Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор анатомия (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
40.28 Кб
Скачать

9. Омыртқа жотасының байланыстары.

Омыртқа жотасының аралығындағы байланыс үздікті және үздіксіз болады. Омыртқа денелері бір – бірімен омыртқа аралық дискілерімен және омыртқа аралық симфиздер арқылы үздіксіз байланысқан. Омыртқа аралық дискілер ауыз омыртқа мен біліктік омыртқа арасында болмайды. Олар бір бірімен үздіксіз буын арқылы байланысады. Олар мойын омыртқаларында кеуде бел омыртқаларының арасында 5 бел омыртқа мен 1 сегіз көз арасында кездеседі. Қызметі: омыртқаға түсетін салмақты жеңілдетеді және аммортизациялық қызметін атқарады. Мойын омыртқаларында аралық дискілердың қалындығы 2-3мм болса кеуде омыртқаларында 3-4мм дей.сегізкөз омыртқасында аралық диск сүйектік тканға айналады, сол себепті сегізкөз омыртқалары сегізкөз сүйегіне ұласады.

Омыртқа денелері бір бірімен алдынғы және артқа бойлай орналасқан байламдар арқылы нығайтылған. Алдынғы бойлық байламы омыртқа денесінің алдында орналасып омыртқа денесі және омыртқа аралық дискі мен тығыз байланысқан.

Артқы бойлық байлам – омыртқа денесінің артқы бетінде орналасқан. Ол білікті омыртқаның денесінің артқы бетінен төмен бағытта өтіп 1-2 мойын омыртқаның тұсында беткей орналасқан жамылғы жарғағын құрауға қатысады. 1 және 2 омыртқалары бір бірімен тісшесі арқылы буын түзеді, пішініне қарай цлиндр тәрізді. Қатаң буынға жатады. Қозғалысына қарай бір білікті болады. Саны жағынан күрделі буын.

Омыртқа доғасының байланыстары – омыртқаның доғалары бір бірімен сары түсті байлам арқылы байланысқан. Сары байламы эластикалық дәнекер тканнан тұрады. Қызметі: омыртқа аралық байланысын алшақтатып немесе жақындатып тұру.

Омыртқа өсінділерінің аралығындағы байланыстары – омыртқа аралық буындар, ол омыртқалардың буын өсіндісі мен төменгі буын өсіндісінің буын беттерінің өзара бірігуі нәтіжесінде құралған. Буын беттері гиалин шеміршегімен қапталған. Мойын кеуде омыртқаларының буын өсінділері сагиталь жазықтықтың бойында орналасқан. Буын қапшықтары тартылып орналасқан. Буын қапшығының меншікті байламы жоқ. Бұл буын көп білікті буынға жатады. Омыртқалардың қылқанды өсінділері өзара қылқанды өсінділерінің аралық байламдары арқылы байлапнысқан.

10. Омыртқа жотасының бас сүйекпен байланыстары

Атлант – шүйделік буын, буын басы шүйде сүйегінің айдаршығының буын бетінен тұрса, буын ойысы атланттың жоғарғы буын ойысының буын бетінен тұрады. Буын басының буын беті буын ойысына қарағанда шағын келген. Бұл буын пішініне қарай эллипс немесе айдаршық тәрізді. Буын беттері бір біріне сәйкес келген. Қозғалысына қарай 2 білік бойынша қозғалады. Олға, солға және алға, артқа қозғалады. Буынның меншікті буын қапшығының байламы болмайды, жанама жарғақтар арқылы мықталған.

1. Алдынғы атлант – шүйделік жарғақ. Ол ауыз омыртқаның алдынғы доғасымен шүйде сүйегінің үлкен тесігінің алдынғы жиектерінің аралығында тартылып орналасқан. Ол омыртқа денелерінің алдында орналасқан байламдардың жалғасы болып саналады. Бұл жарғақтың артқы жағында, алдынғы атлант – шүйделік байлам орналасқан. Қызметі: буынның тым шалқаюын тежеу.

2.Аатлант – шүйделік артқы жарғақ, ол жарғақ шүйде сүйегінің үлкен тесігінің артқы жиегінен басталып ауыз омыртқаның артқы доғасына барып бекіді. Бұл жарғақ омыртқадағы сары байламдардың жалғасы болып саналады. Атлант – шүйделік артқы жарғақтың бүйір қапталында латеральды атлант – шүйделік байлам орналасқан. Ол жарғақтың тікелей жалғасы болып саналады. Қызметі: атлант – шүйделік буынның тым алға қарай иілуін тежеу.