Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
297.9 Кб
Скачать

К іріспе

Автокөлік – қазіргі заманда ХХІ ғасырда негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Мұндай технологиялық құралдар дүние жүзіндегі барлық адамзаттың істейтін жұмыстарын орындауға, адамдарды тасымалдауды, жүк тасымалдауды және олардың көлемі мен санына қарай жобалап, автомобильдердің түр-түрін инженерлер өндіруде.Автомобильдерді қазіргі кезде технология қолдана отырып, алдыңғы қатарлы елдер сияқты адамға барлық жағдайын қарастыра отырып сұраныстар мен талаптарына сай өнімдерін ұсынуда.

Атомобильдердің модельдері – олардың атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар. Оның негізгі себептерінің бірі автомобиль өндіруші фирмалардың арасындағы бәсекелестік болып саналады.

Автомобиль өндірушілер тұтынушының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильдіқолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат технологиялық шешімдер енгізумен жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұрыңғы кездерде автокөлікті тек бай кісілер және әскерді жабдықтандыру мақсатында сатып алынатын болған. Ол кезде автомобильдер өте қымбат болған. Кейін Форд автомобильдері алғаш шыға бастаған кезде автомобильдердің бағасы күрт төмендеді.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты.

Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы көмірсутек жанармайының жетіспеушілігі сияқты салдарға алып келді.

Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер

ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қ олдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.

XIX ғ. соңы – XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.

ТКК мәселелері шағылысты "Казахстан-2030" президентпен Н. А. Назарбаевпен халықтың(1997 г. қазаны) жолдауында баянда- ұзақ мерзімді стратегиясында тапқан. Осы құжатта инфрақұрылым, барлық көлік және байланыс, ара сапа елдің экономикалық дамуының басымдығының тағайынды. Бір стратегияның бұлақты мақсаттарынан "Қазақстан - 2030" тұжырымда- сияқты қамсыздандыруды отандық транспорт-коммуникациялық кешеннің бәсекеге қабілеттілігі дүниежүзілік нарықта және сауда тасқынның аумақтауын арқылы елдің аумағының . Бұл ретте ТКК дамуының мақсаттары қойын-қолтық нарықты транспорт қызмет атқаруларда халықтың және Қазақстан республикасының экономикасының қажеттілігінің толық қанағатымен сабақтастырып және транспортты тауардың және қызмет атқарудың өзіндік құнында қарағанда азайтуға.

Жалпы бөлім

1.1 Жөнделетін бөлшектің қызметі, түрлері және құрылғысы

Инжектор (injector ағыл. - форсунка)- ол бензиндік бүрку жүйесіндегі ең маңызды бөлшегі болып табылады. Конструкциясы бойынша ол электромагнитті клапан негізіндегі, элекронды басқару блогының (ЭББ) басқаруымен жұмыс істейтін торап. Клапанға нақты импульстерді бере отырып, ЭББ қозғалтқыштың айналу жиілігіне, жүктемеге, салқындату сұйығының температурасына байланысты жоғары дәлдікпен бүркілетін жанармайды мөлшерлейді. Жанармай бүрку механизімінің дәлдікпен жұмыс істеуі жанармайды үнемдеуіне және пайдаланған газдардың зияндылығын азаюына, жоғары қуат пен айналу жиілігіне, әр түрлі тепмператураларда іске қосу жүйесінің жеңіл болуын қамтамасыз етеді. Бірақ оның жұмысындағы азғантай ақаулық, осы көрсеткіштердің бірден нашарлауына әкеп соғады.

Егер де ашылған клапанда электірлік импульстің болмауы, электромагниттік орамның үзілуі немесе ішкі өзектердің ластануы болса, онда бензинді қозғалтқыштардың электоромагнитті форсункалары өзіне жүктелген міндетті орындамайды немесе оны сапасыз орындайды. Бұл ақаулықтар көбіне суық қозғалтқышта, қыс мезгілі кезінде байқалады.

1.2 Ақаулары мен оның себептері

Ақаулар

Бір форсунканың толықтай істен шығуы, оталдыру шамның істен шығуына ұқсас – қазғалтқыш кідіріспен жұмыс істейді, қатты дірілдейді және «тартпайды». Істен шыққан форсунканы анықтау, оталдыру шамның істен шығуына ұқсас кезегімен электр штекерларды ажыратамыз. Егер де осы ажырату қозғалтқыштың айналу жиілігін төмендетсе, онда форсунка дұрыс жұмыс істейді. Басқа жағдайда айналу жиілігі өзгермесе, форсунка жұмыс істемейді.

Ары қарай ақаудың себебін анықтау керек. Тестердің көмегімен форсункаға түсетін кернеуді анықтаймыз. Ол 0-ден 2-3 В арасында ауытқуы керек. Егер элекр тогы берілетін болса, онда форсунка жұмыс істемейді. Одан кейін форсунканың электроклапанындағы орамды тексереміз. Бүркіп тарату жүйесінде кернеуі 12-ден 16 Ом (кей турбоүрлеуде 4-5 Ом) , ал орталығында (моноинжекторлы) - 4-5 Ом. Форсунка клапоның жылжымалығын форсунканы клемаға қосу арқылы 2-12 В тогы бар, тіпті АКБ-ға жалғап та тексеруге болады. Инжектордың жұмысы түзу болса ол азғантай дыбысты шығарады, ол клапаның жұмыс істеп тұрғаның айтады. ТҚКС жағдайларында инжектордың өткізу қабілетін, басқаша айтқанда, ластану деңгейін, импульстердің ұзақтығын өлшеу арқылы мультитестермен тексереді, ол импульстерді ЭББ форсунка клапанын ашу үшін береді. Егер де форсунка ластанған болса, онда импульстің ұзақтығы ұлғаяды, себебі керекті жанармай мөлшерін беру үшін клапанның ашық күйінде болуы ұзағырақ болуы керек.

Қозғалтқыштың жұмысы нашар болған кезде, пайдаланған газдардың зияндылығын тексеру артық болмас. СО көрсеткіштердің ұлғаюы себептері: форсунка клапанның герметикалық жағдайы нашар болып, байытылған қоспа мөлшерінің көтігінен; қоспаның дұрыс араласпай оның себебінен жанармайдың бүркуі сапасыз болуы; жанармай бүрку өте аз мөлшерде болғандықтан, кедейленген қоспаның жанбауы.

Үшкомпоненттік катализаторлары бар автокөліктерде форсунканың өткізу қабілетінің төмендеуі, қышқыл азоттың (NOx) көбеюі нәтижесінен болуы мүмкін.

Ластану себептері

Форсунка ластануыдың бірінші себебіне біздегі сапасы төмен жанармайды сатудан. Оған себеп тек бензин құрамындағы қатты бөлшектердің болуы ғана емес. Зиянның көп мөлшерін бензин құрамындағы шайырлар – ауыр фракциясы. Олар фарсунканың ішіне жабысып оның өткізу қабілітін төмендетеді, клапанның герметикалық толық жабылуына кедергі келтіреді, бүркілетін жанармайдың «геометриялық» ағынын өзгеруіне себепші болады.

Суық қозғалтғышты іске қосарда, көбіне қыс мезгілінде, герметикасы нашар клапан «құюлу мөлшерінің тым көп» болуына, яғни қосаның байтылуына, ол шамдардың шашыратуына, ал жұмыс кезінде – жанармай шығынының және пайдаланған газдардың зияндылығының жоғарлауына әкеп соғады. Бүрку жүйесінің бұрыс болуынан қоспаараласу нашарлайды, ал ол қозғалтқыштағы барлық параметрлерінің ауытқуына себеп болады.

Форсунканың ластану себебіне тағы өткізу қабілеті нашар жасанды жанармай фильтрларын пайдаланудан және егер автокөлік иесі оны уақытылы ауыстырмауынан болады. Екі жағдайда да сүзгінің жүйеде қысым жасау нәтижесінен, фильтрдегі тазалау элементі үзіліп форсункаға барлық лай түсуі мүмкін.

Форсункада кокстың пайда болуы автокөлікті пайдалану кезінде қысқа арақашықтықтарға жүруден, яғни қозғалтқыштың жылынып үлгермеуінен болуы мүмкін. Сонымен қатар сапасы жоғары жанармайдың құрамында азғантай мөлшерде шайыр болады, ол аса төмен температураларда тұтқырлық қабілітіне ие болады, осының нәтижесінде ол форсунканың ішкі қабырғаларында қалып қояды.