
- •Сабақ жоспары
- •Сабақ тақырыбы: §19. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Италия
- •1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.
- •2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:
- •«Зияткерлік» атты интеллектуалды сайыс
- •Ойынның 1-кезеңі : «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
- •Ойынның 2- кезеңі : «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді».
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих және халықаралық қатынастар факультеті
Қазақстан кафедрасы
АШЫҚ САБАҚҚА ӨЗІНДІК ТАЛДАУЫ
Аты-жөні: Молдабергенов Жасұлан
Сынып: 8
Мектеп: Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі
Өткен күні: 13.02.2014 ж.
Қатысып отырғандар: Мухитова Ж.
Тақырыбы: «XIX-XX ғасыр басындағы Италия»
№ |
Өзіндік талдау |
1 |
Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтары жоғары болды. Оқушылар мұғаліммен тығыз байланыста болды. |
2 |
Сабақтың мақсаты:
|
3 |
Қолданған әдіс-тәсілдер: слайд, сәйкестендіру кестелері, карта. |
4 |
Сабаққа оқушылар белсенді қатысып отырды. Сабақтың психологиялық жағдайы жағымды, жігерлі болды. |
5 |
Осы өткізілген ашық сағатында алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. |
6 |
Сабақ 25 кабинетте өтті. |
Іс-тәжірибеден өтуші студент: Молдабергенов Ж.
Пән мұғалімі: Мухитова Ж. ____________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих және халықаралық қатынастар факультеті
Қазақстан кафедрасы
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ТАЛДАУЫ
I.Пәні: Дүние жүзі тарихы
II. Сыныбы: 8
Оқушы саны: 14 оқушы
Мектеп: Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі
Қатысып отырғандар: Мухитова Ж.
Тақырыбы: «XIX-XX ғасыр басындағы Италия»
Ашық сабақты жүргізуші: Молдабергенов Жасұлан
Өткен мерзімі: 13.02.2014 жыл
Уақыты: 800-845 , 1 – ауысым, кесте бойынша 1–сабақ.
Мұғалімнің жоспары бойынша 1–сабақ.
Өткен орны: 25 кабинет.
10) Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Италияның әлеуметтiк-экономикалық дамуына сипаттама берiп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттары мен қорытындыларын ашып көрсету. Италияның бiрiгу жолдарын және ерекшелiгін нақты деректермен түсiндiру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық тұрғыдан ойлап, оқиғаларды бір-бірімен сабақтастыру, байланыстыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерін дарытып, жан-жақты, білімді тұлға тәрбиелеу.
11) Сабақтың типі: Жаңа сабақ
12)Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд
Іс-тәжірибеден өтуші студент: Молдабергенов Ж.
Пән мұғалімі: Мухитова Ж. ____________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Күршім ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі КММ
ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША 8 СЫНЫБЫНДАҒЫ
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Сабақ тақырыбы: XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Италия
Мерзімі: 13.02.2014 жыл. №25 кабинет
Пән мұғалімі: студент-пркатикант Молдабергенов Жасұлан
Өскемен қаласы, 2014 жыл.
Сабақ жоспары
Пәні: Дүниежүзі тарихы
Сыныбы: 8
Кабинет: 25 кабинет
Күні – 13.02.2014 жыл
Сабақ тақырыбы: §19. XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Италия
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Италияның әлеуметтiк-экономикалық дамуына сипаттама берiп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттары мен қорытындыларын ашып көрсету. Италияның бiрiгу жолдарын және ерекшелiгін нақты деректермен түсiндiру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық тұрғыдан ойлап, оқиғаларды бір-бірімен сабақтастыру, байланыстыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерін дарытып, жан-жақты, білімді тұлға тәрбиелеу.
Көнекi құралдар: интерактивті тақта, суреттер, тiрексызбалар, кестелер.
Сабақ жоспары:
Италияның әлеуметтiк-экономикалық дамуы.
Италиядағы 1848—1849 жылдардағы революциялар, олардың қорытындылары.
Италияның бiрiгуiне дайындық және бiрiгудiң аяқталуы
Италияның саяси құрылымы.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Италияның экономикалық және саяси дамуы.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 МИНУТ (ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА ӘЗІРЛІГІ, САБАҚҚА ҚАТЫСУЫ)
Үй тапсырмасын қайталау: 3-5 МИНУТ
Жаңа тақырыпты түсіндіру жолдары: 20-25 минут
Рефлексия кезеңі: Сабақ барысында оқушы - оқытушы арасында дұрыс қарым-қатынас орнату.
Жаңа сабақты бекіту: 10-15 минут. Тапсырмалар орындау, жазбаша, ауызша. ( Слайд бойынша)
Үйге тапсырма: 1-2 минут.
Оқушылар білімін бағалау: Арнайы парақ толтыру. (Ашық сабаққа қатысушылар бағалауы)- 1-2 минут.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих және халықаралық қатынастар факультеті
Қазақстан кафедрасы
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНА ӨЗІНДІК ТАЛДАУ
Аты – жөні: Молдабергенов Жасұлан
Сынып: 8
Мектеп: Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі КММ
Қатысып отырғандар: Мухитова Ж.
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты»
Ашық тәрбие сағатын жүргізуші:Молдабергенов Жасұлан
Өткен мерзімі: 18.02.2014 жыл
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты»
№ |
Өзіндік талдау |
1 |
Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтары жоғары болды. Оқушылар мұғаліммен тығыз байланыста болды. |
2 |
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. |
3 |
Қолданған әдіс-тәсілдер: слайд, сұрақ-жауап, пікір алмасу, ой бөлісу. |
4 |
Сабаққа оқушылар белсенді қатысып отырды. Сабақтың психологиялық жағдайы жағымды, жігерлі болды. |
5 |
Осы өткізілген ашық тәрбие сағатында алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. |
6 |
Сабақ 25 кабинетте өтті. |
Іс-тәжірибеден өтуші студент: Молдабергенов Жасұлан
Пән мұғалімі: Мухитова Ж. _________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Күршім ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі КММ
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Салауатты өмір салты». Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: сызбала, оқушылардың газеттері, магнитафон, қолшатыр. Сабақтың мақсаты: 1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 2. ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1. Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.
-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің хажлқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
Магнитофоннан тыңдау: 1. денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында. 2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады. 3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.
(«Мың бір хадистен») -Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.