан», «Мәдениет», «Білім» телеарналары тек кабельдік-спутниктік жүйе арқылы таратады. Егер техникалық тарату мүмкіндігі дұрыс жолға қойылса, онда телеарналар арасында шын бәсеке енді ғана басталды деуге негіз бар.  Әлбетте, ұлттық телеарна қызмет­кер­лерінің сапалы телехабар дайындаудағы еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Оның үстіне, 2011 жылдың қыркүйегінен бас­тап «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар таратып келеді. Таза қазақ тілінде хабар таратып, елдегі қазақ және орыс тіліндегі телеарналар арасында рейтингі жоғары, мерейі үстем шығуы – айтарлықтай жеңіс.

№100 сұрақ.

Телеаудиторияны зерттеудің дәстүрлі тәсілі қайсы?

Социологиялық зерттеу. Социологиялық сұрау - белгілі бір адамдар тобына сұрақтар қою арқылы жүргізілетін алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық сана кұбылыстары туралы немесе жай фактілер, окиғалар, үрдістер жайлы ақпарат алу

«31-канал» телеарнасы қашан құрылған

31 арна — жалпыұлттық қазақстандық коммерциялық телеарна. Қазақстандағы ең табысты әрі танымал телекомпания. 1992 жылы 12 сәуірде «31 арна» хабар тарата бастады.

Телеарна туралы

TNS Gallop Media мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, «6-54 Жас» көрермендері арасында арнаның үлесі 19%-ды құрады. Бұл «31 арна» тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Үшінші тоқсанда, көрермен үлесі бойынша «31 арна» таяу бәсекелесін басып озып, ұстанымын нығайтып, Қазақстан нарығында екінші орынды иеленді.

1992 жылы 12 сәуірде «31 арна» хабар тарата бастады.

2001 жылдың 1 ақпанында ТРК «31 арна» Қазақстанның 14 қаласында жалпыұлттық тележелісін құрды.

2008 жылдың 1 наурызынан бастап «31 арнаның» хабарлар реті жаңа ойын-сауықтық үлгіге көшті: «31 арна» телерадиокомпаниясы мен «СТС Медиа», жаңа холдинг – «31 арна» компаниялар тобын құру туралы келісім-шарт жасасты. Қазір бағдарламалар реті, арнайы «31 арна» үшін жасалған және алынған, жергілікті және шетелдік бағдарламалық өнімдерден тұрады. Эфирдегі хабарлардың басым бөлігі телеарнаның қазақ тіліндегі өнімдері. «31 арнаның» негізгі көрермендері 6 мен 54 жас аралығындағы белсенді жандар.

«31 арна» эфирінде қазақ және орыс тілдерінде жаңалықтар, тақырыптық және көркем фильмдер, сериалдар ток-шоу, балалар хабарлары мен мәдени-тарихи және ойын-сауық бағдарламалар беріледі. Сапалы әзіл-оспақ жобалары – «31 арнаның» мақтанышы. Қазақ тіліндегі тұңғыш «Әзіл студио» әзіл-оспақ қойылымдары – үш жыл бойы көпшіліктің көңілінен шығып келеді. 2011 жылдың күзінен көрсетіле бастаған «Алға, жастар» әзіл-оспақ жобасы бірден көрерменін баурап әкетті.

Бұған қоса «31 арнадағы» қазақ тіліндегі жобалар: «Ризамын», «Қыздар-ай», «Талант-шоу», «Қазақша концерт», «Ғалам-тоp» жұртышылықтың қызығушылығын тудыруда. Бұл бағдарламалар арнайы біздің көрермендеріміз үшін жасалған және қазақстандықтардың табиғатына жақын әрі, түсінікті.

«31 арна» сапалы кино көрсетілімге де баса назар аударады. Дүйсенбі мен жұма аралығында және демалыс күндері көрермендерге әлемге аты әйгілі үздік режиссерлардың, беделді кинофестивальдардың сыйлығын иеленген картиналар және әлемдік кинематографияның классикасына айналған ең тартымды және қызықты фильмдер ұсынылады. 2011 жылы «31 арна» мен Paramount Pictures киностудиясы киноөнімдерді және The Walt Disney Company эфирден көрсетуге лицензиялық хұқық беру жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Бұл қазақстанық телеарна мен ірі америкалық кинокомпанияның арасындағы тұңғыш жасалған келісім-шарт. Осы келісімге сәйкес, «31 арна» өз көрермендеріне компанияның жаңа өнімдері мен соңғы жылдардағы танымал фильмдерін ұсынатын тұңғыш әрі жалғыз отандық телеарна.

2011 жылдың күзінде «31 арнаның» жаңалықтар қызметіне 15 жыл толды. Осы уақыт аралығында «Информбюроның» форматы бірнеше рет өзгерді, жаңа айдарлар пайда болды, жүргізушілері ауысты. Бағдарлама еліміздегі кәсіби журналистердің бірнеше толқынын дайындап шығарды. Олар еліміздің саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласып, күннің ең өзекті мәселелерін көтерді, маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етіп, жүздеген мұқтаж жандарға көмегін тигізді. Бүгінгі күні де «Информбюро» журналистері өзектілік, өткірлік, сараптама және соны жаңалықтар дайындауды бірінші міндетім деп біледі. Ақпаратты әділ беру, оқиғаларды жедел жария ету, пікір алуандылығы және жарқын бейнелер - «Информбюро» жаңалықтарының басты ұстанымы.

Спутниктік таралым

Егер спутниктік байланыс желісінде болсаңыздар, онда «31 арнаны» «Intelsat 904» торабынан ақысыз көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Өйткені біздің арна «Intelsat 904» желісі арқылы ашық таралымға ие.

Сонымен қатар, «31 арна» көрсетілімін «Қазақтелком» АҚ қызметтер жүйесі арқылы «Intelsat 904» спутниктік пакетіне ие бола отырып, тегін көруге жағдай жасалған. (Толық ақпрататтарды http://www.katelcoplus.kz сайтынан алуға болады.)

Вопрос № 184

«Рахат» телеарнасы қашан құрылған

"СТВ телеарнасы - алғашқы атауы "Рахат". Телеарна эфирге 1994 жылы [[желтоқсан][ында шықты. Оның негізі АСБ, VHS форматы негізінде жапондық "Panasonic" фирмасының аппаратураларынан құрылды. АСБ 2001 жылы БТК форматында жапондық "BETACAM-SP-та" негізделінді. Екі студия, 2 камералық АСБ-мен байланыстырылды. 2004 ж. АСБ жапондық "SONY" DVCAM санды форматына сүйенді. Телеарнаның бас директоры Айгүл Ешмұхамедова, тех. директоры Леонид Шулепов. Телеарнаның бағдарламасы Алматы, Павлодар, Ақтау, Атырау, Талдыкорған калаларында ретрансляцияланды.

Вопрос № 185

«НТК» қашан құрылған

1997 жылы 15 қазанда эфирге шықты. Ол бейнелеу белгілері жапондық 3 студиялық камера және екі күрделі монтаждау аппараттары арқылы калыптастырылды

Аумағы 100 және 60 шаршы метрлік екі студиясы бар. Кейінірек компьютерлік желіге линиялық емес монтаждау аппараттары қосылды. 2006 жылыхабарларды эфирге дайындау толықтай компьютерлік сандық технология бойынша жүзеге асырылды. Бағдарлама хабарларының телевизиялық сигналдары "ТОБЛ" арқылы "Кателко", "Нұрсат-4" станцияларына және "Алма ТВ" кабельдік жүйеге жеткізіледі. Телеарнаның тұңғыш тех. директоры Валерий Маслов. Қазір Андрей Тебенков.

Бұл телеарна 2010 жылы басында ескірген аппаратураларды жаңа технологияга ауыстыруды жоспарлауда. Телеарна бағдарламалары республикамыздың 15 каласына ретрансляциялау арқылы таратылады.

Вопрос № 186

«КТК» телеарнасы қашан құрылған

КТК «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ - тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында өз жұмысын бастады.

Тарихы

КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды.

2002 жылы тамыз айында апталық-сараптамалық «Ел-жұрт» шыға бастады. Ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.

«Қоғамдық қабылдау», «Қылмыс-ақпарат», «Алақан» хабарлары да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

«Миллион кімге бұйырады?» хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев түнгі «Шамшырақ» бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен «Қызық радио» әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен «J-club», «Анда-санда» әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды.

2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа бағдарламалар: «Алаң жұрт» ақпараттық-сараптамалық, «Өз сөзім» авторлық хабары шықты.

Бірегей жоба – «Репортер» 2008 жылдың наурыз айында жарық көрді. Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.

КТК-ның бірнеше жыл қатарынан «Жыл телеарнасы» атануына қазақ хабарларының қосқан үлесі мол. «Күндерек» ақпараттық бағдарлама 2009 жылдың басынан «Жаңалықтар» деп аталды.

Вопрос № 187

Телепублицист Сағат Әшімбаевтің Қазақ теледидарында жүргізген хабарларын ата

«Әдептен» озбайық» теледиспуты теледидар өміріне хабарды берудің тжаңа пішінін әкелді. Қозғалған мәселені көрерменге арнайы дайындалған қойылымдар, оқиғалар арқылы жеткізеді. Бұл тәсіл өте әсерлі шықты әрі тез қабылданды, хабардың мағынасын аша түсті.

«Парыз бен Қарыздың» алғашқы бастамасы болған «Жүректен қоқозғайық» хабары жастардың рухани өмірін саралады. Иықтан басқан ауыр жүк тығырыққа тіреген сәтте қазақ жастарының санасына қозғау салып, болашаққты бағамдады. Тоғышарлықпен кіреукеленен жастардың сезімін тазартуға күш салды. 1983 жылдың наурыз айынан бастап эфирге шыққан теледиспут бірден көрермендердің назарын аударды. Хабардың тілі бай, өткір әрі философиялық тұжырымдамаға толы еді. Жастардың рухани мәдениеті туралы толғанған бұл хабардың мағынасы 10-15 жыл өтсе де әлі күнге мазмұнын жойған жоқ. Хабарда мансапқорлық, еліктеу, көрсеқызарлық, дүниеқоңыздық, тоғышарлық ащы сынға алынады. Тоғышарлық қалай пайда болады? Себебі не? Оны қалай жою керек? Хабарда тек тоғышарлық туралы ғана баяндап қоймайды, оның шығу тегіне үңіледі, жою жолдарын іздейді.

«Жүректен қозғайық»хабарының ерекшелігі – айтылған сөздің өтімділігіне, аяғына дейін жетуіне үлкен мән беруі. Ақ пен қараны қатар, қарсы қою арқылы жастардың көзін шындыққа оңай жеткізеді. Көрерменді тек қуаныш, қол жеткен табыстар туралы айтып толғандыра бермей, өмірдің көлеңкелі кейбір тұстарына тоқталу тәсілімен ойландыра білу – батыл қадам.

Біз 1980-90 жылдардағы жастар хабарын сөз етіп отырсақ та, айтарр пікірімізді бүгінгі өлшеммен толғаймыз. Мұның басты себебі – бұл хабарлардың тақырыбының әлі күнге тың, ескірмегендігі. Бізді жастардың рухани байлығы әлі де алаңдатып келеді. Қалта байлығын рухани байлықтан жоғары қоятын жастардан ертеңгі күні не күтуге болады? Олар қарақан басының қамын күйттеп кетпей ме?

Жастардың желтоқсандағы ерлік қимылдарында халық санасын оятуға себеп болған «Жүректен қозғайықтың» ыстық табы бар, хабар ащы шындықтың тиегін ағытты. Ондағы көтерілген мәселелер бір адамның ғұмырына арқау болатындай салиқалы.

Вопрос № 188

Рабиға Аманжолова жүргізген телехабарды ата

Рәбиға Аманжолова (21. 7.1955 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, Киров ауылы) — тіл маманы, теледиктор.

Иван Франко атындағы Житомир педагогикалық институтын, Целиноград ауылшаруашылық институтын, ҚР Сыртқы істер миннің Дипломатиялық академиясын бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Целиноград облысы телерадио комитетінде Дикторлықтан бастаған. 1988-92 жылдары Қазақ теледидарының дикторы, 1993 жылы Мәскеудегі Останкино студиясы "Уақыт" бағдарламасының жүргізушісі, 2000 жылы Парламент Мәжілісі Баспасөз қызметінің жетекшісі, 2002 жылы Парламенттің Ақпараттық-талдама орталығы директорының орынбасары. Қазір Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тележурналистика кафедрасының оқытушысы.

Көгілдір экран арқылы көрермендер сүйіктісіне айналған "Әнші балапан" хабарының тұрақты жүргізушісі әрі аудиторияның "айрықша көзайымына" айналғаны үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты атанды (1995). Телеэкрандағы ширек ғасырға жуық қызметінде алуан бағыттағы хабарлардың аудитория сүйіктісіне айналған танымал әрі талғампаз жүргізушісі болды.

Дикторлық өнерде Рәбиға ешкімге ұқсамайтын өз мәнерін, өз жолын, өз соқпағын калады. Ол экранда эстетикалық, әрі этикалық тұрғыдан жастар еліктейтін дәрежеге дейін көтерілді. Отандык телевизияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР еңбек сіңірген артисі атағына ие болды. 1987 жылы Мәскеуде Орталық теледидарда, 1992 жылы АҚШ-та "Америка дауысы" радиосында білімін жетілдірді. Жоғары санатты диктор.

Вопрос № 205

Кадр сыртындағы мәтін

Кадр сыртындағы мәтін – бейнетүсірілімге жазылатын журналистік өнім.

Ол таңдалынған тақырыпқа байланысты, сондай-ақ кадр сыртындағы мәтін экрандағы бейнемен сәйкестендіріліп жазылады. Сондықтан мәтін мен бейне арасындағы байланысты айқындай түсу үшін сюжеттің әр секундын, әр мезетін қалт жібермей қадағалап отырып жазылады. Әдетте бірінші тақырып таңдалады, сосын оның сценариі жазылады, кейіннен бейнетүсірілім мен монтаж жасалып, артынша кадр сыртындағы мәтін жазылады.

Вопрос №211

Теледидар хабарларын кез-келген тақырыпта, жанрда, формада студиядан тыс, табиғат аясында, үлкен сарайларда түсіру кезінде қолданылатын техника.

Диктофон(лат. dіcto – сөйлеймін, оқимын және ...фон) – сөзді дыбыс тасығышқа (магниттік таспаға) жазып алатын және оны қайта жаңғыртатын құрылғы. Диктофон магнитофон негізінде жасалған. Бұл тек қана адам дауысына арналған құрал. Көбінесе сұхбат жанрында пайдаланылады. Кей жағдайларда репортажға да қолданылады.

Репортаж кезінде диктофонмен жұмыс істеу үшін журналистің шеберлігі, ептілігі қажет. Өйткені, аудиторияның назары мен сөйлеушінің сөзін немесе қажетті дыбыстық детальдарды үйлестіре алу қажеттігі туады. Диктофонның магнитофоннан бір ерекшелігі - жазылған дыбысты қағазға түсіру үшін баяулату немесе тоқтату тетіктері бар. Яғни, фономашинисткаларға ыңғайлы етіп жасалған. Қазіргі кезде көлемі, сапасы, құны жағынан жаңартылған көптеген түрлері өндіріске енгізілуде. Диктофондармен жұмыс жасау журналист еңбегін ғылыми ұйымдастыруға көмек етеді. Журналист жұмысына жеңілдік бо-лады. Әрі фактілердің, деректердің бұрмаланбауына мүмкіндік жасалады. Бірақ кейбір, талаптарды орындау қажет: асықпай сөйлеу, сөздер мен сөйлемдерді, кейбір күрделі тіркестерді анықтап айту, ретіне қарай қайталап айту, тіпті болмаса әріптермен айту қажет. Диктофон еріннен бірқалыпты деңгейде ұсталуы керек.

Вопрос №217

Кез-келген оқиға, құбылыс жөніндегі тілшінің кадрдегі баяндауы

Синхрон – сюжеттегі небәрі 20 секундқа созылатын сұхбат түрі. Біреудің тілшіге берген сұхбаты, яғни камераға қарап тұрып сөйлеген сөзі. Бейне мен дыбыс үйлесетіндіктен (еріннің қозғалысы), «синхрон» деген ресми техникалық анықтама берілген. Репортаж мәтінінде СНХР деп қысқартылып жазылады.

Вопрос №231

Тележурналистика жанрларын баспасөз, радиожурналистика жанрларымен салыстыра зерттеген ғалымды ата?

Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы (15.7.1944 ж.т., Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс а.) – тарих ғылым докторы (1988), профессор (1989). ҚР Саясаттану ғылым академиясының академик (1997). Ленинград (қазіргіСанкт-Петербург) мемлекеттік университеттін бітірген (1970). Қазақстан мемлекеттік теле-радио жүйесінде кіші редактор, бас редактордың орынбасары, Бүкілодақтық радионың Қазақстандағы меншікті тілшісі (1970–74), ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, декан, (1974–81); 1981 жылдан кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қазақстан журналистика академиясының президенті. «Партийное руководство средствами массовой информации: история, опыт, проблемы, перспективы» тақырыбында доктор диссертация қорғады. 350-ден астам ғыл. жарияланымның, 19 монографияның авторы.

Вопрос №236

"КТК"-қандай арна?

КТК «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ - тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында өз жұмысын бастады.

Тарихы

КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды.

2002 жылы тамыз айында апталық-сараптамалық «Ел-жұрт» шыға бастады. Ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.

«Қоғамдық қабылдау», «Қылмыс-ақпарат», «Алақан» хабарлары да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

«Миллион кімге бұйырады?» хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев түнгі «Шамшырақ» бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен «Қызық радио» әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен «J-club», «Анда-санда» әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды.

2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа бағдарламалар: «Алаң жұрт» ақпараттық-сараптамалық, «Өз сөзім» авторлық хабары шықты.

Бірегей жоба – «Репортер» 2008 жылдың наурыз айында жарық көрді. Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.

КТК-ның бірнеше жыл қатарынан «Жыл телеарнасы» атануына қазақ хабарларының қосқан үлесі мол. «Күндерек» ақпараттық бағдарлама 2009 жылдың басынан «Жаңалықтар» деп аталды.

Вопрос №208

Кез-келген тақырыпта, жанрда, формада ұйымдастырылып, студиялық техниканың бар мүмкіндіктерін толық пайдаланып, телевизиялық хабар, телебағдарлама түсірілетін орын.

Аудитория- теледидар бағдарламаларын көру мүмкіндігіне ие көрермендердің жалпы саны. Олар нақтылы телебағдарламаны және жалпы теледидарды қарайтын нақты әрі әлеуетті аудиторияға бөлінеді.

Вопрос №209

Телехабарларды, бағдарламаларды кімдер дайындап ұйымдастырғанын, хабарға кімдер қатысқанын, олардың аты-жөні, қызметі жазылып көрсетілетін, хабардың басында немесе аяғында кадрде берілетін электоронды жазу.

Заставка – материалдың соңғы жағына қойылатын белгі. Теледидарда бет басы көпшілігінде хабардың басталуында, басында беріледі. Ол тақырыппен байланысты болып, мәтінмен және бастақырыппен үндесіп жатады. Кейбір газеттер мен журналдарда, теледидар мен радиода тұрақты бас тақырыптар да болады.

Вопрос №211

Теледидар хабарларын кез-келген тақырыпта, жанрда, формада студиядан тыс, табиғат аясында, үлкен сарайларда түсіру кезінде қолданылатын техника.

Диктофон- жатқа айту және сөзді дыбыс тасығышқа (магниттік таспа, болат сым, диск т.б.) жазып алатын және оны қайта жаңғыртатын аппарат. Ол көбінесе баяндамашының сөзін, дәрісті және өте қажетті хаттарды жазып алып, қайта тыңдауға арналған. Магнитафонға қарағанда диктофонның жиілік өткізу аралығы кем (300-450 гц.). Осыған сәйкес ондағы дыбыс тасығыштың жылдамдығын кемітіп, (мысалы, магниттік таспа жылдамдығы 4,76 және 2,38 см/сек), бір жыл бойына дыбыс жазу уақытын 1,5 сағатқа дейін ұзартуға болады. Диктофонмен сөз жазу белгілі бір жылдамдықпен жүргізіледі, керек болған жағдайда жазу жылдамдығын өзгертуге, мәтінде кез келген жерінен бөліп немесе толығымен тыңдауға мүмкіндік береді. Диктофон сөзді жазып алумен қатар, сөз арасындағы сөздерді өшіріп басқамен алмастыруға мүмкіндік береді. Батареялы, портативті Диктофон қалтаға сөмкеге салып жүруге ыңғайлы.

Вопрос №222

Студияда тележурналист, диктордың кадрде өзін-өзі еркін ұстап сөйлеуі, пікір айтуы үшін мүмкіндік жасайтын, электронды текст көрсету қондырғысы.

Теле Суфлер – алдын-ала салыстырған хабар мәтіні арқылы қажетті жағдайда бағдарламаның өн бойындағы жүргізушіні ұмытып қалған сөзін есіне салып отыратын монитордағы түрлі жазу.

Вопрос №226

Экран тілінің екі аспектісін ата.

Психологиялық, лингвистикалық. Кино өнерімен бірге дамып, құрылып, жасасып келеді. Теледидар кинодан бір мезгілде экранды және оған қоса аса бай арсеналға ие тұрақты, ауқымды, әсері мол, мәнерлі құрал – тілді де қосып алып, оны өзінің ерекшеліктеріне бағындырады.

Вопрос №227

Теледидардағы "сценарий" ұғымы қайдан енген?

Радио – алыс қашықтыққа сымсыз таралатын жоғары жиілікті электрмагниттік тербелістерді пайдалануға негізделген техника саласы. Радио таратқыш жүйе арқылы электрмагниттік энергияны жан-жаққа тарату және оны қашықтықтан радиоқабылдағыштың антеннасы мен қабылдау мәселелерін іске асырады. 1985 ж. 7 мамырда орыс ғалымы А.С.Попов ойлап тапқан жай білдіргішті көпшілікке көрсетті. Бұл – алғашқы радиоқабылдағыш еді. Қысқа мерзім ішінде радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату – радио хабар тарату мәселесі іске асырылды. Алғашқыда байланыс құралы ретінде шыққан жоғары жиілікті электрлік тербелістер техникасының қазіргі маңызы ерекше.

Вопрос №235

Қалың бұқараға тарату мақсатында үкімет аппаратының баспасөз орталықтарынан келіп түсетін ақпарат.

Ресми хабар –мемлекеттік органдар немесе басқа ұйымдар БАҚ арқылы одан әрі тарату мақсатында ұсынатын ақпарат.

Вопрос №238

Тележурналистиканың аудиториясы қалай аталады?

Көрермендер –түрлі көркемөнер туындыларын театр, кино, теледидар арқылы зейінге алып, қабылдайтын қауым. Олар әр түрлі эстетикалық талғамның өзіндік көзқарастың иелері. Кино, театр, теледидар қнерінде шығармашылық процестің көркемтуындыларлың өзгешелік сипаттарын қоғам өмірінде атқаратын қызметін анық түсіну үшін оларды көрермен қауымның қалай қабылдап, қандай әсер алып отырғанына назар аудару шарт. Көрермендердің талап-тілегін, талғамын өнер иесі еске алмай, есептеспей отыра алмайды. Көркемөнер туындылары қоғамдағы ең озат ой-пікір, талап-талғамдарға сай болуы тиіс.

Вопрос №244

Сценарий бойынша хабарды бір жүйеге келтіру, яғни мәтінді көріністі жинақтап реттеу.

Экспликация – режиссерлік сценарий. Автор дайындаға сценарийдің режиссер көзқарасымен пікірімен өңделуі.

Вопрос №246

Экранға дайындалған әдеби шығарма немесе экрандық хабарлаудың негізі мен алғы шарты.

Әңгіме – адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір ой білдіру әрекеті. Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөз тіркестерін сөйлем құрау ережелері – көпшілікке ортақ объективті категориялар әңгіме процессі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына сай түрліше құрылады. Сондықта, сөйлеудің әрбір коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Сөйлеу стилі де қалыптасып, көпшілікке ортақ болып келеді. Мұнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзңне ғана сөз жұмсауы сөз тіркесін сөйлем құрау ерекшлеіктері де болады. Бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын дәл әсерлі етіп, немесе мәнерлеп айту талабынан туады.

7. Режиссер деген бейне көріністі үйлестіруші шебер.

Режиссер (фр. regіsseur, лат. rego – басқарамын) – сахнада драмалық немесе муз. туындыны қоятын театр қызметкері. Режиссер - Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен - соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссері-бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.

213

213. Тележурналистиканың ақпараттық функциясы дегеніміз адамның және қоғамның ақпараттық сұранысын қамтамасыз ету. «Қазақстан», «Хабар» арналарындағы жаңалықтар қызметі халықты күн сайын болып жатқан ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етіп отырады. Еліміздегі 7 Арна, 24KZ ақпараттық арна болып табылады.

214

16. Елімізде болып жатқан әр-түрлі оқиғаларды ізін суытпай, жедел жеткізетін, тәулік аясында бірнеше рет берілетін қандай хабар – ол ақпараттық хабар. Күн сайын телеэкраннан біз жаңалықтарды көру арқылы еліміздегі және шет елдердегі соңғы жаңалықтардан хабардар болып отырамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]