
- •1.Бір мемлекеттің территориялдық біртұтастығының бұзылуы салдарынан жаңа мемлекеттің құрылуына жол берілмейді.
- •2.Халықаралық Сотқа шағымданар кезде Марения мемлекет болып табылмады.
- •3.2010 Жылдың 22 шілдеде қабылданған Халықаралық Соттың Косово ісіне қатысты консультативті қортындысы прецедентінің осы іске қатысты жарамсыз.
- •4.Гринлендтің Маренияны мемлекет деп тануын қайтару халықаралық құқыққа сай әрекет.
- •1.Ұсынысқа берілген Марения құрылықтық қайраңының бастыс жағы Калирияға қайтарылған, және оның иелігінде.
- •2. «Калигрин» атты бірлескен мұнай компаниясының әрекеттері заңды болып табылады.
- •1. Марения 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына 2010 жылдың 15 ақпанында қол қойып, оны әлі күнге дейін ратификацияламағаны Маренияны жауапкершіліктен босатпайды.
- •2.Марения полиция қызметкерлерінің әрекеттері халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді.
2.Марения полиция қызметкерлерінің әрекеттері халықаралық құқық нормаларына қайшы келеді.
Елшілік орналасқан аумақ қай мемлекетте болмасын өз мәртебесін сақтайды және ол орналасқан мемлекеттің өзінің оған араласуға құқығы жоқ. Елшілердің ерекше имунитетке ие болуы халықаралық құқықтың ең ежелгі институттарының бірі ретінде саналады. Олардың ерекеше құқықтарының қорғалу тарихы тамырын ежелден алады. Яғни, сонау антикалық кезеңдерде ол қалыптаса бастаған еді. Ол кездің өзінде елшілерді қамауға әрі өлім жазасына кесу тиым салынды. Сол дәстүр қазіргі таңда да өз жалғасын тауып келеді. 1961 жылы халықаралық құқық тарихында үлкен сілкініс болды. Аталмыш жылы кезекті отырыста дипломатиялық қатынастар туралы конвенция қабылданды. Онда елшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері тайға таңба басқандай белгіленген әрі алғаш қорғала бастады. Алайда осы заңдылықтар үнемі сақтала ма деген сұрақ туындайды. Конвенцция қабылданғаннан бері бұл ережелерді бұзатын тек бес оқиға тіркелген. Солардың бірі Гаагалық прецедент. Онда Ресейдің елшісін заңсыз негіздермен сол елдің құқық қорғау органдары үйінен алып кетеді. Бұл Вена Конвенциясының тікелей бұзылуы болып табылады. Әрі осы әрекеттерімен екі ел араында наразылықтарды туыдруы ықтимал. Солай болды да В.А.Путин Гаагаға тіркелген оқиғаны түсіндіруін талап етті. Ал елші құқықбұзушылық жасаған болса ше деген сұрақ тағы бар. Ол жағдайда да орналасқан мемлекет тек сыртқы істер министрлігіне шағымдануымен шектеледі. Министрлік азаматты өз мемлекетіне экстрадициялайды. Ал жасаған қылмысына байланысты жазаны өз мемлекеті тағайындайды. Ал елшіге, елшілік орналасқан ғимаратқа қарсы бағытталған қандай да болмасын іс әрекет, сол елшілік өкілдік ететін мемлекетке қарсы әрекет ретінде танылады. Елшілік барлық мемлекттердің сыртқы дипломатиялық қатынастарының негізі болғандықтан, әрі барлық елде ол бар болғандықтан ол бір жағынан Erga Omnes нормаларына айналған. Тіпті оны тінту жұмыстарын жүргізуге, мүлкін, басқа да заттарын тәркілеуге де жол берілмейді. Оны біз 1961 жылғы, 18 сәуірдегі «Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясының» 22-бабының 3- тармағынан айқын көре аламыз. Онда келесідей жағдай көрсетілген: Елшіліктің ғимараты, және ондағы оны құраушы, орналасқан мүлік, елшілік өкілдерін тасымалдайтын көлік құралдары тінту, реквизиция, тәркілеуден қорғалған. Оларға орналасқан мемлекеттің баса көктеп кіруіне шектеу қойылған. Ал егер мемлекттің ішкі жағдайларына, халықтың тыныштығы мен бейбітшілігіне, территорияның біртұтастығына нұқсан келсе немесе сондай қауіп туындаған реттерде аталмыш жағдайлар орын алуы мүмкін. Алайда белгілі бір реттер мен тәртіпке байланысты жүзеге асырылады. Олардың ең маңыздысы әрі негізгісі аталған 22- баптың бірінші тармағында көрсетілген: Елшілік ғимаратына қолсұғылмайды. Елшілік орналасқан мемлекеттің билік өкілдері тек сол елшіліктің басшысының келісімімен орындалады. Оның келісімінсіз ешқандай тінту жұмыстары жүзеге асырылуы мүмкін емес.