Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
управленческий учет 7 лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.19 Кб
Скачать

Кесте 1 Шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында жазу тәртібі

Р/С

Операциялар мазмұны

Сомасы, тг.

Шоттар корреспондециясы

Д-т

К-т

1.

Өнім өндіруге материалдар жұмсалды

5500

8111

1310

2.

Өндірістік жұмысшыларға еңбекақы есептелді

3950

8112

3350

3.

Әлеуметтік салық есептелді

438

8113

3150

4.

Жабдықтарға аммортизация есептелді

1090

8415

2420

5.

Коммуналдық қызмет шоттары төленуге қабылданды

1250

8416

3310

6.

Материалдық шығындар есептелді

5500

8110

8111

7.

Еңбекақы мен әлеуметтік төлемдер есепке алынды

4388

8110

8112-8113

8.

Үстеме шығындар есептен шығарылды

2340

8110

8415-8416

9.

Қызметтің немесе өнімнің нақты өзіндік құны есептен шығарылды

12228

1320

7010

8110

8110

3. Нормативтік шығын есебі әдісі мен «стандарт-кост» жүйесін салыстыру

Кесте 2 Нормативтік әдістің «стандарт – кост» жүйесінен айырмашылығы

Салыстыру белгісі

«Стандарт-кост»

Нормативтік әдіс

Есепке алу мақсаты

Ауытқуларды арнайы бухгалтерлік шоттарында факторларға бөліп көрсету

Нормадан ауытқуды қаражатты пайдалану кезінде анықтау

Есептік жүйенің мазмұнын көрсететін негізгі теңдеу

с = Сф – Сст,

где ∆с – стан­дарттан ауытқу; Сф – нақты өзіндік құн; Сст – стандарт­ты өзіндік құн

Сф = Сн ± Ин ± ∆н,

где Сф – нақты өзіндік құн; Сн – нормативтікөзіндік құн; Ин – қолданыстағы норманың өзгеруі; ∆н – қолданыстағы нормалардан ауытқу

Өндірістік параметрлерді нормалаумен қамту деңгейі

Өндірістің барлық шығын және табыс көрсеткіштері үшін стандарттар құрастыру

Тікелей шығындарды нормалау. Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында индекстік әдіспен бөлу

Норманың өзгеруін есепке алу

Норманың өзгеруін ағымды есепке алу жүргізілмейді

Себептері және кінәлілері боынша жүргізіледі

Тікелей шығындардың нормадан ауытқуын есепке алу

Ауытқулар құжатталады және кінәлі тұлғаға және қаржылық нәтижеге апарылады

Ауытқулар құжатталады және олардың нормативтік өзіндік құнына қатынас түрінде анықталып нақты өзіндік құнға қосылады

Жанама шығындардың нормадан ауытқуын есепке алу

Жанама шығындар өзіндік құнына мөлшер көлемінде қосылады, ал ауытқулар өндіріс көлемін ескеріп анықталады және қаржы нәтижелеріне апарылады

Жанама шығындардың нақты көлемі калькуляциялау объектілері арасында индекстік әдіспен бөлінеді

Регламенттеу деңгейі

Есептік регистрлерді жүргізу және стандарттар белгілеудің бірегей әдістемесі жоқ

Жалпы және салалық стандарттар мен нормалар құрастырылған

«Стандарт-кост» жүйесі мен нормативтік әдістің салыстыруы келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:

1. Екі әдісте шығындарды мөлшер шеңберінде есепке алады.

2. Екі әдісте толық шығындарды есептеуді көздейді.

3. «Стандарт-кост» жүйесінде нормадан артық шығындар кінәлілерге немесе қаржы нәтижелеріне апарылады және нормативтік әдістегідей өндірістік шығындарға қосылмайды

4. «Стандарт-кост» жағдайында жыл бойында стандарттар өзгермейді, ал нормативтік әдісте мөлшерді қайта қарастыру мүмкіндігі бар.

Өндіріс шығындарының есебі өзінің негізгі мақсаты ретінде кәсіпорын әкімшілігін және олардың бөлімше басшыларын мөлшердегі ауытқу жөнінде мәлімет беруді қарайды. Егер әкімшілік дер кезінде өз назарын ауытқу болған жерлерге олардың түріне және жауаптыларға аударса онда осы жағдайды жөндеуге шара қолданылады.