Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
химия шпоры.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.41 Кб
Скачать

Жмқ ерітінділері. Жіктелуі , алынуы, қасиеттері: осмостық қысым, ісіну, тұтқырлық, желатиндену, синерезис, тұздану, тиксотропия, коацервация. Полиэлектролиттер. Иэн. Изоэлектрлік күй. Жмқ зарядтары

Молекулалары 100 мың - даған атомдардан тұратын қосылыстар ЖМҚ деп аталады. Олардың молекулалық массалары өте үлкен болып келеді

ЖМҚ туындау көзі бойынша биогенді және синтетикалык болып бөлінеді. Биогенді ЖМҚ биохимиялық реакциялардың нәтижесінде жанды ағзаларда пайда болады. Мысалы, ақуыздар, нуклеин қышқылдары, т.б.

Синтетикалық ЖМҚ-тарды поликонденсация және полимеризация реакцияларының көмегімен алады. Синтетикалық ЖМҚ-ды медициналық тәжірибеде жиі қолданады. Мысалы, лавсан: тамырлы протездер, аорталар және веналар жасау үшін; тефлон: жүрек қақпашаларын дайындау үшін; полиметилакрилат: тістер, жақ, иек дайындау үшін; капрон: сіңір, т.б. жалғастырушы буындарды дайындау үшін қолданылады; полиглюкин, реополиглюкин: қан алмастырғыштар ретінде; дифлон: термометрлер және шприцтерді дайындау үшін пайдаланылады.

ЖМҚ-дың ерітінділері өздеріне ғана тән арнайы қасиеттермен де сипатталады. Мысалы, олардың тұтқырлығы өте жоғары, оңай желатинденеді (қоймалжынданады). Еру процесі ісіну процесінен басталады. Ал кей жағдайларда ерекше құбылыстар (синерезис, тиксотропия, коацервация) байқалады.

Қанның осмос қысымының бұл бөлігі (ақуыздар туындататын) онкоқысым деп аталады. Онкоқысым концентрация жоғарылағанда әжептәуір жоғарылайды және былай есептеледі: Р=СRТ/М+kС2

Мұндағы: Р - осмос қысымы; С - массалық үлес; R - газ тұрақтысы;Т - абсолют температура;М - мольдік масса; k - константа.

Бұл теңдеу бойынша полимерлердің мольдік массасы неғүрлым жоғары болса, осмос қысымы соғүрлым төмен болады.

Ісіну – еріткіштің бір жақты диффузиясының есебінен төмен молекулалы еріткіштің жоғары молекулалы қосылыспен жұтылып, полимердің массасы мен көлемінің ұлғаюы өздігінен жүретін процесс. Оның 2 түрі бар: шекті ісіну, шексіз ісіну.

Шекті ісіну – бұл полимерге еріткіш молекулаларының еніп, оның массасы мен көлемінің белгілі бір мәнге дейін ұлғаюы өздігінен жүретін процесс

Шексіз ісіну – бұл полимердегі молекула аралық күштердің үзіліп, оның шын ерітіндіні түзуіне әкелетін ісіну процесі

Ісіну дәрежесі αm =(m-m0)/m немесе αV=(V-V0)/V0

m - ісінген полимер массасы V - ісінген полимер көлемі

М0 - бастапқы масса α- ісіну дәрежесіV0 - бастапқы көлем

Тұтқырлық ЖМҚ-дың ерітінділерінің айрықша, өздеріне ғана тән қасиетіне жатады. Тұтқырлық дегеніміз – сұйықтықтың бір-біріне қатысты қозғалатын қабаттарының арасындағы ішкі үйкелісі. Аса сұйылтылған ЖМҚ-дың ерітінділерінің тұтқырлығын сипаттау үшін Штаудингер мынадай теңдеуді ұсынды:

η – η00 =КСМα

ηмен=КСМα

Мұндағы:

М - молекулалық масса

С - массалық үлес

К және αконстанталар

η0 - еріткіш тұтқырлығы

η - ерітінді тұткырлығы

(η – η0)/η0 = ηсалыст

ηсалыст/С=KCMα

ηсалыст/С=KMα

ηсалыст/С – келтірілген тұтқырлық деп аталады

[η]=KMα – сипаттаушы тұтқырлық

ЖМҚ-ды концентрациясы жоғары электролиттердің көмегімен тұнбаға түсіру - тұздану деп аталады. Бұл құбылыс қайтымды, яғни тұнбаға түскен полимерді электролиттерден тазартып, қайта ерітіндіге ауыстыруға болады.

ЖМҚ ерітінділерінде желатиндену немесе қоймалжыңдану (гель түзу) құбылысын байқауға болады. Оның барысында ерітінді аққыштығын толық жойып, қатты күйге ауысады, яғни ерітінді гельге айналады. Температура жоғарылағанды желатинденген ерітінділер сұйып, аққыш ерітінділер пайда болады. Бұл процесс қайтымды, яғни температура төмендегенде қайта гель пайда болады.

Қоймалжың заттардың және гельдердің ескіруі синерезис түрінде байқалады. Яғни қоймалжың зат торшасының біртіндеп қысылуы синерезис деп аталады.

Қоймалжың заттарды бұзу үшін гидрофобты әсерлерді және температураны ғана емес, сол сияқты механикалық әсерлерді де пайдалануға болады. Құрылымдық торшаның механикалық бұзылу құбылысы тиксотропия деп аталады. Бұл процесс қайтымды, тыныштық күйінде ерітінді қайтадан желатинденеді.

ЖМҚ-дың гомогенді ерітінділерінің 2 фазаға бөлінуі коацервация деп аталады.коацерваттар – бөлшектер бірікпей, олардың сулы қабаттарының бірігу процесі Тұтқырлығы жоғары фаза коацерват деп аталады.

Полиамфолиттер – бұл макромолекуласында әрі қышқылдық, әрі негіздік топтары бар полимерлер.

Полиамфолиттерге полипептидті тізбектерінде әрі –COOH (қышқылдық) және –NH2 (негіздік) топтары бар ақуыздар жатады.

Изоэлектрлік нүкте – полимердің қосынды заряды нөлге тең болғандығы рН мәні ИЭН немесе рІ деп белгіленеді

6