Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
химия шпоры.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
120.41 Кб
Скачать

Комплексті қосылыстардың құрылымы. А.Вернердің координациялық теориясы

А.Вернердің координациялық теориясы. Бұл теория бойынша: комплексті қосылыстарда, оны түзуші металл ионынан тұратын координациялық сфера болады да, оның маңайында теріс зарядталған аниондар немесе электр бейтарап молекулалар лигандалар орналасады.

Комплекстік қосылыстардың құрылымы

Координациялық теория бойынша комплексті қосылыста орталық орын алып тұрған ион, не атом комплекс түзуші деп аталады. Мысалы, мына қосылыстар CuSО4· 4NH3 не PtCl4· 2KCl комплексті қосылыстар болады. Бұлардағы [Cu(NH3)4]SО4, K2[Pt(Cl)6] мыс жене платина иондары комплекс түзуші.

Комплекс түзушінің айналасына, соның әcepi жететіндей жақындатқанда жиналған, яғни координацияланған иондарды, не молекулаларды лигандтар (ligare - байланыстыру), аддендтер деп атайды. Міне, осылар (комплекс түзуші мен лигандтар) бірігіп, комплексті қосылыстардың ішкі сферасын құрайды.

І шкі сфераға араласпай қалған иондар комплекс түзушіден алысырақ орналасады, олар комплексті қосылыстың сыртқы сферасын құрайды. Комплексті қосылыстарды жазғанда олардың ішкі және сыртқы сфераларын айырып көрсету үшін ішкі сфераны жоғарыда айтқандай квадрат жақшаға алады. Мысалы,

[Pt(NH3)4Cl2], [NH4]C1, [Pt(NH3)2Cl2] т.б.

Орталық атомның (комплекстүзушінің) координациялық саны – комплекс түзушінің айналасына координацияланған лигандалардың жалпы саны

Мысалы K4[Fe(CN)6]

Орталық атом Fe2+

Координациялық сан – 6

Лигандалар - 6 CN

Ішкі координациялық сфера - [Fe(CN)6]4-

Сыртқы координациялық сфера 4К+

Комплекстердің аталуы.

  1. Комплексті қосылыстардың атауын тұздардың атауымен салыстыруға болады. Мысалы, тұздарды атағанда әуелі анион, содан соң катион аталады. Сол сияқты [Co(NH3)5Cl]Cl2 комплексті қосылысты атағанда бірінші Сl- ионнан бастау керек.

  2. Комплексті ионды не комплексті молекуланы атағанда әуелі лигандтар аталады. Мысалы, [Co(NH3)5Cl]2+ ионы пентаамминхлорокобальт (III), әуелі аммиакты лигандтар, содан кейін хлоридті, ең соңынан металл аталады, бірақ комплекстің формуласын жазғанда, бірінші металл көрсетіледі.

  3. Лиганд анион болса, «о» деген жалғау жалғанады, ал бейтарап лигандтар молекулалар сияқты аталады. Ерекше аталатыңдар: Н2О (аква) және NH3 (аммин). Сонымен комплексті қосылыс [Co(NH3)5Cl]Cl2 аталуына "хлоро" және "аммин" лигандтары кіреді.

  1. Лигандтардың әpбip түрінің саны (егер бірден көп болса) грек сандарымен қосымша көрсетіледі (ди-, три-, тетра-, пента- жене гекса, т.б).

  2. Аниондық комплекстерде анионның атына — am жалғауы жалғанады.

Мысалы, K4[Fe(CN)6] қосылысындағы анион гексацианоферрат (П) деп аталады. Әдетте am жалғауы анионның латынша түбіріне жалғанады.

  1. Металдың тотығу дәрежесі рим санымен жақшаның ішінe алынып, металдың атынан кейін жазылады. Мысалы, [Co(NH3)5Cl]2+ қосылысында кобальттың тотығу дәрежесі +3 екені рим саны III арқылы көрсетіледі.

Комплекс толық аталғанда алдымен катион, одан кейін анион аталады. Мысалдар:

[Co(NH3)6]Cl3 - гексаамминкобальт (III) хлориді

Комплексті қосылыстардың диссоциациясы

Біріншілік диссоциация – күшті электролит тәріздес, яғни комплексті ионға және сыртқы координациялық сфераға диссоциацияланады

[Ag(NH3)2]Cl ----- [Ag(NH3)2]+ + Cl-

Екіншілік диссоция – әлсіз электролит тәріздес диссоциацияланады, бұл жағдайда ішкі сфера лигандалары ыдырайды:

[Ag(NH3)2]+ ----- Ag+ + 2 NH3

Комплексті қосылыстардың тұрақсыздық константасы – комплексті бөлшектің ерітіндіде диссоциациялануға қабілеттілігінің сандық сипаттамасы. Тұрақтылық константасы – тұрақсыздық константасына кері шама