
- •1.Телеарна және көрермен
- •2. Телевизияның және радионың бүгінгі даму тенденциясы
- •3. Газет деген не?
- •Телевизия – байланыс құралы
- •Журнал және оқырман
- •Әлемдік деңгейдегі телеарналар және радиожелілер
- •Телерепортаж және оқиға
- •Көрермен және тікелей эфир
- •Телеарна және ұжымдық құрамы.
- •Радиохабардың тыңдармандар үшін маңызы
- •[Өңдеу]Кадр
- •32 Билет
- •[Өңдеу]Кадр
- •40.Кадр деген не?
- •41. Радиохабарлар дегеніміз не?
- •44. Тележурналситика жанрлары мен пішіндері
- •45. . Телесуфлер деген не?
- •48. Монтаждау принциптері дегеніміз не?
- •50. Телевизияның хабар тарату бағдарлары
- •32 Билет
- •[Өңдеу]Кадр
- •5. Диафрагма
- •32. Сюжет
- •Телекөрермен және телесұхбат
- •24 Жауап
45. . Телесуфлер деген не?
Телесуфлер (журналистика) – жүргізушінің көрерменмен қарым-қатынас жасауына көмек беретін техникалық құрылғы. Жүргізуші түсірілім кезінде камераға қарап сөйлеуі тиіс. Ал телесуфлер көрерменмен кері байланыста орнатудағы тиімді құрылғы. Оның артықшылығы жүргізуші уақытын үнемдейді, журналист айтатын сөзін жаттап әуре болмайды. Бірақ суфлермен жұмыс істей білу де өнер. Сондықтан онымен алдын-ала жаттығып барып жұмыс жасаған жөн.
46. Тікелей эфирге ќойылатын талаптар
Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, телевидение саласындағы тікелей эфир өзінің тура мағынасындағы уақыт үні іспетті. Ел өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында көрермен талабы мен талғамы да айтарлықтай өзгерді. Соның нәтижесінде эфирдегі жұмыс процесі, оны жүзеге асырудың кәсіби принциптері де жаңаша сипат алып, өзгеше мән-мазмұнға ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын, халыққа жақ, санаға сақ болсын» деген тұжырымы журналистиканың жаңаша жұмыс тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты. Жылдар бойы қатып-семіп қалған енжар ережелерді бүгінгі күннің тыныс-тіршілігіндегі батыл шешімдер алмастырды. Жалпы тележурналистикадағы тікелей эфирдің табиғаты – кәсіби- шығармашылық процесс, құрылымы күрделі психологиялық құбылыс, уақытқа және техникаға тәуелді тәсіл, ешнәрсені түзетуге болмайтын, сол күйінде, қаз-қалпында айналымға түсетін қайталанбайтын әрекет, алып-қосары жоқ шынайы дүние.
Телевидение саласындағы тікелей эфир хабарының орны мен рөлі ерекше. Отандық телеарналардың барлығында дерлік тікелей эирде тарайтын хабарлар бар.
Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылытын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л. Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші- журналистің тікелей эфирдегі табысы- кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі».
47. Монтаждаудың анықтамасын беріңіз
Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілі. Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында қолданылуы, ішкі ырғақ ескеріліп отырады. Монтаж - фильмнің идеялық-көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі. Режиссер Монтаж арқылы өтіп жатқан оқиғаның әрбір эпизодтарындағы мазмұнды көрінісін көрнекілендіріп отырады. Дыбыссыз кинодағы Монтаждың рөлі зор. Ол көп жағдайда дыбыс ролін атқарады. Кино өнерінде дыбыстың пайда болуына байланысты монтаждау тәсілдері арқылы бейне мен сөздің, музыка мен шудың үйлесімділігі сияқты жаңа проблемелар шешілетін болды. Монтаждық үлгіні дамытып, оны жетілдіру саласында Д.Вертов, А.П. Довженко, Л.В. Кулешов, В.И. Пудовкин, С.М. Эйзенштейн, С.И. Юткевич сынды кино қайраткерлерінің шығармашылығы тәжірибесі үлкен роль атқарды. Қазақстан кинематографиясындағы Монтаждың үлгілері Ш.Айманов пен О.Әбішев, т.б. шығармашығынан көрініс тапты.