Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор анатомия (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
40.28 Кб
Скачать

5. Бас сүйектің топографиясы(Көз ұясы, мұрын қуысы, қанат - таңдай шұңқырының қабырғалары және оның байланыстары.

Бас сүйек топаграфиялық орналасуына қарай адам қаңқасының ішіндегі күрделі сүйектер тобына жатады. Себебі: біріншіден сырттай қарағанда ішкі және сыртқы бетінің болуымен қатар көз шарасының ми саутының ауыз қуысының қабырғаларын және самай ойысының самай асты ойысының дабыл қуысының қабырғаларын құруға қатысады. Екіншіден бұл сүйектің терең қабатында есту тепе – теңдік мүшесінің сезімдері қабылдау рецепторлары және нервтер мен қан тамырлардың өзекшелерінің орналасуына байланысты. Бассүйектің жалпы бейнесі вертикальды алдынғы артқы және бүйір нормалармен анықталады. Бассүйектің негізі деп бас сүйектің шекаралық сызықшадан төмен орналасқан бөлігін айтамыз. Топаграфиялық орналасуына қарай сыртқы беті мен ішкі беті болады. Сыртқы беті алдында бет сүйектермен шектеседі. Негізінің сыртқы бетінің алдында сүйектік таңдай мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің медиальды табақшасы орналасқан. Ол таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасымен беттесіп мұрын қуысының хоана тесігінің бүйір қабырғасын құруға қатысады.

Көз шарасы сыртқы пирамидаға ұқсап бүкіл көру мүшелердің қуыстығын құраушы сүйектік кеңістік болып саналады. Көз шарасының кіреберіс тесігі мен көру нерві өзекшесінің тесігіне бағытталған ұшы ажыратылады. Көз шарасының кіреберіс тесігінің сыртқы пішіні төрт бұрыш тәрізді доғаланып келген. Бұл жиек жоғарыда көз шарасының жоғарғы жиегі арқылы төменде көз шарасының төменгі жиегі арқылы шектелген.

Мұрын қуысы бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан

Құрылысы мен қызметі күрделі қүыстық. Мұрын қуысының қабырғалары сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігі алмұрт тәрізді тесік деп аталады. Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін хоан деп аталады. Сонымен қатар мұрын қуысының жоғарғы төменгі бүйір және аралық қабырғалары ажыратылады.

Қанат таңдай шұңқыры – ол самай астылық шұңқырдың тікелей жалғасы болып саналады. Бұл шұңқырдың қабырғасы таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. Сол себебті қанат – таңдай шұңқыры деп аталады. Бұл шұңқырда үш қабырға болады. Алдынғы қабырғасы: жоғарғы жақ сүйегінің бұдырынан, артқы қабырғасы, сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. Қанат – таңдай шұңқырының өзара қатынастары.

1. Ауыз қуысы мен – таңдай сүйегінің горизонтальді табақшасының үлкен өзекшесі арқылы

2. Көз шарасымен көз шарасының төменгі саңылауы арқылы

3. Мұрын қуысымен – сына таңдайлық тесік арқылы

4. Ми саутының ортанғы шұңқырымен дөнгелек тесік арқылы

5. Қанатты өсіндісінің өзекшесі – арқылы ми саутының сыртқы негізімен байланысады.

6. Бас сүйектің ішкі негізінің топографиясы, маңызы.

Бас сүйектің негізінің ішкі беті ойыстау және бұдырлау болып келген. Ми саутының бұл беті мидың төменгі беті мен тікелей беттесіп орналасқан, ол ми саутының алдынғы, ортанғы және артқы ойысына бөлінеді.

Ми саутының алдынғы ойысы – ол ми сауты ойысының ішіндегі таяздау келген ойыс. Бұл ойыс ми саутының ортанғы ойысынан сына сүйектің кіші қанатының артқы жиегі мен турк ершігінің төмпешігі арқылы шектелген. Қабырғалары: маңдай сүйектің көз бөлігінің ми саутына қараған бетімен сына сүйектің кіші қанаты және тор сүйектің тесіктелген табақшасынан тұрады.

Ми саутының ортанғы ойысы – ми саутының басқа ойыстарына қарағанда бүйір қапталы тереңдеу болып келген. Бұл ойыс ми саутының артқы ойысынан самай сүйектің тас бөлігінің жоғарғы қырымен түрік ерінің арқасы арқылы шектелген. Қабырғасы: сына сүйектің денесі мен үлкен қанатының ми саутына қараған беті және самай сүйектің тастақ бөлігі мен бұл сүйектің қабықшалы бөлігінің ми саутына қараған бетінен құралған. Бұл ойыстың алдында түрік ерінің төмпешігі артында түрік ерінің арқасы аралығында гипофиз безінің ойысы орналасқан. Ми саутының ортанғы ойысы көз шарасы сына сүйектің үлкен қанаты мен кіші қанатының аралығында көз шарасының жоғарғы сағылауы арқылы жалғасады. Бұл саңылау арқылы: ІІІ – жұп көз қимыл ми нерві ІV – шығыр ми нерві VІ – жұп әкеткіш ми нерві V – жұп үшкіл нервтің көздік нервісі көз шарасына қарай бағытталады.

Ми саутының артқы ойысының – алдынғы шекарасы: самай сүйектің жоғарғы қыры және түрік ерінің арқасы мен шектеледі. Артқы шекарасы: шүйде сүйегінің көлденең қойнауының саласымен және шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы арқылы шектеледі. Ми саутының ортанғы ойысының қабырғалары: шүйде сүйегінің тас бөлігінің артқы бетінен тұрады. Бұл ойыстың орталық бөлігінде: шүйде сүйегінің улкен тесігі алдында ылдыйы бүйір қапталында ми саутынан сыртқа қарай бағытталған. 9-жұп тіл жұтқыншақ ми нерві 10- жұп кезбе ми нерві 11 – қосымша нерві және ішкі мойындырық вена қан тамыры өтетін мойындырықтық тесігі орналасқан.