Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты СЗРП.каз. для студ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.65 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

2 АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТЕСТІЛЕР

«Нәресте дамуының кідіруі синдромын жүргізу тактикасы» тақырыбы бойынша емтихандық тестілер.

1. Гестациялық жасынан кіші нәресте:

1) нақты гестациялық жасқа болжама дене салмағы немесе антропометриялық көрсеткіштері белгілі шегіне жетпеген нәресте; +

2) нәрестнің антропометриялық көрсеткіштерінің шегі 50 перцентилге сәйкес;

3) нәрестнің антропометриялық көрсеткіштерінің шегі 90 перцентилге сәйкес;

4) нақты гестациялық жасқа антропометриялық көрсеткіштерінің белгілі шегіне жеткен нәресте;

5) белгілі гестациялық жасқа болжама дене салмағы сәйкес келетін нәресте;

2. Гестациялық жасынан кіші нәресте түсінігіне енеді:

1) өзінің потенциалды өсуіне жетпеген нәрестелер (нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруі) мен конституциялы кіші өлшемге ие нәрестелердің гетерогенді тобы;

2)өзінің потенциалды өсіміне жетпеген нәресте (нәрестенің құрсақ ішілік өсінің кідіруі); 3) конституциялық кіші өлшемге ие нәресте;

4) конституциясы бойынша кіші, бірақ дені сау нәресте;

5)антропометриялық көрсеткіштері нақты шегіне жетпеген нәресте, аурушаңдық пен өлім көрсеткішінің жоғары деңгейімен сипатталады. +

3. Жүктілік пен босану кезінде нәресте жағдайын бақылау мақсаты:

1) нәрестенің антенаталды өлімінің алдын алу;

2) нәрестенің интранаталды өлімінің алдын алу;

3) нәрестенің ерте неонаталды өлімінің алдын алу;

4) нәрестенің анте- және интранаталды өлімі мен босанғаннан кейінгі зардабының алдын алу; +

5) босанғаннан кейінгі зардабының алдын алу.

4. ДДСҰ-ның замануи белгілеріне сәйкес туылған кездегі кіші салмақ – бұл:

1) нәресте салмағы 2500,0 граммнан аз немесе 10-шы перцентилден төмен;

2) нәресте салмағы 50 перцентилге сәйкес;

3) нәресте салмағы 2500,0 грамм немесе 10-шы перцентилге сәйкес келеді;+

4) нәресте салмағы 500,0 граммнан аз;

5) нәресте салмағы 90-шы перцентилге сәйкес келеді;

5. Нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруі – бұл гестациялық жасына кіші нәрестелер (ГЖКН) топшасы және пайызын құрайды:

1) 30-50% ГЖКН;+

2) 50-70% ГЖКН;

3) 20-30% ГЖКН;

4) 70-80% ГЖКН;

5) 10-20% ГЖКН.

6. Пайда болу уақытына байланысты нәресте дамуының кідіруі синдромының жіктелуі:

1) ерте, кеш формасы;

2) кеш формасы;

3) біріншілік;

4) екіншілік;

5) ерте формасы.

7. Нәрестенің дамуы кідіру синдромының даму типі бойынша жіктелуі:

1) симметриялы, асимметриялы түрі;

2) симметриялы түрі;

3) асимметриялы түрі;

4) аралас түрі;

5) симметриялы, асимметриялы және аралас түрі.

8. Нәрестенің құрсақ ішілік дамуы кідіруінің ассиметриялық түрінде:

1) нәрестенің іш өлшемі кішірейеді, бас өлшемі мен түтікті сүйектердің өлшемдері қалыпты;

2) нәрестенің бас айналымы кішірейеді, іш өлшемі мен түтікті сүйектердің өлшемі қалыпты;

3) нәрестенің түтікті сүйектерінің өлшемі кішірейеді, бас айналымы мен іш өлшемі қалыпты;

4) нәрестенің іш өлшемі мен бас айналымы кішірейеді, түтікті сүйектердің өлшемі қалыпты;

5) нәрестенің түтікті сүйектерінің өлшемі кішірейеді, іш өлшемі мен бас айналымы қалыпты.

9. Жатыр түбі биіктігін динамикалық өлшеу мен гравидограмманы толтыруды бастайды: 1) жүктіліктің 20 аптасынан;

2) жүктіліктің 22 аптасынан;

3) жүктіліктің 24 аптасынан;

4) жүктіліктің 26 аптасынан;

5) жүктіліктің 28 аптасынан.

10. Нәрестенің құрсақ ішілік дамуы кідіруін анықтаудың биометриялық әдістеріне жатады:

1) сыртқы акушерлік тексеру, гравидограмманы толтыру, ультрадыбыстық биометрия; 2) сыртқы акушерлік тексеру;

3) сыртқы акушерлік тексеру, гравидограмманы толтыру;

4) ультрадыбыстық биометрия;

5) гравидограмманы толтыру.

11. Нәрестенің құрсақ ішілік дамуы кідіруін анықтаудың биофизикалық әдістеріне жатады:

1) нәрестенің биофизикалық профилі, допплерометрия;

2) нәрестенің биофизикалық профилі;

3) УЗИ, КТГ;

4) УЗИ, допплерометрия;

5) КТГ, допплерометрия.

12. Нәрестенің биофизикалық профилі нәрестенің дамуы кідіруі синдромын (НДКС) анықтауда жоғары болжамалы құндылыққа ие, оның құрамына кіреді:

1) стрессті емес тест

2) УЗИ

3) стрессті емес тест пен УЗИ

4) допплерометрия

5) УЗИ және допплерометрия

13. Баспен жату кезінде нәрестенің жүрек жиырылуы базалды жиілігінің 180 соққы минутына және одан тұрақты жоғарылауы:

1) нәрестенің жағдайына қауіпті белгі болып есептеледі;

2) диагностикалық мағынаға ие емес;

3) нәрестенің жағдайына қауіп төнумен байланысты емес;

4) нәрестеде даму ақауының болуын көрсетеді;

5) толғаққа нәрестенің реакциясы деп есептеледі.

14. Жүктіліктің екінші триместрінде УДЗ мақсатына жатпайды:

1) даму ақауларын анықтау

2) нәрестенің құрсақ ішілік дамуы кідіруінің ерте формасын анықтау

3) плацентаның орналасуы мен қалыңдығын бағалау

4) қағанақ суының мөлшерін анықтау

5) гендік және хромосомдық ауытқуларды анықтау

15. Жүктіліктің бірінші триместрінде УДЗ мақсатына кірмейді:

1) жатырлық жүктілікті дәлелдеу

2) жатырдан тыс жүктілікті жоққа шығару

3) көпнәрестелі жүктілікті анықтау

4) нәрестенің тіршілік әрекетін бағалау

5) + НДКС анықтау

16. Антенаталды кардиотокография жүктіліктің қай мерзімінде жүргізіледі:

1) 22 аптадан жоғары

2) 28 аптадан жоғары

3) 30 аптадан жоғары

4) 32 аптадан жоғары

5жүктіліктің кез келген мерзімінде

17. КТГ, стрессті емес тест жүргізуге көрсеткіш болып табылмайды:

1) орташа анемия

2) нәрестенің қозғалыс санының азаюы

3) НДКС-на күдіктену

4) мерзімінен асқан жүктілік

5) преэклампсия

18. Босану кезінде КТГ жүргізуге көрсеткіш болып табылмайды:

1) нәрестенің құрсақ ішілік дамуының кідіруі

2) нәрестенің қауіпті жағдайы

3) мерзімінен асқан жүктілік

4) босануды ынталандыру

5) + босанудың бірінші кезеңінің активті фазасы

19. Жүктіліктің физиологиялық ағымында амниотикалық сұйықтық индексі қалыпты жағдайда болады:

1) 5 см-ден аз

2) 20 см-ден көп

3) 5 см-ден көп, бірақ 20 см-ден аз

4) 25 см-ден көр

5) 2 см-ден аз

20. Амниотикалық сұйықтық санын өлшеу кезінде вертикалды қалтаның максималды тереңдігін анықтайды, ол жүктіліктің физиологиялық ағымында мынадай деңгейде ауытқиды:

1) 2 - 8 см

2) 2 см-ден аз

3) 8 см-ден к-п

4) 1-2 см

5) 1 см-ден аз

21. КТГ жүргізгенде келесі параметрлерді бағалайды:

1) базалды ритм, вариабелділік, децелерациялар, акцелерациялар

2) базалды ритм, вариабелділік, децелерациялар

3) базалды ритм, вариабелділік, акцелерациялар

4) вариабелділік, децелерациялар, акцелерациялар

5) акцелерациялар, децелерациялар, базалды ритм

22. Атипиялы немесе ареактивті КТГ – бұл:

1) барлық параметрлер атипиялық КТГ-ге сәйкес келеді

2) кем дегенде бір көрсеткіш атипиялық КТГ-ге сәйкес келеді

3) екі көрсеткіші қалыптыға сәйкес келмейді

4) кем дегенде бір көрсеткіш патологиялық КТГ-ге сәйкес келеді

5) үш көрсеткіш қалыптыға сәйкес келмейді

23. 25 жасар И. жүкті әйелге жүктіліктің 35-ші аптасында НДКС бойынша КТГ жүргізілді. КТГ нәтижесі – қалыпты (реактивті тест):

1)+ базалды ритм 120 соққы/мин, вариабелділік 12 соққы/мин, ерте децелерациялар, спонтанды акцелерациялар;

2) базалды ритм 100 соққы/мин, вариабелділік 4 соққы/мин, кеш децелерациялар, акцелерациялар жоқ;

3) базалды ритм 100 соққы/мин, вариабелділік 25соққы/мин, кеш децелерациялар, акцелерациялар жоқ;

4) базалды ритм 180 соққы/мин, вариабелділік 25 соққы/мин, кеш децелерациялар, акцелерациялар жоқ;

5) базалды ритм 160 соққы/мин, вариабелділік 5 соққы/мин, кеш децелерациялар, акцелерациялар жоқ.

24. 30 жасар А. атты жүкті әйелге жүктіліктің 32-ші аптасында НДКС бойынша КТГ жүргізілді. КТГ нәтижесі – атипті (ареактивті тест):