Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
telekhabar_zhasaudyn_tekhnologiasy_surak_zhauap...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
304.58 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

Журналистика факультеті

I курс

Телехабарды дайындау технологиясы

РЕФЕРАТ

Орындаған: Тексерген: Ә. Молдабеков

Алматы

5

1. Диафрагмма деген ұғым – микрафондық жүйе. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент – диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен жасалуы мүмкін. Микрофон дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден-бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Индукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі. Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді.

№7

2. Монтаж деген өңдеу, құрастыру дегенді білдіреді. Монтаж – редактор немесе тілшінің шығармашылық ойлауы нәтижесінде және техникалық құралдардың көмегімен кадрлардың дұрыс құрастырылуы, яғни телевизиялық туындының мазмұны. Кадрлардың дұрыс бірігу процесінің өзі техникалық монтаж. Ішкі кадрлық монтаж – түсірілім процесі кезіндегі көзқарастардың алмасуы нәтижесінде сурет көлемінің, ракурс және көрініс бұрышының өзгеруі. Монтаж түрлері: параллельді, ассоциациялық, кадраралық, композициялық, электрондық, сандық.

Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілі. Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында қолданылуы, ішкі ырғақ ескеріліп отырады. Монтаж - фильмнің идеялық-көркемдік қасиетін ашудағы ең қажетті элементтерінің бірі. Режиссер монтаж арқылы өтіп жатқан оқиғаның әрбір эпизодтарындағы мазмұнды көрінісін көрнекілендіріп отырады. Дыбыссыз кинодағы монтаждың рөлі зор. Ол көп жағдайда дыбыс ролін атқарады. Кино өнерінде дыбыстың пайда болуына байланысты монтаждау тәсілдері арқылы бейне мен сөздің, музыка мен шудың үйлесімділігі сияқты жаңа проблемелар шешілетін болды. Монтаждық үлгіні дамытып, оны жетілдіру саласында Д.Вертов, А.П.Довженко, Л.В.Кулешов, В.И.Пудовкин, С.М.Эйзенштейн, С.И.Юткевич сынды кино қайраткерлерінің шығармашылығы тәжірибесі үлкен роль атқарды. Қазақстан кинематографиясындағы Монтаждың үлгілері Ш.Айманов пен О.Әбішев, т.б. шығармашығынан көрініс тапты.

15

3. «Хабардың бес белесі» кітабының авторы Ә.Молдабеков.

№22

4. Дыбыстың сапасыз, жағымсыз естілуін ғылымда диссонанс деп атайды. Диссонанс (фр. dissonance, гр. dissono – үйлесімсіз дыбыстаймын), әдебиеттануда - өлең ұйқастарында кездесетін құбылыс; толымсыз ұйқастың бір түрінің атауы. Диссонанс түрлі өлең жүйелерінде түрліше сипатта болады; тоникалық жүйедегі орыс өлеңінде диссонанс - өлең ұйқастарындағы екпін түсіп тұрған дауысты дыбыстардың сәйкеспей, тек одан кейінгі дауыссыздардың ғана өзара үндесіп немесе бірдей болып келуі. Мыс: слово-слева-слава. Ал силлабикалық жүйедегі қазақ өлеңінде диссонанс ұйқастың акустикалық құрылымындағы бір немесе бірнеше дауысты дыбыстардың сәйкеспей, үйлесімсіздік танытып, ұйқас құрамындағы дауыссыздардың түгел дерлік дара үндесуіне негізделеді. Мыс: «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек» (Абай). Диссонанс сирек, онда да көп (төрт, бес) буынды өлең ұйқастарының бастапқы буындарындағы селкеулік ретінде ғана әредік ұшырасады. Мыс: «Қойшы аянбас сіздердей «қонағынан», Не бір серке сойылар, не бағлан. Жазбай тани қоясың жаздың нұрын, Жадыраңқы іңірдің қабағынан» (Т.Әбдікәрімов). Диссонанс түзіп тұрған ұйқастардағы үндестік тек дауыссыз дыбыстардың үйлесіміне, яғни олардың өзара ұйқасып немесе қайталанып келуіне негізделетіндіктен оны кейде консонанс деп те атайды, бірақ бұл атау сирек қолданылады.

№29

5. Ракурс деген ұғым қысқартылған кескін дегенді білдіреді. Экран тілінің маңызды элементі – ракурс. Сурет өнерінен кірген сөз, бастапқыда қысқарту мағынасында, суреттерді қысқарту мағынасында қолданылды. Кино және телевидениеде қолданылады.

№30

6. Кадр деген кеңістіктегі көрініс бөлшегі. Кеңістік бөлшегінің суреті, экранджағы көрінген әрбір сәт кадр деп аталады. Сонымен қатар, фильм және телебағдарламалардың бөлімі, камераның үздіксіз жұмысы; бір сөзбен айтқанда – кинокамера мен пленкадағы басынан аяғына дейінгі қозғалыс кадр деп аталады.

№34

7. Режиссер деген бейне көріністі үйлестіруші шебер.

Режиссер (фр. regіsseur, лат. rego – басқарамын) – сахнада драмалық немесе муз. туындыны қоятын театр қызметкері. Режиссер - Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен - соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссері-бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.

Емтиханжауаптары

1.Телеарна және көрермен

Телеарналардың бағдарламалары әрдайым көрермен сұранысына ие болуы керек. Яғни телеарна мен көрермен арасында қандайда бір байланыс болғаны дұрыс. Әр телеарнаның рейтингісі көрерменнің сұранысы мен бағаланады. Тәуелсіз сарапшылардың зерттеуі бойынша, соңғы жылдары БАҚ-на мемлекеттік тапсырыстың мөлшері көбейіп жатқандығы дәлелденді. Соның ішінде «тіл саясатын» насихаттау бірінші орынға шықты. Ал, одан соң «Президенттің жолдаулары», «Мемлекеттік органдардың жұмысы», «Мәдениет және тарих», «Өзекті оқиғалар», «Жемқорлықпен күрес» сынды тақырыптар да мемлекеттік тапсырыс арқылы БАҚ-та жиі көтеріліп келеді. Бұл көрермен сұранысына ие дүниелер қатарына жатады. Мәселен, президентіміздің жолдауындағы «2025 жылы латынға көшеміз» деуінің өзі әлі күнге дейін БАҚ-тың басты тақырыбы болуынан қалар емес. Еліміздегі телеарналарда бұл мәселе осы күнге дейін маңыздылығын сақтап қалуда.  Ток-шоу бағдарламаларда латынға көшу мәселесі басты тақырыптардың біріне айналды. Телеарналар қашанда халықтың сұранысына ие тың жобалар мен бағдарламалар мен толықтырылып отырғаны дұрыс.

2. Телевизияның және радионың бүгінгі даму тенденциясы

Қазіргі қоғам өмірін телевизиясыз елестетудің өзі мүмкін болмай қалды. Әлемде қалыптасқан бұл үрдістен отандық телеиндустрия да қалып отырған жоқ. Мемлекеттік телевизия ұйымдарының сыртында жекеменшік телеарналардың саны да үнемі өсу бағытында келеді. Белгілі бір саланың дамуы ондағы мамандардың сапалық өсіміне байланысты болатыны айқын. Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жұмыс орнында болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды тез шешуіне тура келеді, соның қатарында стрестік жағдайларды бастан өткізеді. Яғни, әр адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты да өзгеріп отырады. Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткенше, көлік тауқіметін, жол нашарлығын, қала жағдайындағы кептелмелерді, қызмет көрсету мәдениетінің төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін. Бір сәт көңілін аулау үшін, теледидар қараса, онда да тосын оқиғалар, бітпейтін тауқіметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен жүйкеге тиер жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті сериалдар. Мұндай жағдайда адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі, көңіл хошы төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңсиді. Міне, осы көңіл ахуалын өзгерте алатын, эмоциялық тепе-теңдікке жеткізетін күштің бірі — радио. Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалыптастырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген жаманат хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]