Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
297.9 Кб
Скачать

1.3 Жөндеудің түрлері, әдістері мен тәсілдері

Т азарту әдістері

Қозғалтқыштың ластану және тозу дәрежнесіне байланысты инжекторды тазалауды 3 түрінің бірі қолданылады.

Ең қарапайым – «терапевті» әдісі бензобакқа тазалау сұйығын құюмен негізділеді. Автомобильді пайдалану кезінде бүрку жүйесіндегі зиянды тұмбалар аз-аздап цилиндрлар ішінде жанып кетеді.

Осы тазалау әдісін әр 3-4 мың км. сайын өткізу қажет. Ол бүкіл бүрку жүйесін және инжекторды таза күйінде сақтап тұруды қамтамассыз етеді.

Егер бүрку жүйесі қатты ластанған болса, онда осындай тазалау түрі кері әсерін тигізуі мүмкін. Тұмба қалдықтары форсункаға кіріп оны одан сайын ластандырады, осының әсерінен форсункаға демонтаж жасап, оларды басқа әдіспен тазалайды. Жоғары аталғанның нәтижесінде жанармай сорғының тез арада тозуы мүмкін.

Осындай жағымсыз жағдайлар болмас үшін, инжекторды қозғалтқыштан шешпей ақ – «амбулаторлық» әдісті қолданған жөн. Бұл әдісте арнай құрылғы мен жуып – тазалау сұйықтықтары (Wynn`s, Liqui Moly, Carbom clean және т.б. ) пайдаланады. Арнай штуцерлер көмегімен құрырғыны инжектордың «сызғышына» қосып тек бензобак, жанармай сорғы мен фильтрді айналымға түсірмейді.

30-40 минут ішінде қозғалтқыш жанармай мен тазалау сұйықтық қоспасымен жұмыс істейді, ол 3-6 атм. қысыммен құрылғыдан беріледі. (қысым автокөліктің техникалық параметріне байланысты анықталады). Тазалау сұйықтығының арқасында форсунканың ішіндегі барлық ластанулар бірте-бірте еріп, цилиндрлар ішінде жанып кетеді. Бос жүріс кезенде қозғалтқыштың нық жұмыс істеуі, ПГ-дың азаюы және тағы басқалар осы тазалау әдісінің сапасы жоғары екенін дәлелдейді.

Ең жақсы нәтижені беретін әдіс ол «хирургиялық» - форсункаларға демонтаж жасап арнайы стендте тазалау. Қалпын бүркуді тазалағаннан кейін форсунканың тазалау сапасын тексереді, ал арнайы өлшеуіш пробирка арқылы өнімділікті тазалауға дейін және кейін салыстырады.

Бұл тазалау әдісі форсунканың қозғалтқышта жұмыс істеуі сияқты, бірақ жанармай орнында тазалау сұйықтығы.

Ж анармай бүрку каналында кавитация болып – сұйықтықтың ішінде газдар мен көпіршіктер пайда болады. Канал мен фильтрдің ішіндегі ластанулар жойылады. Тазалау басын визуальды түрде анықталады, форсункадан шығатын қождар ақ және қоңыр түске бояланады.

Ластанған форсункаларды ультрадыбыс стендіде қалпына келтіруге болады.

Тазалау 2 кезенде жүргізіледі: форсунканы сұйықтығы бар ваннаға қойып, оған мөлшерлеп ультрдыбысты әсер береді. Одан кейін тазалау сызғышына орнатып электр импульсі бар генераторға қосады. Арнайы сұйықтық әсерінен, қысымы 3-6 атм. және вибрация әсерінен форсукадағы ластанулар жойылады. Инжекторды тазалау нәтижесі жоғарғыдай бағаланады.

Егер де форсункада тефлонды немесе керамикалық қабат бар болатын болса, онда оны ультрадыбыспен тазалауға болмайды. Сонымен қатар автоөндірушілер кей форсункалардың түрлерін тазартылмауын ұсынады (нөмірлері арқылы анықталады). 120 -150 мың км. соң оларды ауыстыру керек.

Bosсh компанияның мамандарының айтуы бойынша тіпті форсункаларды хирургиялық әдіспен тазалаған жағдайда да, ол 100 пайыз қалпына келуді қамтамасыз етпейді. Мысалы, форсункаларды тазалағаннан кейін олардың клапандары өзінің герметикалық жағдайын жоғалтады. Ол қозғалтқыштың першендерінің тозуына әкеледі.

Сондықтан қазіргі автосервистерде индивидуалды тазалау әдісі форсункаларды тазартып, қай әдісін дұрыс тандауы туралы кеңес береді. Тазалау бағасы $70-180 шамасында. Көбіне барлық тазалау түрлеріне 6 айлық гарантия беріледі.